Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Учебно-методический комплекс 1 страница




Глосарий

Табиғи сипаттағы ТЖ-лар - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалары), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.

Техногендік сипаттағы ТЖ-лар - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қауіпі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін әлектр-әнергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ-лар.

ТЖ аймағы - ТЖ жарияланған белгілі бір аумақ. ТЖ-лар таралу ауқымына қарай мынадай болып бөлінеді:

объектілік (зардаптарының таралуы қондырғымен, цехпен, объектімен шектелген);

жергілікті (зардаптарының таралуы елді мекенмен, ауданмен, облыспен шектелген);

аймақтық (зардаптарының таралуы бірнеше облыспен шектелген);

барынша ауқымды (зардаптарының таралуы бірнеше мемлекеттерді қамтиды).

Авария - технологиялық процесстің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы.

Зілзала - ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс.

Апат (катастрофа) - аймақтық және ірі ауқымды ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс.

ТЖ-дын алдын алу - алдын ала жүргізілетін және ТЖ- дың пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге бағытталғын шаралар кешені.

ТЖ-ды жою - ТЖ-лар пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ-лар аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық - қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар.

Шаруашылык жүргізу объектілері - өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өндірісінің және қоғам қызметінің басқа да салаларының мүдделері үшін пайдаланылатын үйлер, ғимараттар және басқа да құрылыстар.

Баршаңыздың назарыңызға! дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамаларымен және басқа да дабыл беру құралдарымен берілетін бірыңғай дабылы. Осы дабыл бойынша халық теледидарларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын іске қосып қоюға, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріп-тұру ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті.

Радиациялық қауіпсіздік - белгіленген нормаларға сәйкес қызметшілерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді шектейтін шаралар кешенімен қамтамасыз етілген радиациялық жағдайдың жай-күйі.

Иондаушы сәулелендіру - ортамен өзара әрекет кезінде түрлі белгілердегі иондар түзетін, зарядталған, зарядталмаған бөлшектер мен фотондардан тұратын сәулелендіру.

Табиғи радиациялық - ғарыш сәулесі және жерде, суда, ауада, биосфераның басқа әлементтерінде, тамақ өнімдері мен адам организмінде өздігінен бөлінген табиғи радионуклидтердің сәулесі шығаратын сәулелендіру мөлшері.

Әсерлі мөлшер - адам организмі мен оның жекелеген органдарының радиациялық сезімталдығын ескере отырып, олардың сәуле алуының кейіндегі зардаптарының пайда болу қатерінің шамасы ретінде пайдаланылатын иондаушы сәулелендірудің сіңірілген әнергиясының шамасы.

Радиациялык авария - атом әнергиясын қолдану объектісін қауіпсіз пайдалану шегінің бұзылып, бұл орайда адамдардың белгіленген нормалардан тыс сәуле алуына немесе қоршаған ортаның радиоактивті ластануына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан радиактивті өнімдердің және/немесе иондаушы сәулелендірудің қалыпты пайдалану жобасында көзделген шектен асып кетуі.

Радиациялык корғаныш - радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған радиациялық - гигиеналық, жобалау -конструкторлық, техникалық және ұйымдық шаралар жиынтығы.

Радиоактивті калдықтар - мөлшері мен құрамы нормативтік құқықтық актілермен реттелген мәннен асып түсетін радиоактивтік заттардан тұратын,шаруашылық қызмет нәтижесінде пайда болған және одан әрі пайдалануға жатпайтын кез келген агрегаттық күйдегі материалдар мен заттар.

Радиоактивті қалдыктарды көму - ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жағдайда радиоактивті қалдықтардың оларды қайта алу ниетінсіз орналастырылуы.

Радиациялык мониторинг - иондаушы сәулелендіру көздерін пайдаланатын объектілерде де, қоршаған ортада да радиациялық жағдайдың жай-күйін жүйелі түрде байқап отыру. өрт-адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян, материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану.

Өрт қауіпсіздігі - адамдардың, мүліктің, меншіктің, қоғам мен мемлекеттің өрттен қорғалу жай-күйі.

Кұтқару жұмыстары - ТЖ-лар аймағында адамдарды, материалдық және мәдени қазыналарды құтқару, қоршаған ортаны қорғау, ТЖ-ларды бір шектен шығармау және соларға тән қауіпті факторлардың ықпалын басу немесе мүмкін ең төменгі деңгейіне түсіру жөнінідегі іс-қимылдар.

Экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және өзге де әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерден қорғалудың жай-күйі.

Әскери кауіпсіздік - Қазақстан Республикасының ел тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына әскери сипатта төндірілетін нақты және ықтимал қауіп-қатер мен қол сұғушылықтан қорғалуының жай-күйі.

Қоғамдық қауіпсіздік - Қазақстан азаматтары өмірінің, денсаулығы мен берекетінің, сондай-ақ Қазақстан қоғамы құндылықтарының оларға залал келтіре алатын, ықтимал қауіп қатерден қорғалуының жай-күйі.

Жарақат - сыртқы себептердің әсерінен туындайтын аяқ-қолдың шығуы мен сынуы, ет тканьдерінің жарақаты мен ауыртып алу, дене мүшелерінің зақымдануы және өзге де көп себептерге байланысты адамның дене мүшелері мен ет тканьдерінің тұтастығы мен қызметінің бұзылуы.

Үсу - төменгі температура әсері нәтижесінде организм тканьдерінің зақымдануы.

Жара - терінің, кілегейлі қабықшаның, кейде қалың ткань қабатының бүлінуінен жанға батып ауыртатын, қан кететін, зақымданған жер.

Асептика - жараға микробтар түсуден сақтандыруға бағытталған шаралар жиынтығы.

Антисептика - жарадағы микробтарды азайтып, жоюға бағытталған шаралар жүйесі.

Қан кету - зақымданған қан тамырларынан қанның шығуы.

Дезинфекция - адамды қоршаған ортадағы жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жоюға бығытталған жұқпалы аурулар жиынтығы.

Жер сілкінісінің ошағы - сейсмикалық энергияны бөліп шығаратын жер аймағы.

Гипоцентр - алғашқы сейсмикалық толқынның басталуы болған ошақтың негізгі нүктесі.

Эпицентр - бұл гипоцентрдің тікелей үстіндегі жер қабатының негізгі нүктесі.

Көшкін - өз салмағының әсерімен тау жыныстарының сырғанап түсуі.

Сел - тау өзендерінің саласында кенеттен пайда болған су деңгейінің тез көтерілуімен, құрамында қираған тау жыныстарының көп болуымен сипатталатын уақытша ағыс.

Дауыл (ураган) – шапшаңдығы 30 м/с және одан да жоғары шапшаңықтағы елеулі ұзақтығы және қиратып-бүлдіретін күші бар жел.

Құйын -найзағайлы бұлтта пайда болып, жердің жоғарғы бетіне дейін, төменге тарайтын қара жең түріндегі атмосферадағы алай-дүлей, өте таңқаларлық, сонымен бірге, табиғаттың қорқынышты құбылысы.

Тасқын - өзенде, көлде немесе теңізде судың көтерілуі нәтижесінде алаптың елеулі бөлігін судың уақытша басып қалуы.

Өрттер - бұл адамдар мен жануарлардың қаза болуына, материалдық игіліктердің жойылуына әкеп соғатын бақылауға келмейтін ану процесі.

Акклиматизация - климаттық –географиялық жаңа жағдайға (таулы жерге, ыстық және суық ауау райы жағдайына) адам ағзасының қалыптасу процесі.

Күйік - бұл электр тогының, химиялық заттардың, жоғары температураның әсерімен организм клеткаларының зақымдануы.

Иммобильдеу - сынған жердегі сүйектерді қимылдатпау үшін таяу жатқан екі буынды (сынған жерден жоғарырақ және төмен) арнайы шендеуішпен немесе қолда бар құралдармен орнықтыра таңып байлау әдісі.

Қорғаныс ғимараттарына жасыру - халықты осы заманғы зақымдау қүралдарынан, әсіресе жау шабуылы қауіпі жағдайында қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі.

Қауіпсіз аймақ - бүл ықтимал қирау, радиоактивті ластану және химиялық зақымдану, сондай-ақ шекаралық аудандардан тыс апатты су аймағынан тыс қару орналасқан, кошірілетін халықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен қамсыздандыру үшін даярланған аумақ.

Көшіру - Төтенше жағдайлар аймағымен және осы заманғы
зақымдау қүралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың
өмірін және ондірістін жүмыс істенуін сақтау мақсатында халық пен
материалдық қүндылықтарды үйымшылдықпен әкету.

Қоныстандыру - бұл соғыс уақыты жағдайында қалаларда
жүмысын жалғастыратын үйымдардың жүмысшылары мен қызметшілерін (олардың отбасы мүшелерін) қала сыртындағы аймаққа үйымшылдықпен апару және орналастыру қаладағы үйымдарда тек ауысымда жүмыс істеушілер ғана қалады, ал қалған жүмысшылар мен қызметшілер қала сыртындағы аймаққа орналастырылады. Жұмыс орнына апарып қайту ең аз уақытты ескере отырып үйымдастырылады (үш сағаттан аспайды).

Дауыл – бұл үлкен көлемді, жылдамдығы сағатына 120 метр, ал жерге жақын жерлерде сағатына 200 км ауа құйыны.

Боран –ұзақ соғатын, жылдамдығы сағатына 20 сек. өте қатты жел. Әдетте циклон өткенде байқалады, теңізді қатты буырқантып, құрғақта қиратады.

Құйын – күн күркірегенде бұлтта пайда болып, төмен, көбінде жердің бетіне дейін тарайтын диаметрі ондаған, жүздеген метр бұлт жеңі немесе піл тұмсығы тәрізді ауа құйыны. Бұлтпен бірге қозғалып, ұзақ болмайды.

Халықты қорғау принциптері - бүл бейбіт және соғыс уақытын-дағы жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР үкіметі ресми белгілөген ережелер.

Тірі қалу факторы – бұл төтенше жағдайлардағы іс-әрекетке дайын болу, өмір сүруге деген ұмтылыс, өзін құтқару негіздерін білу, аман қалудың іс-жүзіндегі практикалық дағдылары, денесінің дайындығы, өзін және бірін-бірі құтқаруды дұрыс ұйымдастыру.

 

4. Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар

 

4.1. Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар

 

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасының пәндері бойынша аудиторияға арналған материалдық жұмыстар барлық сабақтар кредиттік жүйеге сәйкес оқытудың дәстүрлі және интерактивті үлгісін ескере отырып дайындалған. Пәндер бойынша әр түрлі сабақ түрін өткізу және рейтинг тапсырмаларын орындау сабақтары уақытпен белгіленуі тиіс.

Дәрістердің қысқаша курсы (тезистер) оқу бағдарламасының материалдарынан (силлабусс), яғни мазмұны жағынан тиімді көлеммен және керекті ақпараттардан құралған, жалпы алғанда жүргізіліп отырған пән бойынша барлық мәліметті қамтамасыз етеді. Дәріс курсының мазмұнында қазіргі заман ғылымының жетістіктері мен ғылымның даму болашағы жөнінде қарастырылуы міндетті.

Семинар (практикалық) сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтарды орындау барысында, кафедраның пәндері бойынша зертханалық және әртүрлі үлестіріліп берілетін материалдар қосымша дайындау қарастырылған, практикалық және семинар сабақтарына арналған материалдар дәріс курсының материалдарын бекітіп және қайталауға арналған, сонымен қатар пәннің кейбір бөлімдері бойынша дәріс курсында қарастырылмаған тақырып бойынша білімін толықтыруға арналған.

Кредиттік жүйе бойынша студенттің өзіндік жұмысы екі түрге бөлінеді: (СӨОЖ) – оқытушының басшылығымен оқытылатын аудиториялық жұмыс, аталған сабақ оқытушының сабақ кестесінде белгіленген және педаго­гикалық жүктемесінде енгізілген, СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы, яғни аудиториядан тыс студенттің кітапханадағы және ғаламтор торабындағы тәжірибелік жұмысы. Өзіндік жұмыс – студенттің терең және сапалы білім алуына және білім сапасын арттырудағы маңызды фактор болып табылады.

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдарының мазмұны мемлекеттік типтік оқу жоспарынан құралған. Өзіндік жұмысқа (СӨОЖ), (СӨЖ) арналған сұрақтар оқытылатын курстың мақмұнын толықтырып, тереңдетіп отыруы қажет. Тапсырмалар тақырыптардың негізгі сұрақтарынан құралуы тиіс.

Тапсырмалардың түрі мен мазмұны пәндердің ерекшелігін және күрделілігін ескере отырып, сонымен қатар ОӘК дайындаушы-оқытушының жеке авторлық көзқарасымен дайындалады. Өзіндік жұмысқа арналған материалдар кафедраның шешімімен талқыланып, бекітіледі.

Тапсырмалардың сандық есебі кредиттік технология бойынша ПОҚ педагогикалық жүктемесіндегі сағат санымен сәйкестендіріліп ЖОО Ғылыми кеңесімен, сонымен қатар пәндерді оқытуға бөлінген кредит санын ескере отырып әзірленген.

 

4.2. Білімді бақылауға арналған м атериалдар

Студенттердің білімін бақылауға арналған материалдар бірыңғай білімді бақылау ережелері мен қағидаларына сәйкестендірліп дайындалады. Ағымдық бақылауға арналған тапсырмаларды СӨОЖ сабақ аясында ауызша немесе жазбаша сұрақ түрінде және тест түрінде алуға болады.

Емтихан материалдары (ауызша сұрақтар, тесттер) пән бойынша типтік оқу бағдарламасына және СӨЖ тапсырмаларының материалдарына сәйкестендіріліп дайындалуы тиіс. Емтихан материалдарын дәріс оқытушысы дайындайды, дайындалған материалдар кафедраның құрамымен талқыланып, бекітіледі.

ОӘК студенттерге қажетті әдебиеттер тізімі көрсетіледі (негізгі және қосымша), осы әдебиеттер бойынша студенттер ағымдағы және қорытынды бақылау жұмыстарының сұрақтарына дайындалады, сонымен қатар СӨЖ тапсырмаларын орындау үшін беріледі. Студенттердің пән бойынша сабақтың барлық түрінен дайындалуға бағытты және тапсырмаларының мазмұнын қазіргі ғылыми және әдістемелік деңгейдегі әдебиеттермен дайындалу үшін, әдебиеттер тізімі ұсынылады.

 

4.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық

Дәріс – білім беру көзі, студенттерді мәліметпен қамтамасыз ету мақсатында оқытылады, оқыту қызметін жүзеге асыратын қажетті бөлігі. Дәрістер тұжырымдамалармен идеяларды студенттерге жеткізу үшін, сонымен қатар сыни ойлау жүйесін ынталандыру мақсатында қолданылады. Дәріс – бұл мәліметті беру әдісі ғана емес. Білікті оқытушының қолындағы дәрістер серпінді және әмбебап оқыту жүйесімен жүргізіледі. Тақырыпты оқытудағы тиімді жинақталған дәрістер мазмұны жағынан мынандай сипаттамаларға бөлінеді:

· жүргізіліп отырған пән бойынша мәліметтердің санын шектен тыыс асырмау керек, өйткені студенттер мәліметтерді қабылдап естерінде сақтаулары тиіс.

· студенттердің оқу үрдісіне белсенді қатысулары үшін әртүрлі әдістерді қолданады.

Егер дәріс оқытушысының мақсаты - білімді студентті дайындап шығару болса, ол оларға тақырыпты толығымен меңгеру мүмкіндігін (жұмыс жасау қағидаларын түсіну, тәжірибиеде қолдану, жоспарлар құру, бұл шындықты қалай қолдану керек) мол ақпарат беру арқылы жеткізу керек. Оқытушының тағы бір басты бір міндеті - дәрістерді дайындау барысында кілтті бөлімдерді бірнеше рет қайталап отыру әдісін қолдана отырып әзірлеу керек.

Басты қағида - дәрісті құру болып табылады, дәріс тақырыптарын оқытуда жаңа бірегей тәжірибелі әдісті игеру ұсынылады. Тәжірибиеде қолданылмаған 10 жаңа әдісті қолдансаңыз да қолжетімді көрсеткішті бермейді өйткені бұл өте тиімсіз.

Дәрістер қысқа да нұсқа болу керек. Дәрістердің құрылымы жағынан басы өте қызықты басталып, ортасы сенімді ойлармен және аяғы маңызды аяқталуы тиіс.

Студенттерге терең ой салып басталынатын дәрістер студенттердің оқытылып отырған пәнге деген қызығушылығын арттырады, мұндай дәрістер аудитория назарын оңай баурап алуға тиімді. Оқытушы оқытылатын материал жөнінде мынандай шолу жасау керек: аталған пәнді неліктен оқу керек және әрқайсысы үшін маңызы қандай, осы берілген білім студенттің кедергілерден өтіп, алдына қойған мақсаттарына жеткізе ала ма, материалды жоғары деңгейде меңгерту үшін қандай тәжірибиелік сабақтарды жүргізуге болады.

Сенімді ой пікірлерге толы дәрістің ортаңғы бөлімі дәрістің негізгі өзегі болып табылады. Бұл дәрістің – сүбелі ой тұжырымдары, белгілі бір бағытта дамуына негіз бола алады. Дәріс кезінде ең маңыздысы - KISS принципін ұстану керек. Бұл дегеніміз мынаны білдіреді: таныс сөздерді қолдану, екімағыналы терминдермен анықтамаларды қолданбау, көрнекілік құралдарын пайдалану, ой тудыратын картинкалар, деректер және мысалдарды қолдану. Деректерді келтіргенде статистика өте сенімді әдіс болып табылады. Айтылған деректерді бәр ауыз дерексөздер келтіру арқылы түйіндеп отыру қажет.

Дәрісті оқытудың басқа да түрлерін қолдана отырып оқытуға болады, мысалы, сұрақт-жауаптар, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану, кестелерді, жобалық аппараттармен фильмдерді. Осының барлығы сабақтың әртүрлі өтуіне және студенттің ақпаратты толығымен қабылдауына жағдай жасайды. Пәнге қатысты оқып білуге үлестіріліп берілген сабақ материалдары, студенттерді пікірталасқа тартуға көмектеседі.

Дәрістердің соңғы бөлімі кілтті сөздермен аяқталады және студенттерге бірнеше әдісті ұсынады, соның арқасында олар оқығандарын өмірде жүзеге асырады. Дәрістің осы кезеңінде студенттермен жеке жеке немесе топ бойынша сабақтан қандай әсер алғандары жөнінде ой бөліскен өте пайдалы. Дәрісті аяқтау кезінде қайталап шолу жасау тақырыпты толықтай меңгеріп келесі тақырыпты жалғастыруда тиімді қызмет атқарады.

Сәтті оқылған дәрістер - яғни бұлар мұқият жоспарланып үш принципте құрылғандар: біріншіден, олар өте қысқа, жаңа идеялармен құралған ақпарат көздері «аз мөлшерде» ақпараттандыру; екіншіден, сәтті жоспарланған дәрістер қызықты бастамалардан, сенімді ортаңғы бөлімінен және нәтижелі қорытындыдан тұрады; үшіншіден, оқытушылар дәрістерді оқыту барысында студенттердің белсенді қатысуларына мүмкіндік жасау керек.

 

4.4. Семинар, СОӨЖ сабақтары бойынша және СӨЖ тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық

 

Кредиттік технология бойынша интерактивті оқыту жүйесіне басты назар аударады. Аудиториялық сағаттарда, дәріс немесе семинар, СӨОЖ сабақтарында дәстүрлі әдісті және интерактивті сабақ үлгісін жүргізуге болады. Интерактивті оқыту жүйесі студенттердің қабілеттілігін дамытады:

· Өз пікірін қалыптастырып айта білу;

· Өзгенің пікірін құрметтеу;

· Оқу материалын мұқият меңгеру;

· Материалды орындауда шығармашылық қабілетті таныту;

· Үлкен аудитория алдында өз көзқарасын дәлелдеу;

· Алынған мәліметтерге талдау жасау;

· Табысты жұмысы мен өзіндік ізденушілігін дамыту; жеке даралығын көрсете білу;

· Әртүрлі ситуациялардан өту арқылы өмірлік тәжірибие жинау.

 

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері

 

Дебат – студенттердің дұрыс жауап және мағыналы қорытындыны іздестіру мақсатында ауызша пікір алмасу.

Дискуссия (талқылау) – оқытылып отырған тақырып бойынша студенттер арасында ой пікірлерді талқылау. Студенттердің ой пікірлерді талқылауға қатысуы – білімді естерінде сақтау мен сіңірудің кілті болып табылады. Дискуссия – бұл студенттерді оқыту үрдісіне тартудың серпінді әдісі болып табылады.

Рөлдік ойындар – студенттерді сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын тудыратын көпжақты оқыту әдісі.

«Аквариум» - топты командаға бөлу арқылы оқыту әдісі. Команданың бір тобы тапсырманы талқылаумен немесе шешумен айналысса, осы уақытта келесі топ жүріп жатқан процессті зерттеп жазып алады. Қорытындысы белгіленген ереже шешіміне дейін талқыланады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 54; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.062 сек.