Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

дәріс. Кіріспе. Биогеография пәні және оның зерттейтін нысаны.




Мақсаты: Биогеография пәні және оның зерттейтін нысанын анықтау

Жоспары:

1.1 Биогеографияның оқыту мақсаттары мен міндеттері.

1.2 Биогеография пәні. Оның ғылымдар арасында алатын орны. Зерттеу облысы, даму тарихы және маңызы.

1.3 Биогеографиялық ұғымдар мен терминдер.

1.4 Биогеографияны оқытудың экологиялық негіздері.

Тірек сөздер:Биогеография,биоценоз, флора ,фауна .

Биогеография әлемдік пәні, жер шарындағы өсімдіктер мен жануарлардың таралу заңдылықтарын зерттейтін биологиялық, жалпы физикалық-географиның бір саласы. Биогеографияға пәні келесі салалардан тұрады: геоморфология, гидрология, климатология, топырықтану, ботаника, зоология, физиология, экология.Қазіргі кезде биогеографины оып өйренудің маңызы өте зор. Биогеографияның білім жер шарындағы фауна мен флораның таралу аймақтарын зерттей отырып организмдерді аудандандастыру арқылы халық шаруашылығын дұрыс ұйымдастырып мемлекеттің экологиялық - әлеуметтік проблемаларын шешудегі ролі ерекше. Гиппократ, Аристотель, Теофраст еңбектерінен көреміз. Табиғат құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі морфологиялық, физиологиялық бейім-делушіліктерді оның қоршаған табиғи ортасына тәуелділік шеңберінде экологиялық турғыдан қарастырады.Аристотель өз мәлеметтерінде  «Истории животных» 500 жануарлар түрін сүреттеді.

2 кезең ботанико-географиалық ашылыстармен байланысты. Гумбольд А. өсімдіктер экологиясын негізін қалаған /1769-1859/.Биогеография ғыльм негізінде XIX ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен, оның өз деңгейіне көтерілуі XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы болып саналады. Десе де, алғашқы экологиялық зерттеулердің элементтерін біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель, Теофраст еңбек-терінен кереміз.Биогеография ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Е.М.Лавренко, В.Б.Сочава, Г.Госсен, П.Озенда шетелдік табиғат зерттеушілерімен қатар орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты, XIX ғасырдың басы мен XX ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды.

Биогеографиялық ұғымдар мен терминдер.

Қорыта келе биогеографиялық негізгі ұғымдар мен терминдерге флора- өсімдіктер бірлістігі, фауна – жануарлар әлемі, микрофлора – микроағзалар әлемі. Флора және фауна бірігіп биота түсінігін құрайды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Биогеографияның оқыту мақсаттары мен міндеттері.

2. Биогеография пәні. Оның ғылымдар арасында алатын орны. Зерттеу облысы, даму тарихы және маңызы.

Әдебиеттер:

1. Биогеография / под редакцией Г.М. Абдурахманова и др. – Москва: Академия, 2003. – 474 с.

2. Биогеография / под редакцией Г.М. Абдурахманова. – Москва: Академия, 2007. – 473 с. 3 Второв П.П. Биогеография: учебник для вузов. – Москва: Владос, 2001. – 303 с.

3. Второв П.П. Биогеография: учебное пособие для вузов. – Москва: Просвещение, 1978. – 270 с.

 

2-дәріс. Биосфера ғаламдық экожүйеі

Мақсаты: Биосфера ғаламдық экожүйе туралы түсінік беру.

Жоспары:

2.1 Биосфера туралы түсініктерді толықтыру және даму эволюциясы.

2.2 Фауна мен флораның қалыптасу кезеңдері.

2.3. Неотропикалық және голарктикалық патшалықтар

 

Тірек сөздер:патшалық, неолит,палеолит,археология. 

Биосфера туралы түсініктерді толықтыру және даму эволюциясы. Әр турлі дәуірлер бір – бірінен табиғатқа адамның, ағзалардың қатынасыумен , оны менгеру ерекшеліктерімен сипаталады.Бірінші кезенді палиолит дәуірі деп атайды. Бұл кезде қарапайым алғашқы қауымдық құрылыстың өмір салты болған. Аталған кезеңді көбінесе биогенді кезең ретінде сипаттайды. Адам бұл тарихи кезеңде табиғатпен бірге еді, оның тіршілік қызметі жинау мен аңшылықтан құралды. Палеолиттің ұзақтығы 2 млн. жылдан астам уақытты алып жатыр және ол адам мен табиғаттың өзара әсерлерінде ең көп уақытты алап жатқан кезең. Екінші аграрлық кезеңге адамның мәдени жер өңдеуге көшуінен басталған неолит дәуірі жатады (б.э.д. 8-7 ғасырлар). Бұл дәуір өнеркәсіптік өңдірістің қалыптасуына дейінгі кезеңді, яғни б. э. 17 ғасырына дейінгі уақытты алып жатыр. Әлеуметтік-экономикалық жағынан алғанда бұл кезең құл иеленушілік және феодалдық қоғамдар кезеңі болып табылады.Неолит дәуірінен бастап, егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына байланысты қоғам биосфераға күшті әсер ете бастады. Ормандарды кесу, шалғындық далаларды жырту, үй жануарларын жою нәтижесінде ғаламшардың орасан үлкен территориялары біртіндеп құмды шөлдер мен жартасты тауларға айнала бастады.Археологиялық және палеоботаникалық зерттеулер қазіргі кездегі шөлдер Гоби, Қарақұм, Қызылқұм, Сахара шөлдерінің территориясы бір кездерде гүлденген өркениетті елдер алып жатқанын көрсетеді.Аграрлық кезеңненрнншш бастап тарихтағы техногенді дәуір басталады,  яғни адам белсенді түрде биосфераны өзгерте бастады. Егіншілік технологиясы, мал шаруашылығының технологиясы туралы осы кезеңнен бастап айтуға болады.Аграрлық кезеңнің соңы кеме қатынасымен, Жаңа дүниенің, Тынық мұхитының аралдарының ашулуымен, еуропалықтардың Үндістан мен Қытайға, Африка мен Орталық Азияға, Шығыс Сібірге енуімен сипатталады. Үшінші индустриалды кезең қоғам мен табиғаттың өзара қатынасындағы техногенді дәуірдің шарықтау шыңы болды. Ол ХVІІ ғасырдан бастап ХХ ғасырдың ортасына дейінгі уақытты алып жатыр. Өнеркәсіптің дамуына байланысты қоғамның табиғи ортаға әсері жаңа сипатқа ие болды.Кең өндіру салалары мен металлургия қарқынды түрде дами бастады.Алғашқы кезде табиғаттаға өздігінен реттелі процестері биосфераның экожүйелерінің бұл әсерлерге төтеп беруіне мүмкіндік берді. Бірақ өндірістік іс-әрекетінің қарқыны мен көлемінің артуы экожүйелердің өздігінен қалпына келу қабілетін біртіндеп жойды. Биосфераның биологиялық, химиялық, физикалық көрсеткіштерінде айтарлықтай өзгерістер байқала бастады.Табиғи ортаның сарқылуына байланысты өндірістің одан әрі дамуы мүмкін болмайтын жағдай қалыптасты, яғни экологиялық дағдарыс байқалып отыр. Бірақ бұл дағдарыс биосфера тарихындағы бірінші дағдарыс емес. Н.Ф. Реймерс (1994) бірқатар экологиялық дағдарыстар мен экологиялық революцияларды бөліп көрсетеді.Қазірге кезде сүтқөріктілердің, қүстардың, жабық тұқымдастардың омыртқасыз жанкарлардың кезеңі.

Фауна мен флораның қалыптасу кезеңдері.

Қорыта келе әртүрлі географиялық аймақтар мен континенттердің флора мен фауна спецификасының құрамы ерте заманнан белгілі болды Бірақ , фауналық аудандыстыру әлемдік маштабта пайда болу үшін, жүз жылда алынатын білім, географиялық жаңалықтар кезеңі, жүз шақты әлемнің ұзақ бұрыштарын зерттейтін ғылыми экспидициялар керек болады.Алғаш рет ондай қадамды Англия орнитологы Ф.Склетер 1858 жылы жасады. Ол алты зоогеографтың облыстарды белгіледі. Нәтижесінде, склеттердің облыстары бір жоғары котегория-патшалыққа бірікті, ал әрбір облыстың төңірей,округы,провинцияс,жері болды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Биосфера ұғымы

2.Фауна мен флораның қалыптасу кезеңдері.

Әдебиеттер:

1 Биогеография / под редакцией Г.М. Абдурахманова и др. – Москва: Академия, 2003. – 474 с.

2 Биогеография / под редакцией Г.М. Абдурахманова. – Москва: Академия, 2007. – 473 с. 3 Второв П.П. Биогеография: учебник для вузов. – Москва: Владос, 2001. – 303 с.

4 Второв П.П. Биогеография: учебное пособие для вузов. – Москва: Просвещение, 1978. – 270 с.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-11-19; Просмотров: 62; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.