Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сабақ № 20 Тема урока: Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем. Нұрлы жол-болашаққа бастар жол.




 

Топ 2С-1
Күні  

Сабақтың тақырыбы:

Тема урока: Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем. Нұрлы жол-болашаққа бастар жол.

Сабақтың мақсаты:

Цели урока:

1. Шолу

Образовательная: Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем туралы мағлұмат беру, ерекшелігіне тоқталып меңгерту, жаттығулар арқылы себеп бағыныңқы сабақтастың жасалу құрмалас сөйлемді таба білу білімдерін қалыптастыру.

2. Дамыту

Развивающая: Оқулықтағы жаттығулар мен топтық тапсырмалар арқылыөз бетінше ізденуге дағдыландыру. Алдыңғы сабақтармен байланыстыру арқылыесте сақтау қабілеттерін, сөйлеу тілдерін, ой-өрістерін дамыту, тіл байлықтарын арттыру.

 3. Тәрбиелік

Воспитательная: Сабақ барысында мәдениетті, дұрыс сөйлеуге баулу, мәтіндер мазмұны арқылы сыпайылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Тип урока: Жаңа білімді меңгерту

Сабақ түрі:

Вид урока:жаңа білім беру

Оқыту әдісі:

Метод обучение: сұрақ-жауап, кітаппен жұмыс, талдау.

Пәнаралық байланыс:

Межпредметная связь: қазақ әдебиеті

Көрнекі құралдар:

Оборудование урока: оқулық, презентация, сызбалар, қосымша тапсырмалар

Студенттер білуі керек:

Студенты должны знать: Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің ережесін және ол бойынша тапсырмаларды орындау, мәтінмен жұмыс , диалог құру.

Студенттер істей білуі керек:

Студенты должны уметь: Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің ережесін жаттауды және оған мысал келтіре отырып сөйлемді талдауды.

 

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері Оқу материалының мазмұны Оқытудың әдістемелік тәсілдері мен әдістері Оқу құралдары Уақытты мөлшерлемелеу
  Ұйымдастыру кезеңі Білім алушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. дәптер 5 мин
  Үй жұмысын тексеру Өткен тақырып бойынша берілген тапсырманы тексеру   Диалог арқылы 10 мин
  Жаңа білімді меңгерту Баяндау, ой қозғау Үлестірмелі материалдар 15 мин
  Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің айырмашылықтарын, ерекшеліктерін түсіндіру Ережені жазу   әдістемелік нұсқау 15 мин

Үзіліс – 5 минут

  Мәтінмен жұмыс жасау Ауызша оқып, жазбаша аудару дәптер 20 мин
  Жаңа тақырыпты бекіту Диалог құру сұрақ қою 10 мин
  Түсіндірме жасап, баға қою талдау   журнал 10 мин
  Үй тапсырмасы Беріліген мәтінді аудару Үлестірме материал  3 мин
  Рефлексия жазбаша Мәтімен жұмыс 2 мин

 

Сабақ барысы:

Жаңа сабақтың тақырыбы: Себеп бағыныңқы СбҚС (СПП причины)

 

Ержені дәптерге жазу (правило переписать в тетради)

 

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемнің себебін білдіреді (Придаточная часть объясняет причину или указывает обоснование действия, о котором говорится в главной части).

Сұрақтары ( вопросы): неліктен? не үшін? несі үшін? не себепті? не себептен? не деп? неге? (почему? для чего? за что ж? почему? почему? что?)

Баяндауыш тұлғалары (формы сказуемых):
ғандықтан, гендіктен, қандықтан, кендіктен, ып, іп, п, а, е, й, ғаны-гені-қаны-кені +үшін,ма-ме-па-пе-ба-бе +й, 3 шақтағы етістік +деп, ған-ген-қан-кен +соң

Мысалы: Күн жылы болғандықтан, біз серуенге шықтық, Құнанбай жайлауға көшкен соң, қалғандары да жинала бастады. Ол өзін-өзі тоқтата алмай, мәуені тағы да жеуге кірісті. Күн жылы болады деп, біз серуенге шықтық. Түнде жылқышы ұйықтап қап, қалың жылқы егіске түсіп кетті.

 

1-тапсырма: Себеп-салдар багыныңқы сабақтас сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып, багыныңқысының баяндауыштарының жасалу жолын түсіндір.(Ставьте знаки препинание СПП придаточный причины)

 

1. Бәйбіше жанымды сығып бара жатқан соң мені ашу кернеп кетті.(-қан+соң) 2. Күн ұзаққа жол жүрген соң арбада отырып аяқтары ұйып та қалған екен. (-ған+соң)

 3. Бәкен де ауылдық кеңеске мүше болып өткендіктен бұл ойларын жарыққа шығарады деп ойлап еді.(-дік+-тен)

4. Оқыған бұрынғы мамандығы механизация, электрофикация факультеті болғандықтан Строгов тегінде бұл жүрген механизмдердің көптеген көбін үйреншікті атай білетін.(-дық+-тан)

5. Таныс адам кездесер ме екен деп Жабай жер үйлерді аралап кетті. (-кен+деп) 6. Жаман қауымның жақсысы болғанша жақсы қауымның жаманы бол. (-ған+-ша)

7. Ол мезгілді уақытында келе алмай, біз біраз кешігіп қалдық. (ма+-й)

 

2-тапсырма: Құрмалас сөйлемдерді себеп бағыныңқы сабақтасқа айналдырып жазу (из сложныж предложение составить причинный придаточные предложение)


1.Өзен жағасы аздаған жарлау еді, ересек бала ақсақ баланы суға дейін көтеріп әкелді.

2.Сабақ ерте біткен соң, балалар ойын ойнауға жиналды - себеп бағыныңқы сабақтас

3.Биыл шөп қалың шықты, өйткені жаңбыр көп жауды - себеп-салдар салалас

4. Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ еді - себеп-салдар салалас

5. Әлияның жүрегі тулап кетті, себебі келген адамды ол бірден таныды - себеп-салдар салалас

3-тапсырма: Мына сөйлемдерді толықтыр.(эти предложение продолжить)

 

1. Үйде азық-түлік біткен соң, .... 2. Күні бойы далада көп жүргендіктен, ... 3. Арман озат оқушы болған соң,... . 4. Өзін-өзі тежей алмай, ... . 5. Жұмыс бітпегендіктен, .... 6. Жомарт емтиханға әзірленбеген соң,... 7. Кеш болып қалғандықтан, .... 8. Уақыты аз болған соң, ... .

 

2. ..., балалар далада ойнады. 2. ..., университетте оқи алмады. 3. ..., інісіне сәлемдеме жіберді. 4. ..., басым ауырды. 5. ..., біз Сізді көрмедік. 6. ..., жеміс- жидек алдық. 7. ..., біз қуандық. 8. ..., ерте тұрамыз.

 

4-тапсырма. Мәтінді оқып талдау және мазмұнын айтып беру.

 

 

«Нұрлы Жол –болашаққа бастар жол»


         Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол –болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы – өзінің тарихилығымен ерекшеленетін кезекті құжат. Елдің Жаңа экономикалық саясаты туралы Жолдау барша қазақстандықтар сияқты Жаңақорған халқы тарапынан да бірауыздан қолдау табуда. Өздеріңіз байқағандай, Елбасының қазақстандықтарға жолдаған жаңа Жолдауында түрлі маңызды мәселелер жан-жақты көрініс тапқан. Ұлт көшбасшысы халыққа арнаған Жолдауында 7 бағытқа айрықша назар аударған.

Бірінші.Көліктік-логистикалық инфра­құрылымдарды дамыту.
Екінші. Индустриялық инфра­құры­­­лымдарды дамыту.
Үшінші. Энергетикалық инфра­құры­лымдарды дамыту.
Төртінші.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен су- және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұ­рылымдарын жаңғырту.
Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту.
Алтыншы. Әлеуметтік инфрақұрылым­дарды дамыту.
Жетінші. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру.

Сонымен бірге Елбасы Жолдауда денсаулық, білім мәселесінің де күн тәртібінен түспейтінін айтты. Ел экономикасының дамуы көлік қатынасының өркендеуімен тығыз байланысты. Өздеріңізге белгілі, жеті бағыттың алғашқысы көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Бұл жөнінде Елбасымыз: «Қазақстандықтар салатын жаңа магистральдар біздің экономикамыз бен қоғамымызды жаңартады. Олар біздің еліміздің барлық түкпірлерін орталықпен берік байланыстырады. Жүк тасымалы жеделдейді және ұлғаяды. Ел арқылы транзит көлемі артады. Біздің азаматтарымыз заманауи және сапалы автомагистральдармен жүріп, кез келген өңірге қауіпсіз және тез жететін болады. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады, жаңа және заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді...»,–деп Жолдауда нақты айтты. Бұл бағытта біздің ауданымызда да біршама жұмыстар атқарылды. Соның бірі ағымдағы жылы автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарына 36 551,0 мың теңге қаржы бөлініп, 34,538,0 мың теңгесі игерілді. Ал келер жылы Жайылма, Байкенже, Қаратөбе, Қожамберді, Кеңес, Жаңарық елді мекендерінің ауылішілік көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмекші.

 

Үйге тапсырма: Венн диаграммасыарқылы себеп-салдар салалас және себеп бағыныңқылы сабақтастың сырттай ұқсастықтарын және іштей өзгешіліктерін табу.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-10-24; Просмотров: 68; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.006 сек.