Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сабақ № 19 Тема урока: Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем. Қазақстан Республикасының Президенті.




 

Топ 2С-1
Күні  

Сабақтың тақырыбы:

Тема урока: Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем. Қазақстан Республикасының Президенті.

Сабақтың мақсаты:

Цели урока:

1. Шолу

Образовательная қарсылықты салалас және қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың ұқсастықтарын және өзгешеліктерін меңгерту;

2. Дамыту

Развивающая: ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту, құрмалас сөйлем туралы алған білімдерін жүйелеу, жинақтау;

 3. Тәрбиелік

Воспитательная: Білім алушыларды сауаттылықа, ұқыптылыққа, білімге құштарлыққа, тіл құдіретін сезіну білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Тип урока: Жаңа білімді меңгерту

Сабақ түрі:

Вид урока:аралас сабақ  

Оқыту әдісі:

Метод обучение: сұрақ-жауап, топтастыру, дамыта оқыту.

Пәнаралық байланыс:

Межпредметная связь: қазақ әдебиеті

Көрнекі құралдар:

Оборудование урока: оқулық, презентация, сызбалар, қосымша тапсырмалар

Студенттер білуі керек:

Студенты должны знать: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің ережесін және ол бойынша тапсырмаларды орындау, мәтінмен жұмыс , диалог құру.

Студенттер істей білуі керек:

Студенты должны уметь: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің ережесін жаттауды және оған мысал келтіре отырып сөйлемді талдауды.

 

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері Оқу материалының мазмұны Оқытудың әдістемелік тәсілдері мен әдістері Оқу құралдары Уақытты мөлшерлемелеу
  Ұйымдастыру кезеңі Білім алушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. дәптер 5 мин
  Үй жұмысын тексеру Өткен тақырып бойынша берілген тапсырманы тексеру   Диалог арқылы 10 мин
  Жаңа білімді меңгерту Баяндау, ой қозғау Үлестірмелі материалдар 15 мин
  Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің айырмашылықтарын, ерекшеліктерін түсіндіру Ережені жазу   әдістемелік нұсқау 15 мин

 

Үзіліс – 5 минут

  Мәтінмен жұмыс жасау Ауызша оқып, жазбаша аудару дәптер 20 мин
    Жаңа тақырыпты бекіту Диалог құру сұрақ қою 10 мин
    Түсіндірме жасап, баға қою талдау   журнал 10 мин
  Үй тапсырмасы Беріліген мәтінді аудару Үлестірме материал  3 мин
  Рефлексия жазбаша Мәтімен жұмыс 2 мин

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

II Үй жұмысын тексеру.

1) Шартты бағыныңқылы сабақтас дегеніміз не?

2) Шартты бағыныңқылы сабақтас құрамындағы жай сөйлемдер қалай байланысады?

3) Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем сыңарларының арасына не қойылады?

 

Жаңа сабақтың тақырыбы: Қарсылықты бағыныңқы СбҚС (СПП противительные

 

1- Тапсырма. Ережені жазып алу (списать правило)

Басыңқыдағы іске бағыныңқыда айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойыла айтылған сабақтастықарсылықты бағыныңқы сабақтасдейміз.(Главное и подчинительное предложения противопоставлены друг другу).

Сұрақтары (вопросы): қайтсе де? не етсе де? қайткенмен? не еткенмен? қайтпесе? не етпестен? не істесе де? не етпейінше? т.б.
Жұрнақтары мен шылаулары (суффиксы и частицы): са да, се де, ғанмен, генмен, қанмен, кенмен, а-е-й + тұра, тұрып,ғанына- геніне-қанына-кеніне+қарамай, қарамастан, ғаны-гені-қаны-кені + болмаса, ғанша, генше, қанша, кенше Мысалы: Мен қанша тесіле қарасам да, Маржан маған назар аудармады. Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл. Марат кешірім сұрағанын біле тұра, ол райынан қайтпады. Ахмет аяғы үсігеніне қарамастан, күндіз-түні еңбектеді. Қыстың келгені болмаса, қар жаумады. Далаға шығып жаурағанша, үйде отыр.

2-тапсырма: Көшіріп жазып, қарсылықты бағыныңқы сөйлем баяндауыштарының астын сызыңдар да, жасалу жолын түсіндіріңдер (Задание спишите и укажите противительные ССП)

Әлдене қызы болғанмен, Салтанаттың өзіне Абайды кепілге бермейтін болыпты . Жасы менімен шамалас бола тұра, ақылы, мінезі, жүрегімен ел ағасына ұқсайды . Тентек төренің мына зұлымдығына жаны күйзелген Малдыбай қарт өзінің сырқаттанып жатқанына қарамастан, атқа қоныпты . Дайрабай: «Мал бағып, егін салып, әуре болғанша, сол дұғаны неге оқып отыра бермейміз?» - депті . Наурыз туса да, қыстау адырлары әлі қыстың қатаң кәрінде болатын . Ара-тұра шоқтала өскен сексеуілдерге үйірілген құм төбелер болмаса, бұл тақырда көз тоқтатарлық ешнәрсе жоқ .

3-жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп жаз. Басыңқыдан багыныңқыга қаратып қойылатын сұрауды жақша ішінде көрсет.(перепишите предложние и укажите противительные ССП)

Үлгі: Күн салқын болғанмен (қайткенмен?), жатақхана жылы.

1.Күн салқын болғанмен, жатақхана жылы. 2. Бұлт болса да,(Қайтсе де? -са да) жаңбыр жауған жоқ. 3. Бұл күні Құнанбай өлсе де, (Қайтсе де -се де) құнанбайлық құрымапты (М.Әуезов). 4. Менің бойым өскенмен, (Қайткенмен? -кен+мен) ойым піскен жоқ (с.Мұқанов). 5. Оқу қиын болса да, (Қайтсе де? -са да) өте жақсы оқитын студенттер көп. 6. Туысқан бола тұра, (Қайте тұра? -а тұра) екеуі жат адамдар секілді. 7. Әкесінің рұқсаты бола тұра, (Не ете тұра? -а тұра) Гүлнәр Байжанды үйіне түсірмеді (С.Мұқанов). 8. Абайдың әкесі қатыгез болғанмен, (Не еткенмен? -ған+мен) шешесі қайырымды адам болатын. 9. Менің бос емес екенімді біле тұра,(Не ете тұра? -е тұра) көмекке шақырасың. 10. Ол бұрын біздің үйде болғанмен, (Қайткенмен? -ған+мен) үйімізді әрең тапты. 11. Қымбат болса да, (Қайтсе де? -са да) мына тонды ал. 12. Уақытың болмаса да, (Қайтсе де? -са да) телефон соғып тұр.

4-тапсырма. Мәтінді оқып аудару және талдау (текст перевести и анализировать).

 

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті

 

Мақсаты: Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келді. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».

Анасы-Әлжан, әкесі-Әбіш. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 ж қайтыс болды. Ал анасы 1977 жылы дүниеден өтті.

Нұрсұлтанның балалық шағы таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына , бау- бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, аз-маз өнімдерін сатып, үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару деген керемет мереке саналатын. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Нұрсұлтан сабағын өте жақсы, кілең беспен оқыды. Өте зейінді, зерек бала болды. Мұғалімнің айтқан бір сөзін де қағас жібермей, қағып алып отыратын

Нұрсұлтанды үйде Сұлтан дейтін. Сұлтан ақылды, жақсы бала болып өсті. Үй ішіне де, әке-шешесіне де жайлы. Әкесінің бір сөзін екі етпейтін. Сол үйдегі баланың үлкені болғаннан кейін қарды күреу, отынды жару, көктемде бау-шарбақ отырғызу сияқты барлық жұмыстар Сұлтанның мойнында еді. Ол анау-мынау деп қиқаңдап, кейбір балаларша жұмыстан қашпайтын, сабағын да үлгеріп үздік оқитын. Әке-шешеге жасынан қайырымды, мейірімді болды.

 

5-тапсырма. Тестпен жұмыс

 

1. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемнің жасалу жолы:

А) шартты райлы етістік жұрнағы арқылы

Б) тұйық етістік жұрнағы арқылы

В) қалау рай жұрнағы арқылы

Г) жалғаулық шылау арқылы

2. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас есімшенің қандай жұрнақтары арқылы жасалады?

А)- атын,-етін

Б) –мақ,-мек

В) –ғанша,-генше

Г) –майынша,-мейінше

3. Келер шақ есімшенің болымсыз түріне қандай септік жалғауы жалғану арқылы жасалады?

А) Ілік

Б) Барыс

В) Жатыс

Г) Шығыс

4. Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың сұрақтары

А) Қашан? Қашаннан бері?

Б) Неліктен? Не себепте?

В) Не үшін? Неге?

Г) Қайтсе де? Не етпестен?

IV. Сабақты қорытындылау.

Бүгін мен сабақта .... үйрендім.

Маған.... оңай болды.

Маған.... қиын болды.

Енді мен .... өзім орындай аламын.

V. Үй тапсырмасын беру.

Ережені жаттау.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-10-24; Просмотров: 76; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.037 сек.