Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тексеру операциялары 4 страница




 

  Нұсқалар   Қайталаулар Сандардың бүтін бөліктері Сандардың ондық бөліктері
                   
  А бақылау   95, 92, 94, 91, 93,          
  96, 93, 95, 92, 94,          
  95, 92, 94, 91, 93,          
  96, 93, 95, 92, 94,          
  В   95, 92, 94, 91, 93,          
  96, 93, 95, 92, 94,          
  95, 92, 94, 91, 93,          
  96, 93, 95, 92, 94,          
  С   95, 92, 94, 91, 93,          
  96, 93, 95, 92, 94,          
  95, 92, 94, 91, 93,          
  96, 93, 95, 92, 94,          
  Д   95, 92, 94, 91, 93,          
  96, 93, 95, 92, 94,          
  95, 92, 94, 91, 93,          
  96, 93, 95, 92, 94,          
  Е   95, 92, 94, 91, 93,          
  96, 93, 95, 92, 94,          
  95, 92, 94, 91, 93,          
  96, 93, 95, 92, 94,          

 

9-кесте- Астықтың ылғалдығы бойынша тапсырмалар, % (6-кестенің «д» бағанына жазылады)

 

  Нұсқалар   Қайталаулар Сандардың бүтін бөліктері Сандардың ондық бөліктері
                   
  А бақылау   16, 19, 13, 16, 23,          
  15, 18, 12, 15, 22,          
  16, 19, 13, 16, 23,          
  15, 18, 12, 15, 22,          
  В   13, 19, 16, 23, 16,          
  12, 18, 15, 22, 15,          
  13, 19, 16, 23, 16,          
  12, 18, 15, 22, 15,          
  С   13, 16, 19, 21, 14,          
  12, 15, 18, 20, 13,          
  13, 16, 19, 21, 14,          
  12, 15, 18, 20, 13,          
  Д   16, 14, 20, 17, 15,          
  15, 13, 19, 16, 14,          
  16, 14, 20, 17, 15,          
  15, 13, 19, 16, 14,          
  Е   13, 19, 16, 22, 16,          
  12, 18, 15, 21, 15,          
  13, 19, 16, 22, 16,          
  12, 18, 15, 21, 15,          

4. Жұмыс барысы

1. Шанақтық өнімділікті 100 %–ды тазалыққа және 14 %-ды стандартты ылғалдылыққа келтіру мына формуламен жүзеге асады:

 

 

Мұнда,

А – 100 %-ды тазалыққа және 14 %-ды стандартты ылғалдылыққа келтірілген өнімділік, ц/га;

В – шанақтық өнімділік, ц/га;

С – астықтың тазалығы, %;

N – астықтың іс-жүзіндегі ылғалдылығы, %;

N1 – астықтың стандартты ылғалдылығы, %;

Осы формуланы және белгілерді дәптерге жазып алу керек.

6-шы жұмыс кестесінің жоспарымен орындалуға берілген тапсырма, жоғарыдағы формула бойынша этап-этапымен жүргізілетін есептеулерден тұрады.

2. Жұмысты ұтымды жүргізу үшін астықтың салмағын стандартты ылғалдылығындағы салмағына ауыстыру еселіктерінің кестесі бар (10-кесте). Бұл кесте жоғарыдағы формуланың екінші бөлігі бойынша алдын ала есептеумен дайындаған:

100 – N1

Сонымен, формуладағы есептеулерді стандартты ылғалдылыққа ауыстыру еселігінің шамасымен (көрсеткіштерімен) алмастыруға болады. Астықтың әр ылғалдылық шамасының өзіне тән ауыстыру еселігі болады. Бұл еселіктерді ылғалдылық бойынша тапсырмаға сәйкес 10-шы кестеден іздеп және 6-шы жұмыс кестесінің «е» бағанына жазу керек. 10-шы кестенің ең сол жақ бағанынан керегінде ылғалдылықтың пайыздағы бүтін көрсеткіші келтірілген жол пайыздық ондық көрсеткіші келтірілген баған ізделінеді. Жол мен бағанның түйіскен жерінде ізделініп отырған еселік болады. Мысалы, 19,7% ылғалдылығы үшін 19-шы жол мен 7-і көрсеткіші бар бағанның қиылысында 0,934 цифры орналасқан. Тап осылай ылғалдылықтың басқа да шамаларының еселіктері ізделінеді.

 

 

10 – кесте - Ылғалдылығы әр түрлі астықтың салмағын 14 %-ды стандартты ылғалдылықтағы салмаққа ауыстыру еселіктері

 

Ылғалды-лықтың бүтін пайызда-ры   Ылғалдылықтың ондық үлестегі пайызы  
                   
  1,047 1,045 1,044 1,043 1,042 1,041 1,040 1,038 1,037 1,036
  1,035 1,034 1,033 1,032 1,030 1,029 1,028 1,027 1,026 1,024
  1,023 1,022 1,021 1,020 1,019 1,017 1,016 1,015 1,014 1,013
  1,012 1,010 1,009 1,008 1,007 1,006 1,005 1,003 1,002 1,001
  1,000 0,999 0,998 0,997 0,995 0,994 0,993 0,992 0,991 0,990
  0,988 0,987 0,986 0,985 0,984 0,983 0,981 0,980 0,979 0,978
  0,977 0,976 0,974 0,973 0,972 0,971 0,970 0,969 0,967 0,966
  0,965 0,964 0,963 0,962 0,960 0,959 0,958 0,957 0,956 0,955
  0,953 0,952 0,951 0,950 0,949 0,948 0,947 0,945 0,944 0,943
  0,942 0,941 0,940 0,938 0,937 0,936 0,935 0,934 0,933 0,931
  0,930 0,929 0,928 0,927 0,926 0,924 0,923 0,922 0,921 0,920
  0,919 0,917 0,916 0,915 0,914 0,913 ,0912 0,910 0,909 0,908
  0,907 0,906 0,905 0,903 0,902 0,901 0,900 0,899 0,898 0,896
  0,895 0,894 0,893 0,892 0,891 0,890 0,888 0,887 0,886 0,885
  0,884 0,882 0,881 0,880 0,879 0,878 0,877 0,876 0,874 0,873
  0,872 0,871 0,870 0,869 0,867 0,866 0,865 0,864 0,863 0,862
  0,860 0,859 0,858 0,857 0,856 0,855 0,853 0,852 0,851 0,850
  0,849 0,848 0,847 0,845 0,844 0,843 0,842 0,841 0,840 0,838
  0,837 0,836 0,835 0,833 0,832 0,831 0,830 0,829 0,828 0,827
  0,826 0,824 0,823 0,822 0,821 0,820 0,819 0,817 0,816 0,815

 

 

4. «Е» бағаны толтырылғаннан кейін есептеулер жүргізіледі.

Есептеулердің мәні жұмыс кестесінің (6-шы кестені қараңыз) бағандарының атаулары мен әріптің белгілері арқылы ашылады (түсіндіріледі). Бірақ кейбір түсініктемелерді келтіруді жөн көрдік.

«Ж» бағанының мәліметтерін есептеу барысында механикалық қателер жіберу едәуір жиі кездеседі. Астықтың таза өнімділігін аудару еселігіне көбейту (ең қарапайым формуламен Ж = Г · Е табылатын) орнына, бүкіл жұмысты жоққа шығаратын, ылғалдылығын өзінің аудару еселігіне көбейтеді. «Ж» бағанымен жұмыс барысында осындай қателерге жол бермеу үшін, «д» бағанын сызғышпен немесе қағаз тілігімен жаба тұрған жөн.

5. Әр нұсқа үшін орташа өнімділік анықталады. Ол үшін «Ж»

бағанындағы әр нұсқаның әр мөлдектік өнімділіктерінің көрсеткіші біріне-бірі қосылады. Әр қосынды 4-ке (қайталама саны) бөлінеді. Қосындыны және бөліндіні «3» бағанына жазады. Қосынды (), аралық шама ретінде, жақшаға жазылады.

6. Тәжірибенің зерттелінген нұсқауларындағы орташа өнімділігінің

бақылау нұсқасынікімен айырмашылығы есептелінеді. Бақылау үшін А нұсқасы алынады. Есептеуге (жұмысқа) «3» бағанына ашық (жақсасыз) жазылған мәліметтер алынады. Егер нұсқалардың біреуінің орташа өнімділігі бақылау нұсқасынан жоғары болса, онда осы нұсқаның өнімділігінен бақылау нұсқасының өнімділігі шегеріледі. Нәтижесі «и» бағанына плюспен жазылады. Бұл өнімділіктің артқанын білдіреді. Ал, егер, бақылау нұсқасының өнімділігі қандай болса да нұсқадан жоғары болса, онда сол нұсқаның өнімділігі бақылау нұсқасынан алынады. Мұндайда нәтижесі «и» бағанына минуспен жазылады, яғни өнімділіктің кемігенін көрсетеді осылайша нұсқалардың барлығы бақылау нұсқасымен салыстырылады.

7. Салыстыру толығырақ болуы үшін өнімділіктің бақылаумен

айырмашылығын пайызда есептейді. Ол үшін «и» бағанының әр көрсеткішін 100-ге көбейтіп бақылаудың орташа өнімділігіне бөледі. Нәтижесін «к» бағанына жазады. Мұндайда плюс немесе минус таңбалары «и» бағанында не көрсетілсе, сол қойылады.

«И» және «К» бағандары бойынша зерттелінген нұсқалардың келешегі жөнінде алдын ала қорытынды жасауға болады және жасау керек. Мысалы, 6-шы кестеде келтірілген алғашқы өңдеулердің мәліметтері бойынша «Е» нұсқасы ең жоғары өнім берді, оның өнімділігі бақылау нұсқасымен салыстырғанда 3,35 ц/га немесе 26,5 % жоғары деп қорытынды жасауға болады.

Осымен жұмыс аяқталады да, ол оқытушыға тексеруге тапсырылады.

 

V. БІР ФАКТОРЛЫ ТАНАПТЫҚ ТӘЖІРИБЕНІҢ ӨНІМДІЛІК МӘЛІМЕТТЕРІН ДИСПЕРСИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

1. Негізгі түсінік

Тәжірибенің нұсқаларындағы орташа өнімділік көрсеткішітері, басқа да орташа көрсеткіштер сияқты, қашанда әр түрлі деңгейде өзінің құрамында кездейсоқ әуелілерді қосып алады. Табиғатта өсімдік тіршілігі үшін бірдей өте жақсы жағдай болмайды. Топырақ құнарлылығы, өте ұсақ жер бедері, танаптық жұмыстың сапасы және тағы да басқа жағдайлар мүлде біртекті болмайды. Осыдан келіп өнімділік мәліметтерінің біртекті (өзгермелілігі) болмауы жиі кездеседі. Бұған көз жеткізу үшін бір текті-ау деген егістікте алдын ала ешқандай тәжірибе жүргізбей-ақ мөлдектерге бөліп өнімділігін есептесек, кез келген қатарлас (көршілес) мөлдектердің өнімділігіндегі айырмашылықтардың 30-40 және одан да артық пайызға жетенін байқауға болады.

Кездейсоқ айырмашылықтар қайталаулар есебінен толық деңгейде бәсеңдетуге көне бермейді. Бұны шартты тәжірибе үлгісін (моделін) жасаумен, мұнда жасанды «нұсқалар» бір егістікте бірдей агротехникамен жүргізілген мөлдектері болады да, солардан өнімдерді бөлшектен есептеумен анықтауға болады. Тәжірибе жағдайында бір нұсқаның мөлдектерінің арасында айырмашылықтар, және де айтарлықтай, 10-20 % және одан да жоғары болады. Мұндай кездейсоқ айырмашылықтар кез келген нақты тәжірибелерде өнімділікке әсер ететіні белгілі. Осыған байланысты тәжірибе жүргізушінің алдынан әрқашан нұсқалар арасындағы қандай айырмашылықтарды шамасы бойынша елеулі, ал қай шамалардың тек кездейсоқ әсерлерден пайда болған деп санау керек деген сұрақтар туындайды.

Сөйтіп, өнімділік мәліметтері әлі де тәжірибенің жеткілікті түрде толық нәтижесі бола алмайды. Демек, тәжірибедегі әрбір қосымша немесе төмен өнім нақты, көңіл коюға лайықты, бола бермейді. Жүз пайызды тазалыққа және стандартты ылғалдылыққа келтірілген өнім болса да, кездейсоқтық пен заңдылығының ықтималдық шекарасын білу керек. Басқаша айтқанда нұсқалар арасындағы айырмашылықтың қандай шамасын кездейсоқ, ал қайсысын заңды деп есептеуге болады. Бұл міндет дисперсиялық талдау жолымен орындалады.

Дисперсиялық талдау барысында ең төмен елеулі айырмашылығы анықталады (ЕТЕА). Ең төмен елеулі айырмашылық - осы атаудың егжей-тегжейін жете ойланайықшы. Осы шаманың атауының өзі-ақ нұсқалар арасындағы айырмашылықтар елеулі деп танылуы мүмкін екенін, сондықтан «+» «-» таңбасына қарамай, тек сонда заңды болады, егер олар тең немесе оның деңгейінен артық тұрса. Егер нұсқалар арасындағы айырмашылықтар ЕТЕА-н аз болса, ондай аырмашылықтарды елеусіз, тек кездейсоқтықтың нәтижесінде қалыптасқан деп санайды.

Дисперсиялық талдаудың туындыгері деп ағылшын биологы және математигі Р.Э. Фишерді (1890-1962) санайды. Оның оқушылары мен ізбасарларының еңбектерінде дисперсиялық талдауларының есептеу сұлбалары эксперименттердің сипатына және есептеуге қолданылған құралдарына байланысты әзірленді және жетілдірілді.

Оқу құралының іссаналық міндетін ескеріп, мұнда дисперсиялық талдаудың теориясы мазмұндалмайды. Бір факторлы бір жылдық танаптық тәжірбенің өнімділік мәліметтері мысалында, есептегіш қарапайым құралдарды (калькулятор, кестелер ж.т.т.) пайдаланып, дисперсиялық талдаудың алгоритмін береміз. Әр түрлі оқулықтар мен оқу құралдарында бірдей сипаттағы тәжірбиелерге қолданығу болатын дисперсиялық талдаудың әр түрлі алгоримдері бар. Бірақ әдістің мәні және ақырғы нәтижесі таңдалған алгоритміне байланысты өзгермейді.

 

2. Жұмыстың алғашқы жағдайы

1. Жеке тапсырма ретінде әр студент «Танаптық тәжірибенің өнім мәліметтерін алғашқы өңдеу» тақырыбынан алынған мәліметтерді өңдейді. Дисперсиялық талдауға алғашқы өңдеудің нәтижелерін оқытушы тексергеннен және есепке алғаннан (сынақ) кейін кірісу керек.

2. Жұмысқа «шала» өнім емес, алғашқы өңдеуден өткен, яғни тазалығы мен ылғалдығына түзетулер енгізілген мәліметтер алынады. Алғашқы өңдеу кестесінде бұл мәліметтер «ж» және «з» әріптерімен белгіленген бағандарда орналасқан.

3. Барлық кестелер және формулалар мен есептеулер анық жүргізілуі керек. Толық аяқталған жұмыстарда кестелердің нөмірлері және атаулары міндетті түрде қойылуы керек. Кестелдерде барлық бағандардың атаулары және әріптік белгілері көрсетулеруі керек. Формулалар бойынша есептеулер міндетті түрде формулардың жазылуымен және бүкіл есептеу жолы рет-ретімен көрсетіледі. Мұның бәрі жұмыстың қатесіз болуын қамтамасыз етеді және бақылауды жеңілдетеді.

4. Жұмыс орындау барысында тексеру операцияларын жіберіп алуға болмайды. Әйтпесе қате жіберіліп, жұмыстың нәтижесі бұрмалануы мүмкін. Бұл тапсырманы қайтадан орындауға көп уақыт жұмсауға әкеп соғады. Тексеру операцилары бірін-бірі алмастырмайтынын, әр қайсысы өз міндеттерін атқаратынын ескерген жөн.

5. Ондық таңбаларының үтірден кейінгі саны бойынша есептеу дәлдігі төмендегі мысалға ұқсас болуы керек. Есептеулерде үтірден кейін таңбалар саны көп болса, жалпы ережеге сәйкес дөңгелету жүргізіледі.

6. Оқу құралындағы келтірілген мысал дисперсиялық талдаудың бүкіл жолын түсінуге көмектеседі. Бірақ қарастырылып отырған шамалар бойынша бұл мысал жеке тапсырмамен мүлде байланысы жоқ екенін ескерген жөн. Міне, сондықтан формулаларға сандарды қойғанда, кесте көресеткіштерін іздегенде, қорытындылар қалыптастырғанда мұқият болу керек. Осы нұсқадағы (мысалда) шамаларды түсінбей қолдану орындаушының ықылассыздығын және ұқыпсыздығын байқатады, нәтиженің бұрмалануына әкеледі. Жұмысты бірінші тапсырғанда есепке алуға мүмкіндік бермейді.

 

3. Жұмыс барысы

Орындау тәртібін «Алғашқы өңдеу......» тақырыбының дисперсиялық талдау мәліметтерінің нақты мысалында, 13-55-21 шифры бойынша жүргізейік.

1. Өнімділік мәліметтерінің құрама кестесін жасау (11-кесте).

Тапсырманы әр орындаушы «Алғашқы өңдеу........» тақырыбының

нәтижесі негізінде өнімділік мәліметтерінің құрама кестесін толтырады. Мұндайда жұмысқа «ж» және «з» бағандарының сандары пайдаланылады. Алғашқы өңдеу барысында жұмыс кестесінде әр нұсқа тәжірибедегі қайталау санына сәйкес жол топтарына орналасады. Бірақ өнімділік мәліметерінің құрама кестесінде «ә» нұсқаға тек бір жол бөлінген, яғни бір нұсқаның барлық мәліметтері бағандардың аталуына сәйкес горизонталды жазылған.

 

 

11-кесте - Тәжірибе бойынша өнімділік мәліметтерінің құрамасы

 

 

Нұсқалар Қайталамдардағы өнімділіктер Нұсқалар бойынша қосынды, V Нұсқалар бойынша орташа өнімділік,
       
А, бақылау 12,64 13,04 12,00 12,87 50,55 12,64
В 12,03 12,96 11,13 12,88 49,00 12,25
С 12,08 12,62 13,11 13,30 51,11 12,78
Д 12,78 14,62 13,71 14,00 55,11 13,78
Е 16,44 15,54 16,35 15,62 63,95 15,99
Р – қайталамдар бойынша қосынды 65,97 68,78 66,30 68,67 Q=269,72 S =67,44 М =13,49

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 69; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.