Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Касса» шотына№1 журнал-ордері 3 страница




- баланстың көрсеткіштерінің Бас кітаптағы мәліметтерімен
сәйкестігін;

- материалдық емес активтердің топталу тәртіптерінің сақталғандығын;

- нақты қолда бар материалдық емес активтердің меншіктік
құқығын растайтын бастапқы құжаттарын;

- кіріске алынған материалдық емес активтерді бағалау төртіптерінің сақталғандығын;

- материалдық емес активтерге дұрыс амортизация есептелгендігін;

- материалдық емес активтерді шығысқа шығару есеп
операцияларының дұрыс орындалғандығын;

- материалдық емес активтердің аналитикалық және синтетикалық есебін жүргізудің дұрыс ұйымдастырылғандығын;

- материалдық емес активтерге салықтың дұрыс есептеліп көрсетілгендігін.

Шаруашылықтарға, өнеркәсіптік және интеллектуалдык (ақыл-ой) меншік нысандарына, сондай-ақ тағы басқа да осы төрізді мүліктік құқықтардың құнын білдіретін материалдық емес активтерге қаражаттарын салуға құқық берілген.

Материалдық емес активтерге аудиторлық тексеру жүргізген кезде оларға тән ерекшеліктерін білудің маңызы өте зор. Материалдык, емес активтерді шаруашылық қызметінде алатын орны мен қызметіне қарай, олардың материалдық-заттық калпының, яғни табиғи мағынасының болмағандығына қарамастан оларды ұзақ уақыт бір жылдан жоғары пайдалану барысында табыс әкелетін және алшақтату белгілеріне сүйене отырып 3 топқа бөледі: интеллектуалдық меншік; мүлікті пайдалану кұқығы; кейінге қалдырылған шығындар.

Жалпы материалдық емес активтерді аталған үш топқа бөлудің негізгі мақсаты - оларды тізбектеп қайта-қайта жазып жатпай-ақ, топтар бойынша тұтас қарастыру.

Күшіндегі заң актілеріне сәйкес интеллектуалдық меншікке жататындар: авторлық құқық (ғылым, әдебиет,) өнер туындыларына аралас құқық нысандары (ЭЕТ бағдарламалары мен базалары), патенттер (өнертапқыштық, жаңалық ашу, ендірістік үлгілер, селекциялық жетістіктер, пайдалану куәліктері (тиімді үлгілерді, тауар, қызмет көрсету белгілері) лицензиялық келісімдер, «НОУ-ХАУ», «ГУДВИЛ» ж.т.б.

Мүлікгі пайдалану құқығына жататындар: жер участкілерін, табиғи ресурстарды (су, пайдалы қазбалар), пәтерлерді, мүліктерді ж.т.б.пайдалану құқықтары. Кейінге қалдырылған шығындарға жататындар: ұйымдастырылу шығындары, ғылыми зерттеулерді өңдеу және тәжірибе-конструкторлық өңдеулер шығындары.

Аудитор материалдық емес активтердің топталуын тексерген кезінде мына мәселелерге назар аударуға тиісті:

- материалдық емес активтерге азаматтардын интеллектуал және іскерлік қасиеттері, оның біліктілігі және еңбекке қазіргі жатпайтындығын, өйткені оларды азаматтан ажырап (алшақтатып) басқа түлғаға беру мүмкін емес: ұйымдастыру шығындарын және гудвилді субъектіден қарауға болмайтындығын. Өйткені, ұйымдастыру шығындарын және гудвилді субъектіден тыс және жалға беру, сату және басқадай пайдалану мүмкін емес.

Кейбір оқулықтарда материалдық емес активтерді өндіріс пен коммерциялық қызметпен, қолдану /пайдалану құқықтарымен байланысты және материалдық емес активтердің басқа да түрлері деп төрт бөліп қарастырған. Мәселе, олардың қандай топқа бөлінгендігінде емес, олардың сипатына, алатын орнына қарай жіктеліп, бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілуінде. Аудитордың міндеті - материалдық емес активтердің бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгендігіне көз жеткізіп анықтау.

Жоғарыда аталған материалдық емес активтердің әрқайсына жеке-жеке тоқталып жатпай-ақ, «НОУ-ХАУ», «ГУДВИЛ» және «Ұйымдастыру шығындары» сияқты түрлеріне ғана қысқаша тоқталамыз.

«НОУ-ХАУ» мағынасы, техникалық құжаттама түрінде рәсімделген, бірақ патенттелмеген, белгілі бір өндірістің түрін ұйымдастыруға қажетті өндірістік тәжірибені қажет ететін техникалық коммерциялық және басқа да білімдердің жиынтығы.

«НОУ-ХАУ» элементтері арнайы формулалар мен рецептерді, құжаттарды, өндірісті ұйымдастыру үлгілерін, техникалық прогресс сипатындағы ж.б. мүмкін болған басшылықты қолдану тиімділігі болуы мүмкін. Сондай-ақ, елеулі күрделі қаржы салымын талап ететін өнімді орау, маркетинг жөнінде жетістік, тәжірибе, лабораториялық және басқа да зерттеулер жүргізу дағдысы жатуы мүмкін. «Ноу-Хау» түріндегі ақпараттардың негізгі белгілерінің бірі - оның жасырын құпиялылығы. «Ноу-Хау»-дың өндіріс құпияларынан өзгешелігі - оның едәуір бөлігі көпшілікке мәлім белгілі әдістерден және т.б. тұратын болғандықтан, патенттелмейді. Демек, «Ноу-Хау»-дың құпиясын сақтап, оны пайдаланудан түскен табысты бақылай алған жағдайда ғана, ол материалдық емес активтердің анықтамасына жауап береді. Нәтижесінде «Ноу-Хау» субъектінің белгілі бір өндіріс үрдісіндегі меншігі болып табылып, сатып алу және сату нысанына айналады.

Аудитор материалдық емес активтердің топталу белгілеріне сәйкес топталғандығын анықтағаннан кейін, олардың Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдардың және нормативтік актілердің талаптарына сәйкес мына төмендегідей тәртіпте бағаланғандығына баса назар аударуы тиіс:

- нысандарды сатып алу және оларды дайындауға жұмсалған нақты шығындарына;

- басқа субъектілерден, мекемелер мен азаматтардан тегін
сыйға) алынған материалдық емес активтердің бағасының сараптау жолымен немесе келісім бағасы бойынша анықталған.

Материалдық емес активтерге амортизация есептеп, ол өндіріс шығындарына немесе басқа көздердің шоттарына арқылы жабу үшін олардың бастапқы құнын дұрыс анык бағалаудың маңызы зор. Материалдык емес активтерді өндірістік-шаруашылық салаларында пайдаланудың нөтижесінде толық және моральдық тозуға ұшырайды. Материалдық емес активтердің тозу үрдісі, оның пайдалы қызмет ету мерзімінде өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына енетін есептелген амортизациялану құны. Аудитордың бастапқы мақсаты - материалдық емес активтердің амортизацияланып тозу, шығындарының амортизация есептеу нормаларына сәйкес дұрыс есептеліп жене өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына дүрыс таратылғандығын анықтау.Амортизациялану нормасы материалдық емес активтердің бастапқы құны мен пайдалы қызмет ету мерзіміне тікелей байланысты болғандықтан, аудитор амортизация есептеу базасы болып табылатын материалдық емес активтердің келіп түсу көздеріне карай кіріске алынып анықталатын, активтің бастапқы кұнымен, белгіленген пайдалы қызмет ету мерзімімен жете танысуға тиісті. Материалдық емсс активтердің бастапқы қүны нысанды сатып алуға, дайындауға және оларды жоспарланған мақсатқа пайдалануға байланысты жарамдылық жағдайына жеткізуге жүмсалған нақты жиынтық шығынды білдіреді.

Шаруашылық өзіне берілген құқығын пайдаланып, өз бетімен есептеп тапқан материалдық емес активтердің амортизациялану нормасы нысанның бастапқы құнының толық өндіріс шығындарына таратылуын қамтамасыз етуге міндетті.

Аудитордың материалдық емес активтердін бастапқы құнының өндіріс шығындарына толық таратылуы пайдалы қызмет ету мерзімін анықтау жолдарына да байланысты екенін ескергені абзал. Материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімдерін анықтаудың үш жолы қаралған:

- тиісті шарттарда кдралған материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі олардың пайдалану мерзімімен сәйкес келеді. Демек, жылдық амортизациялануға бөлудің мәні,
материалдық емес активтердің бастапқы құны белгіленген тиісті құжаттарда анықталған олардың пайдалы қызмет ету мерзіміне тең болады;

- шаруашылық, материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімін өз бетімен анықтайды. Материалдык емес активтерге байланысты нормативтік қүжаттарында «Ұзак мерзімге» деген түсініктің қолданылуы материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімінің бір жылдан төмен болмауын естен шығармауды талап етеді. Бұндай жағдайда жылдық амортизациялануға бөлудің мәні, шаруашылық белгілеген материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі олардың бастапқы құнының қатынасына тең:

- егер материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімін анықтау мүмкін болмаған жағдайда онда амортизациялаңуға бөлуді есептеу 10 жылға белгі


12. Лекция тақырыптары: Капитал, қорлар, несиелермен бюджеттен тыс төлемдердің есебі

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде шаруашылық серіктестікті қалыптастыру, құқық және міндеттерінің тәртібі анықталған. АК 58-бабында шаруашылық серіктестігі жарғылық капитал құрылтайшыларының (қатысушылары) үлесіне (салым ақшасы) бөлінген коммерциялық ұйым ретінде сипатталады, ал өзінің қызмет процесінде жасаған, жинаған немесе құрған мүлік жеке меншігіне жатады. Шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталындағы салым ақшаға ақшалай қаражат, құнды қағаздар, заттар, мүліктік құқық, оның ішінде ақыл-ой меншігі және басқа нәрселер жатуы мүмкін.

Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектіні құру үшін құрылтайшылық құжаттары болуы керек. Құрылтайшылық құжаттар нотариалдық тұрғыда расталып, заң органдарында мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жарғылық субъект серіктестік құрылтайшыларының салым ақшаларынан – жарғылық капиталды жариялайды. Салым ақшаны бағалау тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі және тәуелсіз аудиторлық тексеруге жатады.

Шаруашылық серіктестік мына формалар бойынша мүмкін:

- толық серіктестік – жарғылық капиталы оның құрылтайшысын анықтайды, алайда заң актісімен (АК 64-бап) белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек;

- коммандиттік (сенімге негізделген) серіктестік – жарғылық капиталдың мөлшері заң актілерімен белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек. Салымшылардың жиынтық мөлшері коммандиттік серіктестіктің (АК 74-бабы) жарғылық капиталдың 50% құрауы мүмкін;

- жауапкершілігі шектеулі серіктестік – жарғылық капиталдың мөлшерін серіктестік құрылтайшылары анықтайды және заңда белгіленген (АК 78-бабы) ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек;

- қосымша жауапкершілікті серіктестік – жарғылық капиталдық мөлшері, жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндей анықталады, алайда бұл серіктестіктің қатысушылары жарғылық капиталдағы өз салым ақшаларымен оның міндеттемелері бойынша жауап береді, ал бұл соманың жетіспеушілігіне өз мүліктерінің еселенген мөлшерінде өздерінің салым ақшаларына қосады (АК 84-бабы);

- акционерлік қоғам – жарғылық капитал барлық жарияланған акциялар шығарылымының жиынтық атаулы (номинальдық) құнына тең, алайда заңда қарастырылған ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек, Акцияларға ашық жазылыс жарғылык капиталдың толық төлеміне дейін жеткізілмейді (АК 88-бап).

Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша Акционерлік қоғам жарғылық капиталды оның жалпы санын қарастыру мақсатында акцияның бір бөлігін сатып алу жолымен кемітуге құқылы, алайда заң актілерінде қарастырылған («Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 28-бабы) ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек. Акцияны сатып алу қайта бөлу, әйтпесе оның күшін жою мақсатында және директорлар кеңесінің шешімі бойынша қоғам жарғысында қарастырылған басқа себептермен жүзеге асырылады. Шешімде акция түрлерінің саны мен категориялары, сатып алу бағасы, төлем мерзімі көрсетіледі.

Акционерлік қоғам барлық кредит берушілерге акцияның сатып алынатыны туралы хабарлауы керек. Ал кредит берушілер коғамнан өз жұмысын азайтуда немесе тоқтатуды және өздеріне келтірген залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

Заңға сәйкес сатып алынған акция саны қоғам шығарған акцияның жалпы санының 25%-інен аспауы керек, ал акцияны сатып алуға қоғам бағыттаған қаражат қоғамның 10% өзіндік капиталынан аспауы керек.

Қандай да болмасын шаруашылық субьектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да кредиторлық қарыздары болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субьекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субьектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни жабдықтаушы субьектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріс пен де саудамен де айналыспайтын субьектілердің өз қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлерге олардың істеген еңбегі үшін, сондай – ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында кредиторлық қарызы болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер мен басқа да мекемелерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жаңдандырып жатқан, сондай-ақ кредиторлық қарыздарын шектен тыс көбейтіп алып, оларды қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, банкротқа ұшырап жатқан кәсіпорындар көптеп кездеседі. Осыған байланысты кредиторлық қарыздар есебі қаржы есебінің негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады.

13. Лекция тақырыптары: Сыртқы аудиттің түрлері және маңызы

Тақырып 14. 9. Сыртқы аудиттің түрлері және маңызы.

1. Аудиттің мәні, мақсаты және маңызы.

2. Қазақстанда аудиттің қалыптасуы және дамуы.

3. Аудиторлық қызмет және оны нормативтік-құқықтық реттеу.

Аудитор латынның "аudio" деген сөзінен шыққан, яғни ол "тындап тұр" деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық – жұмыс барысына тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап-басқарушы тындаушы болған. Сондықтан ерте заманда "аудитор" - "тыңдаушы" дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.

Аудиттің түрлерін зерттеудің зор әдістемелік маңызы бар. Аудиттің түрлері субъект ретінде ішкі және сыртқы аудит болып бөлінеді. Заңдылық тұрғыдан ерікті және міндетті болып, ал жұмыс көлеміне қарай толық және бөлікті тексеру болып, ал техникалық орындалу тұрғысынан қол жұмысы түрінде және компьютерді пайдалану болып бөлінеді.

Ерікті (инициативалық) аудит кәсіпорын тарапынан өз еркімен жүргізіледі. Бұл жағдайда аудит тексеруінің көлемін және қойылатын талапты кәсіпорын шешеді. Міндетті аудит мемлекет құрылымының арнайы анықтаған шешімі бойынша жүргізіледі. Көбінесе бұл жағдайда заң орындары кәсіпорынға аудит тексеруін жүргізуді талап етеді. Шаруашылық субъектісінің кәсіпкершілігінің көрсеткіштерін тексеруді заң орындары анықтайды. Тексеру жүргізу тәртібін, жұмыс көлемін заң орны тапсырады.

Нарықты қатынастың даму кезеңінде жалпы аудиттің атқаратын қызметі де, тапсырушалыра талабына сәйкес олардың аудит қызметінің даму барысында алатын орны да ерекше.

Жалпы аудит туралы, оның ішінде сыртқы аудит туралы осыған дейін көптеген түсініктер қарастырылды. Енді сол сыртқы аудиттің ерекшеліктеріне тоқталамыз. Біріншіден, сыртқы аудит фирмалары немесе жеке аудиторлар мен тапсырушылармен келісім-шарт жасау арқылы жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты бухгалтерлік қаржы ақпаратын тексеріп және оның табыстылық көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын, шығарылғандығын дәлелдеп, оның қаржылық жағдайына түсініктеме беру.

Сыртқы аудиттің объектісі - ол, шаруашылық субъектілері. Сыртқы аудиттің мақсаты тапсырушының талабына сәйкес анықталады. Тапсырушылар - кәсіпорын, мемлекеттік құрылым және қаржы, мүлік егелері.

Сыртқы аудит қызметін атқарушылар - жеке аудиторлар және аудит фирмалары.

Екіншіден, басылымдағы ақпарат мәліметі бойынша сыбайлас кәсіпкерлер күдіксіз қарым-қатынасқа келеді. Себебі, басылымға шыққан материалдарды сыбайластар зерттеп, талдап, сыбайластыққа сенімді екен деген қорытынды жасайды.

Үшіншіден, аудит қорытындысымен шаруашылық жүргізуге кепілдік алған кәсіпорындар сол елдің экономикасының бір қалыпты дамуына негіз болады. Тұрақты халықты жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.

Төртіншіден, қалыптасқан экономика құрылымы болған елде тиянақты нарықты қатынас заңдылығы қалыптасып, сол заңдылыққа сәйкес ол елде тауарға нарықты қатынас бағасы тұрақты бір жүйеге келеді.

Қазір Қазақстан Республикасында аудит қызметі жаңадан ғана дамып, қалыптасып келе жатыр. Осы орайдағы ең өкініштісі - аудит қызметі толық міндетті түрде таратылған жағдайда еліміздегі жүргізіліп жатқан реформаның әлдеқайда сәтті жүргізілуіне, нарықты қатынас заңдылықтарының кәсіпорын шаруашылығында тез қалыптасып кетуіне көптен-көп көмегі тиетіні сөзсіз.

Сондықтан Қазақстан Республикасында аудит қызметі жан-жақты таратылуы қажет, бірақ, біздің елдің өзіндік экономикалық, әлеуметтік, тарихи даму ерекшеліктеріне сәйкес аудит принциптерін лайықты түрде қарастыру қажет.

 

Сыртқы аудиттің мазмұнын кеңірек түсіндіру үшін төмендегі схеманы келтіреміз.

           
     
 

       
   

           
     
 
 

Аудиттің стандарттары мен аудиторлардың мамандық этикасы және қателер мен алаяқтық, олардың елеулілігін бағалау.

1. Аудиттің халықаралық стандарттары мен олардың сипаттамасы.

2. Аудитордың мамандық этикасының Кодексі.

3. Елеулілік түсінігі.

Шаруашылық субъектілерінің жұмысы өзінің жарғылық құжатына сәйкес жүргізіледі де, ал жұмыскерлер сол заңның талабына сәйкес белгіленген тәртіпке байланысты өз қызметін атқарады.

Аудиттің стандарты және нормативтері екінші топқа жататын құжаттар. Олар арқылы аудит жұмысын тікелей бір жүйеге келтіріп отырады. Олар өз кезегінде аудит теориясының үшінші элементі деп саналады. Аудит постулаты арқылы аудит стандартының мазмұны анықталады, ал аудит стандарты мен нормативтері аудит жұмысының сапалылығын анықтайды. Оларды аудит орындау тәртібімен бірдей деп санауға болмайды. Стандартты, нормативтерді бұлжытпай орындау қажет, себебі бүл құжаттар аудит принциптерін толық орындауға аудит тексеруін сапалы жүргізуге тікелей әсерін тигізеді. Аудит жұмысы осы стандарттар мен нормативтердің талабына сәйкес бір жүйеде жүргізіліп, оның міндеті мен мақсатын орындайды.

Аудиттің стандарты және нормативтері деп “аудит принциптерінің талабына сәйкес аудит қызметін жүргізуге белгіленген ереже-нұсқауларды" айтады. Сол ереже-нұсқаулар аудиторға өз жұмысын ұйымдастыруға, аудит әдістерін-анықтауға әртүрлі шаруашылық жағдайларына орынды баға беруге, аудитор қорытындысын жасауға негіз болады. Себебі, аудиторлар сол стандарттар мен нормативтердің талабына сәйкес жұмыс істеу үшін үздіксіз өздерінің біліктілігін, мамандықтарын жетілдіріп, ізденіп, оқып қажет болса ғылыми зерттеу жүргізіп отыруды қалыптастырады. Өзінің мазмұнына және арналған мақсатына сәйкес аудит стандарты үш топқа бөлінеді: 1) жалпы стандарттар; 2) жұмыс стандарты; 3) ақпарат стандарты. Осы стандарттар аудит қызметінің құрылымын, схемасын аныктайды.

Жалпы стандарттар. Жалпы стандарттар мазмұны аудитор мамандығын, іскерлігін, мамандық сапасын, мамандықпен өз міндетін атқару, мақсатына жету жолындағы аудитордың мамандық бейнесін құрайды. Аудиторға жалпы стандарттар тұрғысынан қойылатын талаптар мен міндеттер: мамандық; қызметкерлік; дербес тәуелсіздігі мен объективтігі; аудит қызметіне дайындық деңгейі, мәлімет жинау; ақпарат жасау; қызмет көрсету барысында түсініктеме беру.

Осы аталған талаптар мен міндеттер мазмұнына сәйкес аудит фирмалары аудиторлар мен мамандар тобын құрастыруы қажет. Арнайы мамандар дайындау, аудит қызметін жүргізу үшін ереже-нұсқау дайындау, осы стандарттарды қолдану тиімділігін қарастыру.

Жалпы стандарттың аудитке қоятын үлкен талабының бірі - ол дербес тәуелсіздігі. Аудитор өз қызметін белгілеген бағдарламасы бойынша жүргізеді, оның тәуелсіздігі аудит қызметі заңының талабына сәйкес жоғарыда айтылған аудит принциптеріне негізделген, аудит әдістеріне сәйкес өз құқысына сүйене отырьш аудиторлық тексеру жүргізеді. Сондықтан да ешкім, ешқандай мемлекет құрылымы аудит фирмасына өз тарапынан заңсыз немесе қысымшылық жолымен аудитор шешімін өзгертуге, аудитордың қызметіне немесе оның аудитор қорытындысына ешқандай әсер ете алмайды. Сонымен қатар аудитор тәуелсіздігі тапсырушылармен жасалған келісім-шарт талабына сәйкес, ол тексеруге қажет мәліметті түгелдей талап етіп алуга құқысы бар. Қаржы төлем жағынан да ешқандай тәуелділігі жоқ. Тапсырушы келісім шарттың бірінші хатгама бойынша анықталған төлемді сөзсіз төлеуге міндетті. Аудитор, фирмалары өзін сыбайлас, маманданған жан-жақты қызметтер атқара алатын мекемелермен тығыз байланыс жасап кез келген мәселелерді шешу туралы анықтама жасайды, түсініктеме береді. Бұл қызмет оның тәуелсіздігін одан әрі қуаттандырып, бекіте түседі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 848; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.039 сек.