Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Касса» шотына№1 журнал-ордері 2 страница




- АСЕАН елі мүшелері бухгалтерлерінің федерациясы;

- Азия және Тынық мүхит аймақтары бухгалтерлерінің конфедерациясы;

- Бухгалтерлік есеп бойынша Африкалық кеңес;

Америкалық үйымдар:

- Бағалы қағаздар және биржа бойынша комиссия;

- Қаржылың есеп стандарттары бойынша кеңес.

Қазіргі кезде халықаралық бухгалтерлік есеп стандарт-тары Қазақстан Республикасында да қолданылады. Олар-дың тізімі төменде берілген:

Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары

Стандарт нөмірі Стандарт атауы Енгізілген жылы
ХБЕСІ Кдржылық есептілікті ұсыну  
ХБЕС2 Қорлар  
ХБЕС7 Ақша кдражаггарының қозғалысы туралы есеп  
ХБЕС8 Есеп саясаты, есеп айрысуды бағалаудағы өзгерістер мен қателер  
ХБЕС 10 Есеп беретін мерзімнен кейінгі жағдайлар  
ХБЕСП Кдоылыстык келісім-шарттар  
ХБЕС12 Пайдага әсер ететін салыетар  
ХБЕС14 Сегментгі есептілік  
ХБЕС16 Негізгі қңшідар  
ХБЕС 17 Жал  
ХБЕС 18 Тұсім  
ХБЕС 19 Қызметкерлерге сыйакылар  
ХБЕС 20 Мемлекетгік субсидияларынын есебі мен укіметгік көмек туралы акларатгарды ашу  
ХБЕС 21 Валюталық бағамдар өзгерістерінің әсері  
ХБЕС 23 Карыздар бойынша шығындар  
ХБЕС 24 Байланысушьт тараптар туралы акпараттарды ашу  
ХБЕС 26 Зейнетақылык камтамасыз ету бағдарламалары бойынша есеп және есеп беру  
ХБЕС 27 Жеке және жинак каржылык есептемелік  
ХБЕС28 Кауымдастырылган ұйымдарга инвестициялар  
ХБЕС 29 Гиперинфляция жағдайындағы каржылык есептемелік  
ХБЕС 30 Банктер мен ұқсас қаржылык институггардың кдржылық есептемеліктерінін акпараттарын ашу  
ХБЕСЗІ Бірлескен қызметгерге катысу  
ХБЕС32 Каржылық инструнентгер - акларатгарды ашу жэне ұсыну  
ХБЕСЗЗ Акцияға пайда  
ХБЕС 34 Аралық қаржылықесептілік  
ХБЕС 36 Активтердін к^нсыздануы  
ХБЕС 37 Бағалау міндеггемелері, шарггы міндеггемелер және шартгы активтер  
ХБЕС38 Материаддык емес активтер  
ХБЕС39 Қаржылық инструментгер - мойындау жэне бағалау  
ХБЕС 40 Инвестициялыкжылжымайтын мүлік  
ХБЕС 41 Ауыл шаруашылығы  

Бақылау сүрақтары:

1. Кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті үйымдасты-руға кім жауапты?

2. Бухгалтерлік есепті реттейтін заңдың қүжаттарды атаңыздар.

3. Нормативті қүжаттардың төрт деңгейлі жүйесінің мазмүны қандай?

4. Кәсіпорында бухгалтерлік есепті кім басқарады?

5. «Бухгалтерлік есепке алу және ңаржыльщ есеп беру туралы» ҚР Заңы қандай органмен бекітіледі?

6. ҚР бухгалтерлік есеп стандарттары қандай орган-мен дайындалып бекітіледі?

7. Бухгалтерлік есепшоттардың үлгі жоспары ңандай органмен дайындалып бекітіледі?

8. Субъектінің есеп саясаты қандай органмен дайын-далып бекітіледі?

9. Бухгалтерлік есептің жүмыс жоспары ңандай органмен дайындалып бекітіледі?

10. «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылың есеп беру туралы» ҚР Заңы қүрылымына сипаттама беріңіз-дер.

9. Лекция тақырыбы: Ақша қаражаттарының есебі

1. Кассадағы ақша қаражаттарының аудиті.

2. Банктегі және басқа да шоттардағы ақша қаражаттарының аудиті.

3. Есеп беруге міндетті сомалардың аудиті.

Күшіндегі заң актілеріне сәйкес шаруашылық жүргізші субъектілерде каражаттарын қызмет көрсететін банктердің тиісті мекемелеріндегі сәйкес шоттарда сақтауға міндетті Шаруащылықтың банк мекемелері арқылы ақша қаражаттарының есеп айырысу операциялары есеп айырысу, валюталық ағымдағы, ашылған аккредивтерде және басқа да шоттарда сақтауға ұзак және қысқа мерзімді несиелер алуға, олардың көшірілуін және қайта толықтыруларына міндеттемелер жөніндегі баска заңды тұлғаларға ақша аудару жолымен жүзеге асырылатын төлемдерге, шоттардағы жаңылыс немесе қате жазылған жазулар бойынша қызмет көрсететін банк мекемелеріне шағым талап жасауға байланысты туындайды.

Банктердің шот ашу оны рәсімдеу тәртібі, сондай-ак нақты ақшасыз есеп айырысуға байланысты операцияларды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі анықтаған кұжаттарында белгіленген тәртіптің негізінде реттеледі.

Банк операцияларының аудиті мынандай басты мәселелерді қамтиды:есеп айырысу, валюталык. ағымдағы және басқа да шот- қандай банк мекемелерінде ашылғандығын анықтауды; - есеп айырысу, валюталық ағымдағы және басқа да шоттарды ашуға байланысты банк мекемелеріне табыс етілген құжаттарының шоттарды ашуға берілген өтініш; қойылатын қолдар мен мөр таңбалары үлгілерімен карточкалары, шаруашылық салық есебіне тіркеу дерегін растайтын салық қызметі органдарының анықтамасы; мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі; жарғы көшірмесі; кұрылтайшыларының саны бірден асқан жағдайда құрылтай шартының көшірмесі; көшірмелері тігілген папканың сақталғандығын анықтауды;

- ашылған шоттардағы ақша қаражаттарының операцияларының шаруашылыққа тиімділігін, орындылығын және заңдылығын тексеруді;

- шоттарға келіп түскен ақша қаражаттарының уақтылы және толық кіріске алынып, субъектіге хабарланғандығын тексеруді;

- ашылған шоттар жүзеге асырылған есеп айырысу операцияларының кезекті реттерінің сақталғандығын анықтауды;

- шот иесінің екімінсіз (келісімінсіз) аударылып есептеп шығарылған ақша қаражаттарын анықтауды;

- бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдердің уақтылы
аударылғандығьш тексеруді;

- банктердегі шоттардан кассаға кіріске алынған қаражаттардың мақсатына жұмсалғандығын тексеруді;

- шаруашылыққа есеп айырысу ережелерін бұзғаны үшін
ықпал ету шараларының қолданылғандығын тексеруді;

- шаруашылықтың төлем қабілетін, алынған несиелер
бойынша есеп айырысу мерзімнің өтуінің себебін (оның ішінде
банк несиелері және бюджетпен салық бойынша) анықтауды:

- банк мекемелері мен шаруашылықтың арасында тұрақты
қатынастың орнатылғандығын, құжаттарында көрсетілген ақша
қаражаттарының қозғалыстарының жазуларының нақтылығын мәліметтерінің сәйкестігін тексеруде.

10. Лекция Тақырыбы: Еңбек ақы бойынша есеп айырысу

Еңбекақының номиналды және шынайы түрлері болады. Номиналды еңбекақы дегеніміз – жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды еңбекақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл-ауқаты жайлы айту мүмкін емес.

Шынайы еңбекақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.

Еңбекақы өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып табылады, сондықтан да еңбекақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуын аудиторлық тексеру еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.

Қызметкерлермен есеп айырысу есебін аудиторлық тексерудің негізгі міндеттері:

1. Еңбектің саны мен сапасын, шығарылым нормасының орындалуын, жұмыс уақыты мен жалақы қорын пайдаланылуын тексеру;

2. Субъектінің әрбір қызметкеріне жалақыны дер кезінде және уақытылы есептеуді тексеру;

3. Жалақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалуды тексеру;

4. Белгіленген мерзімдегі қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысуды жүргізуді тексеру;

5. Есептелген жалақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дер кезінде және дұрыс енгізуді тексеру;

6.Өндірістік процеске басшылық жасау операцияларына қажетті еңбек пен жалақы туралы деректерді алуды тексеру;

7. Еңбек және жалақы бойынша статистикалық есептемені жасауды тексеру.

Шаруашылық қызметінің процесінде жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару нәтижесінде қызметкерлердің саны өзгереді, жұмысы бойынша ауысулар жүргізіледі. Сондықтан оны аудиторлық тексеру маңызды орын алады. Жалпы кәсіпорын бойынша, оның құрылымдық бөлімшелері бойынша қызметкерлердің саны туралы және осы санның өзгерісінің себептері туралы; жынысы, жасы, санаты, лауазымы, мамандығы, жұмыс стажы, білімі және басқа белгілері бойынша қызметкерлер құрамы туралы деректер алуды қамтамасыз етеді. Адам құрамын есепке алу үшін № Т-2 нысанындағы жеке карточка, ал ғылыми қызметкерлер үшін № Т-4 нысанындағы ғылыми қызметкерді есепке алу карточкасы қолданылады. Жұмысқа келген адамдар соңғы жұмыс орны туралы жазулар жазылған еңбек кітапшасын кадрлар бөліміне көрсетуі тиісті.

Аудитор қызметкерлер еңбекақыдан басқа әлеуметтік сақтандыру қаражаттары есебінен еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі жәрдемақыны алуды тексереді.

Негізгі және қосымша еңбекақылар еңбекақы қорын құрады. Еңбекақы қорының құрамына еңбекақының барлық түрлері сыйақылар, үстемелер, қосымша ақылар, заңға сәйкес қызметкердің жұмыс жасамаған уақытына есептелген ақша сомаларын қоса алғанда, ақшалай немесе натуралды нысанда есептелген жеке әлеуметтік жеңілдіктер қосылады.

«Бухгалтерлік есеп туралы» Заң күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығында меншіктік капитал -бұл субъектінің міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі оның активтері деген анықтама берілген. Яғни меншіктік капиталдың шамасы бухгалтерлік есептің балансында бағаланып көрсетілген активтер мен міндеттемелердің құнына тікелей байланысты. «Бухгалтерлік баланс және қаржы есептеріндегі негізгі ашылымдар» бухгалтерлік есептің №2 стандартында меншіктік капиталға: жарғылық, резервтік төленбеген, косымша төленген және төленбеген, айналымнан шығарылған капитат және бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) жатады деп көрсе-тілген. Демек, бүл аталғандар меншіктік капиталдың элеменітері ретінде аудиттің зерттеу объектісіне айналады. Алдымен меншіктік капиталдың элементтері аудитін қарастырмай тұрып, меншіктік капиталдың элементтерінің қалыптасуына ықпал ететін меншік түрлеріне сәйкес әрқайсысы шаруашылық жүргізушісі мәртебесіне ие бола алатын шаруашылық жүргізуші шаруашылықтардың ұйымдық-құқықтық нысандарын анықтап алу қажет.

Қазақстан Республикасының күшіндегі заң актілерінде мына төмендегідей ұйымдық-құқықтық нысандағы субьектілер көрсетілген:

1) мемлекеттік ұйым;

2) коммерциялық емес ұйымдар;

3) өндірістік кооперативтер;

4) шаруашылык серіктестіктер.

Резервтік капитал (қор) күшіндегі заң актілерінің баптарына сәйкес және құрылтайшыларының құжаттарында қаралған тармаққа сәйкес шаруашылықтың күтпеген шығындардың (зиянды) жабу үшін, сондай-ақ есепті жылдың табысы жетпеген жағдайда инвесторлардың табысын төлеу үшін құрылады. Бір сөзбен айтқанда, резервтік капитал дегеніміз шаруашылықтың сақтандыру капиталы. Резервтік капиталға бөлінбеген қаржылар шаруашылықтың түрақты жүмыс істеуінің және үшінші тұлғаның мүддесін қорғаудың кепілдігі болып саналады. Осылай құралған қаржы көзі шаруашылықтың үшінші тұлғаның алдындағы міндеттемесін орындайтындығына олардың сенімін арттырады.

Резервтік қапиталды құру міндетті жөне ерікті сипатта болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, ол Қазақстан Республикасының Заң актілерінде қаралған баптарға сәйкес құрылса, ал екіншісінде - шаруашылықтың құрылтайшыларының жүргізіп отырған саясатына сәйкес құрылады. 1996 жылғы 12 қарашада №2 Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының қаулысымен бекітілген қаржылық қорытынды есепті дайындау және тапсыру үшін тұжырымдық негіздемеде резервті құру шаруашылықты және несие берушілерін зиян шегудің салдарынан қосымша қорғау үшін жарғысында немесе заңда қаралады деп атап көрсетілген.

Егер құрылтайшыларының құжаттарында резервтік қор қүру қаралмаса, онда шаруашылыққа өз еркімен қор құруына рұқсат етілмейді.

Акционерлік қоғам және басқа да ұйымдық құқықтық нысанда құрылған субъектілерге Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес міндетті түрде резервтік қор қүру қаралса, резервтік капитал бабы бойынша құрылтайшыларының құжаттарында жарияланған жарғылық капиталдың кемінде 15% мөлшерінде резервтік капиталға бөлініп жинақталған сомасын көрсетеді.

 

11. Лекция тақырыбы: Материалдық құндылықтар, өндіріс және өнімді өткізудің есебі

Негізгі құралдар дегеніміз - материалдық және материалдық емес өндірістік салаларда еңбек кұралы ретінде ұзақ мерзімге (бір жылдан жоғары) қасиетін, қалпын жоймай сақтап пайдаланылатын материалдық активтер.

Негізгі құралдар субъектінің материалды-техникалық жарақтану базасын құраудың негізін қалыптастырып, қызметіндегі жетекші бағыттарды іске асыруда маңызды рөл атқарады. Негізгі құралдарды сақтау, есепке алу және пайдалану ерекшеліктерінен оның аудитінің мақсаты туындайды. Яғни аудитінің мақсаты - негізгі құралдардың сақталу орындары бойынша ішкі және сыртқы қозғалыстарының құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне енгізілген өзгерістерінің дер кезінде бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгендігін және оларды қорытынды есептегі мәліметтерімен сәйкестігін тексеру болып табылады. Аудиттер алдына қойған мақсатына жету үшін тексеруді талап ететін басты міндеттерді анықтап алуға тиіс.

Негізгі құралдардың сақталу, есепке алу және пайдалану есебінің аудитінің басты міндеті:

- негізгі құралдардың нақты қолда барлығына жөне сакталуына бақылаудың қамтамасыз етілгендігін;

- еңбек құралдарының негізгі құралдарға дұрыс жатқызылғандығын, олардың жіктелуі, меншіктік қатынасы және өндіріс үрдісіне қатысу сипаты бойынша топталғандығын;

- есепте негізгі құралдардың дұрыс бағаланғандығын;

- есепте негізгі құралдардың кіріс және шығыс операцияларының дұрыс көрсетіліп құжатталғандығын;

- есепте негізгі құралдарға тозудың және жөндеудің дұрыс есептеліп құжатталғандығын;

- негізгі құралдардың дұрыс және тиімді пайдаланылғанын;

- бухгалтерлік есеп пен қорытынды есепте нақты қолда бар негізгі құралдардың және олардың қозғалысы туралы мәліметтердің дұрыс көрсетілгендігін тексеру болып табылады.

Негізгі құралдар ұзақ уақыт (бір жылдан жоғары) бойы өндіріс процесінде қатысып, өзінің қасиетін, қалпын сактап біртіндеп тозатындықтан, олардың есебіне аудит жүргізген кезде аудитордың негізгі мақсаты - негізгі құралдарға қаралған тәртіптерге сәйкес тозу есептелгендігін анықтау болып табылады. Ол үшін аудитор негізгі құралдар нысандарының амортизацияланып тозу есебіне тексеру жүргізген кезінде мынандай мәселелерге назар аударуға міндетті:

-есеп жүргізу саясатында қаралған тозу есептеу тәртібін сақталғандығына;

-негізгі құралдарға тозу есептеу ведомостының дұрыс толтырылып есептелгендігіне;

- жолаушыларды және жүк тасымалдайтын автокөліктер тозу есептеу ерекшеліктерінің сақталғандығына;

- негізгі құралдарды кіріске алғанда және шығыс жасағанда тозу есептеу және оны тоқтату тәртіптерінің сақталғандығына;

- пайдалы қызмет ету мерзімі бітуіне қарамастан, әлі өндіріске пайдаланып жүрген негізгі құралдарға тозу есептеудің жалғасуына немесе тоқтатылғандығына;

- пайдалы қызмет ету мерзімінен бұрын істен шығып, жарамсыз болып қалған есепте бар негізгі құралдарға тозу есептеудің жалғасуына;

- тозу есептеу өдістерінің, негізгі құралдардың тиісті топтарына қолданылғандығына;

- негізгі құралдар нысандарының пайдалы қызмет ету мерзімі (ұзартылғанда, қысқартылғанда) қайта қаралып, тозу есептеу тәртібіне өзгерістер енгізілгендігіне;

- жедел тозу есептеу әдістерін қолданудың негізделгеніне және аморгизациялану сомаларының тікелей мақсаты, бағыты бойынша жұмсалғандығына;

- күрделі жөндеуге және қайта жарақтандырып, жабдықтауға тоқтатылған негізгі құралдарға тозу есептелгендігіне;

- құрылысы толық аяқталмай пайдалануға берілген негізгі
құралдар нысандарына тозу есептеу тәртібінің сақталғандығына;

- тозу есептеуге жатпайтын негізгі құралдарға есптелмегендігіне;

 

- есептелген амортизациялану құнын негізгі құралдардың
топталып, сыныптау бағыттары бойынша тарату тәртібінің сақталғандығына;

- ішкі аудитордың немесе лауазымды тұлғалардың тозу
есептеудің тәртібінің сақталуына бақылау жасап отырғандығына.

Бухгалтерлік есептің №6 стандартында (БЕС) берілген анықтамада:

Тозу дегеніміз - физикалық және моральдық сипатына жоғалту процесі деп көрсетілген. Физикалық (табиғи) толық ескіріп тозу - негізгі құралдардың пайдалы қызмет ету мерзімінде күш-қуатын сарқа жүмсау және сыртқы факторлардың әсер етуінің нәтижесінде болады. Моральдық тозу процесінің нәтижесінде активтер ғылым мен техниканың дамуының қазіргі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуы, яғни нысандардар бірін-бірі ығыстырып шығаруы кездеседі. Негізгі құралдардың табиғи толық ескіріп тозуына бірнеше факторлар әсер етеді:

- біріншіден, негізгі құралдардың өндіріс процесінде күш қуатын сарқа жүмсап, пайдалы қызмет ету мерзімінің бітуі;

- екіншіден, негізгі құралдардың қалпы сақталып, өндірістік және өндірістік емес салада пайдалану қасиетінің толық жойылуы;

- үшіншіден, негізгі құралдарды пайдалану барысында тозу процесін жеделдететін сыртқы ортаның әсерінен тетіктерінің тот басып шіруінің, мүжілуінің, бүлінуінің салдарынан сапасын жоғалтуы.

Моральдық тозудың салдарынан қолданыстағы негізгі құралдар өндірістен ығыстырылып шығарылуы және пайдалану тиімділігі төмендеуі мүмкін. Демек, өндірісті нарық экономикасының талаптарына жауап беретін сапасы, өнімділігі жоғары жаңа жетілген құрал-жабдықтармен жарақтандыруды талап етеді.

Негізгі құралдар нысандары толық ескіріп, құнының тозу құнына дейін төменделгеніне қарамастан, бастапқы қалпын және өндіріске пайдалану қасиетін сақтайтындары да кездеседі.

Негізгі құралдардың қызмет ету мерзімі ішінде дайын өнімнің (жұмыстың, қызметтің) жартылай фабрикаттың, аяқталмаған өндірістің өзіндік кұнына, активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түріндегі тозудың құндық көрінісін амортизациясы деп атайды. Яғни, амортизация жұмыс істеу бойында активтің амортизацияланатын құнын әлсін-әлсін бөлу түріндегі тозудың құнымен көрсетіледі. Жинақталған амортизацияланатын құны пайдалы немесе нормаланған қызмет мерзімінің ішінде амортизациялық аударымдар түрінде, жүйелі түрде шаруашылықтың шығындарына таратылып отырылады.

Пайдалы қызмет мерзімі - бұл негізгі құрал-жабдықтарды пайдаланудан экономикалық табыс табу көзделіп отырған кезең. Бухгалтерлік есептің №6 стандартында амортизация есептеудің мынандай әдістері қаралған:

а) құнын біркелкі (түзу сызыкты) есептен шығару;

ә) қүнын атқарылған жұмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару (өндірістік әдіс).

б) жедел есептен шығару;

- азайып бара жатқан қалдығына екі еселеп тозу есепте сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару (куммулятивтік әдіс).

Жоғарыда келтірілген бухгалтерлік есептің 6 «Негізгі кұралдар есебі» стандартында қаралған амортизация есептеу әдістеріне қысқаша, жеке-жеке тоқталайық.

Стандартта бірінші әдіс «құнын біркелкі (төте) есептеп шығару» деп көрсетілсе, ал кейбір аударма оқулықтарда бір калыпты немесе бірыңғай түзу сызықты амортизация есептеу әдісі деп те жүр. Бұлай болатын себебі әлі терминдердің өзінің бір қалыпқа түспегендігін көрсетсе керек. Біздің ойымызша, төте дегенге қарағанда түзу сызықты деген сөз дүрыс сияқты. Бүл әдісті қолданған кезде негізгі құралдардың бастапқы құны бойынша амортизацияны бір қалыпты (түзу сызықты) немесе нормативтік (шектеулі) ережелерге сәйкес есептеп нысанның қүны пайдалы қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі таратылады. Шаруашылықтың мүліктерінің құрамында соңғы кездерде отандық бухгалтерлік есептің жаңа нысандарынын қатарына жататын материалдық емес активтердің үлесі арта түсуде. Бұрын онша етене таныс емес жаңа нысандардың есебін жүргізуде түсініксіздіктердің кездесіп отыратыны заңды құбылыс. Аудитор материалдық емес активтердің қатарына жататын активтерді анықтап, топтау, бағалау, кіріс-шығыс құжаттарын рәсімдеу тәртіптеріне және амортизация есептеу ерекшеліктеріне назар аударып, бағдарлама жасауға, тексерілетін мәселелерді анықтауға міндетті:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 1120; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.075 сек.