Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жауап эталондары




Бағалау қадамдарын критерийлері Жауап эталоны
1. Жақындарынан ауру анамнезі жиналуы. Барлық сұрақтар қойылды ма? Жақындарынан ауру анамнезі толық жиналды  
2. Физикальды тексеру (тері және шырышты қабат) Қарап тексеру дұрыс жүргізілді Анықталды: тері жабындылары қалыпты және ылғалды, ұстағанда суық.
3. Физикальды тексеруді дұрыс жүргізу – тыныс алу жүйесі Тыныс алу жүйесін физикальды тексеру дұрыс жүргізілді: дем алысы жиі, беткей
4. Физикальды тексеруді дұрыс жүргізу – жүрек-қантамыр жүйесі Жүректің салыстырмалы тұйықтықталу шекарасын анықтау. Жүрек тыңдау нүктелерін реттілігімен аускультация жүргізу
5. Артериальды қысымды, пульс жиілігін өлшеу АҚ мен пульс анықтаудағы ережелерін сақтау
6. Неврологиялық статусды бағалау Патологиялық рефлекстер: Бұлшықет тонусы және сіңірлік рефлекстер жоғарылаған. Шайнау бұлшықетінің тризмі.
7. Тыныс алғандағы иіс Аузынан ацетон иісі жоқ
8. Болжама диагноз Анамнезінде 1 типті қант диабеті бар,аяқ астынан физикалық күштеме кезінде есінен тануы және қарап тексергенде терісі ылғалды, патологиялық рефлекстер барын ескере отырып: Қант диабеті 1 типті, Гипогликемиялық кома.
9. Зерттеу жоспарын тағайындау ЖҚА; ЖЗА;қанның электролиттерін анықтау;қанның рН, қант, креатинин, мочевина; зәрдегі ацетонды анықтау; гликемиялық профиль, ЭКГ.
10. Қанның рН анықтау Қышқылды-сілтілі балансты анықтау үшін
11. Жалпы қан анализін интерпретациялау ЖҚА: өзгеріссіз
12. Зәр анализін интерпретациялау Зәрде глюкоза және ацетон жоқ
13. Биохимиялық қан анализі мен гликемияны интерпретациялау Гипогликемия және гипонатриемия
14. Гликемиялық профильді интерпретациялау Түскен кезде гипогликемия біртіндеп гликемия жоғарылауымен
15. Қанның рН интерпретациялау қалыпты
16. ЭКГ интерпретациясы Пароксизмальды емес жүрекшелік тахикардия. ЖСЖ 115 рет мин.  
17. Комаларды ажырату диагностикасын жасау Басқа комалармен ажырату: кетоацидоздық, гиперосмолярлы, лактатацидемиялық
18. Емдеу тактикасын анықтау Гипогликемиямен күресу (глюкоза). Бас миының ісінуімен күрес. Инсулинотерапияны коррекциялау, әңгіме жүргізу және физикалық белсенділікті түзеу
19. Қорытынды диагнозды негіздеу және құрастыру. Негізделген болжама диагнозды ескере отырып, сонымен қатар гипогликемияны, гипонатриемияны, зәрдегі глюкозурия, кетонурия болмауына қарай отырып диагноз қойылды: Қант диабеті 1 тип, ауыр дәрежесі, декомпенсация. Гипогликемиялық кома.
20. Пациентпен тиімді қатынасты орнату және жедел көмек көрсету кезіндегі өзін-өзі басқаруы Пациентпен оптимальды қарым қатынас орнатты. Толық өзін-өзі басқара алып, дағдыларды сенімді орындады

Медициналық симуляция сценарийі

 

«Атопиялық дерматит диагностикасы, науқасты жүргізу тактикасы

Ситуациялық есеп: сіз–аллергология бөлімшесінің дәрігерісіз.Палатаға24 жастағы А., деген науқас түсті.

 

Ø Анамнез жинап және науқасты қарап тексеріңіз

Ø Лабораторлы – құралдық зерттеу мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз

Ø Диагнозды құрыңыз

Ø Науқасты жүргізу тәсілін анықтаңыз.

 

Стандартталған әртістің (науқастың) сценарий тексті және оның рөлі:

Шағымы: бетінің құрғауына және тері қабығының түсуіне, мойынның артқы бөлімінде, шынтақ және тізе асты қатпарларда, сирақ және білек буындарның бүгетін бетінде бөртпелерге, тері қышынуы, ұйқының бұзылуы, жалпы селқостыққа шағымданады.

 

Сұрақ мәнісі Әртіске арналған сұрақты құрастыру Жауабы
Бөртпелердің ұзақтығы және олардың орналасуы   Ең алғашқыда бөртпе қашан пайда болды, қайда орналасты, тері құрғауы және тері қабығының түсуі бар ма. Бөртпелер 3 жастан пайда болды, алғашқы кезде бөртпе экссудациямен бетте болды, бастың жоғары бөлімінде, жамбас, мойынның артқы бөлімі, шынтақ және тізе асты қатпарларда, кәрі жілік, сирақ- аяқ басы буындарында, құлақ артында тері құрғауы және тері қабығының түлеуі байқалады.
Тері қышымасының сипаты Тері қышымасы мазалай ма, қашан күшейеді. Алғашқыда тері қызаруы пайда болды, кейіннен қышыну қосылды. Тері қышынуы тәтті тағамдар, сүт, балық, цитрус, қызыл және сары жеміс және жидектерді жегенде күшейеді.
Лихенификация ошақтар сипаты Тері тығыздануы және қатаюы қайда орналасады? Негізінен аяқ және қолдың бүгетін бетінде (шынтақ және тізе асты қатпарларда, сирақ аяқ басы және кәрі жілік буындарда),
Ұйқы сипаты Ұйқы тыныш немесе тынышсыз ба? Ұйқы мазасыз болады. Ұйқы бұзылуы көбіне тері қышынуынан болады.

Анамнезінде: 3 жастан ауырады, алғашқы кезде бөртпе экссудациямен бетте, жамбас, бастың шашты бөлімінде құрғақ қабық ретінде болды. Аллерголог кеңес берген, амбулаторлы емделген, фенистил тамшылары, белсендірілген көмір, жергілікті: фукорцин және адвантан жақпасын қолданған, бөртпелері басылған. Бірақ ем дәмді бұзғаннан кейін, тәтті тағамдар, сүт, балық, цитрус, қызыл және сары жеміс және жидектерді жегеннен соң қайтадан тері үрдісінің өршуі байқалады. Қазір бөртпелер мойынның артқы бөлімі, шынтақ және тізе асты қатпарларда, кәрі жілік, сирақ- аяқ басы буындарында, құлақ артында тері құрғауы және тері қабығының түлеуі байқалады.

 

Объективті: бойы 167 см, дене салмағы 66 кг. ТАЖ – 26 рет мин. ЖСЖ – 110 рет мин. Дене қызуы 36,7°С. Науқастың жалпы жағдайы таралған бөртпелер, тері қышынуына байланысты орташа ауырлық дәрежеде. Тері жабындылары қалыпты түсте, мойынның артқы бөлімі, шынтақ және тізе асты қатпарларда, кәрі жілік, сирақ- аяқ басы буындарында, құлақ артында эритематозды, папулезді бөртпелер, тері құрғауы, түлеуі, инфильтрация, лихенизация байқалады. Көптеген экскориация, сызаттар анықталады. Бөртпелер қайтқан жерлерде зақымдалу ошақтарында гипо – және гиперпигментация ошақтары анықталады. Ұйқысы мазасыз, көбіне тері қышынуынан үзілмелі болады, тітіркенгіш.

Мұрын жұтқыншақта таза. Жүрек үндері анық, ырғағы дұрыс. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Іші жұмсақ, пальпация кезінде ауыру сезімсіз. Бауыры ұлғаймаған, көкбауыры пальпацияланбайды. Үлкен дәреті ретсіз, іш қату және іш өтуі кезектесіп келеді. Зәр шығаруы бос, ауыру сезімсіз.

 

Жалпы қан анализі Гемоглобин – 122 г/л Эритроциттер - 4,0 х 1012 /л Түсті көрсеткіш 0,89 Тромбоциттер – 290 х 109/л Лейкоциттер – 9,0 х 109/л Таяқшаядролы нейтрофилдер – 0% Сегментядролы нейтрофилдер – 45% Эозинофилдер – 8% Базофил – 0% Моноцит – 2% Лимфоциттер – 55% ЭТЖ – 8 мм/сағ Биохимиялық қан анализі Жалпы билирубин – 12.6 мкмоль/л АЛТ – 0,36 ммоль/л АСТ – 0.44 ммоль/л ИФА IgE –160.0 МЕ/мл
Копрограмма Формасы - пішінсіз Консистенциясы - жұмсақ Түсі - қоңыр Қанға реакция– теріс Бұлшықет талшықтары+ Бейтарап май Май қышқылы Қорытылмаған талшық+ Қорытылған талшық+ Крахмал++ Йодоф. бакт++, Лейкоциттер 2-3 п/з Эритроциттер 0 в п/з І/құрт – теріс. Жалпы зәр анализі Саны – 50 мл Түсі – сары тұнықтығы– мөлдір Салыстырмалы тығыздығы – 1025 Реакциясы – қышқыл Белок – теріс Жалпақ эпителий – 0 – 0 к/а Лейкоциттер - 1 –2 к/а

Құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ

Қорытынды: Бауыр, ұйқы без тінінің реактивті өзгерістері. Өт қапшығында өттің іркілуі.

Соңғы нәтиже (outcomes):

Ø Атопиялық дерматитпен науқасты сұрау және физикальды тексеру

Ø Атопиялық дерматиттің клиникалық диагностикасы

Ø Жалпы қан, зәр, б/х талдауларға, ИФА IgE, копрограмма, құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ талдау

Ø Атопиялық дерматиттің өршуі кезінде көмек көрсету.

Ø Атопиялық дерматитпен науқасты жүргізу жолы.

 

«Атопиялық дерматит диагностикасы, науқасты жүргізу тактикасы» клиникалық жағдай бойынша бағалау парағы (check-list

  Қадамдарды бағалау критерийлері Балл бойынша баға
Дұрыс орындалды Ескертулермен орындалды Орындамады
  Анамнезді жинау Анамнезді нақтылау үшін барлық сұрақтар қойылды ма? 1,0 0,5  
  Физикальды тексеру – қарау 1,0 0,5  
  Тыныс алу жүйесі 1,0 0,5  
  Жүрек-қантамыр жүйесі 1,0 0,5  
  АІЖ 1,0 0,5  
  Бөртпе сипатын анықтады 1,0 0,5  
  Алдын ала диагноз 1,0 0,5  
  Құрсақ қуысы мүшелері УДЗ интерпретациялау 1,0 0,5  
  Жалпы қан, зәр, биохимиялық анализдерді интерпретациялау. 1,0 0,5  
  Копрограмма интерпретациясы 1,0 0,5  
  ИФА IgE интерпретациясы 1,0 0,5  
  Диагнозды негіздеді 1,0 0,5  
  Атопиялық дерматит ауырлық дәрежесін бағалау үшін SCORAD* индексін анықтауды қолданды. 2,0 1,0  
  Емдеу тактикасын анықтады 2,0 1,0  
  Жергілікті қолданатын КС таңдау тактикасын анықтады 1,0 0,5  
  Қосымша емді анықтау 1,0 0,5  
  Ем нәтижелік критериилерін атады 1,0 0,5  
  Науқаспен оңтайлы қатынасты орната білді және қобалжуын баса білуін көрсетті 1,0 0,5  
барлығы      

«Атопиялық дерматит диагностикасы, науқасты жүргізу тактикасы»

к линикалық жағдай бойынша жауаптар эталоны

  Жауап эталондары
  Анамнезді жинау Барлық сұрақтар қойылды ма? Бөртпе сипаты, емдәм бұзуымен байланысы. Ауру дамуының динамикасы. Ауру басталудың жасы Материальды-тұрмыстық жағдайы, еңбек жағдайы
  Физикальды тексеру – қарау Тері зақымдалу белгілері, жасына байланысты тері зақымдалу этаптары анықталды.
  Тыныс алу жүйесі Перкуссия және аускультация: тыныс алу жиілігі, тыныс алу сипаты
  Жүрек-қантамыр жүйесі Пальпация және аускультация
  АІЖ Пальпацияны дұрыс жүргізу, бауыр өлшемдері
  Бөртпе сипатын анықтады Папуллезды-везикуллезды, лихенификация, орналасуы
  Алдын ала диагноз Атопиялық дерматит
  Құрсақ қуысы мүшелері УДЗ интерпретациялау Бауыр, ұйқы без тінінің реактивті өзгерістері. Өт қапшығында өттің іркілуі – гипотониялық тип бойынша өт шығару жолдарының дискинезия белгілері
  Жалпы қан, зәр, биохимиялық анализдерді интерпретациялау. ЖҚА: эозинофилдердің аз ғана көтерілуі ЖЗА: қалыпты жағдайда БҚА: көрсеткіштері қалыпты жағдайда. Қосымша зерттеу: Жалпы иммуноглобулина Е анықтау.
  Копрограмма интерпретациясы Копрограмма: Қорыту үрдістерінің бұзылуы жоқ, і/құрттары теріс
  ИФА IgE интерпретациясы IgE жоғарылаған.
  Диагнозды және аллергология бөлімшесінде ем қажеттігін негіздеді Атопиялық дерматит, таралған, ауыр ағымда, өршу кезеңі
  SCORAD шкаласы бойынша аурлық дәрежесі SCORAD шкаласы келесі көрсеткіштерді негіздейді: -тері зақымдалуының таралуын (А) -клиникалық белгілердің қарқындылығын (В) -субъективті симптомдар (С). Тері зақымдалуының таралуының есебі (А) «тоғыздық» ережесімен жүргізіледі: басы және мойны - 9%, қолдары - 9%, аяқтары - 18%. Барлығы балада 36%. Клиникалық белгілердің қарқындылығы (В) 6 симптоммен бағаланады: эритема (гиперемия); ісіну/папула түзілу; ылғалдыну/қабық; экскориация; лихенификация/түлеу; жалпы тері құрғауы. Әр белгінің айқындылығы 0 ден 3 баллға дейін бағаланады: 0 - жоқ, 1 – аз айқындалған, 2 - әлсіз, 3 – айқын айқындалған. Субъективті симптомдарды бағалау (С) – тері қышыну қарқындылығы және ұйқы бұзылуы дәрежесі - 10-баллдық шкала бойынша жүргізіледі, 7 ден жоғары балаларда немесе олардың ата-аналарымен. SCORAD индексінің қорытынды саны мына формула бойынша есептеледі: SCORAD индексі= А/5 + 7В/2 + С, мұнда А – тері зақымдалу аумағы, %; В –объективті белгілер балл қорытындысы; С –субъективті белгілер балл қорытындысы. SCORAD бойынша жеңіл ағымы–20 баллдан төмен, орташа ауыр ағымы – 20-40 балл, ауыр форма –40 баллдан жоғары. Мұнда орташа ауыр форма
  Ем тактиксын анықтады Гипоаллергенді емдәм, жеке бас гигиена, стероидты жақпалар, АІЖ жұмысын қалыпқа келтіру
  Жергілікті қолданатын КС таңдау тактикасын анықтады Ауырлық ағымын ескере отырып – жергілікті қолдануға қауіпсіз дәрежесі жоғары және айқын биологиялық белсенділігі бар стериодты жақпамайлар қолданылады:– бетаметазон валериаты (дипроспан), мометазон фумоаты (элоком)
  Қосымша емді анықтау Холеретик – гипотониялық тип бойынша өт шығару жолдарының дискинезия белгілері бар Пробиотик – құрамында бифидумбактериялары және лактобактериялары бар
  Ем нәтижелік критериилерін атады Тері қышынуы және бөртпелердің азаюы және жоғалуы
  Коммуникативті дағдылар Оптимальді қатынас орнатылды Коммуникациясы нәтижелі. Науқас сеніммен қарайды. Дәрігердің барлық сұрақтарына жауап алынды
     

Медициналық симуляция сценариі

Клиникалық жағдай: «ЖРҚ диагностикасы»

Ситуациялық есеп: Сіз-кезекші дәрігер.Қабылдау бөліміне 16 жастағы А деген науқас келіп түсті

Ø Анамнез жинап және науқасты қарап тексеріңіз

Ø Зертханалық-зерттеу мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз

Ø Диагнозды құрыңыз

Ø Науқасты жүргізу тәсілін анықтаңыз

Соңғы қорытынды (outcomes):

Ø Буын және жүрегі ауыратын науқасқа сұрастыруды және физикалды қарап тексеруді жүргізу

Ø ЖРҚ-ның клиникалық диагностикасы және оның асқынулары

Ø Жалпы қан анализі, ревмосынамалар (СРБ, АСЛ-О), электрокардиограмма, эхокардиография мәліметтерін интерпретациялау

Ø ЖРҚ-н науқасты жургізу тәсілі, жағдайының мониторингі

Ø ЖҚР-ң екіншілік профилактикасы

Стандартталған: әртістің (науқастың) сценарий тексті және оның рөлі:

Шағымдары: дене қызуы 37,8ºС-қа дейін жоғарылауы, тізе буындарының ауру сезімі, ісінуі, жалпы әлсіздік, жүрек аймағындағы ауру сезімі, ентігу, жүрек қағуы

Сұрақ мәнісі Әртіске арналған сұрақты құрастыру Жауабы
Негізгі шағымдарының пайда болу мерзімі Жоғарыда айтылған шағымдар қашан пайда болды? Шамамен 2 апта  
Дене қызуының жоғарылау мерзімі Дене қызуының жоғарылауы қанша уақытқа созылады? Дене қызуы каншаға дейін жоғарылаған? Қалтырау болды ма? Дене қызуы 37,5-38,0ºС-қа дейін 2 апта бойы жоғарылайды. Кешке жоғары болады. Қалтырау болмады.
Стрептококты инфекциялар, ЖРВИ немесе диареялар болуын анықтау Буындарының ауруына дейін ангиналар, суықтаулар немесе ішектік инфекциялар болды ма? Шамамен 3 апта бұрын ангинамен ауырған – температура және тамағының ауруы болған. Антибиотиктер кабылдамаған. Стрепсилз, антигриппин қабылдаған және тамағын шайған, 5-6 куннен кейін ауру сезімі қайтқан.
ЖҚЖ жағынан шағымдары Жүрек аймағындағы ауру сезімі қашан пайда болды,ауру сипаты, даму шарттары және т.б Жүрек аймағындағы сыздайтын ауру сезімі тұрақты емес, себепсіз пайда болады, дене қызуы жоғарылағаннан кейін бір аптадан кейін дамыды.
Жүрек қағуы, ентігу. Тұрақты емес, куштемеде пайда болады, ауа жетіспеу сезімімен бірге дамиды.
Буындары Буындарында ауру сезімі қашан пайда болды? Буындары ісінеді ме, қимылдағанда аурады ма? Тізе буындары дене қызуы жоғарылағаннан кейін бірден пайда болды. Алғашында тек ауырды, кейін буындар ісінді. Біресе тізе, біресе шынтақ, біресе шынтақ–шыбық буындары ауырады. Ауру сезімі ауысып тұрады. Қимылдағанда аурады.
Хорея Бұлшық етінде әлсіздік болады ма? Қалай ұйықтайсыз? Мектепте қиындықтар болып тұрады ма? Сабақпен қиындықтар болады ма? Жоқ болмады. Жақсы ұйықтаймын.Мектепте қиындықтар жоқ, бірақ мәліметтерді қиын қабылдайтын болдым.
Сақина тәрізді (аннулярлы)эритема, ревматикалық түйіндер Бөртпелер болды ма?   Жоқ.

Анамнезінде: Үш апта бұрын ангинамен ауырдым. Антибиотиктер қабылдамаған. Ангинадан кейін шамамен 2 аптадан кейін ауырған. Одан кейін буындары ауыра бастаған-буындары кезектесіп ауырған, тізе тобық буындары ісінген. Дене қызуы 38 0С-қа дейін жоғарылаған және сол қалпында сақталған, қалтырау болмаған. Дене қызуын түсіру үшін аспирин қабылдаған Буындарынан кейін жүрек аймағында ауру сезімі пайда болған, тұрақты емес, физикалық күштемемен байланысты емес, күштемеде ентігу және жүрек қағуы пайда болады. Мектепке бара берген, соңғы аптада жағдайы нашарлағаннан (дене қызуы туспеген,буындарындағы ауру сезімі күштірек болған) үйіне дәрігер шақыртқан.Ата-анасымен жер үйде тұрады. Әлеуметтік тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық..Анасында да жас кезінде буындары ауырған

Сіз жасыңызға сай өстіңіз бе? – Иә
- Сіздің өмір сүру жағдайыңыз калай? - Қанағаттанарлық
- Боткин ауруы,туберкулез,венерологиялық аурулармен ауырғансыз ба? – Жоқ
Бала күніңізде қандай аурумен ауырдыңыз? -Бала күнімде кызылша ауруымен ауырғанмын.
- Қан құюлар мен операциялар болды ма? – Жоқ
- Отбасыңызда тұқым қуалайтын аурулар бар ма? - Жоқ
- Дәріге аллергияңыз бар ма? Бұрын антибиотиктер қабылдағансыз ба? – Жок Анығын білмеймін
-Зиянды әдеттерініз бар ма (темекі шегу)? - Жоқ
Жасыңызға сай егілгенсіз бе? Анам барлық егулерді алғансың дейді

Қарап тексергенде: бойы-158см, салмағы 49 кг. ТЖ-18 рет минутына, АҚҚ-100/70мм с.б., ЖСЖ-93 рет/мин.

Терісі бозғылт. Тізе буындары ісінген, жергілікті дене қызуы бар, пальпацияда және қимылдағанда ауру сезімді.

Жүрек шекарасы солға ұлғайған - сол бұғанаорталық сызығы бойында. Аускультативті: жүрек тондары тұйықталған,1-ші тонмен байланысқан үрлеуші, систолалық шу, жүрек ұшында естіледі, сол жауырын астына беріледі. Бауыры қабырға доғасы бойымен.

 

Общий анализ крови Гемоглобин – 105 г/л Эритроциттер -3,6х 1012 /л Түсті көрсеткіш-0,8 Тромбоциттер – 280х109/л Лейкоциттер– 12,0 х 109/л Таяқшалы нейтрофильдер-10% Сегмент ядролы нейтрофилдер– 70% Эозинофилдер– 3% Базофилдер – 2% Моноциттер-5% Лимфоциттер– 10% ЭТЖ – 38 мм/сағ Анизоцитоз ++, пойкилоцитоз +, гипохромия + Общий анализ мочи Көлемі – 50 мл Түсі – Сары Тұнықтығы-тұнық Салыстырмалы тығыздығы – 1015 Реакция – қышқыл Белок – 0,033 г/л Жалпақ эпителий – 0 – 2 к/а Лейкоциттер-1 –3 к/а Шырыш+++ Оксалат тұздары ++
Биохимиялық қан анализі Мочевина – 7,2 ммоль/л Креатинин – 53 ммоль/л АЛТ – 0,32 ммоль/л АСТ – 0,28 ммоль/л Глюкоза – 3,8 ммоль/л Жалпы белок – 56 г/л СРБ - +++ Фибриноген – 5,5 г\л АСЛ О – 1/640   Ауыз қуысынан жағындыны бактериологиялық тексергенде:: Streptococcus pyogenes А тобы

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-29; Просмотров: 1792; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.