Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тексеру операциялары 5 страница




11-кесте толтырылғаннан кейін белгілі мәліметтермен тік бойымен қайталамдар бойынша өнім Р қосындысы және қосынды жиыны Q мен S х есептелінеді. Тәжірбедегі, М әрпімен белгіленген орташа өнім қосынды жиынды Q жалпы мөлдектер N санына бөліп табады. Мөлдектер саны нұсқалар l санын, қайталамдар n санына көбейтіліп табылады. Біздің N = l · n = 5 · 4 = 20. Сөйтіп,

М =Q: N = 269,72: 20 = 13,49 немесе S : l = 67,44: 5 = 13,49.

· Алғашқы мәліметтердің алғашқы өңдеу кестесімен дұрыс

көшірілгендігі тексеріледі.

· Q қосындысы горизонталь және тік бөйымен қосылып

тексеріледі. Горизонталь қосындысы, тік қосындысымен бірдей болуға тиіс.

· М-ң шамасы баған сандарының қосындысын нұсқалар санына

бөлінумен тексеріледі. Біздің мысалымызда 67,44:5=13,49.

Соңғы тексеру операцияларында нәтиже, нұсқалар бойынша орташа өнімділік есептеу кезінде дөңгелектеу негізінде, артық не кем (әдетте 0,02-0,03 – тек артық емес) жағына ауытқуы мүмкін. Егер ауытқу бұл деңгейден артық болса, ол алдыңғы «Өнімділік мәліметтерін алғашқы өңдеу» тақырыбында нұсқалар бойынша орташа өнім дәл есептелінбегенін білдіреді. Мұндай дәлсіздік байқалса нұсқалар бойынша орташа өнімділіктерге түзетулер еңгізу керек (11-кесте).

 

2. Еркін бастамадан ауытқу кестесін жасау

12-кесте - Еркін бастамадан ауытқу (еркін бастама А¢ = 13)

 

Нұсқалар Қайталамдар бойынша ауытқулар, ц/га Нұсқалар бойынша қосынды, V1
       
А, бақылау -0,36 +0,04 -1,00 -0,13 -1,45
В -0,97 -0,04 -1,87 -0,12 -3,00
С -0,92 -0,38 +0,11 +0,30 -0,89
Д -0,22 +1,62 +0,71 +1,00 +3,11
Е +3,44 +2,54 +3,35 +2,62 +11,95
Р1 – қайталамдар бойынша қосынды +0,97 +3,78 +1,30 +3,67 q=+9,72

 

Бұл кестені жасау еркін бастаманың «А» шамасын таңдаудан басталады. Бұл әріп А-бақылау нұсқасы-ажырату үшін апострофомен толықтырылады.

Еркін бастама – ондық таңбасыз бүтін сан, шамасы бойынша бүкіл тәжірибедегі орташа өнімділікке жуық (11-кестені қараңыз). Еркін бастамды м шамасын арттыру немесе кеміту жағына қарай алуға болады. Мүның қағидаттық мәні жоқ. Біздің мысалымызда М=13,49. еркін бастамға 13-ті алуға болады.

12-кестенің сандары, соңғы баған мен соңғы жолдан басқасы, еркін бастамадай мөлдектердің өнімділік мәлімттерінің айырмашылығы болып табылады. Мысалы, бақылаудың бірінші қайталымдағы өнімділігі 12,64 ц/га тең. Еркін бастаммен салыстырғанда бұл шама 0,36-ға кем. Сөйтіп 12-кестенің сәйкес торына – 0,36-ы жазамыз. Тағы бір мысал. Бақылау нұсқасының екінші қайталыммындағы өнімділік 13,04 тең (11-кестеде), еркін бастамнан 0,04 –ке артық. Сонда 12-кестенің сәйкес торына+0,04-ті жазамыз. Өсындағы плюстер мен минустарға ерекше көңіл бөліңіздер. Ереже ретінде алу керек: мөлдектердегі шамалардың еркін бастамнан артуы плюспен, кемуі минуспен белгіленеді. Сөйтіп, еркін бастамнан ауытқулар есептелінеді, және 12-кетеге жазылады. Осыдан кейін тік және горизонталь бойымен алгебралық қосындылар есептелінеді, яғни нұсқалар мен қайталамдар бойынша. Жиынды қосынды q V1 бағанының сандарын қосып, табылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 74; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.