Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сабақ № 11 Тема урока: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем. Көкшетау аңыздары.




Топ 2С-1
Күні  

Сабақтың тақырыбы:

Тема урока: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем. Көкшетау аңыздары.

Сабақтың мақсаты:

Цели урока:

1. Шолу

Образовательная: құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу, құрылысын, құрамын ажырату, тыныс белгілерін дұрыс қойып жаза білуге үйрету, жаңа тақырыпты өткен тақырыппен ұштастыра білу;

2. Дамыту

Развивающая: Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау машықтарын қалыптастыру, талдау және салыстыра білу дағдыларын жетілдіру, ойларын ауызша жүйелеп жеткізуге дағдыландыру, қазақ тілі сабағына деген қызығушылығын арттыру;

3. Тәрбиелік

Воспитательная: Білім алушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, елжандылыққа, тілін және дінін сыйлай білуге баулу, жүйелі сөйлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Тип урока: білік пен дағдыны қалыптастыру.

Сабақ түрі:

Вид урока: жаңа сабақ

Оқыту әдісі:

Метод обучение: сұрақ-жауап, топтастыру, талдау, Венн диаграммасы, топтық жұмыс.

Пәнаралық байланыс:

Межпредметная связь: қазақ әдебиеті, тарих

Көрнекі құралдар:

Оборудование урока: үлестірмелі карточкалар, мәтіндер.

Студенттер білуі керек:

Студенты должны знать:Тыныс белгілерні ажырату, таныс емес мәтінді аудару, сұраққа жауап беру.

Студенттер істей білуі керек:

Студенты должны уметь:Қарсылықты салалас құрмалассөйлемдерді ажырата білуді және оған мысал келтіре отырып сөйлемді талдауды.

 

 

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері Оқу материалының мазмұны Оқытудың әдістемелік тәсілдері мен әдістері Оқу құралдары Уақытты мөлшерлемелеу
  Ұйымдастыру кезеңі Білім алушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару, сбақтың мақсатын хабарлау дәптер 5 мин
  Үй жұмысын тексеру Өткен тақырып бойынша берілген тапсырманы тексеру   Диалог арқылы 10 мин
  Жаңа білімді меңгерту Баяндау, ой қозғау Үлестірмелі материалдар 15 мин
  Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің ерекшеліктерін түсіндіру Ережені жазу   әдістемелік нұсқау 15 мин

 

Үзіліс – 5 минут

  Мәтінмен жұмыс жасау Ауызша оқып, жазбаша аудару дәптер 20 мин
    Жаңа тақырыпты бекіту Диалог құру сұрақ қою 10 мин
    Түсіндірме жасап, баға қою талдау   журнал 10 мин
  Үй тапсырмасы Беріліген мәтінді аудару   Үлестірме материал  3 мин
  Рефлексия жазбаша Мәтімен жұмыс 2 мин

 

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

(Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасына шолу жасау. Ответить на эти вопросы письменно)
1. Құрмалас сөйлем дегеніміз қандай сөйлем?
2. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен айырмашылығы бар ма, бар болса ол қандай айырмашылықтар?
3. Жай сөйлемге қандай интонация тән?
4. Құрмалас сөйлемге қандай дауыс ырғағы тән?
5. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер бір - бірімен қалай байланысады?
6. Салаласа байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары бір - бірімен қалай байланысады?
7. Ал сабақтаса байланысқан құрмаластың құрамындағы баяндауыштары бір – бірімен қалай байланысады?
8. Құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса байланысуына орай құрмалас сөйлемдер қанша түрге бөлінеді?
9. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз қандай сөйлем?
10. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара қенше түрлі жолмен байланысады?
11. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысады?
12. Құрамындағы жай сөйлемдерінің бір - бірімен мағыналық қарым - қатынасына қарай, салалас құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?
13. Ыңғайлас салалас сөйлем дегенім қандай сөйлем?
14. Себеп - салдар салалас сөйлем дегеніміз қандай сөйлем?

 

2. Қарсылықты СҚС (Противительные ССП)
Жай сөйлемдердің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы келеді.
(Простые предложения выражают друг-другу противопоставление) Жалғаулықтар (Союзы):бірақ, дегенмен, сонда да, алайда, сөйтсе де, сөйткенмен, әйтсе де, солай бола тұрса да, солай болғанмен т.б.
Мысалы: Баянның даусы жақсы, бірақ ол өлең
айтуға ұялады. Менде ондай өнер бар деп ойламаймын, дегенмен биді өнерім жеткенше билеп беремін.

 

1- тапсырма.

Берілген жай сөйлемдерге ойларыңнан қарама - қарсы мәнді жай сөйлем ойлап, қарсылықты салалас құрау керек. (составит из простых предложениепротивительные сложно сочиненые предложение)
1. Жел саябырлаған сияқты,...
2. Теңіз тынышталды,...
3. Тау астындағы көлдің үңгірі жолдан алыс екен,...
4. Бұрын бай еді,...
5. Көп балалы үйдің шаң-шұңы көп болушы еді,...
6. Қыстың ортасы болып қалды,...

 

2-тапсырма. Берілген мәтінді оқып аудару және құрмалас сөйлемдерді тауып ажырату (текст прочитать перевести и найти сложные предложение и выписать)

 

Оқжетпес (биіктігі - теңіз деңгейінен 400 метр жоғары) - Бурабайдың ең көрікті жері. Бұл бірегей жартас Көгілдір шығанақ (Әулиекөл көлінің солтүстік-батысында) жағасында орналасқан. Көптеген көріпкелдер жартастың жанынан еңкейген кемпірдің сұлбасын көрген, бірақ мұндай бейне бәріне көріне бермейді. Атақты ақын, ғалым, саяхатшы Шоқан Уәлиханов Оқжетпес туралы 15 аңыз жинаған.

Аңыздардың бірінде Көкше тауын Үш әпке жартасы мен олардың ағасы Оқжетпес жартасының анасы деп атаған. Олар туған жерді жау шапқыншылығынан қорғаған. Бірде сансыз жау көшпелілерге лап қояды. Үш әпке мен ағасы жаумен ұзақ шайқасады. Күштері қалмаған сәтте олар тас боп қатып, жауларының жолын бөгеген.

Бірінші тас - Үлкен әпке (534 м), екіншісі - Ортаншы әпке (460 м), үшіншісі - Кіші әпке (434 м), ал жанында конус тәріздес нағыз ердің кейпіндегі шың Оқжетпес тұр. Кейде Оқжетпесті пілге ұқсатады. Шынында, шыңның басындағы алып тас демалып жатқан пілге ұқсайды.

3- тапсырма.Мәтін бойынша мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер? (по тексту ответить на вопросы письменно).


1.Оқжетпес қай жерде орналасқан?

2.Оқжетпес туралы аңызды жинаған кім?

3.Оқжетпес туралы қандай аңыз бар?

4.Оқжетпес неге ұқсайды?

5.Өздерін Оқжетпес туралы бір аңыз тауып жазып келіңдер?

 


Сабақтың қорытындысы: сұрақтарға жауап беріңіздер? Ответить на вопросы.

Сонымен қарсылықты салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

Оның жалғаулықтары қандай?

Оны сөйлем ішінде ажырата аласыздар ма ?

Қандай тыныс белгілер қойылады?

Үй тапсырмасы туралы ақпарат беру: Әдеби шығармалардан қарсылықты салалас сөйлемдерге қатысты 5 сөйлем жазып, синтаксистік талдау жасап келу.

 

 

           




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-10-24; Просмотров: 107; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.