Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сабақ № 15 Тема урока: Кезектес салалас құрмалас сөйлем. Абай ауылы.




Топ 2С-1
Күні  

Сабақтың тақырыбы:

Тема урока: Кезектес салалас құрмалас сөйлем. Абай ауылы.

Сабақтың мақсаты:

Цели урока:

1. Шолу

Образовательная: Білім алушыларға талғаулы салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру, қалай жасалатыны жөнінен хабардар ету;

2. Дамыту

Развивающая: Білім алушылардың жылдам әрі қатесіз жазу, жазбаша жұмыстарды орындату, еске сақтау қабілетін дамыту;

3. Тәрбиелік

Воспитательная: ауызекі сөйлеу кезінде мәдениеттілікті сақтауға, сабақ барысында бірінің сөзін бірі бөлмей сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Тип урока: Жаңа білімді меңгерту

Сабақ түрі:

Вид урока: білімді меңгеру сабағы

Оқыту әдісі:

Метод обучение: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу

Пәнаралық байланыс:

Межпредметная связь: қазақ әдебиеті, тарих

Көрнекі құралдар:

Оборудование урока: оқулық, презентация, сызбалар, қосымша тапсырмалар

Студенттер білуі керек:

Студенты должны знать: Кезектес салалас құрмалас сөйлем бойынша тапсырмаларды орындау, мәтінмен жұмыс , диалог құру.

Студенттер істей білуі керек:

Студенты должны уметь:Кезектес салалас құрмалассөйлемдердің ережесін жаттауды және оған мысал келтіре отырып сөйлемді талдауды.

 

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері Оқу материалының мазмұны Оқытудың әдістемелік тәсілдері мен әдістері Оқу құралдары Уақытты мөлшерлемелеу
  Ұйымдастыру кезеңі Білім алушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару, сабақтың мақсатын хабарлау дәптер 5 мин
  Үй жұмысын тексеру Өткен тақырып бойынша берілген тапсырманы тексеру   Диалог арқылы 10 мин
  Жаңа білімді меңгерту Баяндау, ой қозғау Үлестірмелі материалдар 15 мин
  Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің айырмашылықтарын, ерекшеліктерін түсіндіру Ережені жазу   әдістемелік нұсқау 15 мин

 

Үзіліс – 5 минут

    Мәтінмен жұмыс жасау Ауызша оқып, жазбаша аудару дәптер 20 мин
    Жаңа тақырыпты бекіту Диалог құру сұрақ қою 10 мин
  Түсіндірме жасап, баға қою талдау   журнал 10 мин
  Үй тапсырмасы Беріліген мәтінді аудару Үлестірме материал  3 мин
  Рефлексия жазбаша Мәтімен жұмыс 2 мин

 

Сабақтың барысы:

1-тапсырма. Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру. Ереже сұрау, үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар:
1) Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Түрлері
2) Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не? Түрлері
3) Ыңғайлас салалас құрмалас
4) Себеп – салдар салалас құрмалас
5) Қарсылықты салалас құрмалас
6) Түсіндірмелі салалас құрмалас
7) Талғаулы салалас құрмалас деген не?

 Түсіну.
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз – кезектес салалас құрмалас сөйлем


Мысалдар:
1) Аққу біресе төмен түседі, біресе жоғары ұшады.
2) Қазан аспаның аузында от кейде жылтылдайды, кейде қызып жанып лапылдайды.
3) Балалар бірде ән шырқайды, бірде өзенге барып шомылады.


Осы мысалдарды ала отырып бүгінгі өтетін тақырыбымыз кезектес салалас құрмалас сөйлемнің ережесін шығару.
Ережесі (правила): Құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салалас құрмаластың түрін кезектес салалас құрмалас дейміз (Чередующиеся) (Предложения передают последовательно происходящие события, действия. Порядок следования часто отражают очередность действия)

Жалғаулық шылаулары (Союзы образуются с помощью): бірде, біресе, кейде.
Тыныс белгілері: алаларына тек қана үтір қойылады.

2-тапсырма. Бірнеше салалас құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемі беріледі. Екінші жай сөйлемдерді өздері құрау керек. (Дается первое простое сложноподчиненного предложения. Вторые простые предложения должны сами составлять).

 


Нұрғали біресе Тәукеге қарап күлімдейді,.......
Бірде Айжан ән салады,.........
Кейде аспанды қара бұлт жабады,......
Әжем бірде ою ояды,.......

Мәтінмен жұмыс:

3-тапсырма. Мәтін оқып аудару мазмұның түсініп талдау (текст прочитать перевести анализировать содержание)

Жоспары:

1. Абай аулы туралы қай жерде орналасқан?

2. Абай атамыз туралы не білесіңдер?

3. Қаңдай шығармаларымен таныстыңдар?

Абай аулы

     Мерейтой үстінде айтылар бір ақ тілек, келелі ой – келешек тарихында, он­жылдықтарда толысу, өсу жолындағы қасиетті Шыңғыстау – Абай елі, оның қасиетті топырағы дүлдүл ақынды да, кемеңгер жазушыны да, жезтаңдай әншілерді, небір өнер шеберін, ойшылдарды түлетіп, тәрбиелері сөзсіз деген асыл үміт. Бұл – ұлы Мұхаңның да арманы еді. М. Әуезов 1957 жылы қыркүйек айындағы соңғы келген, елмен қоштасудай болған сапарында Қарауылда сөйлеген сөзінде былай деп армандай, асқақтай, үмітпен толғанған екен: «... Апырау, Шыңғыстың елі мен жері, сенің ұйқыда түсімнен, ояуда ойымнан кеткен жерің бар ма, айтыңдаршы! ... Менің сіздерге айтайын деген арманды, иә асыл арманды және бір сөзім. Шыңғыстың елі мен жері: сендер дүниеге Абайды бергенсіңдер... Сендер әлі де халқыма Абайдай перзент бересіңдер... беруге тиіссіңдер... бересің (жазушы осы жерде көзіне жас алыпты) . Мен соны көре алмай кетіп бара жатырмын. Әлде, сол мына қара табандарым арасында тұр ма екен? Мені осындай ой бунайды жұртым» депті. Қандай асыл арман, ақ тілеу, қамқор жүрек! Бүгінгі біздің тілек те осындай. Болашақта ұлы Мұхаң арманы жүзеге ассын, Шыңғыстау келешекте Абайдай, Шәкәрімдей, Мұхтардай ұлдар толғатсын.

4-тапсырма. Білімді бекіту кезеңі // Тест
 Тест жұмысы

1.Салалас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
А) Қарсылықты.
В) Мезгіл.
С) Мекен.
D) Мақсат.
Е) Себеп.

 

2.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.
А) Немесе.
В) Және.
С) Әлде.
D) Себебі.
Е) Сөйтсе.

 

3.Кезектес салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.
А) бірақ.
В) та.
С) бірде.
D) немесе.
Е) әйтпесе.

 

4.Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.
А) өйткені.
В) сонда да.
С) біресе.
D) бірақ.
Е) әйтпесе.

 

5.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем жалғаулықтарын анықтаңыз.
А) Өйткені, себебі.
В) Жалғаулығы жоқ.
С) Сол үшін, себебі.
D) Сөйтсе де, әйтсе де.
Е) Әйтпесе, немесе.

 

6.Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Биыл мектеп бітіремін және оқуға түсемін.
А) Қарсылықты.
В) Ыңғайлас.
С) Кезектес.
D) Талғаулы.
Е) Түсіндірмелі.

 

7.Құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеуім керек.
А) Кезектес.
В) Ыңғайластық.
С) Талғаулы.
D) Түсіндірмелі.
Е) Себеп-салдар.

 

8.Кезектес салалас құрмалас сөйлем шылауларын көрсетіңіз.
А) Сондықтан.
В) Өйткені.
С) Бірде.
D) Әйтсе де.
Е) Немесе.

 

9.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем шылауын көрсетіңіз.
А) Бірақ.
В) Және.
С) Әлде.
D) Себебі.
Е) Әйтпесе.

 

10.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын көрсетіңіз.
А) Немесе.
В) Бірде.
С) Сондықтан.
D) Жалғаулықсыз.
Е) Сөйткенмен.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-10-24; Просмотров: 113; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.018 сек.