Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сабақ № 8 Тема урока: Құрмалас сөйлем. Сарыарқа.




Топ 2С-1
Күні  

Сабақтың тақырыбы:

Тема урока: Құрмалас сөйлем. Сарыарқа.

Сабақтың мақсаты:

Цели урока:

1. Шолу

Образовательная: Құрмалас сөйлемнің жасалу жолын меңгеру, жай сөйлемнен ажырата білу.

2. Дамыту

Развивающая: Білім алушылардың білім-білігін, логикалық ойы мен сөйлеу шеберлігін, шығармашылық ізденіс қабілетін арттыру.

3. Тәрбиелік

Воспитательная: Білім алушыларды ізденімпаздыққа, өз туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Тип урока: Жаңа материалды меңгерту сабағы

Сабақ түрі:

Вид урока: аралас сабақ

Оқыту әдісі:

Метод обучение: түсіндіру, сұрақ- жауап, жаттығу, іздену, жүйелеу.

Пәнаралық байланыс:

Межпредметная связь:  қазақ әдебиеті, тарих

Көрнекі құралдар:

Оборудование урока: үлестірмелі парақшалар, вен диаграмасы, ойын- жаттығу, диалог құру

Студенттер білуі керек:

Студенты должны знать: Құрмалас сөйлемнің түрлері туралы және ажырата білуді және олардың жасалу жолдары, оның сөйлемдегі қызметі туралы білу керек

Студенттер істей білуі керек:

Студенты должны уметь: Құрмалассөйлемдерге сөйлем құрастыруды және мысал келтіре білуді.

 

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері Оқу материалының мазмұны Оқытудың әдістемелік тәсілдері мен әдістері Оқу құралдары Уақытты мөлшерлемелеу
  Ұйымдастыру кезеңі Білім алушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру. дәптер 5 мин
  Үй жұмысын тексеру Берілген тақырып бойынша тексеру   Сұрақ-жауап 10 мин
  Жаңа білімді меңгерту Баяндау, ой қозғау Үлестірмелі материалдар 15 мин
    Құрмалас сөйлемнің мүшелерін таныстыру, оның ерекшеліктерін түсіндіру Мәтінмен жұмыс әдістемелік нұсқау 15 мин

 

Үзіліс – 5 минут

    Мәтінмен жұмыс жасау Ауызша оқып, жазбаша аудару дәптер 20 мин
    Жаңа тақырыпты бекіту Диалог құру сұрақ қою 10 мин
    Түсіндірме жасап, баға қою талдау   журнал 10 мин
  Үй тапсырмасы Өткенді қайталау   оқулық  3 мин
  Рефлексия жазбаша Үлестірмелі материал 2 мин

Сабақтың барысы.

Жаңа сабақты меңгеру.

Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдер құрмалас сөйлем деп аталады.

 

ЖАЙ СӨЙЛЕМ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ
1. Жай сөйлем жеке бір ойды білдіреді. Құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді.
2. Жай сөйлем бір-бірінен айырым интонациямен айтылады. Құрмалас сөйлемнің бірінші сыңары екіншісімен ұласпалы интонациямен айтылады.
3. Жай сөйлем интонациялық жағынан тиянақты болады. Құрмалас сөйлемнің сыңарлары интонациялық жағынан тиянақсыз болады.
4. Жай сөйлем аяқталған ойды білдіріп, бір бүтін болып саналады. Құрмалас сөйлемнің алғашқы сыңары аяқталған ойды білдіре алмайды, бүтіннің бір бөлшегі болып табылады.

 

Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір- бірімен салаласа

және сабақтаса байланысады. 

Мысалы: Қорқып тұрған атты алқымынан алды да, омбы қардан шығармай жығып алды.

Бұл – салаласа  байланысқан құрмалас сөйлем. Алғашқы сөйлем мен екінші сөйлемнің баяндауыштары тиянақты болып, екеуі тең дәрежеде байланысып тұр. Мысалы: Желге тұмсығын төсеп, белгілі иіс күтті.

Бұлсабақтаса байланысқан құрмалас сөйлем. Алғашқы сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып, екіншісіне бағына байланысып тұр. Бірінші жай сөйлемді екіншісінен бөліп, өз алдына жеке айтуға келмейді.

 

Құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса байланысуына орай құрмалас сөйлемдер: салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас құрмалас болып үш түрге бөлінеді.

 

Дәптермен жұмыс.

1- Тапсырма. Сөйлемдерді тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жаз (Переписать предложения поставить соответствующия знаки препинания).
1) Сөйлемдердің қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенің жазыңдар.
2) Жазған кезде құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің арасына қандай тыныс белгісін қойыңдар?

Біздің сынып тәртіпті шәкірттері білімді болса ұстаз қуанады туған жерге туың тік туған жердей жер болмас туған елдей ел болмас мен өз елімді сүйемін бірлік болмай тірлік болмайды.
2- тапсырма. Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерге айналдырып жаз (пишем простые предложения в сложное предложение).
1. Қыс түсті. Өзен суы қатты.2. Қарлыға аялдамаға келді.Меруерт күтіп тұр екен.3. Күн батты. Аспанда жұлдыздар шықты.

3-тапсырма. Мәтін оқып аудару және астындағы қойылған сұрақтарға жауап жазу (читать перевести текст и писать ответить на заданные вопросы письменно).

            Сарыарқа- географиялық атауымен қазақ халқы батыстағы Ұлытаудан, шығыстағы Тарбағатайға, оңтүстікке Балқашқа дейінгі аралықты атаған. Оны кейде Арқа деп те атайды. Егер Қазақстанның картасына көз жіберсек, географиядан хабары жоқ, көшіп-қонып жүрген қарапайым халықтың, еуропалық бірнеше мемлекет сыйып кетерліктей алқаптың жер бедерінің жалпы ерекшелігін қалайша дөп басып, бір-ақ сөзге сыйғызып бергеніне таң қаласың. Қазақ арқа деген сөзді жылқының жон арқасына балап айтқан ғой. Шынында да картаға басында Ұлытаудан бастап, Қызыларай, Шыңғыстау арқылы, шығыста Тарбағатай, Сауырға дейінгі сызық жүргізсек, оның суайрық жонға сәйкес келетінін көреміз. Осы сызықтан солтүстікке қарай жатқан алқаптың өзендері Солтүстік Мұзды мұхит алабына қарай ақса, оңтүстікке қарай жатқан өзендер Еуразия ішкі тұйық алабына қарай ағады. Сонымен қатар, арқаның жерінің жан-жағы көтеріңкі қырат, сонымен бірге аласа болғанымен таулы келеді. Ол солтүстігінде Батыс Сібір жазығынан, оңтүстігінде Тұран ойпаты, Балқаш-Алакөл ойпаңы мен батысындағы Торғай даласымен шоқтығы көтеріңкі биік орналасқан. Олай болса, бұл алқаптың Арқа аталуы өте орынды.

Сұрақ қою:

1-Сарыарқа батыстан шығысқа қарай қанша км-ге созылып жатыр?

2.Шығыс бөлігінің ені қанша?

3.Батыс бөлігінің ені қанша?

4.Сарыарқа өлкесінің жер бедері қандай?

5.Сарыарқаның шектесетін жерлері?

6.Қандай таулары бар?

7.Қандай ірі ойыс бар?

 

 Сабақты қортындылау.

Мақалдарды жалғастыр (продолжить пословицу).
1.Жері байдың- ........ .
2. Оқу білім бұлағы, .............................. .
3. Көп түкірсе, .......... .

Үйге тапсырма
Құрмалас сөйлеміне 3 мысал жазып келіңдер?

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-10-24; Просмотров: 77; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.021 сек.