Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сабақ № 18 Тема урока: Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем. Қазақстанның табиғи қорлары.




Топ 2С-2
Күні  

Сабақтың тақырыбы:

Тема урока: Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем. Қазақстанның табиғи қорлары.

Сабақтың мақсаты:

Цели урока:

1. Шолу

Образовательная: Шартты бағыныңқы сабақтастың бағыныңқының жасалу жолдарын ұғындыру, өзге сабақтас сөйлемдерден ажырата білуге дағдыландыру, ұқсастығы мен айырмашылығын ажырату.

2. Дамыту

Развивающая: ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.

 3. Тәрбиелік

Воспитательная: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Сабақтың типі:

Тип урока: Жаңа білімді меңгерту

Сабақ түрі:

Вид урока: дәстүрлі сабақ

Оқыту әдісі:

Метод обучение: сұрақ-жауап, топтастыру, дамыта оқыту.

Пәнаралық байланыс:

Межпредметная связь: қазақ әдебиеті

Көрнекі құралдар:

Оборудование урока: оқулық, презентация, сызбалар, қосымша тапсырмалар

Студенттер білуі керек:

Студенты должны знать: Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің ережесін және ол бойынша тапсырмаларды орындау, мәтінмен жұмыс , диалог құру.

Студенттер істей білуі керек:

Студенты должны уметь:: Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдердің ережесін жаттауды және оған мысал келтіре отырып сөйлемді талдауды.

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері Оқу материалының мазмұны Оқытудың әдістемелік тәсілдері мен әдістері Оқу құралдары Уақытты мөлшерлемелеу
  Ұйымдастыру кезеңі Білім алушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. дәптер 5 мин
  Үй жұмысын тексеру Өткен тақырып бойынша берілген тапсырманы тексеру   Диалог арқылы 10 мин
  Жаңа білімді меңгерту Баяндау, ой қозғау Үлестірмелі материалдар 15 мин
  Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің айырмашылықтарын, ерекшеліктерін түсіндіру Ережені жазу   әдістемелік нұсқау 15 мин

 

Үзіліс – 5 минут

    Мәтінмен жұмыс жасау Ауызша оқып, жазбаша аудару дәптер 20 мин
    Жаңа тақырыпты бекіту Диалог құру сұрақ қою 10 мин
    Түсіндірме жасап, баға қою талдау   журнал 10 мин
  Үй тапсырмасы Беріліген мәтінді аудару Үлестірме материал  3 мин
  Рефлексия жазбаша Мәтімен жұмыс 2 мин

Сабақ барысы:

 

 Жаңа сабақты түсіндіру

Жаңа сабақ: Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

 Ереже (правило)-Шартты бағыныңқы сабақтас деп -құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісі екіншісіндегі істің жүзеге асу я аспау шартын білдіретін құрмаластың түрі (Подчинительная часть содержит указание на условие, от которого зависит осуществление действия в главной части).

Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - бағыныңқылы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу шартын білдіретін сабақтастың түрі. . Шартты бағыныңқылы сөйлем қайтсе? не етсе? Қайткенде? Не еткенде? Қайтпей? Не етпей? Қайтпейінше? Не етпейінше ? деген сұрақтарға жауап береді.
Шартты бағыныңқының жұрнақтары (суффиксы придаточного условия) :

са, се, май, мей, пай, пей, бай, бей, майынша, мейінше, пайынша, пейінше, байынша, бейінше ғанда, генде, қанда, кенде.

Мысалы: Жауын жауса, үйде отырамын. Мен саған айтпасам да, сен білесің. Бірлік болмай, тірлік болмас. Жабай шығып кетпегенде, ол жігіттерді тоқтатар еді. Сабақ оқымай, бес алмайсың. Мұғалімге бармайынша, бұл тақырыпты түсінбейсің.

1. Шартты бағыныңқылы (С придаточными условия) қайтсе? не етсе? қайткенде? не еткенде? қайтпейінше?
2. Қимыл-сын бағыныңқылы (С придаточными времени) қайтсе де? қайткенмен? не етпестен? не ететұра? қайткенше? не еткені болмаса?
3. Мезгіл бағыныңқылы (С придаточными цели) неліктен? Неүшін, не себепті? не деп?
4. Қарсылықты бағыныңқылы (С придаточными уступительными) қашан? Қай кезде? Қашаннан бері?
5. Себеп бағыныңқылы (С придаточными причины) қайтіп, не етіп? қалай?
6. Мақсат бағыныңқылы (С придаточными образа действия) не мақсатпен? не үшін? не етпек болып?

 

 

1-тапсырма Берілген сөйлемдерді аяқтаңыз (данные предложения

Завершите условное подчинение предложением ).

Жаз келсе,... ; Еңбек етсең ерінбей,...; Су мол болмай,...; Көл таяз болғанда,...; Нағашысымен күрессе,...

 

2-тапсырма. Сөздерді орнына орналастырып, сөйлем құраңыз (составить предложение правильно)

Бетің, болса, өкпелеме, қисық, айнаға; Қар, тапса, жанады, қалауын; Табылмайды, еңбексіз, ауырса, емі; Күйін, тартқанда, «Боз інген», қояды, шырылдауын, боз торғай; үйге, кірмей, достары, қайтпады, ол ,үйіне;

 

3-тапсырма. Салалас құрмалас сөйлемдерді шартты сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыр (из простого предложение составить условно сложноподчиненые предложение союзы указыны в правилах)

1.Айыпқа бұйырмаңыз, орныңызға отыра беріңіз. 2.Демалу уақыты аяқталды, жұмысшылар жұмысқа кірісті. 3.Сөз мағынасын түсінді, мазмұнын жүйелеп айтты. 4.Көмектесетін адам көп болатын, жұмысты ерте аяқтайтын. 5.Алдына қарамады, шұңқырға түсті.

 

4-Тапсырма. Мәтін оқып аудару.

 

Қазақстанның табиғи қорлары.

Табиғат – қоршаған орта. Қоршаған ортадағы - су, ауа, жел, пайдалы қазбалар, күн энергиясы, өсімдіктер, жануарлар – табиғи қорлар. Табиғи қорлар - табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, энергияның жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Жалпы Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды мынадай топтарға бөлуге болады:

1) Отын - энергетикалық қорлар
2) Минералдық қорлар
3) Климаттық қорлар
4) Су қорлары
5) Топырақ – өсімдік қорлары
6) Жануарлар дүниесінің қорлары
   Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді.

Білімді бекіту:

5- тапсырма.Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар міндетті түрде жауап береміз (ответить на данные вопросы письменно обязательно)

1. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем қалай жасалады?

3. Салалас құрмалас сөйлемнен қандай айырмашылығы бар?

 

Үйге тапсырма: Сабақтас құрмалас сөйлемге 5 мысал жазып келу.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-10-24; Просмотров: 76; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.026 сек.