Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Буындар рентгеннограммасы 3 страница




к линикалық жағдай бойынша жауаптар эталоны

Қадамдарды бағалау эталоны
1. Шағымдарды жинау Шағымдарды нақтылау үшін барлық сұрақтар қойылды ма? Кезеңді және жүйелі түрде жүргізілді Барлық шағымдар негізгі және қосымша сұрақтармен нақтыланды
2. Анамнезін жинау Анамнезді, соның ішінде жанұялық анамнезді анықтау үшін барлық сұрақтар қойылды ма? Анамнезді жинап және нақтылау үшін, барлық сұрақтар, соның ішінде тұқым қуалаушылық туралы сұрақтар қойылды  
  Геморрагиялық васкулиттің қауіп факторлары бойынша сұрастыру ГВ анықтауын негіздейтін қауіп факторлары анықталды- жедел басталуы, ЖРВИ – мен байланысы ГВ жүйелі белгілері бойынша сұрастыру жүргізілді-буындық синдром, терілік, абдоминальды синдромдар
  Физикальді қарау (терісін, шырышты қабаттарын, лимфа түйіндерін) Ретті және жүйелі түрде жүргізілді. Бөртпе пальпацияланатын пурпура ретінде анықталды - типты жерлерде орналасып –балтыр,буын үстінде және жамбаста, аздаған геморрагиялық дақ ретінде айқындалады.
5. Тірек қимыл жүйесін зерттеу Қарап тексеру дұрыс жүргізілді.Алақанның сыртқы бетімен локальді температура тексерілді. Тізе және шынтақ буындарының ауру сезімі, активті және пассивті қозғалысы дұрыс анықталды. Артрит анықталды (жергілікті гиперемия,буындарының ісінуі, ауру сезімі,қимылының шектелуі)
6. Тыныс алу және жүрек қан тамыр жүйелерін тексеру Өкпеде - оң жақтан везикулярлы тыныс әлсіз, 4-5 қабырға аралық деңгейінде орташа майда көпіршікті сырылдар бар, ТАЖ 18 рет 1 мин
Жүрек нүктелерін тыңдау кезеңділігі сақталып, жүрек аускультациясы жүргізілді
Ережелер сақталып АҚ өлшенді
7. Алдын ала қойылған диагнозды құру және негіздеу Ескере отырып: · Шағымдары-жедел басталуы,ЖРВИ мен байланысты · Қызба · Орналасуы арнайы (буын аймағында) геморрагиялық бөртпе - пальпацияланатын пурпура · Буындық синдром-тізе және шынтақ буын артриті · Іштегі ауру сезімі · Жасы 20 жасқа дейін Диагноз: геморрагиялық васкулит,тері-буындық түрі
8. Лабораторлы зерттеу жоспарын тағайындау ЖҚА,ЖЗА, коагулограмма, нәжісті жасырын қанға зерттеу, ҚБА (жалпы белок, глюкоза, креатинин, мочевина, билирубин, АЛТ, АСТ); СРБ, фибриноген, АСЛО, криоглобулиндер, РФ, В,С вирусты гепатит маркерлері
  Құралдық зерттеу жоспарын тағайындау кеуде қуыс ағзаларының және тізе буынының рентгенограммасы, ЭКГ, ҚҚМ УДЗ.
10. Салыстырмалы диагностика жоспары Жүйелі аурулар кезіндегі (ЖҚЖ,РА) екіншілік васкулитпен, эссенциальды аралас криоглобулинемия, тромбоцитопениялық пурпурамен жүргізілді
11. ЖҚА,ЖЗА,ҚБА интерпретациялау Тромбоциттер деңгейі қалыпты (тромбоцитопениялық пурпура жоққа шығарылады), ЭТЖ күрт жоғарлаған; ЖЗА - патологиясыз - бүйрек патологиясы жоқ ҚБА патологиясыз
12. Иммунологиялық және басқа көрсеткіштерді интерпретациялау СРБ және фибриноген жоғарылауы айқын қабынуды көрсетеді. РФ, криоглобулин – теріс. –екіншілік васкулитті мен криоглобулинемия синдромын жоққа шығарады HBsАg антиденелер оң, мүмкін науқас гепатит В- ға қарсы егу қабылдаған.
13. ЭКГ интерпретациясы Синусты тахикардия, Р - V1-V-3 теріс
14. Кеуде қуыс ағзаларының интерпретациясы Патологиясыз
15. Тізе буының рентгенограммасының интерпретациясы Патологиясыз
16. Қорытынды диагнозды құрастыру және негіздеу ЖРВИ-дан кейін ауырған, қызба, типті жерде орналасқан тромбоцитопениялық емес пальпацияланатын пурпура,артриттің болуы, ЖЗА-де өзгерістің болмауы, патологияның екіншілік сипатының болмауы, науқастың жасы – негізінде келесі диагноз қойылады: Геморрагиялық васкулит. Тері буындық түрі.
17. Емдеу тактикасын таңдау   ЭТЖ-ң жоғары және жеделфазалы көрсеткіштердің болуы на қарамастан, науқаста тері буындық форма ғана бар, ал бүйрек зақымдалуы мен айқын абдоминальды синдромы жоқ, сондықтан ГКС тағайындауға көрсеткіш жоқ. СЕҚҚП мен инфекция белгілері болғанда - антибактериальды терапия тағайындалады
18. Емдәмге байланысты ұсыныс Емдәм көбіне сүтті –өсімдікті болу керек.Айрандық-ірімшіктік, жеміс-алмалық жүктемелік күндер ұсынылады. Етті сорпалар,балық сорпасы, жас жануар еті, бұршақ өнімдері болмайды. Алкоголь, әсіресе коньяк, вино, пиво және цитрустар қарсы көрсетілген.
19. Болжам 40% жағдайға дейін рецидив болады. 2 жыл көлемінде толық жазылуы
  Науқаспен оптимальді қатынасты дұрыстап және қобалжуды басу Оптимальді қатынас орнатылды Коммуникациясы нәтижелі. Науқас сеніммен қарайды. Дәрігердің барлық сұрақтарына жауап алынды.

Медициналық симуляция сценарий

Клиническалық жағдай: «Криоглобулинемиялық васкулиттің диагностикасы»

Ситуациялық есеп: Сіз – учаскелік терааевт. Қабылдауда 45 жасар ер адам.

Ø Науқастың анамнезін жинап, карап тексеріңіз.

Ø Зерттеу жоспарын анықтаңыз.

Ø Зертханалық, аспаптық зерттеу нәтижелерін талдаңыз.

Ø Диагнозды құрастырыңыз.

Ø Ем принциптерін анықтаңыз.

Бейімделген әртіске (науқасқа) арналған сценарийдің мәтіні және оның рөлін талқылау:

Шағымдары: алақан- фалангаралық және табан буындарында ауру сезімі, 15 минутқа жейін таңертеңгі құрысу, аяқта, кеуде мен арқада гипрепигментация ошақтары қалатын балтырға дейінгі геморрагиялық бөртпе, аяқтағы ұйу сезімі, салқын ауарайында күшейетін аяқ-қолдың жаурауы, әлсіздік, оң қабырғаастындағы ауру сезімі, тез шаршағыштық.

Сұрақ мәнісі Әртіске арналған сұрақты тұжырымдау Жауабы
Негізгі шағымдарының пайда болу мерзімі Жоғарыда айтылған шағымдар қашан пайда болды? Шамамен 1 жыл бұрын және бірітіндеп үдеген
Жанұялық анамнез Туыстарыңызда бауыр, өт, өт жолдарының созылмалы аурулары бар ма? Жоқ
Парентеральді анамнездің болуы Сізде гемотрансфузиялар, операциялар, инвазивті манипуляциялар болды ма? 30 жасымда жүрек қақпақшаларын ауыстырғанда қан құю болған.
Зерттеулердің болуы Бұрын гемотрансфузияға байланысты вирусты гепатит маркерлеріне және АИВ-на зерттеулер жасалды ма? Жоқ сияқты, есімде жоқ.
Дәрілік заттарды қолдану Соңғы уақытта сіз қандай да бір дәрілік заттарды қабылдадыңыз ба, немесе қабылдайсыз ба? Жоқ.
Бауыр ауруларының дамуына алып келетін зиянды әдеттерін анықтау Ішімдікті қолданасыз ба? Ішімдікті өте сирек, аз мөлшерде қаблыдаймын.
Созылмалы ауруларының болуы Сізде бүйрек, бауыр, ішек, буындардың созылмалы аурулары бар ма? ЖСРА

Анамнезінде: 30 жасымда жүрек қақпақшаларын ауыстырғанда қан құю болған. Соңғы жылы қолбасының ұсақ буындарындағы ауру сезімі, гиперпигментация ошақтарын қалдыратын бөртпелер, аяқ-қолдарының жаурауы. Дәрігерлерге қаралмаған, тексерілмеген. Соңғы кездері бөртпелердің көлемі көбейгені сонша, айналадағы адамдар оны байқай бастады, Ата-анасы сау. Тұқым қуалайтын ауруларын жоққа шығарды.

Объективті: науқастың дене бітімі дұрыс, тамақтануы дұрыс, есі анық, адекватты. Тері жабындылары – пальмарлы эритема, пальпацияланатын пурпура (фотоны қара).

Тілі ылғалды, ақ қақпен жабылған. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасы бойымен, көк бауыр ұлғаймаған.

Компоненттер Нәтижесі
Гемоглобин 135 г/л
эритроциттер 4, 5×1012
ТК 0,9
Тромбоциттер 200×109
Лейкоциттер 4,7×109
нейтрофилдер, с/я 87%
т/я 1%
Моноциттер 2%
Лимфоциттер 49%
ЭТЖ 22 мм/ч

 

Компоненттер Нәтижесі Қалыпты Бірліктер
Жалпы белок   60-80 г/л
Мочевина 9,0 2,5-8,3 ммоль/л
Креатинин   80-150 мкмоль/л
Железо 15,50 6,6 – 28,0 мкмоль/л
АЛТ 36,00 0,0 – 33,0 Ед/л
АСТ 26,20 0,0 – 32,0 U/L
Билирубин (общий) 15,28 0,0 – 21,0 U/L
ГГТП 56,00 6,0 – 42,0 U/L
ЩФ 140,00 35,0 – 105,0 U/L
Холестерин 6,0 3,0-5,0 ммоль/л
Гамма-глобулиндер   12,8-19,0 %
Компоненттер Нәтиже
Көлемі 100 мл
Түсі Сары
Түнықтығы Тұнық
Салыстырмалы тығыздығы  
Реакция Кислая
Белок 0,75 г/л
Қант Теріс
Жалпақ эпителий 0 – 1 к.а.
Лейкоциттер 0 –1 к.а.
Эритроциттер Жаңа 6-7 к.а.

 

 

Жалпы зәр анализі

Қанның иммунологиялық зерттуі

Компоненттер Нәтиже Норма Бірлік
ЦИК   0-20 Ед./мл
Криоглобулиндер 86,0 теріс мкг/мл
РФ   До 14 МЕ/мл
C1q    
C3 1,0 0,76 – 1,64 г/л
C4   10-40 мг/дл
C2    

Ішкі ағзалар УДЗ: Бауыр паренхимасының д иффузды өзгерістері. d.v.portae – 0,7 см. Созылмалы холецистит белгілері.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-29; Просмотров: 795; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.