Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сабақ № _1__ Тема урока Сөз тіркесі. Саяхатқа шығайық.




Топ 2С-1
Күні  

Сабақтың тақырыбы:

Тема урока Сөз тіркесі. Саяхатқа шығайық.

Сабақтың мақсаты:

Цели урока:

1. Шолу

Образовательная: Сөз тіркесі туралы түсінік беру.оның ерекшеліктерін түсіндіру

2. Дамыту

Развивающая: ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын байланыстыру, сөйлеу қабілеттерін арттыру.

3. Тәрбиелік

Воспитательная: Студенттерді ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа, сауаттылыққа үйрету, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Тип урока: аралас сабақ

Сабақ түрі:

Вид урока: дәріс сабақ

Оқыту әдісі:

Метод обучение: баяндау, пікірлесу, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс 

Пәнаралық байланыс:

Межпредметная связь: әдебиет

Көрнекі құралдар:

Оборудование урока: дидактикалық материал көрнекі суреттер, оқулықтар, дәптерлер

Студенттер білуі керек:

Студенты должны знать: Сөз тіркесінің айырықша белгілерін, оның түрлері туралы білу керек

Студенттер істей білуі керек:

Студенты должны уметь: оқу сабақтарында дәріс жазып, мәтінді аударуды, оны дұрыс мәнерлеп оқуды

 

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері Оқу материалының мазмұны Оқытудың әдістемелік тәсілдері мен әдістері Оқу құралдары Уақытты мөлшерлемелеу
  Ұйымдастыру кезеңі Студенттерді түгендеу, сабаққа дайындықты тесеру   5 мин
  Үй жұмысын тексеру Берілген тақырып бойынша тексеру     10 мин
  Жаңа білімді меңгерту Баяндау, ой қозғау Дидактикалық материал 15 мин
    Сөз тіркесі туралы түсінік беру, оның ерекшеліктерін түсіндіру түсіндірме әдістемелік нұсқау 15 мин

 

Үзіліс – 5 минут

    Мәтінмен жұмыс жасау Жазбаша аудару дәптер 30 мин
    Жаңа тақырыпты бекіту ауызша сұрақ қою 10 мин
    Түсіндірме жасап, баға қою ауызша   журнал 2 мин
  Үй тапсырмасы ауызша   дәріс  1 мин
    Рефлексия   жазбаша немесе ауызша   таратылмалы материал 2 мин

Сабақтың барысы:

Жаңа сабақ мақсатымен білім алушыларды таныстыру

Сөз тіркесі туралы түсінік беру

 Мысалы:

а) Қаһарлы сөз қамал бұзар

Сөздер байланысы

Қаһарлы сөз

Қамал бұзар

ә)Балалар күні бойы көкөніс жинауға көмектесті

балалар көмектесті

жинауға көмектесті

көкөніс жинауға көмектесті

күні бойы көмектесті 

2.Сөз тіркесінің ережесімен таныстыру

Сөйлемде кем дегенде екі толық мағыналы сөздің бірі екіншісіне сабақтаса (бағына) байланысқан сөздер тізбегін сөз тіркесі дейміз.

3. Сөз тіркесінің айрықша белгілері:

1) сөйлем ішінде танылады;

2) кем дегенде толық мағыналы екі сөзден тұрады;

3) бірі екіншісіне бағына байланысады;

4) белгілі бір синтаксистік қатынасты білдіреді.

4. Сөз тіркесі екі сыңардан тұрады

1.Бағыныңқы сөз. 2. Басыңқы сөз.

 Баланың                  тілі

 Гүлденген                Қазақстан

 Уәдеге                      берік

 

 

Сөз тіркесінің түрлері

 

1. Есімді тіркес (именные)                        2.Етістікті (глагольные) тіркес

Басыңқы сыңары зат есім,                                 Басыңқы сыңары

сан есім, есімдік, сын есімнен                           етістіктен болады

болады.

Болашаққа (неге?) аманат                           Асықпай сөйледі

Алтын (қандай?) сағат                                              Ерте келді

Ағасы (кімі?) осы                                             Тез жүрді

1- тапсырма. Көп нүктенің орнына бағыныңқы сөзді қойып сөз тіркесін жаса (Вместо нескольких точек создайте словосочетание, ставшее подчинительным словом).

... мектеп, ... еңбек, ... оқушы, ... мемлекет, ... өсіру, ... сырғанау, ... үйрену, ... жетекшісі.

ІІ топ. Көп нүктенің орнына басыңқы сөз қойыпсөз тіркесін жаса.

Әдемі..., үлгілі...., түбіт..., біздің..., сабаққа..., спортпен..., жалт...

2-тапсырма. Берілген мәтінді оқып шығып мазмұндау.

Ұшқыш.

Мырзалар мен ханымдар! Сіздермен тілдесіп тұрған – ұшқыш. Мен сіздерді біздің ұшағымызда көргеніме қуаныштымын, қош келдіңіздер! Біздің рейсіміз – Нью-Йорктегі Джон Ф.Кеннеди атындағы әуежайға тікелей ұшатын рейс. Қазір біз 11000 метр биіктікте ұшып келеміз. Біздің ұшу уақытымыз жобамен 8 сағат 45 минутқа созылады. Нью-Йоркте сағат 15:10-да боламыз. Біздің Боинг -737 ұшағымен ұшқандарыңызға рақмет!

 

3-тапсырма. Сөздер қатарын оқып шығып, олардың мағынасын түсіндіріңдер. Олармен сөйлем құраңдар(Прочитайте ряд слов и объясните их значение. Составьте предложения с ними).

1.Жолсерік, аспансерік, ойынсерік. 2.Жолжазба,, қолжазба, қолтаңба. 3. Көшбасшы, қолбасшы. 4.Әуежай,саяжай, жағажай. 5. Суырыпсалма, бейнеқор, еңбекқор.

4-тапсырма. «Саяхатқа шығайық» мәтінің жаңа сөздерімен танысып отыра мәтінді аудару (ознакомившись с новыми словами текста перевести текст)

Саяхатқа шығайық!

Кез келген адам өмірінде бір рет болса да әуежайда болып көрген шығар. Оның себебі әртүрлі болуы мүмкін: біреуіміз қарсы аламыз, екіншіміз шығарып саламыз, үшіншіміз бір жаққа ұшып жатамыз.

Шынында, әуежай болмаса заманауи үлкен қалалардың өмірін елестету мүмкін емес. Қазіргі уақытта күн сайын қаншама адам жердің бір түкпірінен екінші түкпіріне 3-4-сағатта жетіп жатқан жоқ па?

Біздің әуежайлардан АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Аустралияға, Таиландқа, Швейцарияға ұшып кету үйреншікті жай болды.

Заманауи әуежай –үлкен кешен. Онда әртүрлі қызмет түрлері көрсетіледі: рейсіңізді күтіп отырғанда тамақтанып алуыңызға, шашыңызды сәндеп, киіміңізді тазартып алуыңызға мүмкіндік бар. Яғни, мұнда адамдарға барлық жағдай жасалған.Көптеген халықаралық әуежайларда рейс кейінге қалдырылатын болса, қонақүйлері бар. Қазіргі әуежайлар ыңғайлы, таза, онда барлық инфрақұрылымдар ескерілген.

 

Сөздікпен жұмыс

елестету мүмкін емес - невозможно представить

жердің бір түкпірінен - с одного конца земли

үйреншікті жай – привычное дело

рейс кейінге қалдырылған - рейс задерживается

инфрақұрылымдар - инфраструктуры

 


5-тапсырма. Сабақты  қортындылау.

Берілген сөздер біріккен сөздер бола ала ма? Біріккен сөздердің астын сызып көрсетіңдер (Могут ли данные слова быть объединенными? Подчеркните сочетания слов).

 

Оқушы, әнші, басшы, үйшік, жолдас, қолөнер, қалашық, жұмысшы, тілмаш, хабарлас, қалалық, дәрілік, демалыс, баяндама, сақшы, сөйлем, сенім, баспасөз, білім, білгіш, замандас, бейхабар.

 

Сабақ № _2__

Топ 2С-1
Күні  

 

 

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.Карточка арқылы сұрау.

Экономика бөлімі бойынша сұрақтар қою.

-Ақша деп нені айтамыз? (Құнды қағаз)

-Ақшаның қанша түрі бар? (3 түрі,монета,купюра,банкнот)

-Қағаз ақшаның түрі? (купюра)

-Темір ақша? (Монета)

-Сауда дегеніміз не? (тауар мен қызмет көрсетулерді айырбастау)

-Сатушы дегеніміз кім? (тауар сататын адам)

-Салымдарды қабылдайтын және қарыз беретін мекеме (банк)

ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру.

1-тапсырма.  Берілген  мәтін оқып аудару және мәтінге жауап беру (текст перевести и ответь на вопросы).

  Қазірде адамдар үй шаруашылығын жүргізуді жақсартты,өмір сүру жағдайын өзгертіп,жақсы киініп,жақсы тамақтануға көшті. Әрине, осымен келіп тоқтауға болмайды,өйткені бұдан да жоғары дәрежеде өмір сүруге болады.Оған жаңа технологиялардың барлық түрін пайдалана білгенде,сондай-ақ экономикалық тұрғыдан сауатты болғанда жетуге болады.

«Экономика» термині грек тілінен аударғанда эйкос- «шаруашылық» және «номос» - «заң» немесе «шаруашылық заңы» деген мағынаны береді. Алғашында «экономика» сөзін үй шаруашылығын жүргізу өнері деген мағынада қолданды.

Ағылшын тілінен аударғанда «бюджет» - ақша салатын қолдорба дегенді білдіреді екен.

Жақсы өмір сүріп,өзіңнің ісіңмен шұғылдану үшін,сондай-ақ үй шаруашылығын тиімді жүргізу үшін адамның экономикалық білімді болғаны дұрыс.Қандай да бір белгілі пайда табу үшін ең бірінші отбасының ішінде қаражатты дұрыс бөліп үйрену керек. Отбасының берекесі де көбіне қаражатты дұрыс жұмсай білуіне байланысты. Көпшілік отбасылар арнайы дәптер ұстайды,оған осы айда қанша кіріс табыс кіргені,қайсысын қайда жұмсағаны туралы жазылады.Бұл ақша ресурсын үнемдеп жұмсауға,отбасылық бюджетті дұрыс құруға көмектеседі.

1. Жақсы өмір сүру үшін қандай болу қажет?

2. Экономика дегеніміз не?

3.Қандайда бір пайда табу үшін не қажет?

4. Көптеген отбасылар үйлерінде не ұстайды?

5. Сендер болашаққта қалай ақша жұмсайтын боласыңдар?

2-тапсырма.

Мына берілген мәліметтерді пайдаланып, отбасының бюджетін құрыңдар (Используя эти данные, составьте бюджет семьи).

Смета Есебі (расчет)
Төлемақы (оплата) 150.000 отбасылық бюджет (семейный бюджет)
Коммуналдық қызметтер (ком. услуги)  
Азық – түлік (продукты)  
Киім – кешек (одежда)  
Үйірмелер (кружки)  
Жол жүру (проезд)  
Күнделікті шығыс (ежедневный расходы)  
Тұрмыстық шығындар (бытовые расходы)  

3- тапсырма.

«Экономика», «Бюджет», «Отбасы» сөздерін септеу (по падежам)

 

4- Тапсырма. Сабақты қортындылау.

 

Берілген сұрақтарға жауап беру.

 

1. Қазақстанның әлеуметтік жағдайы туралы не білесіңдер?

2. Қазақстан дұрыс бағытта жүріп келеме?

3. Болашақта елімізді әлеуметтік жағдайы қандай болғанын қалайсыңдар?

Кері байланыс:

 Үйге тапсырма: Өткен тапқырыпты қайталау.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-10-24; Просмотров: 102; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.038 сек.