Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сабақ № 6 Тема урока: Жақты сөйлем. Жақсыз сөйлем. Қазақстанның жер аймағын аралаймыз.




 

Топ 2С-1
Күні  

Сабақтың тақырыбы:

Тема урока: Жақты сөйлем. Жақсыз сөйлем. Қазақстанның жер аймағын аралаймыз.

Сабақтың мақсаты:

Цели урока:

1. Шолу

Образовательная: Жақты , жақсыз сөйлемдердің жасалу жолдарын меңгерту және олардың тыныс белгілерін таныту.

2. Дамыту

Развивающая: Білім алушылардың танымын кеңейту, дәлелді сөйлеуін дамыту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

3. Тәрбиелік

Воспитательная: Білім алушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін ояту, ата-ананы, отбасын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Тип урока: Білім, іскерлік, дағдыны қолдану сабағы

Сабақ түрі:

Вид урока: жаңа сабақ

Оқыту әдісі:

Метод обучение: түсіндіру, сұрақ- жауап, жаттығу, іздену, жүйелеу.

Пәнаралық байланыс:

Межпредметная связь: қазақ әдебиеті, тарих

Көрнекі құралдар:

Оборудование урока: тірек сызбалар, үлестірмелі парақшалар, ойын- жаттығу,

Студенттер білуі керек:

Студенты должны знать:Сөйлемнің жақты және жақсыз түрлерін ажырата білуді және олардың жасалу жолдары, оның сөйлемдегі қызметі туралы білу керек

Студенттер істей білуі керек:

Студенты должны уметь:Жақты және жақсыз сөйлемдерге сөйлем құрастыруды және мысал келтіре білуді.

 

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері Оқу материалының мазмұны Оқытудың әдістемелік тәсілдері мен әдістері Оқу құралдары Уақытты мөлшерлемелеу
  Ұйымдастыру кезеңі Білім алушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру. дәптер 5 мин
  Үй жұмысын тексеру Берілген тақырып бойынша тексеру   Сұрақ-жауап 10 мин
  Жаңа білімді меңгерту Баяндау, ой қозғау Үлестірмелі материалдар 15 мин
    Жақты және жақсыз сөйлем мүшелерін таныстыру, оның ерекшеліктерін түсіндіру Мәтінмен жұмыс әдістемелік нұсқау 15 мин

 

Үзіліс – 5 минут

    Мәтінмен жұмыс жасау Ауызша оқып, жазбаша аудару дәптер 20 мин
    Жаңа тақырыпты бекіту Диалог құру сұрақ қою 10 мин
    Түсіндірме жасап, баға қою талдау   журнал 10 мин
  Үй тапсырмасы Жазбаша талдау оқулық  3 мин
  Рефлексия жазбаша Үлестірмелі материал 2 мин

Сабақтың барысы:

Жаңа сабақты түсіндіру.

Жақты сөйлем дегеніміз – бастауышы бар,жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем.Мысалы: Арада сүт пісірімдей уақыт өтеді.Кенет отқа көзі түсіп кеткен Апақ таң қалып отыра кетеді: қара тастар жалын шашып жанып жатыр! Бұл сөйлемдердің бәрінде де бастауыш қатысқан: уақыт, Апақ,тастар.

Кейде бастауыш айтылмай,түсіп те қалады.Бірақ оны баяндауыш арқылы оңай табуға болады. Дос жүрегіне сенеді … Басқаны ауызға да алдырмаймын. Бұл сөйлемдерде бастауыш айтылмағанмен,баяндауышына қарап,бірінші сөйлемде бастауыш – ол, екінші сөйлемде – мен деген жіктеу есімдігі екенін табуға болады. Ол дос жүрегіне сенеді.мен басқаны ауызға да алдырмаймын.

Сонымен,құрамында бастауышы қатысқан жай сөйлемнің түрін жақты сөйлем дейміз.

2. Жақсыз сөйлем

Тұрлаулы мүшелері кірігіп күрделі баяндауышқа айналған, бастауышсыз сөйлемді ж а қ с ы з с ө й л е м дейміз.

Мысалы: 1. Малды ажарлы қылып асырау керек. 2. Орынсыз талаптарға көне беруге болмайды. 3. Таяудағы жылдарда киім мен аяқ киім шығаруды едәуір молайтуға тура келеді. 4. Бұл туралы бірнеше сөздер айтқым келеді.

 

1- тапсырма. Сөйлемдерді оқып шығып,сөйлем мүшесіне талдап, жақты және жақсыз сөйлемдерді ажыратыңдар.

Уайымшыл болғанша,өжет неге болмадым.Қоянды рұқсат қағаз алмай аулауға болмайды. Бекбол әлі де аспанға көз жіберіп тұр екен. Бастауға бола ма? Торжан жиналысқа кірген жоқ. Дереу қайтару керек.

 

2- тапсырма. Берілген сөздерді бастауыш етіп,баяндауышын әртүрлі сөз табынан жасап, жақты сөйлем құрастырыңыздар (Сделайте предложенные слова начинающим, сделайте их из разных слов, составьте разного рода предложения)..

 

Өзім, олар, бұл, сіз, жер, ел, оралмандар, үшеуміз.

 

3- тапсырма. Мәтінді оқып аудару және мазмұнын талдау (Текс прочитать перевести и анализироватс содержание текста).

Қазақстанның жер аймағын аралаймыз

Қырлары қызғалдағы құлпырған жер -деп талай ақын жырлағандай Қазақстан біздің туған жеріміз, Отанымыз, алтын ұя, құтты мекеніміз. Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы, Әнұраны,Туы, төл теңгесі бар. Ата Заңы – Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар. Ол, әрине, қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы-мемлекеттік тілді білу, оны құрметтеу.

«Қазақстан» сөзін басқаша қалай айтуға болады?

- Отаным, туған жерім, атамекенім, туған өлкем, туған елім.
-Туған жер – әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері,
Туған өлке - ата – бабаның қоныс тепкен жері мен өмірге келген жеріңнің

табиғат көрінісі. Адамның туған жері, өскен ортасы ерекше ыстық болады.

4-тапсырма. Берілген сөздердің дұрыс жауабын табу (Найти правильный ответ на заданные слова).

тұрғындар саны развивающийся
шайылады суверенит
шектеседі признан
алуан түрлі общественность
шекара показатели
ұлттық құрамы сырьевое производство
дамушы численность населения
көрсеткіштер граница
шикізат өндіру национальный состав
ыдырауына байланысты организация
қауымдастық разнообразен
мойындалды граничит
ұйым в связи с распадом
егемендік омывается

 

Білімді бекіту:Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1. Сөйлемдер құрылысына қарай нешеге бөлінеді?

2. жай сөйлем дегеніміз не?

3. жақты сөйлем қалай жасалады?

4. Бастауыш жасырын тұрса қалай табуға болады?

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: Жақты және жақсыз сөйлемдерге сөйлем құрастыру.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-10-24; Просмотров: 75; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.