Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сабақ № 2 Тема урока Сөйлемнің түрлері. Мұражайға саяхат.




 

Топ 2Ш-1
Күні  

                                                                                                             

Сабақтың тақырыбы:

Тема урока Сөйлемнің түрлері. Мұражайға саяхат.

Сабақтың мақсаты:

Цели урока:

1. Шолу

Образовательная: Білім алушыларға сөйлемнің түрлері туралы түсінік бере отырып, оның жасалау жолдарын түсіндіру

2. Дамыту

Развивающая: Білім алушылардың сөздік қорын молайтып, ауызша және жазбаша тілдерін дамыту

 

3. Тәрбиелік

Воспитательная: Білім алушылардың қазақ тііліне деген қызығушылығын арттыру, тәрбиелеу

Сабақтың типі:

Тип урока: жаңа сабақ

Сабақ түрі:

Вид урока: қалыпты сабақ

Оқыту әдісі:

Метод обучение: түсіндіру, диалог құру, сөздікпен жұмыс 

Пәнаралық байланыс:

Межпредметная связь: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Көрнекі құралдар:

Оборудование урока: үлестірмелі материалдар, сөздіктер

Студенттер білуі керек:

Студенты должны знать:Сөйлем түрлерінің жасалу жолдары, оның түрлері туралы білу керек

Студенттер істей білуі керек:

Студенты должны уметь:сөйлем түрлерін ажыратып, сөйлем құрастыруды және мәтінді аударуды

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері Оқу материалының мазмұны Оқытудың әдістемелік тәсілдері мен әдістері Оқу құралдары Уақытты мөлшерлемелеу
  Ұйымдастыру кезеңі Студенттерді түгендеу, сабаққа дайындықты тесеру дәптер 5 мин
  Үй жұмысын тексеру Берілген тақырып бойынша тексеру   Сұрақ-жауап 10 мин
  Жаңа білімді меңгерту Баяндау, ой қозғау Дидактикалық материал 15 мин
    Сөз тіркесі туралы түсінік беру, оның ерекшеліктерін түсіндіру түсіндірме әдістемелік нұсқау 15 мин

 

Үзіліс – 5 минут

    Мәтінмен жұмыс жасау Жазбаша аудару дәптер 20 мин
    Жаңа тақырыпты бекіту Сұрақ-жауап сұрақ қою 10 мин
    Түсіндірме жасап, баға қою Диалог құру   журнал 10 мин
  Үй тапсырмасы ауызша   дәріс  3 мин
    Рефлексия   жазбаша немесе ауызша   таратылмалы материал 2 мин

Сабақтың барысы:

Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы.[1]

Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс (пауза) болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүкте, сұрау және леп белгілерінің бірімен айырылады.

Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып төртке бөлінеді.

Сөйлемнің түрлері:
  ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМ СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМ ЛЕПТІ СӨЙЛЕМ БҰЙРЫҚТЫ СӨЙЛЕМ
  Тоғай да бұл кезде кемеліне келіп толықсып тұрады.   «Есіл тасып барады» деген әнді естіп пе едің?   Шіркін, қарақат, тәтті де сұлу жеміс қой!   Атаның баласы болма, адамның баласы бол.

1- тапсырма. Әр бір сөйлемнің түрлеріне 2 мысал келтіріп жазыңдар (приведите 2 примера к каждому типу предложения):

 

1. ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМ:

2. СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМ:

3. ЛЕПТІ СӨЙЛЕМ:

4. БҰЙРЫҚТЫСӨЙЛЕМ:

2-тапсырма. «Мұражайға саяхат» мәтінімен жұмыс. Берілген мәтінді оқып мазмұнын талдау және аудару.

Мұражай алғашында бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасты. Мұражайдың қалыптасуына көне замандардағы коллекциялар негіз болды. Еуропада тарихи мұражайлар 16 – 18 ғасырларда пайда болды. Мұражайдың қалыптасуы ұлттық сана-сезімді оятуға, мәдени-саяси идеяларды (ой-сезімді) насихаттауға көмектесті.

    Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ғылыми-зерттеу және бос уақытты мәдениетті өткізу мекемесі, аймақтық әдістемелік орталық болып табылады. Мұражайдың Меңдіқара ауданы Боровской кентінде, Жітіқара ауданының Тоқтаров кентіндегі секторымен бірге Жітіқара қаласында филиалдары бар. Мұражай 1915 жылы 1 тамызда ашылды. Өлкеміздегі революциялық оқиғалар мен азамат соғысының тарихы бойынша қарулар жиынтығы мен   фотоқұжаттар қорының негізі 1925 жылы қаланды. 1936 жылдың 1 шілдесінен бастап   мұражай облыстық мәртебе алып, экспозициялық-көрмелік жұмыс белсенді жүргізілді.    1930-1940-шы  жылдары аймақтағы ғалымдардың, өлкетанушылардың, геологтардың, археологтардың қарқынды жүргізген зерттеулері қор жиынтығының   жүйелі қалыптасуына жол ашты. 2006 – 2008 жылдары аймақты археологиялық зерттеу жұмысы жалғастырылды. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайдың қор жиынтығы 131 мыңнан астам мұражай заттарынан тұрады, бұл облыстың мұражай қорының жартысына жуығын құрайды. Мұражайдың археологиялық жиынтығында алғашқы қауымдық өнердің әлемге танымал туындылары: «Тобыл ойшылы» тас мүсіні, арқар басы бейнеленген құрбан шалатын, «Балға-құдай» құрбандық балғасының ұшы бар. Музейдің көркемсурет жиынтығында Қазақстан, Ресей, Украина, Күнгей Кавказдың бейнелеу өнерінің алдыңғы қатарлы қылқалам шеберлерінің 4 мыңға жуық кескіндеме, графика және мүсіндік туындылары бар.

Жаңа сөздер

Мұражай-музей

Бағалы бұйымдар мен заттар - драгоценные изделия и предметы

насихаттау- пропаганда

әдістемелік орталық- методический центр

өлкетанушылар-краеведы

зерттеулер-исследования

 

3-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз тіркестерін аударыңдар (переводите словосочетания из текста).

экспозициялық-көрмелік жұмыс-

археологиялық зерттеу-

мұражай заттары-

әлемге танымал-

тас мүсіні-

арқар басы бейнеленген-

көркемсурет жиынтығы-

мүсіндік туындылар

археология залы-

палеонтология залы-

Өткеннің тылсым тіршілігі-

мұражайдың көрме залы

көшпелі мәдени-білім

4-тапсырма.Қазақ тілінен сөйлем түрлеріне арналған тест сұрақтары:

 

1. Хабарлы сөйлемді тап.

А) Ал сосын В) Ойсыздарға қосылма С)Неге бұғасың Д) Қайдағы жау Е) Жел де жоқ

2. Сұрау есімдігі арқылы жасалған сұраулы сөйлемді тап.

А) Қар жауса ше? В) Балам,аманбысың? С) Бұл сен бе? Д) Жағдай қалай?

Е) Мынау сен шығарсың?

3. Бұйрықты сөйлемді тап.

А) Егіс көлемін ұлғайт. В) Тіл қандай С) Сен енді бала емессің Д) Ал Жамал ше

 Е) Бұл—тарихи жер

4. Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөйлем қалай аталады?

А) лепті В) сұраулы С) хабарлы Д) бұйрықты Е) атаулы

5. Сұраулы сөйлемді тап.

А) Қарағым,тоқтай тұршы В) Пай-пай,шабысының қаттысын-ай

С) Сен жазып келген шығарсың. Д) Дала айдай жарық

Е) Мектептің кең залы.

6. Одағай сөйлем қатысқан лепті сөйлемді тап.

А) Ойпырым-ай,балаңның мінезі қандай жаман еді.

В) Көрсетпе көз жасыңды. С) Жүр,жарысайық

Д) Балам,жөніңді айтшы Е) Амал нешік,пешенеме жазғаны осы болды.

7. Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді тап.

А) Ол кісі қайда тұрады. В) Неге үндемейсіз,әже,барамыз ба?

С) Ол жерге неге отырасың. Д) Ойбай,сен былай тұр Е) Мен күні бойы жұмыста болдым ғой.

8. Бұйрықты сөйлемді тап.

А) Сен менен аулақ жүр В) Біреу көп үшін,көп біреу үшін.

С) Жеріміз біздің неткен бай. Д) Сүйіндік жігіттері он шақты күнде Омбыға келіп қалды. Е) Қазір қай жерде тұрасыз.

9. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді тап.

А) Жарайсың,қалқам?! В) Енді мені ұрайын деп пе едің?!

С) –Ешкімге сенуші болма,—деп айқайлады. Д) –Рас па! –деп бажырая қарады. Е) Тәйт. Тыныш отыр

10. Дауыс ырғағы арқылы жасалған лепті сөйлемді тап.

А) –Жасасын,Қазақстан! В) –Жолдастар,тынышталыңыздар!

С) –Мынау дегенің әдемі ғой! Д) –Шіркін,орманның таза ауасын-ай!

Е) –Бәрекелді! Бәрекелді! Жарадың,қалқам!

 

Үйге тапсырма.

Сөйлем түрлерінің ережесін жаттау.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-10-24; Просмотров: 58; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.024 сек.