Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сабақ № 5 Тема урока: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Сән үлгілері.




 

Топ 2С-1
Күні  

Сабақтың тақырыбы:

Тема урока: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Сән үлгілері.

Сабақтың мақсаты:

Цели урока:

1. Шолу

Образовательная: Қосымша бірыңғай мүшелердің әрқайсысына немесе соңғы сөзіне ғана жалғанатынын байқату және олардың тыныс белгілерін таныту.

2. Дамыту

Развивающая: Білім алушылардың танымын кеңейту, дәлелді сөйлеуін дамыту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

 

3. Тәрбиелік

Воспитательная: Өз- өзіне сенімділіктерін арттыру, табиғат туралы сөйлемдер арқылы табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Тип урока: Білім, іскерлік, дағдыны қолдану сабағы

Сабақ түрі:

Вид урока: аралас сабақ

Оқыту әдісі:

Метод обучение: түсіндіру, сұрақ- жауап, жаттығу, іздену, жүйелеу.

Пәнаралық байланыс:

Межпредметная связь: қазақ әдебиеті, тарих

Көрнекі құралдар:

Оборудование урока: тірек сызбалар, үлестірмелі парақшалар, ойын- жаттығу,

Студенттер білуі керек:

Студенты должны знать:Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін ажырата білуді және олардың жасалу жолдары, оның сөйлемдегі қызметі туралы білу керек

Студенттер істей білуі керек:

Студенты должны уметь:Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін және қай сөйлем мүшесіне жататының анықтау

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері Оқу материалының мазмұны Оқытудың әдістемелік тәсілдері мен әдістері Оқу құралдары Уақытты мөлшерлемелеу
  Ұйымдастыру кезеңі Білім алушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру. психологиялық дайындық дәптер 5 мин
  Үй жұмысын тексеру Берілген тақырып бойынша тексеру   Сұрақ-жауап 10 мин
  Жаңа білімді меңгерту Баяндау, ой қозғау Үлестірмелі материалдар 15 мин
    Қосымша бірыңғай мүшелерімен таныстыру, оның ерекшеліктерін түсіндіру Мәтінді аудару әдістемелік нұсқау 15 мин

 

Үзіліс – 5 минут

  Мәтінмен жұмыс жасау Ауызша оқып, жазбаша аудару дәптер 20 мин
  Жаңа тақырыпты бекіту Диалог құру сұрақ қою 10 мин
  Түсіндірме жасап, баға қою талдау   журнал 10 мин
  Үй тапсырмасы Жазбаша талдау   оқулық  3 мин
    Рефлексия жазбаша   Үлестірмелі материал 2 мин

Сабақтың барысы: Жаңа сабақ.

 

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері (Однородные члены предложения)

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері — сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаратын, бір ғана сұраққа жауап беретін, көбінесе бір тұлғада, бір сөз табынан жасалып, бір ғана сөзге қатысты болатын сөздер тобы. Сөйлемнің барлық мүшелері де сөйлемнің бірыңғай мүшелері бола алады.
Сөйлемнің барлық мүшесі де: бастауыш та, баяндауыш та, толықтауыш та, анықтауыш та, пысықтауыш та бірыңғай мүше бола алады. Мысалы: Ел жата Есбол, Еламан, Рай келді. Шиделі күпілі, сенсең тымақты бұжыр қара кісі ат үріккен жаққа жылан көзін жылдам тастады да, тізгінін сәл тежеді. (Ә. Н.)

 

1-тапсырма. Мәтінді оқып мазмұнын талдау. Білім алушыларды сән үлгілерімен таныстыру (Прочитать текст и анализировать содержания и ознакомиться с модными образцами).

 

Қазіргі кезде кез келген адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіндігі бар. Тіге білетін және осы іске қызыққан адам өзіне ыңғайлы және сәнді бұйым тігіп кие алады.

Киім өзінің бастамасын алғашқы қауымдағы шөптен жасалған белдік байламдардан, жануар терісінен денесіне жапқан жабулардан алады. Киімді суықтан, ыстықтан, жараланудан, сырып кетуден сақтап қалу үшін киді. Киім үшін тек тікелей табиғаттан алынатын, өңдеуді қажет етпейтін материалдарды ғана пайдаланған. Мұндай киім қарапайым болған және не жыныстық не әлеуметтік жағынан айырмашылығы болмаған. Тарихи кезеңдерге байланысты адам қауымдарға бөліне бастағаннан кейін, киімді түрлі жыныстық, әлеуметтік, мүліктік белгілері бойынша бөліп қарау туындады. Осыған орай, костюм өзінің жетілуінің ерте кезеңінен бастап адамның қоғамдық өмірінде болып жатқан барлық өзгерістерін көрсетеді.
Сән ( франц. Moda, лат. Modus – өлшем, әрекет тәсілі)- киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі.
Костюм ( франц. Costume – киім - кешек ) – белгілі бір ұлттың, дәуірдің, әр түрлі қоғамдық топтардың тұрақты киім үлгісі. Киім үлгілерінің пішіндерінің алмасуы қоғаммен бірге өзгеретін әр дәуірдің эстетикалық идеалын, көркемдік бейнесін көрсетеді.
Стиль ( лат. Stylus) – мәнер, сипат, ерекшелік. Сонымен қатар стиль сол дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым - қатынасын көрсететін тұрақты, анық, ерекшеленген дәуір тілі.
Киімде бірнеше: классикалық, спорттық, романтикалық және фольклорлық стильдер болады.
Классикалық стиль – келісті, іскерлі, элеганттты (өзгермейтін стиль) салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін киім түрлері кіреді.
Оның негізгі белгілері – форманың тұрақтылығы, адамды іскер, ұстамды етіп көрсету, мінсіздігі, қолайлылығы, беріктігі.
Ерлердің классикалық киімдеріне – костюм шалбар немесе тек шалбардың өзі, жакет - костюм, ағылшын пальтосы, плащ, ал әйелдердің классикалық киіміне – жеңді көйлек жакетімен, белдемше, блузка немесе жакет, шалбар мен жакет - жейде кіреді. Қазіргі кезде классикалық киімдер аясы ерлер үшін де, әйелдер үшін де трикотаж күртешелердің ештеңеге міндеттемейтін еркін түрлерінің енуіне байланысты біршама кеңеюде.

2-тапсырма. Осы берілген мәтін бойынша сұрақтар жауап беріндер?

 

1. Адамдар киімді не үшін киеді?

2. Киімге қандай материалдарды пайдаланған?

3. Адамдар қай кезеңге байланысты киіне бастады?

4. Сән дегеніміз не?

5. Костюм ненің үлгісі және ненің бейнесін көрсетеді?

6. Стиль дегеніміз не?

7. Стильдің неше түрі болады?

8. Сендер қандай стиль қалар едіңдер?

9. Ерлер мен әйелдердің классикалық киімдеріне не жатады?

 

3-тапсырма. Мәтінен киім түрлерін теріп жазыңдар (с текста выписать вид одежды).

Мысалы: шалбар,

 

4-тапсырма. Берілген сөздерді септеу (написать по падежам):

 

Киім,            сән,                   стиль,                      костюм.

 Сабақты бекіту.

Дұрыс па, бұрыс па? (ответить на вопросы правильный или неправильный)
1. Сөйлем мүшесі дегеніміз – сөйлем құрамында нақты сұраққа жауап беретін мағыналы сөз.
2. Жеке сөзден жасалған сөйлем мүшесі сөйлемнің күрделі мүшесі деп аталады.
3. Бастауыш - сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.
4. Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады.
5. Екі немесе одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесі дара мүше деп аталады.
6. Жайылма сөйлем бастауыш пен баяндауыштан тұрады.
7. Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беретін сөйлем мүшелерін бірыңғай мүшелер дейді.

Сабақты қорытындылау. Бүгінгі сабақта нені білдіңдер? Нені үйрендіңдер? Сөйлемнің бірыңғай мүшесі деген не? Олар бір - бірімен қалай байланысады? Мысал келтір.
Үйге тапсырма: ережені жаттау және 3 сөйлем құрастыру.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-10-24; Просмотров: 60; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.016 сек.