Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Форфейтинг 3 страница




Инвестицияларды капиталға жұмсау мақсатынада алынатын тұрақты және өзгермелі бағадағы бағалы қағаздар үлестік қатысу жолымен есептеледі.

Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан онда сатылатын өзінің айрықша атуарымен ерекшеленеді. Ол өзгеше тауар бағалы қағаздар. Олар біріншіден, меншік белгісі, екіншіден, қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады.

Коммерциялық банктер акция және облигация сияқты бағалы қағаздарды шығарып және орналастырып эмиссиялық-құрылтайшылық қызмет атқарады. Банктердің жинақтарды өндірістік мақсаттарға жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп, бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып әрі онымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздарыекі топқа бөлінеді: қор (акция, облигация) және коммерциялық бағалы қағаздар (коммерциялық вексель, чек, қоймалық, кепілдік куәліктер).

Қор бағалы қағаздарының өзін екі топқа бөледі:

- мемлекеттік бағалы қағаздар;

- мемлекеттік емес бағалы қағаздар.

Мемлекеттің бағалы қағаздарының ішінде ең көп тарағаны мыналар:

- қазыналық вексельдер, орталық билік органдарының қысқа мерзімді міндеттемелерін білдіреді;

- қазыналық бондар – белгіленген пайыз әкелетін бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімдегі қысқа және орта мерзімді қазыналық міндеттемелердің ерекше түрі;

- қазыналық міндеттемелер (қысқа, орта және ұзақ мерзімді)

- әртүрлі мемлекеттік билік органдарының облигациялық займдары;

Мемлекеттік емес бағалы қағаздарға жататындар:

- акциялар;

- кәсіпорындардың, ұйымдардың және банктердің борыштық міндеттемелері (облигациялар, қысқа мерзімді міндеттемелер, депозиттік сертификаттар және т.б.)

Бағалы қағаздар ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыздық міндеттемесі.

Бағалы қағаздарды шығарып, оны айналымға түсірушіні эмитент деп атайды. Банк эмитенттердің әрбір бағалы қағаздарды эмиссиялауы оларды орналастыру әдісіне тәуелсіз оларды шығару проспектісін толтырумен құжатталады және эмиссия проспектісі экспертизадан өтуі қажет. Эмиссия проспектісінің бірінші тарауында эмитент туралы жалпы деректер, яғни эмитенттің атауы мен ұйымдық-құқықтық формасы және эмиссия проспектісіндегі деректердің дұрыстығына жауапты адамның аты-жөні көрсетіледі. Ал, екінші тарауында инвестициялық мәліметтер жарияланып, онда инвестицияның маңызы және инвестициялық саясаттың бағыты немесе бағалы қағаздар нарығындағы эмитенттің қысқаша жұмысы баяндалады. Үшінші тарауында бағалы қағаздар шығару жөнінде мәліметтер жарияланады. Эмиссия проспектісінің келесі тарауларында бұдан бұрынғы эмиссия туралы, эмитенттің құрылтайшысы, басқарушылардың аты-жөні және олардың қоғамның жарғылық капиталындағы үлесі, сонымен қатар басқарушылардың қазіргі уақыттағы жұмыс лауазымы мен соңғы 5 жыл ішіндегі басқару органынан тыс жердегі қызметі туралы мәліметтер көрсетіледі. Ал, қорытынды тарауларында бағалы қағаздарды сатып алу шарттары, иемденушінің құқығы және сол сияқты инвесторларды қызықтыратын басқа да хабарлар орын алады.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Банк инвестиция дегеніміз не?

2. Банктердің инвестициялық саясатын қалай түсінесіздер?

3.Андеррайтингті қалай түсінесіздер?

4.Бағалы қағаздар дегеніміз не?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.100-106.

 

 

21-тақырып. Банктің лизинг, траст, факторинг және форфейтинг операциялары

1. Дәрісті ұсыну.

2.Коммерциялық банктердің лизинг, траст, факторинг және форфейтинг туралы түсінік.

Коммерциялық банктердің ең кең таралған делдалдық қызметінің бір түрі — факторинг. Факторинг алғашқы кезде XIX ғасырдың аяқ кезіне таман АКШ-та пайда болып, кейіннен өнеркәсібі жағынан дамыған Батыс Еуропада қолданылды. Әсіресе коммерциялық банктер факторингті соңғы 25—-30 жыл ішінде кеңірек қолдана бастаған.

Факторинг 80-жылдардың ортасында Батыс Еуропа елдеріндегі тұрақты экономикалық өрлеу кезеңінде кеңірек таралды. 90-шы жылдардың басында факторингтік компаниялар 3,6 есе өсті. Факторинг операциялардың бүгінгі көлемі (ішкі және халықаралық факторингті қосқанда) мынадай: Еуропа — 56 %, Америка — 30 %, Азия және Тынық мұхит жағалауындағы елдер — 13 %, Африка —%

Шетелде факторинг бұл ұсақ және орта компаниялар үшін қаржыландыру көзіне сілтейтін қысқа жолды білдіреді.

Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретін тауар формасындағы және ашық шот түрінде рәсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды.

Факторинг клиенттің айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық операциясының бір түрі. Бүл жерде факторингтік компания клиенттердің шотын 90 /о-ға дейін төлеу шартымен сатып алады.

Факторинг деген тауарларды немесе қызметтерді жабдықтаушыдан төлем құжаттарын сатып алуды білдіреді. Факторингтің мақсаты — кез келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіру. Нарық экономикасы дамыған елдерде төлемдердің сақталу мерзімдеріне басты көңіл аударылады. Ендеше факторинг ком­паниялар мен банктердің фактор бөлімдерінің қызметі жабдыктаушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынастардағы тәуекелдер мен төлемдер мерзімдеріне байланысты мәселелерді шешуге бағытталады.

«Фактор» сөзі агылшын тілінен «factor», аударғанда «мак­лер, делдал» деген мағынаны білдіреді. Экономикалың жағынан алғанда бұл — делдалдық операция.

Факторингжабдықтаушы-клиенттің жабдықтаған тауары мен көрсеткен к,ызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.

Банк төленбеген төлем талабының иесі ретінде, борышқордың несиелік қабілетін тексергенімен де олардың төленбей қалуына байланысты тәуекелге барады.

Келісімшартқа сәйкес банк жабдықтаушының контрагенттері өздерінің қарызын өтегеніңе қарамастан төлем

талабындағы соманы төлеуге міндеттеме алады. Дәл осы жерде факторинг пен банктік кепілдеменің арасындағы айырмашылық байқалады. Яғни, банктік кепілдеме бойынша банк өзінің есебінен, оған тиісті соманы клиент төлемеген жағдайда төлеуге міндетті болып табылады. Факторингтік қызметтің мақсаты төлеушінің төлем қабілетіне байланыссыз факторингтік келісім-шартта көрсетілген мерзімде тез арада қаражатты алу болып табылады.

Нарық экономикасы дамыған елдердегі факторингтік компаниялардың көбіне еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс жасайды.

Факторинг операциясына үш тарап қатысады:

1.Факторингтік компания (банктің факторинг бөлімі) —өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.

2.Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие беруші) — факторинг компаниясымен келісімшарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.

3.Кәсіпорын (қарыз алушы) — тауарды сатып алушы фирма.

Факторинг мәмілесін жүзеге асырудан бұрын толық талдау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң факторинг компания немесе банктің фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зерттейді. Егер де кәсіпорын факторинг компаниясы немесе банктің фак­тор бөлімінің клиенті бола қалған жағдайда, ол факторинг компаниясына сатып алушыға жіберілетін барлық шот-фактураны тапсырады. Әрбір құжат бойынша клиент төлеуге келісім алуға тиіс. Факторинг компаниясы барлык. шот-фактурамен таныса отырып, сатып алушының төлем қабілетін анықтайды. Бұған 2— 3 күн мерзім уақыт қажет етіледі. Факторинг компаниясы төлемнің уақыты жеткен кезде немесе мерзімінен бұрын төлей алады.

Әлемдік тәжірибеде факторинг қызметінің құны мынадай екі элементтен тұрады: оған берілген құжаттарды мерзімінен бұрын төлеу барысында алынатын комиссия және пайыз. Ко­миссия шот-фактура сомасынан белгілі мөлшерде (әдетте, 1,5— 2,5%) деңгейінде белгіленеді. Мәміленің көлеміне қарай ко­миссия сомасы да өсіп отырады. Факторинг ережесі бойынша несие үшін төленетін пайыз мөлшерлемесі ақша нарығындағы (қысқа мерзімді несиелер нарығындағы) мөлшерлемеден 1—2 жоғары болып келеді.

Факторинг операцияларының жүзеге асырылу негізіне фак­торинг туралы келісімшарт жатады. Онда факторинг операциясының мынадай жасалу шарттары көзделеді: төлем талабының мәліметтері,.факторинг операциясы бойынша сомадан төлейтін сома, өтеу сыйақысының мөлшері, факторинг келісім-шартын бұзу жағдайлары және тараптардың ойлары бойынша басқа да шарттар.

Сонымен қатар, онда тараптардың өздеріне алған міндеттемелерін орындай алмаған жағдайлардағы жауапкершіліктері де қарастырылады. Оңдай жағдайда тараптар бірінің алдында бірі жауап беруге тиіс. Факторинг бөлімі өзіне алған міндеттемесін орындай алмаған жағдайда, оны құрушы банк материалдық жауапты болып табылады.

Факторингтің екі түрі болады: ауқымды (конвенционды) және шектеулі (конфедиенциалды). Тарихта оның ауқымды түрі бірінші пайда болған. Қазіргі жағдайда бүл — бухгалтерлік есеп, жабдықтаушылар және сатып алушылармен есеп айырысу, несиені сақтандыру және т.б. қамтитын клиенттерге қаржылық қызмет көрсетудің әмбебап жүйесін сипаттайды. Клиенттің мұндағы қызметі тек қана өндіру болып табылады. Бұл жүйе клиент кәсіпорынға өндіріс пен өнімдерді сату шығындарын қысқартады. Өзінің мәні жағынан факторингтің бұл түрі жөнелтілген тауарларға берілетін несиені білдіреді.

Соңғы жылдары шектеулі факторинг те біршама дамып келеді. Шектеулі факторинг бірнеше операциялардың орындалуымен байланысты: ақша алуға құқығын беру, қарызды төлеу және т.б. Шектеулі факторинг клиент жабдықтаушы үшін жөнелткен тауары үшін берілетін несиені сипаттаса, ал клиент -сатып алушы үшін төлем несиесін сипаттайды. Факторинг операцияларын жасағаны үшін клиенттер банкке келісімшартта көрсетілген төлемді төлейді, ол өзінің экономикалық мазмұны жағынан несие үшін төлейтін пайызды білдіреді.

Факторинг операциясы, бүгінгі таңда, отандық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингті еңгізу сынағы, негізінен, 1988 жылы КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкімен жүзеге асырылып, кейіннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 90-шы жылдардың басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін айқындап, нәтижесінде отандық банктеріміз күні бүгінге дейін бұл операцияға салғырттық танытуда.

Факторингтің бірегей құқықтық негізін құру үшін 1988 ж. Халықарлық факторинг туралы конвенция бекітілген. Халықаралық факторинг туралы кез келген келісімшарт төменде берілгендердің кемінде екеуін қамтуға тиіс:

• Аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;

• Төлем талаптарына жататын жабдықтаушының шоттарын бухгалтерлік жағынан өңдеу;

• Борышқорлардан ақшалай қаражат алу;

• Жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабілетсіздігі жағдайынан қорғау.

Факторинг операциялары. Факторингтік операциялар банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін банктерде арнайы бөлімдер ашылуға тиіс. Факторингтік опера­ция түрлері 14-суретте келесі бетте берілген.

Факторингтік операциялардың мыналар бойынша жасалмайтынын ескеру қажет:

• Жеке тұлғалардың қарыздық міндеттемелері бойынша;

• Бюджеттік мекемелердің қоятын талаптары бойынша;

• Банктің несиелеуден алынып тасталған немесе төлем қабілетінсіз деп танылған кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша;

• Кәсіпорындардың филиалдары немесе бөлімдерінің міндеттемелері бойынша.

Факторинг негізінен жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы қатынасты сипаттайды, себебі ол жабдықтаушының қаржылық жағдайына, сондай-ақ оның сатып алушыларының төлем қабілетіне үздіксіз бақылауды білдіреді.

Факторингтің ашық және жабық түрлері болады. Ашық факторингте берешекке, мәмілеге факторинг бөлімінің қатысатындығы туралы алдын ала хабардар етіледі. Жабық факто­рингте берешекке факторингтік келісімшарттың болуы туралы айтып жеткізеді.

 

Форфейтинг пен факторинг операциялары өзара ұқсас болып келеді. Бірақ форфейтингтің факторингтен айырмашылығы — форфейтинг сатқан тауарлар мен қызметтерге деген құқықтарды қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға алумен байланысты бір рет жасалатын операцияны білдіреді. Сондай-ақ экспортердың форфейтингтік қызметі орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді несиелеумен байланысты болса, ал факторингте несие беру мерзімі небары 6 айды құрайды.

«Форфейтинг» сөзі француз тілінде «a forfait», аударғанда «құқықтан бас тарту» дегенді білдіреді. Форфейтинг — тауарларды жабдықтау немесе қызметтерді көрсету барысында пайда болатын және алдағы уақыттарда өтелуге тиісті міндеттемелерді сатып алуды білдіру үшін пайдаланылатын термин.

Форфейтинг қызметі халықаралық, сауданы орта мерзімде қаржыландырудың балама тәсілдеріне жатады.

Форфейтингбұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктін, немесе арнайы компанияның экспортерға импортердің төлеуге тиісті төлем талабын сатып алуы.

Форфейтинг мәмілесі бойынша, алдымен экспортер өзінің тауарын несиеге алушыны — импортерды іздейді. Ал импор­тер болса, оған жай немесе аударма векселін, яғни қарыздық міндеттемесін жазып беруге тиіс. Егер вексель берушінің беделі немесе қаржылық жағдайы жақсы болса, онда вексельге кепіл беру талап етілмеуі мүмкін, дегенмен де импортер аудармалы векселі бойынша авальшыны (төлеуге кепіл беруші тұлғаны) табады. Осы жерде басты мән берілетіні мыналар: банк несиесінің сомасы мен мерзімі, сатып алушының төлем қабілеттілігі, аваль берушінің қаржылық жағдайы.

Форфейтинг мәмілесінде үш қатысушы болады:

/. Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші.

2. Импортер, яғни тауарды несиеге алушы.

3. Форфейтор, яғни мәмілені қаржыландырушы банк не­месе арнайы ұйым.

Форфейтинг мәмілесі 15-суретте келесі бетте беріледі.

Форфейтинг мәмілесі бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде мәміле дайындалады. Бұл кезеңде экспортер, экспор­тер банкі немесе импортер мәмілені бастаушылар болады. Эк­спортер үшін кепілдемеге қатысты форфейтордың талабын білу маңызды. Сонымен бірге, осы кезеңде форфейтор экспортердің өтінішін қарайды. Екінші кезеңде, болатын мәміле туралы ақпараттар жинастырады. Содан кейін барып, форфейтор-банк несиелік талдау жүргізеді. Келесі кезеңде эспортер вексельді алады және оған авальдың берілуін, яғни үшінші бір тұлғаның кепіл беруін талап етеді.

Форфейтинг механизмін мынадай екі мәміле түрінде пайдаланады:

1. Қаржы мәмілесінде — орта мерзімді қаржы міндеттемесін тез арада іске асыру мақсатында.

2. Экспорттық мәміле бойынша — шетелдік сатып алушыға несиеге тауар бергені үшін экспортерға қолма-қол ақшамен түсім түсуге ықпал ету мақсатында.

Форфейтинг мәмілесінің мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты құрайды, кей жағдайларда — 7 жыл.

Экспортер үшін форфейтингтің мынадай артықшылықтары бар:

• векселін форфейтор-банк сатып алғаннан кейін, экспор­тер валюта бойынша тәуекелге бармайды, яғни бұл тәуекелді банктің өзі кешеді;

• уақытын кешіктіріп төлеуге берген операцияның қолма-
қол ақшамен жасалатын операцияға айналуына орай, экспортердің өтімділігі тез арада жақсарады, яғни экспортер тауарын жөнелткеннен кейін бірден банктен қаражат алады;

• пайыз мөлшерлемесіне байланысты да тәуекел болмайды,себебі форфейтингтік қаржыландыру тұрақты пайыз мөлшерлемесі негізінде жүзеге асырылады; құжаттаудың қарапайымдылығы және оны рәсімдеудің жылдамдығы; форфейтор-банк несиелеу операциясына қарағанда ете жоғары табыс табады.

Форфейтинг екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғаш Еуропа елдерінде пайда болған. Қазіргі кезде форфейтинг операциясы бойынша бірінші орынды Швейцария алады және ол осы операцияны бастаушылардың бірегейі болып табылады. Ал біздің елімізде бұл операция түрі маңызды болғанымен, дамымай отыр, оның себебі вексель айналысының дұрыс жолға қой-ылмауымен байланысты және т.с.с.

Форфейтингтеуге әдетте сауда тратталары (аударма век­сель) немесе жай вексельдер қабылданады.

Форфейтингтегі дисконт мөлшерлемесінің құрамдас элементеріне мыңалар жатады:

• еуровалюталар нарығындағы несиенің құны (ЛИБОР —Лондондық банкаралық пайыз мөлшерлемесі);

• импортер елінің тәуекел құны және валютаны аударуға байланысты тәуекел құны 0,5-тен 6 -га дейін жылдық мелшерде ауытқиды;

• несиені басқаруға қатысты форфейтордың шығындары
(0,5%-ға дейін жылдық);

• міндеттеме үшін алынатын комиссия (1—1,5 /о жылдық).

 

Банктің трастық операциялары

«Траст» ағылшын тілінен аударғанда «сенім» деген сөзді білдіреді. Траст бұл сеніммен басқаруға берілген мүлікке деген құқықты анықтайтын және меншікті иеленудің ерекше нысаны.

Траст операциясыклиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктің операциялары.

Траст операциясына қатысушыларға мыңалар жатады:

1. Траст құрылтайшысы (немесе оның негізін қалаушы) —сенімді меншік иесіне сенімхат арқылы басқаруға беретін, мүліктің немесе мүліктік құқықтардың меншік иесі. Траст құрылтайшысы ретінде кез келген қолында мүлкі бар заңды немесе жеке тұлға бола алады.

2. Трастыны иемденуші (сеніп тапсырған тұлға) — траст келісімшартындағы көрсетілген жағдайға сәйкес, мүлікті басқару құқығын өзіне қабылдайтын тұлға. Мүндағы мүлікке жылжитын және жылжымайтын мүліктер де жатады.

3. Бенефициар — траст келісімшартын өзінің пайдасына жарататын кез келген заңды және жеке тұлға. Яғни ол трастыны иемденушіге берілген мүліктен түсетін табысты алып отыруға құқылы тұлға.

Сонымен, банктің траст операи,иясы — бұл банктің өз клиенттеріне (заңды және жеке тұлғаларына) көрсететін әр түрлі қызметі түріндегі сенім операцияларын білдіреді.

Траст,қызметіне: біріншіден, жылжымайтын және жыл-житын мүліктерді басқару; екіншіден, инвестициялың портфельді қалыптастыру және оны басқару; үшіншіден, құндылықтарды сақтауға қабылдау; қабілетсіз меншік иесінің мұраға қалдырған мүлкін басқару; төртіншіден, тұрақсыздыққа үшыраған фирмаларға қатысты несие берушілердің ңоятын талаптарын реттеу; бесіншіден, мүраға ңалдыруға байланысты мүлікті басқару қызметтері жатады.

Коммерциялық банктің траст бөлімінің атқаратын қызметі үлкен үш топқа бөлінеді:

/. Клиенттердің мұраға к,алған мүлкін иемдену;

II. Сенімхат бойынша операщияларды жүзеге асыру;

III. Агенттік қызметтер.

Траст қызметі жеке тұлғаларға, сондай-ақ фирмаларға да көрсетіледі.

Жеке тұлғаларға көрсетілетін траст қызметі.

Мұраға қалдырған мүлікті иемдену. Мұраға қалдырған мүлікті пайдаланудың басты міндеті — бұл сот шешімін алу үшін мұраға қалдырған мүлікті жинау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әкімшілік шығыстарды төлеу және қарыздары бойынша есептесу, салықты төлеу, қалған мүлікті отбасы мүшелері арасында бөле отырып, оларға жекелей қызмет көрсету болып табылады.

Келісімшарт негізінде клиенттің мүлкін басқару, Бұл операция сенім білдірген тұлға мен сенім иесінің арасындағы мүлікті жауапкершілігі бар тұлғаға берумен байланысты жасалатын келісімнен туындайды.

Агенттік (делдалдық) қызметтер.

1. Активтерді сақтау:

• бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау;

• бағалы қағаздар бойынша табыс алу;

• бағалы қағаздар бойынша шотына түскен қаражаты туралы сенім білдірушіге уақтылы хабарлап отыру;

• бағалы қағаздарға айырбастау;

• мерзімі өткен облигациялар бойынша қарызды қайтару;

• активтердің жалпы ңұнын (табыстың жалпы сомасын) сақтап қалу мақсатында бағалы қағаздарды сатып алу және сату;

• мүлік куәлігі бойынша сомаларды алу;

• клиенттерге бағалы қағаздар жеткізіп беру;

• сейфтерді жалға беру.

2. Агенті немесе өкілі ретінде клиенттің активтерін басқару:

• бағалы қағаздарды сатып алу-сату;

• бағалы қағаздар қоржынындағы сақталған бағалы қағаздардың бағамдарын бақылап отыру және бағалы қағаздар қоржынын қалыптастыру;

• клиенттің тапсырмасы бойынша барлық табыстарды алу;

• сенім білдірушінің шоттарын төлеу;

• сақтандыру полисін рәсімдеу.

Клиент келісімшартқа сәйкес немесе сенімхат негізінде коммерциялық банкке, өзінің атынан агенттік қызметті жүзеге асыруды тапсырады. Ол үшін банктің мынадай құқықтары болуға тиіс:

• клиент атынан келісімшарт жасау;

• акциялар мен облигацияларды беру;

• несие алу;

• чек жазу;

• вексельді аударып жазу және т.б.

Траст операциясын жасау үшін, ең бастысы, сенім білдірген банк пен ұйымның арасында жасалатын келісімшарт болуы кажет. Осы келісімшарт негізінде мынадай қызметтерді атқарады:

• бағалы қағаздарға деген меншік құқығын беру;

• бағалы қағаздарды ұстаушылар, эмитенттер және өзге де ұйымдар үшін шоттарды жүргізу;

• пайыздарды төлеу, қарыздарды өтеу және т.б.

• облигациялық займдар бойынша қарызды өтеу қорларын иемдену;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 1829; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.081 сек.