Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сабақ № 3 Тема урока Сөйлем.Тұралулы мүшелер. Бастауыш, баяндауыш.




 

Топ 2С-1
Күні 09.09.

Сабақтың тақырыбы:

Тема урока Сөйлем.Тұралулы мүшелер. Бастауыш, баяндауыш.

Қонақүй –бизнестің бір саласы.

Сабақтың мақсаты:

Цели урока:

1. Шолу

Образовательная: Білім алушыларға лексикалық тақырыпқа байланысты сөздерді орынды, дұрыс пайдалануға үйрету және жаңа сөздермен таныстыру арқылы білімдерін нығайту талдау жасату

2. Дамыту

Развивающая: Мәтіндердегі жаңа сөздер арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту. Жаттығу жұмыстарын орындату барысында таза сөйлеуін, сауатты жазуын дамыту

3. Тәрбиелік

Воспитательная: Білім алушыларды әдепті сөйлеуге, бір- бірін құрметтеуге, еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Тип урока: аралас сабақ

Сабақ түрі:

Вид урока: бекіту сабақ

Оқыту әдісі:

Метод обучение: түсіндіру, диалог құру, сөздікпен жұмыс 

Пәнаралық байланыс:

Межпредметная связь: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Көрнекі құралдар:

Оборудование урока: оқулық, үлестірмелі материалдар, сөздіктер

Студенттер білуі керек:

Студенты должны знать:Сөйлемнің түрлерін олардың жасалу жолдары, оның сөйлемдегі қызметі туралы білу керек

Студенттер істей білуі керек:

Студенты должны уметь:берілгенсөйлемді құрастырып таладауды және түрлерін ажыратуды

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері Оқу материалының мазмұны Оқытудың әдістемелік тәсілдері мен әдістері Оқу құралдары Уақытты мөлшерлемелеу
  Ұйымдастыру кезеңі Студенттерді амандасу, назарларын сабаққа аудару дәптер 5 мин
  Үй жұмысын тексеру Берілген тақырып бойынша тексеру   Сұрақ-жауап 10 мин
  Жаңа білімді меңгерту Баяндау, ой қозғау Үлестірмелі материалдар 15 мин
    Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерімен тереңрек таныстыру, оның ерекшеліктерін түсіндіру Дидактикалық материалдар әдістемелік нұсқау 15 мин

 

Үзіліс – 5 минут

    Мәтінмен жұмыс жасау Ауызша оқып, жазбаша аудару дәптер 20 мин
    Жаңа тақырыпты бекіту Диалог құру сұрақ қою 10 мин
    Түсіндірме жасап, баға қою талдау   журнал 10 мин
  Үй тапсырмасы ауызша   дәріс  3 мин
    Рефлексия жазбаша немесе ауызша   таратылмалы материал 2 мин

Сабақтың барысы: 

Сөйлем мүшелері – сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады, сол байланыс негізінде грамматикалық мағынаға ие болған сөздер, сөз тіркестері сөйлем мүшелері қызметін атқарады. Сөйлем мүшелері қызметінде сөйлемнің дұрыс құрылуының, әр сөздің өз орнында жұмсалуы мен ой желісі, стильдік жағынан нақты болуының орны ерекше. Сөйлем мүшелері үлкен екі топқа бөлінеді:

1. тұрлаулы мүшелер (бастауыш, баяндауыш);

2. тұрлаусыз мүшелер (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш).

Тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізгі арқауы саналады, предикативтік қатынас негізінде ең кіші сөйлем ретінде жұмсалып, олардың негізінде тақырып, рема, тіпті есімді, етістікті сөз тіркестері айқындалады.[1]

· Бастауыш – сөйлемдегі ойдың иесі, ол нөлдік, көптік, тәуелдік тұлғаларда есімдіктен, есім сөз таптарынан, ал баяндауыш бастауыштың негізгі қасиеттерін нақтылай келе етістіктен, т.б. сөз таптарынан жасалады. Тұрлаусыз мүшелер бастауыш пен баяндауышқа тікелей қатысты болып, сөйлемде айтылуға тиісті ойды толықтырып, айқындап тұрады.

· Толықтауыш септелген сөздердің заттық қасиетін көрсетеді де, тура және жанама түрлерге бөлінеді.

· Анықтауыш заттың, субстантивтенген сөз таптарының, септік жалғаулы пысықтауыштарды айқындайды, оның сапалық, меншікті түрлері бар.

· Пысықтауыш көбіне қимылға, кейде есімдерге де қатысты жұмсалады. Сөйлем мүшелері негізінен дербес мағыналы сөз таптарынан жасалады, олардың жасалуына көмекші есім, көмекші етістік, шылау, модаль сөздер де қатынасады, дербес мағыналы сөздердің семантикасын осы көмекші сөздер айқындайды. Сөйлем мүшелері дара, күрделі, үйірлі, кейде құрама болады.

 

1- тапсырма. Мақалды жалғастыр(продолжите пословицу)

1.Ас атасы- ..... .

2.Оқу инемен құдық .... .

3.Еңбек түбі .... .

4.Жалқаудың жаны .... ,

Еңбектің наны .... .

 

2- тапсырма. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар (Сделайте синтаксический разбор данного предложения).

Қонақ үй туристер үшін сапалы қызмет көрсетеді, оларға барлық жағдайды жасайды. Туристер қонақ үйде демалады, шахмат ойнайды, кітап оқиды, теледидар көреді, тамақтанады, әңгімелеседі т.б.

 

3- тапсырма Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді оқып талдау және аудару (Текс перевести и анализировать)

 

Қонақ үй -бизнестің бір саласы

Туризм табысы жоғары және қарқынды дамып келе жатқан сала болып табылады. Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша дүниежүзілік жиынтық ұлттық табыстың 6 пайызын, дүниежүзілік инвестицияның 7 пайызын, әрбір 9- ының жұмыс орнын, барлық салық түсімдерінің 5 пайызын туризм саласы қамтиды. Бұл мәліметтер туризм индустриясының жоғары экономикалық тиімділігінің айғағы болып табылады.

Туризмді дамытуға болса да туристер үшін қонақүй – ақылы уақытша өз үйі. Қонақ үй туристер үшін сапалы қызмет көрсетеді, оларға барлық жағдайды жасайды. Туристер қонақ үйде демалады, шахмат ойнайды, кітап оқиды, теледидар көреді, тамақтанады, әңгімелеседі т.б.

Жалпы қонақ үй шаруашылығы бизнесін туристік бизнестен бөліп қарастыру мүмкін емес. Қонақ үй шаруашылығы халықты жұмыспен қамтамасыз етеді. Және пайда табу көзі болып табылады.

Қонақүй бизнесі – әрбір мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономика лық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет түрі.

Сөздікпен жұмыс

Жаңа сөздер:

Қарқынды- интенсивно

ықыласпен- с уважением

Жиынтық-общий

сұраныс түрлері- виды спроса

Салық- налог

шарт-условие

Түсім- поступление

сенімді болуы- быть уверенным

Тиімділік-эффективность

қайта келу тілегін- желание вернуться

Салалы- отраслевой

Пайда табу көзі- источник прибылей

Үлес- вклад

Ілтипатты – вежливо

Ақылы- оплачиваемый

 

 

4- тапсырма. Сабақты қортындылау.

Тест

 

1. Баяндауыштың сұрақтарын тап:

А)Кім? не? кімдер? нелер? Ә)Қандай? қай? Б)Не істеді? не қылды? қайтты?

2. Бастауыштың сұрақтарын тап:

А) Қандай? қай? Ә)неше? нешіші? Б)Кім? Не? кімдер? нелер?

3.Тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемдерді тап:

А) Аян сабаққа барды Ә)Аян сабаққа бара жатыр. Б)Аян барды.

4.Дұрыс жазылған сөзді тап:

А)пиаз  Ә)қойан  Б)шаян  В)тайяз

 

Үйге тапсырма. Тұрлаулы мүшелерге 5 сөйлем құрастыру.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-10-24; Просмотров: 59; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.018 сек.