Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

дәріс. Тіршілік түрлері. Өзін-өзі бақылау сұрақтары




Мақсаты:Тіршілік түрлерін анықтап оларға сипаттама беру

Жоспары:

3.1 Биосфера – тіршілік ортасы

3.2 Тіршілік түрлері

3.3 Биоценоздың өзгеруі

Тірек сөздер:гидросфера, мору қыртысы, продуценттер, консументтер.

Биосфера – тірі ағзалардың мекен ететін ортасы. 1875 ж австралиялық геолог Э.Зюсс жер қабығына төмендегідей түсініктерді енгізді: Су қабаты – гидросфера, газ қабаты – атмосфера, қатты қабаты – литосфера, ал биосфера – тіршілік мекені.

Биосфера ұғымы Вернардскийдің жер қыртысындағы биохимиялық процестердің жерлесу конденсациясы жасалғаннан кейін ғана кеңінен қолданыла бастады. Биосфера концепциясы қоршаған орта мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты анықтап берді. Адам қоршаған ортаның бір элементі бола отырып, оны өзінің іс-әрекеті арқылы бұзады.

Биосфера – литосферамен топырақ жамылғысының ішкі қабатындағы, гидросферадағы, атмосферадағы энергетикалық процестер мен химиялық құрамы анықталған жер қабаты – тіршілік мекені.

В.И.Вернардский биосфералық концепциясын «Биосфера» деген еңбегінде анықтап, оның адам өміріндегі қажеттілігін көрсетті. Осы еңбегінде адамның қоршаған ортаны бүтіндеп өзгертетіндігі және табиғат ресурстарының шектеулі екендігі, оның белгілі бір уақытта таусылатындығын айта келе, қоршаған ортаны дүниежүзі бірлестігінің қорғау керектігі және болашақ ұрпақтың өмір сүруіне қолайлы жағдай туғызуы керектігі жазылған.

Биосфера шекарасы:

Ауа қабығының ең төменгісі - тропосфера қабығы. Тропосфераның қалыңдығы полярлық ендікте 10 км, экватор ендігінде 16-18 км. Температурасы үстіңгі шегінде -50°С; төменгісінде - әрбір километрге 6-6,5°С. Тропосферада ауа массасы үнемі араласып тұрады. Осы жерде климаттық белдеулер түзіледі: гумидтік (ылғалды), аридтік (құрғақ), нивальдық (қарлы, суық).

Су қабығы- гидросфера. Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері – 11 км

Жер қыртысы – литосфера. Жер қыртысының қалыңдығы – 30-60 кейде 100-200 км және одан да жоғары болады. Мору қыртысы деп құрамы әр түрлі тау жыныстарының шаймаланғышы (выщелачиваемость) мен геологиялық шөгінділердің ыдырау кезіндегі өнім жиынтығын айтады.

Мору қыртысындағы тіршілік шегі әр түрлі жағдайда байқалады. Мысалы, мұнайлы суларда 4500 м тереңдікте микроорганизмдер табылған.

Биосфера қабатына тірі заттар ғана тән емес, сонымен қатар келесі ерекшеліктер болуы шарт: сұйық судың көлемі сақталады, күн сәулесінің қуаты айқын сақталады, қатты, сұйық, газ заттардың алмасуы жүреді. Биосфера үшін зат пен энергияның үздіксіз алмасуы тірі организмдер үшін маңызды роль атқаруы қажет.

Биосфера энергия мен зат ағымын жинақтайды және бөледі. Бұл процесс химиялық құрамы циклдік немесе органогенді элементтерге тән. Вернардский өзінің химиктердің геохимиялық классификацияларында химиялық ерекшеліктерін қамтитын процестерге   

Химиялық цикл идеясын 1773 жылы Д.Прингейм анықтады. Ол өсімдіктер мен жануарлар дүниесі арасындағы қарым-қатынасындағы тепе-теңдіктің соқталуына зерттеу жүргізді.

1919 ж В.И.Вернардский былай деп жазды: «Тірі зат ұғымы – организмдердің барлық жиынтығы, өсімдік пен жануарларды, адамды жатқызар едім. Ал геохимиялық құрамына сол зат массасы ғана емес, оны құрайтын химиялық құрамы мен байланысты энергияны анықтауға болады. Бұл құбылыс тірі зат пен топыраққа тән».

Вернардский алғаш рет геохимиялық факторлардың пайда болуындағы органогенді парагенезис ұғымын енгізді. Ол органогенді парагенезистің негізгі элементтеріне С, көміртегі, оттегі натрий, темірді жатқызды. Әрбір тірі организмде 20-25 элементтен кем болмайды.

Организмдерде қажетті химиялық элементтер келесі биохимиялық процестердің нәтижесінде ауысып отырады:

А) демалу (Mg, Fe, Cu, Zn, Mn, O, H, Ci)

Б) фотосинтез (C, H, O, Fe, Cu, Mg)

В) белок синтезі (C, H, O, Fe, Cu, Ni, Mg)

Г) белок, көмірсутек, май алмасуды (C, H, O, Fe, M, Mg, Ni)

Мұндай қарапайым физиологиялық процестер тірі биомасса қажеттіліктеріне биологиялық формасы және қоршаған ортадағы биохимиялық процестер айқын анықталады.

Тірі организмдер қалыптасуы үшін 105 элементтің 6 түрде қажет – C, N, H, O, Р, S). 

Биогенді айналым мен биомассаның қалыптасуын үш негізгі реакция қамтамасыз етеді:

фотосинтез кезіндегі көміртегі көрсеткіші және карбоқышқылдану

Тірі және өлі табиғат арасындағы зат айналымы газды қайта бөлуде маңызды орынға ие. Өсімдік органикалық затты синтездей отырып, атмосферадан көмірқышқыл газды сіңіреді және оттегін бөліп шығарады.1 г көмірқышқылы газымен органикалық заттың байланысынан 2,7 г оттегі бөлінеді. 1 га шабындық жерден атмосфераға жылына 10-12 мың м³ отегі бөлінеді. Атмосферадағы оттегін толық жаңарту үшін 106 жыл, сутегін жаңарту үшін 10 жыл, метанға 4 жыл, күкірт сутегіне 2 күн қажет.

Атмосфераның жоғарғы шегіндегі күн энергиясының 700 ккал/см² кү құрайды. Оның жылына 55 ккал/см² жер беті мен организмдер жұтады.

Организмдердің үш негізгі тобы:

Продуценттер – жасыл өсімдіктер, фотосинтезге қабілеттілер, яғни 1-ші өнім берушілер

Консументтер – 1-ші немесе екінші өнімді, қажет ететін организмдер – яғни, дайын организмнің затты пайдалана отырып, оны органикалық заттың басқа түріне айналады (жануарлар, паразит өсімдіктер, т.б.)

Редуценттер - өлі органикалық заттар есебінен өмір сүрушілер (бактериялар, саңырауқұлақтар, кейбір жануарлар)

Биомасса – организмдер массасы.

Тіршілік түрлері адаптациялық белгілеріне қарай ажыратылады, оның ішінде анатомиялық және физиологиялық түрлері жіктелінген.

Тіршілік түрлерін қоршаған орта жағдайындағы өсімдіктер мен жануарлардың морфологиялық типтеріне қарай анықтауға болады.

Тіршілік түрлері терминін 1884 жылы дат ботанигі енгізді.

Тіршілік түрлерін жүйелеуде дат ғалымы келесі топтарға бөлді:

Фатерофиттер

хамефиттер

ремикриптофиттер

ксиртофиттер

терофиттер

Тіршілік түрлеріне ендік зоналық пен биіктік ендіктік бойынша таралу ерекшеліктерінен қарастырған. Биоценоздың тік құрылымы – оның кеңістілік құрылымдағы оның көрсеткіші анық.

Биіктік дифференциациясының маңызды факторы жарық интенсивтілігі мен спектр құрамы. Кез келген биоценозда жарық мөлшері жоғарыдан төмен қарай азаяды. Сондықтан әр түрлі жарықтың интенсивтілігіне бейімделген тіршілік түрлері жоғарыдан төмен қарай өзгереді және араласып орналасады.

Қорыта келе, қоңыржай белдеуінің ормандары – тіршілік әртүрлі өсімдіктер – ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер, қыналар. Ал тундра биоценозында өсімдіктер тік бағытта қатты қиысқан, бір ярустың өзінде өсімдіктің әр түрлі формалары кездеседі. Зерттеушілер ылғалды тропикалық ормандар құрамына көп көңіл бөлді. Бұл осы типтегі ерекше түрлердің көпшілігімен түсіндіріледі.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Биосфера қабығы

2.Тіршілік түрлері және олардың таралу аймақтары.

3 Биоценоздың өзгеруі

Әдебиеттер:

1 Биогеография / под редакцией Г.М. Абдурахманова и др. – Москва: Академия, 2003. – 474 с.

2 Биогеография / под редакцией Г.М. Абдурахманова. – Москва: Академия, 2007. – 473 с. 3 Второв П.П. Биогеография: учебник для вузов. – Москва: Владос, 2001. – 303 с.

4 Второв П.П. Биогеография: учебное пособие для вузов. – Москва: Просвещение, 1978. – 270 с.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-11-19; Просмотров: 50; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.