Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Форфейтинг 5 страница




Банк өтімділігін анықтайтын фактор — банктің депозиттік базасының, сапалылығы. Депозиттік базаны мерзімді депозиттік және жинақ салымдары, есеп айырысу және ағымдағы шоттардағы қаражаттары ретінде банкте жинақталған заңды және жеке тұлғалардың қаражаттары құрайды. Депозиттердің сапалылығының басты критерий олардың тұрақтылығын сипаттайды. Депозиттердің тұрақты бөлігі неғұрлым көп болса, банктің өтімділігі соғұрлым жоғары болады. Депозиттердің тұрақты белігінің кебеюі банктің өтімді активтерге мұқтаждығын азайтады. Талап етілгенге дейінгі депозиттер жоғары тұрақтылыққа ие, өйткені бұл депозиттердің түрі сыйақы мөлшерлемесіне байланыссыз. Банкте осы депозит түрінің көп болуы банктің қызмет етуінің сапалылығы мен жылдамдығы, банктің клиентке жақын орналасуы сияқты факторларға байланысты. Ал мерзімді және жинақ депозиттеріндегі қалдықтары тұрақтылықтың темен дәрежесіне ие, себебі оған банктің сыйақы мөлшерлемесі ықпал етеді.

Банк өтімділігі оның сыртқы қаражат көздеріне, яғни банкаралық несиелерге деген тәуелділігімен де сипатталады. Банкаралық несие өтімді қаражаттарға деген қысқа мерзімді жетіспеушілікті жоя алады, бірақ осы несиенің жалпы тартылған ресурстардың құрамындағы үлесі жоғары болса, онда банк банкротқа ұшырауы мүмкін. Егер банктің сыртқы көздерге тәуелділігі жоғары болса, онда оның бизнес үшін өз базасының даму перспективаларының жоқтығын көрсетеді.

Банк активтері мен пассивтерінің арасында мерзім мен сома бойынша сәйкестілігі де банк өтімділігін анықтайды. Банктік клиенттер алдында міндеттемелерді орындауы инвестицияланатын ақша қаражаттары мерзімдері мен салымшылары берген ақша қаражаттарының мерзімдері сәйкес болуын білдіреді.

Менеджмент, яғни жалпы банктік қызметін және өтімділігін басқару жүйесі де банк өтімділігін анықтайтын ішкі факторлардың біріне жатады. Банкті басқару сапасы мыналармен анықталады:

• банк саясатының болуы және оның мазмұны;

• стратегиялық және ағымдағы міндеттерді жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік беретін банктің аймақтық ұйымдастыру құрылымы;

• банктің активтері мен пассивтерін басқару механизмі;

• әр түрлі процедуралардың нақты мазмұнын анықтау;

• білікті мамандардың болуы;

• қажетті ақпарат базасының болуы;

• банк қызметін басқару жүйесінің ғылымилығы.
Банктің беделі де банк өтімділігін анықтайды. Жақсы беделі бар банк депозиттік базасының тұрақтылығын оңай қамтамасыз ете алады.

Банк өтімділігінің жағдайы бірқатар сыртқы факторларға, яғни банк қызметінен тыс факторларға байланысты. Оларға мыналар жатады:

елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдаи;

бағалы қағаздар нарығының дамуы;

банкаралық несие нарығының дамуы;

қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастыру;

Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі.
Елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай банк операцияларының дамуының және банк жүйесінің сәтті жұмыс істеуінің алғышарттарын қалыптастырады, банктер қызметінің экономикалық негізінін, тұрақтылығын қамтамасыз етеді, банктерге деген отандық және шетелдік инвесторлардың сенімділігін арттырады. Осы аталған жағдайларсыз банктердің тұракты депозиттік базаны құруы, операциялардың тиімділігіне қол жеткізуі, өз құралдарын дамытуы, активтерінің сапалығын жоғарылатуы және басқару жүйесін жетілдіруі мүмкін емес.

Бағалы қағаздар нарығының дамуы өтімді қаражаттар құрудың оңтайлы вариантын қамтамасыз ете алады, себебі көптеген шетел мемлекеттерінде банктің активтерін ақшалай қара-жаттарға тез арада айналдыру жолы қор нарығының жұмысымен байланысты.

Банкаралық нарықтың дамуы уақытша бос ақшалай ресурстарды банктер арасында жылдам қайта бөлуге көмектеседі. Банк өз өтімділігін ұстап тұру үшін банкаралық нарықтан әр түрлі мерзімге, сонымен қатар бір күнге болсын, қаражаттарды тарта алады. Банкаралық, нарықтан қаражаттарды тарту жылдамдығы жалпы қаржылық конъюктураға, банкаралық нарықтың ұйымдастырылуына және банктің беделіне байланысты.

Орталық банкі коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру жүйесі банктердің өтімді активтерін Орталық банктен алынған несиелер арқылы жабуға мүмкіндік береді.

Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі өтімділікті басқарудағы коммерциялық банктер мен мемлекеттік қадағалау органы арасындағы қарым-қатынастың дәрежесін керсетеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттык банкінің екінші деңгейдегі банктер үшін өтімділіктің белгілі бір нормативтерін белгілеуге мүмкіндігі бар. Көрсеткіштер банктің өтімділік жағдайын неғұрлым нақты көрсететін болса, соғұрлым банктің өзі және қадағалау органы өтімділікпен байланысты проблеманы уақытында шешуге мүмкіндігі бар.

Банктің өтімділігі тұрақты өзгерісте болатын көптеген факторларымен анықталынатын банк қызметінің сапасын сипаттайды. Сондыктан банктің өтімділігі бірте-бірте қалыптасатын және тұрақты факторлармен және әр түрлі тенденцияларымен сипатталатын динамикалық жағдайды білдіреді.

Әлемдік банктік тәжірибеде өтімділікті басқару бірқатар әдістер арқылы жүзеге асырылады. Ондай әдістерге мыналар жатады:

1. «К,аражаттардың, ортақ к,оры» әдісі негізінде банк ресурстарының жалпы сомасын ресурстардың құралу көздеріне қарамастан, активтердің әр түрлі түрлеріне бөлу жатыр. Сызба түрінде бұл әдісті мынадай түрде көрсетуге болады (17-сурет келесі бетте).

Осы әдісте қаражат өтімділігінің барабар деңгейінің, яғни «табыстылық-өтімділік» арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы шарт. Ең біріншіден, активтердің алғашқы резервтер тобында орналасатын қаражаттардың үлесі анықталады. Содан кейін банк қаражаттары активтердің екінші ретті резервтер тобына орналастырылады. Екінші ретті резервтер келемі несиеге сұраныс пен салымдардың мөлшерімен анықталады, демек олар неғұрлым көп болса, соғұрлым салымдар көлемі бойынша көп резервтер талап етіледі. Активтердің үшінші тобына, яғни клиенттерге қарызға орналастырылатын қаражаттардың үлкен үлесі тиеді. Ең соңғы активтердің тобына салыстырмалы түрде өтелу мерзімі үзақ жоғары дәрежелі бағалы қағаздар жатады.

2. Өтімділікті басқарудың келесі әдісіне — «банктегі банктер» әдісі жатады (18-сурет). Бұл әдіс активтердің қалыптасуы жалпы сомаға және тартылған ресурстардың құрамына байланысты болатынын сипаттайды. Мұнда әрбір қалыптасу көзінің қаражаттары айналымдылығына байланысты әр түрлі қамтамасыз етуді және сәйкесінше міндетті резервтер нормасын талап етеді.

Осы әдіске сәйкес әр түрлі көздерден тартылған қаражаттарды орналастыру үшін пайдаланатын «табыстылық—өтімділік» орталары анықталады. Мұндай орталар «банктегі банктер» деп аталады, яғни банкте «талап ету салымдар банкі», «мерзімді салымдар банкі» және «негізгі капитал банкі» болады. Талап ету салымдары өтімді активтермен жоғары деңгейде қамтамасыз етілуді талап етеді, сондыктан «талап ету салымдар банкісі» қаражаттардың үлкен бөлігін алғашқы резервтерде орналастырады. Ал талап ету салымдарының қалған бөлігі екінші ретті резервтерге бағытталады және аз бөлігі ғана қысқа мерзімді несиелерге беріледі. «Мерзімді салымдар банкі» мерзімді салымдардың басым бөлігін екінші ретті резервтерді қалыптастыруға, орта және ұзак. мерзімді несиелерге, сондай-ақ ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға бағыттайды.

«Банктегі банктер» әдісінің «қаражаттардың ортақ қоры» әдісінен артықшылығы есептеудің арқасында жоғары өтімді активтердің үлесін дәлірек анықтауға және олардың азаю есебінен қосымша ресурстарды жоғары өтімді активтерге, яғни кәсіпорындар мен ұйымдардың қарыздарына салуға мүмкіндік береді.

3. Активтерді басқарудың «ғылыми басқару» әдісі. Ол ғылыми әдістер мен операцияларды зерттеу көмегімен банк балансындағы және табыстар мен шығыстар туралы есебіндегі әр түрлі баптар арасында күрделі байланысты талдау үшін қазіргі математикалық аппарат пен ете күрделі модельдерді пайдалануды ұйғарады.

Ғылыми басқару әдісі мынадай үш сұрақтарға жауап беруге тырысады: Мәселенің мәні неде? Оны шешудің қандай варианттары бар? Варианттардың ең жақсысы қандай?

Басқару бойынша мамандар өндірістік мәселесін шешу үшін сызықтық бағдарламалау деп аталатын ғылыми әдістерінің бірін қолданады. Бұл әдіс операциялардың табыстылық пен өтімділік жағынан шектеулерді ескеріп, пассивтерді басқарудағы проблемалы активтерді басқару мәселесімен байланыстырады. Сызықтық бағдарламалау бір ғана ықшамды шешімге әкелетін детерминдеу моделін ұйғарады, шектеулердің сипаты дәл анықталуы тиіс. Мақсатты қызметі үздіксіз және нақты анықталуы қажет, яғни шешімді анықтайтын әр айнымалы мақсатты қызметке және шектеулерді көрсететін теңдеуге өз үлесін қосуы керек. Сонда бағдарламаны бірнеше рет қосқанда да, ол бір ғана шешімді беруі тиіс, яғни іс жүзінде басшылар кейбір шектеулердің немесе бағаланатын әрекеттестіктердің өзгеруінің тиімділігін тексеру үшін бағдарламаны бірнеше рет жіберуі мүмкін.

Ғылыми әдістердің негізгі кемшілігі — олар ұсақ банктерде қолданылмайды, себебі оған сәйкес дайындығы бар кеңесшілер немесе қызметшілер және ірі модельдерді есептеуге қуатты-лығы жететін есептеуіш жабдықтар болуы керек, ал мұның барлығы үлкен шығындармен байланысты.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Банк өтімділігі дегеніміз не?

2. Банк міндеттемелері нешеге бөлінеді?

3.Банктің өтімді акливтеріне не жатады?

4.Банк өтімділігіне қандай факторлар ықпал етеді?

5.Банк өтімділігін бағалау көрсеткіштері қандай?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004.-с.233-244.

 

27-тақырып. Банктің қаржылық нәтижелерін талдау.

Банктің шығысы мен кірісін талдау.

1. Дәрісті ұсыну.

2. Банктің қаржылық нәтижелерінің көрсеткіштері, банктің табысы мен шығысы, маржа туралы түсінік, операциялық шығындар, проценттік шығындар, операциялық табыс, процентік табыс, банктің таза табысы, пайдасы, банктің рентабельділігі және оның көрсеткіштерін есептеу.

 

Коммерциялық банктердің қаржылық нәтижелерін талдауда орталық орынды кірістер алып отыр. Кірістердің төмендеуі банктің қаржылық қиындықтарына әкеледі. Осыған байланысты банктің қаржылық нәтижелерін және оның кірістерін талдау ең басты міндет

Банктердің кірістерін талдаудағы негізгі міндеттер келесілер:

- кірістердің құрылымын және баға көлемін анықтау;

- кірістердің құрастырушыларының динамикасын оқыту;

- үлкен кіріс әкелетін операциялар түрлері мен қызметін бағыттау;

- актив бірлігіне әкелетін кірістер деңгейінін бағасы;

- кірістерге әсер ететін факторларды қою;

- бөлек операциялар бойынша кірістер;

- кірістерді өсірудегі резервтерді табу.

Кірістердің құрылымын талдау пайыздық және пайызсыз болып бөлінеді.

Банктің пайыздық кірістерін талдау професінде пайыздық кіріс әкелетін активтердің құрылымы мен көлемінің өзгеру темпін қою керек, оларды банктің активті операцияларымен жүргізілген өсу-кему темпімен салыстырып пайыздық ставкалардың деңгейінің өзгеруін шығарып, нарықтағы ссудалық капиталмен байланысты.

Сонымен қатар ссудаларға өтімділік, көлем бағасын қарастыру керек, ссудалар бойынша қарыздар көлемін және динамикалық құрылымын қарастыру керек, өтелмеген қарыздар бойынша пайыздық кірістердің көлемін анықтау, өсірілген кірістердің көлемін бағалау және анықтау керек.

Өсірілген пайыздарға банктің пайыздақ операциялармен жүргізілетін кірістер және шығыстар жатады. Олардың мөлшерін келесі формула арқылы есептеуге болады:

h=несиенің барлық сомасы*жылдық пайыздық ставка*р/365 (366)

h-өсірілген кірістер (шығындар)

р-күндер бойынша өсіру периоды

Өсірілген пайыздардың көлемі – бұл нақты кіріс пен шығыс емес, ол кірісті алудағы құқық. Өсірілген пайыздық кірістерді талдау кезінде несиелер бойынша пайыздар қосылатынын анықтау керек.

Банктің пайыздық кірістерін талдау бізге олардың қандай факторлар негізінде алынатының білуге мүмкіндік береді. Осы факторлар келесілер: берілген несиелердің бағаларының өзгерісі, құралдардың қолданылуы.Осы көрсеткіштердің өмуі банк кірістерінің өсуіне оң әсер етеді.

Кірістерді талдаудағы негізгі ерекшелік ол уақыты өткен несиелерден пайыз алатынын атап өту керек.

Коммерциялық банктегі пайызсыз кірістерге келесілер жатады:

- комиссиондық кірістер;

- шетел валютасымен, бағамдық айырма, валюталық құндылықтармен жүргізілетін операциялардың кірістері;

- бағалы металдерды сату-сатып алу, бағалы қағаздарды және басқа да мүліктерді, бағалы металдарды есептеу нәтижелері, бағалы қағаздар және басқа да мүлік бойынша жүргізілетін операциялардың кірістері;

- дивидендт түріндегі кірістер;

- басқа да ағымдағы кірістер.

Пайызсыз кірістерді талдауда кірістердің негізгі көлемі мен ара салмағын анықтау керек, табысты қызметтерді анықтау керек, әр бір көрсетілген қызмет топтарының банктік комиссиясын құрудың әдістерін бағалау керек, көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын анықтау керек және т.б. қарастыру керек.

Коммерциялық банктердің негізгі кіріс көзі пайыздар, яғни берілген несиелердің пайыздары және инвестициялық операциялар бойынша пайыздар. Несиелік операциялардын кісіртерді талдаудың негізгі көздері ол банктердегі несиелік мәліметтер мен бөлімшелердің болуы. Қазіргі кездегі коммерциялық банктер Бағалы қағаздар нарығының негізгі активті қатысушылары болғанымен олардың кірістері мемлекеттік қарыздық міндеттемелерді сатудан тұрады. Басқа да кірістерге: бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардан кірістер оларға: дисконттық кіріс (вексель), акцияға салынған дивидендтер, бағалы қағаздармен операциялар комис-сиялары бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар банк кірістеріне жатады. Сонымен қатар пай және акция арқылы алынған банк кірістерін сыртқы жағдайы бойынша ғана қарастырмай, оларды басқа жақтардан да қарастыру қажет.

Активтерден басқа кірістерге келесілер жатады:

- клиенттермен жүргізілген операциялардан кірістер (халықпен, несиелік мекемелермен, кәсіпорындармен және т.б.);

- басқа банктер мен қаржылық компаниялардың филиалдағы капиталға қатысушыларбың бірегей қызметінен түскен кірістер;

- Үшінші тұлға және мемлекетке бағалы қағаздарды инвестициялаудан түскен кірістер;

- Қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерге кірістер мен шығыстар, олар лизинг, банк бөлімшелерінің сатылуы, транспорттық құралдарды қолданы;

- Опциондардан, фьючерстік және форфардтық мәмілелер, кепілдерден кірістер (шығыстар);

- Негізгі құралдарды есептеуден кірістен;

- Жаңа банктік өнімдерді еңгізуден, жаңа технологияларды қолданудан түскен кірістер.

Көрсетілген кірістерді талдауда олардың әр қайсысының абсолютті динамикасын анықтау керек, кіріс деңгейін анықтау керек, актив пен кіріс темпін салыстыру керек.

Кез келген жүргізілген қаржылық операциялар бойынша кіріс көлемін келесі формула арқылы анықтауға болады:

D=F*h

D- жүргізілген қаржылық операциялар бойынша кіріс

F- операциға салынған құралдардың сомасы

h- капиталға салынған кіріс нормасы

Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің қызметі өзіне активті және пассивті операцияларды біріктіреді. Кірістерді талдауда бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар келесі бағытта жүргізіледі:акция, облигация, вексель есебінен, ақшалай міндеттемелерді сату-сатып алудан, опцион келісімінен және басқа да операциялардан кірістерге ие болу. Акция әкелетін кірістердің бір түрі – ол дивиденд. Сонымен қорытындылай келгенде қазіргі кездегі банктер талдауды жүргізуде үлкен ақпараттық базаны қолданып кірістерді талдай алады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Банктің табыстары дегеніміз не?

2. Банк табыстары қандай көздерден құралады?

3.Пайыздық табыстарға не жатады?

4.Пайызсыз табыстарға не жатады?

5.Банк шығыстарын не құрайды?

6.Пайыздық шығыстарға не жатады?

7.Пайызссыз шығыстар түрлері қандай?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004.-с.245-250.

 

 

28-тақырып. Банктік қадағалау

1. Дәрісті ұсыну.

2. Банктік қадағалауды ұйымдастырудың принциптері және банктік қадағалауды жүзеге асырудың құқықтық, нормативтік негіздері.

Қазақстандық тәжірибеде басқа дамыған шетелдік тәжірибелер сияқты жарияланған жарғылық капиталдың төленген жарғылық капиталдан айырмашылығы болады. Қазақстандағы банктік заңдарға сәйкес банкті тіркеуге алу үшін жарияланған жарғылық қордың 50 %-дан астам белігі акция, облигация, ақшалай қаражат, бағалы металдар немесе басқа да материалды құндылықтармен (ғимарат, техникалар, автокөлік) төленуге тиіс. Ал қалған сомасы, яғни 50 %-ға жуығы жыл бойы салынуға тиіс.

Жарияланған жарғылық қордың 50%-ның ақшалай түрдегі сомасы сол банктің корреспонденттік шотына түсіріліп, ал материалдың құндылықтары бірлескен түрде бағалануына байланысты банкті құрушы акционерлердің жалпы жиналысында акті бойынша қабылданады.

Екіңші деңгейлі банктер қызметің реттеу үшің пруденциялық нормативтер

Банк қызметін реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздысы — пруденциялық нормативтер. 2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ережеге сәйкес оларға мыналар жатады:

1) жарғылык, қордың ең төменгі мөлшері;

2) меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффии,иенті;

3) бір к,арыз алушыға келетін тэуекелдің ең жоғары мөлшері;

4) өтімділік коэффищиенті;

5) ашык, валюталык, позиция лимиті;

6) негізгі қорларға жэне басқа қаржылай емес активтерге жұмсалынған банк инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті.

1. Банктіқ жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері.

Банктік жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін Ұлттық банк Басқармасы бекітеді. Банк акционерлерден өзінің акцияларын номиналдық бағадан төменгі деңгейде ғана, сондай-аң ондай сатып алу кез келген пруденциялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар және лимиттерді бұзба-ған жағдайда ғана сатып ала алады.

2.Менишікті қаражаттардің жеткілікті коэффициенті

Меншікті капитал (К) — бұл I деңгейлі капитал мен II деңгейлі капитал (I деңгейлі капиталдан аспайтын мөлшерде) қосындысынан банктік инвестицияларын шегеру арқылы есептеледі.

Банк инвестициясы — акцияның (жарғылық капиталда қатысу үлесі) және еншілес ұйымдардың, сондай-ақ басқа заңды ұйымдардың субординирленген қарызына жұмсалымдар сомасы.

Ұйымдардың субординирленген қарызына жұмсалымдар мынадай шарттардың біріне сәйкес келуге тиіс:

- жоғарыда аталған заңды тұлғалардың қаржылық есебі халықаралың стандартңа сәйкес жасалуы және аудиторлык. корытындымен расталуы тиіс;

-жоғарыда аталған заңды тұлғалардың акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінің «А» категориясына енуге тиіс:

-жоғарыда аталған заңды тұлғалардың қарыз рейтинг! Standard & Poors және басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің «А» рейтингінен төмен болмауға тиіс.

Бірінші деңгейлі капитал (КІ) мыналардан құралады:

-төленген жарғылық капитал;

-қосымша капитал;

-өткен жылдардағы бөлінбеген таза табыс (өткен жылдардағы таза табыс есебінен құрылған кррлар, резервтер);

шегерілген (-):

- материалдың емес активтер (Халыкаралың ңаржы есебіне Халыңаралың стандартына сәйкес банктің негізгі ңызметінің маңсатына алынған лицензияланган бағдарламалың ңамсыздандыру);

-өткен жылдардағы зиян;

-ағымдың жылдағы шығыстардың ағымдык. жылғы табыстардан артың сомасы.

Екінші децгейлі капитал мыналардан к,үралады:

-ағымдың жылдағы табыстардан ағымдың жылғы шығыстардың артың сомасы;

-бағалы ңағаздар мен негізгі ңүралдарды ңайта бағалау мөлшері;

-тәуекелді есепке алып өлшенген активтер сомасының 1,25%-нан аспайтын сомадағы жалпы резервтер (провизиялар) мөлшері;

-бірінші деңгейлі капитал сомасының 50%-нан аспайтын сомадағы банктің субординарлың қарызы;

Банктің субординарлық қарызы — бүл мынадай талап-тарға сәйкес келетін, банктің ңамтамасыз етілмеген міндеттемесі:

1. депозит немесе міндеттеме болып табылмауға тиіс;

2. банктің немесе онымен байланысты аффилирленген түлғалар талаптары бойынша кепілдік ретінде ңамтамасыз етілмеуге тиіс;

3.алдын ала (толың немесе жартылай) өтелмеуге тиіс;

4.банктің таратылуы барысында соңгы кезекте ңанағаттандырылуға тиіс (акционерлер арасында ңалған мүлікті бөлу алдында).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 770; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.087 сек.