Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сабақ № 9 Тема урока: Салалас құрмалас сөйлем. Абылай хан.




Топ 2С-1
Күні  

Сабақтың тақырыбы:

Тема урока: Салалас құрмалас сөйлем. Абылай хан.

Сабақтың мақсаты:

Цели урока:

1. Шолу

Образовательная: Салалас сөйлем және оның түрлері жөнінде білімдерін тереңдете отырып, практикада салалас түрлерін құрмалас сөйлемнің басқа түрлерінен ажырата білуге жаттықтыру.

2. Дамыту

Развивающая: Білім алушылардың ой-өрісін, таным деңгейін кеңейте отырып, еріктілік, өз күшіне сенуін қалыптастыру, өткен тақырып пен жаңа тақырыпты өздігінен іздене отырып байланыстыра білу дағдысын қалыптастыру.

3. Тәрбиелік

Воспитательная: Ана тілін сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.Сабақтың типі:

Тип урока: білік пен дағдыны қалыптастыру.

Сабақ түрі:

Вид урока: жаңа сабақ

Оқыту әдісі:

Метод обучение: сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма, сын тұрғысынан ойлау

Пәнаралық байланыс:

Межпредметная связь: қазақ әдебиеті, тарих

Көрнекі құралдар:

Оборудование урока: үлестірмелі карточкалар, мәтіндер.

Студенттер білуі керек:

Студенты должны знать:Салалас құрмалассөйлемнің түрлері туралы және ажырата білуді және олардың жасалу жолдары, оның сөйлемдегі қызметі туралы білу керек

Студенттер істей білуі керек:

Студенты должны уметь:Салалас құрмалассөйлемдерге сөйлем құрастыруды және мысал келтіре білуді.

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері Оқу материалының мазмұны Оқытудың әдістемелік тәсілдері мен әдістері Оқу құралдары Уақытты мөлшерлемелеу
  Ұйымдастыру кезеңі Білім алушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру. дәптер 5 мин
  Үй жұмысын тексеру Берілген тақырып бойынша тексеру   Сұрақ-жауап 10 мин
  Жаңа білімді меңгерту Баяндау, ой қозғау Үлестірмелі материалдар 15 мин
    Салалас құрмалас сөйлемнің мүшелерін таныстыру, оның ерекшеліктерін түсіндіру Мәтінмен жұмыс әдістемелік нұсқау 15 мин

 

Үзіліс – 5 минут

    Мәтінмен жұмыс жасау Ауызша оқып, жазбаша аудару дәптер 20 мин
    Жаңа тақырыпты бекіту Диалог құру сұрақ қою 10 мин
    Түсіндірме жасап, баға қою талдау   журнал 10 мин
  Үй тапсырмасы Синтаксисті қайталау   оқулық  3 мин
  Рефлексия жазбаша Үлестірмелі материал 2 мин

 

Сабақтың барысы :

Үй тапсырмасын тексеру:

«Көпір тапсырмалары»

( өткен сабақты еске түсіру)

1.Сөйлем дегеніміз не? Ол айтылу мақсатына қарай қалай бөлінеді?

2.Сөйлем құрылысына қарай қалай бөлінеді? Жай сөйлем дегеніміз не?

3.Жай сөйлемнің түрлерін ата.Жақты, жақсыз сөйлем дегеніміз не?

4.Жалаң, жайылма сөйлем дегеніміз не?

5.Толымды, толымсыз сөйлем дегеніміз не?

6.Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Ол қалай бөлінеді?

Жаңа сабақ: Салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік.

Құрамындағы жай сөйлемдері өзара тәуелсіз, тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемді салалас құрмалас сөйлем дейміз. Мыс: Табыс өзінен – өзі келмейді, оны қажырлы еңбекпен жеңіп алу керек.(1. Табыс өзінен-өзі келмейді. 2. Оны қажырлы еңбекпен жеңіп алу керек. )

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері :

1.Ыңғайлас салалас

2. Түсіндірмелі салалас

3. Қарсылықты салалас

4. Себеп- салдар салалас

5. Талғаулы салалас

6. Кезектес салалас

 

 

1-тапсырма: Схема бойынша сөйлемдер құрастыру.( составление предложений по схеме).

 

1.——————–:——————.

2. ——————-,- ——————.

3. ——————- және ————-.

· —————, бірақ ————–.

· Кейде ——–, кейде ———–.

· ——— сонша- —————–.

 

 

2-тапсырма: Көп  нүктенің орнына сөйлемдер жазып, салалас құрмалас құрау.

 

Биыл қыс жай түсті, —————————————–

———————————сонша- бірнеше адам үсікке шалдығыпты.

Сөздің көркі – мақал, ———————————

———————————, көп көргеннен сұра.

Жаяуға үш тарау жол кездесті: ———————

Жел саябырлаған сияқты,- ————————–.

 

 

Мәтінмен жұмыс. «Абылай хан»

4-тапсырма: Мәтін оқып аудару және мазмұнын талдау.

(Мәтінде қанша сөйлем бар, жай сөйлем қанша, оның қай түрі, құрмалас сөйлем қанша бар екенін және 1 -сөйлемге синтаксистік талдау.) (Сколько предложений есть в тексте, сколько простого предложения, какой его вид, сколько сложного предложения и синтаксический анализ предложения 1.)

 

1.Абылай-қазақ хандығының аса көрнекті саяси және мәдени қайраткері.

2.Абылайдың ішкі саясаты.

3.Абылайдың Ресеймен қарым- қатынасы.

4.Қазақ- жоңғар қатынасы.

5.Абылайдың қазақ жерін біріктіру жолындағы күресі.

 

Абылайдың өмірі мен қайраткерлік жолы. Абылай хан (Әбілмансұр)-қазақтың ұлы хандарының бірі, сондай-ақ аса көрнекті мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат.

 Ол 1711 жылы Уәлидің шаңырағында дүниеге келген.Әбілмансұрдың

 әкесі Уәли Түркістанды билеп тұрған кезінде,  алайда бір шайқаста қаза тапқан. Жау қолынан туған-туыс, үй іші қырылғанда ханның сенімді

көмекшілерінің арқасында Әбілмансұр ғана аман қалады.Абылай қайтыс болғанан кейін хан тағына оның үлкен ұлы Уәли отырады, бірақ

ол өзінің атақты әкесінең бастаған ісін жалғастырып ала кете алған жоқ. Шыңғыс тұқымының арасындағы алауыздық салдарынан шиеліністі

айтыс- тартыс басталды. Сонымен 1795 жылғы қаңтарда 2 сұлтан,

 19 старшин және 120 мыңнан астам қазақ дегенмен, II Екатерина атына өтініш жолдап, өздерін орыс императорына тікелей бағынатын етіп қол астына қайтадан алуды сұрайды. Абылай хан қазақ халқының тарихында, сондай-ақ ерекше маңызды орын алады.

 

5-тапсырма. Білімді бекіту кезеңі // Тест


1. Салалас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.

А) Кезектес В) Мезгіл С) Мекен D) Мақсат Е) Себеп
2. Кезектес салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.
А) Немесе В) Және С) Кейде D) Себебі Е) Сөйтсе де
3. Кезектес салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.
А) бірақ В) та С) бірде D) немесе Е) әйтпесе
4. Кезектес салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.
А) өйткені В) сонда да С) біресе D) бірақ Е) әйтпесе

5. Кезектес салаластың ережесін табыңыз.

 А) Құрамындағы жай сөйлемдері берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салаластың түрі.

В) Құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс, оқиға екіншісіндегі іс, оқиғаға қарама — қарсы болатын салаластың түрі.
С) Құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін ой өзара мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде айтылған салаластың түрі.

Д) Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салалас құрмаластың түрі

Е) Құрамына енген сөйлемдердегі іс — әрекеттің біреуі ғана орындалатын құрмаластың түрі.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-10-24; Просмотров: 100; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.02 сек.