Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сабақ № 21 Тема урока: Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем. Тоқтар Әубәкіров.




 

Топ 2С-1
Күні  

Сабақтың тақырыбы:

Тема урока: Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем. Тоқтар Әубәкіров.

Сабақтың мақсаты:

Цели урока:

1. Шолу

Образовательная: Мезгіл бағыныңқы сабақтас туралы түсінік бере отырып, оқушылардың ойлау қабілетін арттыра отырып, негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету

2. Дамыту

Развивающая: Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіру.

3. Тәрбиелік

Воспитательная: Сабақ барысында мәдениетті, дұрыс сөйлеуге баулу, мәтіндер мазмұны арқылы сыпайылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Тип урока: жаңа білімді меңгерту

Сабақ түрі:

Вид урока:жаңа білім беру

Оқыту әдісі:

Метод обучение: сұрақ-жауап, топтастыруталдау.

Пәнаралық байланыс:

Межпредметная связь: қазақ әдебиеті, тарих

Көрнекі құралдар:

Оборудование урока: оқулық, үлестірмелі материалдар

Студенттер білуі керек:

Студенты должны знать: Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің ережесін және мәтінмен жұмыс, диалог құру.

Студенттер істей білуі керек:

Студенты должны уметь: Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемдерді меңгереді. Қандай мақсатта қолдануды біледі.

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері Оқу материалының мазмұны Оқытудың әдістемелік тәсілдері мен әдістері Оқу құралдары Уақытты мөлшерлемелеу
  Ұйымдастыру кезеңі Білім алушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. дәптер 5 мин
  Үй жұмысын тексеру Өткен тақырып бойынша берілген тапсырманы тексеру   Диалог арқылы 10 мин
  Жаңа білімді меңгерту Баяндау, ой қозғау Үлестірмелі материалдар 15 мин
  Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің айырмашылықтарын түсіндіру Ережені жаттау   әдістемелік нұсқау 15 мин

 

Үзіліс – 5 минут

  Мәтінмен жұмыс жасау Ауызша оқып, жазбаша аудару дәптер 20 мин
  Жаңа тақырыпты бекіту Диалог құру сұрақ қою 10 мин
  Түсіндірме жасап, баға қою талдау   журнал 10 мин
  Үй тапсырмасы Беріліген мәтінді аудару Үлестірме материал  3 мин
  Рефлексия жазбаша Мәтімен жұмыс 2 мин

 

Сабақ барысы:

Өткен сабақты пысықтау.(ответь на эти вопросы письменно)

Лездік сұрақтар.

1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2. Салалас құрмалас дегеніміз не?

3. Ыңғайлас салалас дегеніміз не?

4. Қарсылықты салалас дегеніміз не?

5. Себеп-салдар салалас дегеніміз не?

6. Түсіндірмелі салалас дегеніміз не?

7. Талғаулықты салалас дегеніміз не?

8. Кезектес салалас дегеніміз не?

9. Сабақтас құрмалас дегеніміз не?

10. Шартты бағыныңқы сабақтасты ата?

11. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас дегеніміз не?

Берілген ережені дәптерге жазып алу (даннон правило записать в тетради)

 

Бүгінгі біздің грамматикалық тақырыбымыз: Сабақтас құрмалас сөйлем. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем. (СПП времени)

 

Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына

 

бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы: Емтихан тапсырғаннан кейін, үйге барамыз. Сабақтас құрмалас сөйлемнің алты түрі бар.

 

Мезгіл бағыныңқы – бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіреді. Қашан?, қашаннан бері?, қашанға шейін? деген сұрақтарға жауап береді.

Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемнің баяндауышы мынадай жолдармен жасалады.

4. Мезгіл бағыныңқы СбҚС (СПП времени)
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің мезгілін білдіреді.
(Придаточное предложение уточняет время протекания
действия главного предложения)
Сұрақтары: қашан? қай кезде? қашаннан бері? қашанға дейін?
Баяндауыш тұлғалары (формы сказуемых):ғанда, генде, қанда, кенде ; ғанға-генге-қанға-кенге + дейін, шейін,ғаннан-геннен-қаннан-кеннен + кейін, соң ; ған-ген-қан-кен +сайын;

1-тапсырма.Мына шашыраңқы сөздерден, мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем құраңыздар (из разбросанных этих слов составьте предложение)

 

1.Мереке, тазартылып, ағаштар, соң, бұлақтар, отырғызылған, басталды.
2. Қолданылған, ұйқысынан, мынадай, адамдар, қызық, оянған, дәстүр, соң.
3. Әзірлеген, құрғанша, бойжеткендер, алтыбақан, көже, жігіттер, наурыз.
4. Жарысқа, палуандар, дайындалуда, өнерпаздар, салғанша өнерлерін, ортаға.

2- Тапсырма. Мәтінді оқып аудару және мазмұнын талдау (текст перевести и анализировать содержание)

 

Жоспары:

1. Еліміздің тұңғыш ғарышкері Т.Әубікіров өмірі туралы.

2. Оның ұшқыш болуна не түрткі болды?

3. Бал ұшқыштың арманына жету.

4. Мәтінтінді оқып талдау және мазмұнын айтып беру.

 

Тоқтар Әубәкіров


       Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысының Бірінші Май ауылында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған, шешесі мен апасының тәрбиесінде болған. Ал әкесі Оңғарбай мен анасы Кәмила ұста болған адамдар. Түптеп келгенде, ол кісі қаз дауысты Қазыбек бидің ұрпағы боп табылады екен.

Халық қаһарманының ұшқыш болатыны, негізінен, әу бастан, болжанған. Оған анасының көрген түсі түрткі болыпты. Түсінде анасына әлдеқайдан шыққан бір дауыс "ұста қолыңа, мынаны" дептi. Ал қолын ашып қараса, аппақ бiр әдемi көбелек отыр екен. Сондықтан анасы баласын "әппақ көбелегiм" деп еркелетiп кетіпті. Өзі де жиі еститін бұл сөздерден соң ұшуды қатты армандапты. Содан кейін де кішкене күнінде бос уақытында ол аэроклуб үйірмесіне қатысып, парашюттен секіруге әуестенеді.

Кейін орта мектепті бітірген соң, Армавирдегі ұшқыштар училищесіне оқуға түседі. Бастапқыда анасы бұдан хабардар болмайды. Оны туыстары арқылы анасына жеткізеді. Жалғыз ұлының қасында болмайтынын білген ана қатты қамығып, ақырында батасын берген. "Сен туғанда-ақ ұшқыш болатыныңды сезген ем. Қайтейiн, қимасам да бетiңнен қақпаймын. Дегенiңе жет, балам!" деген екен анасы.

 

САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ БОЙЫНША

ТЕСТ № 1

1. Себеп бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.
А) Аспанда тұтас бұлт сиреп, жұлдыздар көріне бастады.
В) Сөйлесуге тіл жоқ: Есенейден бата алмайды.
С) Қазақ мақалы бар:асыл тастан, өнер жастан.
Д) Мен қорықпаймын, өйткені әжем кеше айтып берген.
Е) Қасқыр енді мұнын айғайын елемейтін болған соң, Иса басқа бір тәсілге көшті.
2. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Ербол ғана сүйеп қалып, зорға дегенде буынын бекітті, бірақ сонда да өзін-өзі аңғармады.
В) Қысқы үкідей аппақ болып, ұзақ күндер ұзақ жортып, көбінесе үнсіз жортып, Омбы
қаласына бүгін келіп кірді.
С) Сиырда аунамақ жоқ, тамда белдеу жоқ, таста тамыр жоқ, суда қаймақ жоқ.
Д) Қуаты – ақындық, үміті – халық. Е) Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.
3. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.
А) Қайраттан қанша жасқанса да, бүгін тәуекел етіп жолығуға келе жатыр еді.
В) Біз үйден шыққанда, күн де сәскелікке жақындап еді.
С) Құс жоғары-төмен ұшып, бір қанатын сабалап қаша берді.
Д) Жасында жаттықтыра алмасаң, өскенде бастықтыра алмайсың.
Е) Біреу зәбір етсе, сен сабыр ет.
4. Сабақтас құрмаластағы бағыныңқы сөйлемнің орын тәртібін анықтаңыз.
«Өзі, сол қағаз келгелі, қынжылып жүрген».
А) Басыңқы сөйлемнің алдында.
В) Басыңқы сөйлемнен кейін.
С) Басыңқы сөйлемнің ортасында.
Д) Басыңқы сөйлемнің екі жағында.
Е) Басыңқы сөйлемнің алдында да, кейін де.
5. Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
А) Абай Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып, атын шоқыта, сар желіске сала жөнелді.
В) Еңбексіз ауырса, емі табылмайды.
С) Дәркембайдың жүрісі тығыз екен, шешінбеді.
Д) Өткенге топырақ шашсақ, болашақ саған тас атады.
Е) Көз – ақылдың, ақыл – ұжданың, ұждан – рухтың бақылау тетігі.
6. Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың сұрауларын табыңыз.
А) Қайтсе? Не етсе? В) Қашаннан бері? Қайтіп?
С) Не етпек болып? Қалай? Д) Қайтсе де? Қайткенмен? Е) Қалайша? Неліктен?
7. Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтастың қай түрі екенін анықтаңыз.
«Бұл сөздер көңіліне жаққандықтан, кітап сөзіндей етіп, Нұрлан есіне сақтапты.» .
А) Сатылы көп бағыныңқылы. В) Әр алуан жарыспалы. С) Қарсылықты бағыныңқылы.
Д) Бірыңғай жарыспалы. Е) Шартты бағыныңқылы.
8. Бағыныңқысының баяндауышында «майынша» жұрнағы бар сабақтас қай түріне жатады?
А) мақсат бағыныңқы В) мезгіл бағыныңқы С) қарсылықты бағыныңқы
Д) қимыл-сын бағыныңқы Е) шартты бағыныңқы
9. Сатылы көп бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.
А) Егер бұл тулап, бойды үркітіп жүргенде, Ұлжан көріп қойса, жаман болады.
В) Ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай, ерлердің ісі бітер ме?
С) Қыс түсті, қара аттың тізесінен суырынды бұрқыратып, шілденің тозаңындай көтерілді.
Д) Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле.
Е) Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.
10. –ғандықтан-гендіктен- қай сабақтас құрмалас сөйлемнің жұрнақтары?
А) шартты В) қарсылықты С) себеп-салдар Д) мезгіл Е) мақсат

 

 

Үйге тапсырма.

1. Жаңа сөздерді пайдалана отырып, мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмаласқа 3 сөйлем жазыңыздар.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-10-24; Просмотров: 82; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.032 сек.