Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Организмдердің таралуына әсер ететін факторлар




Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды. Сондықтан организм үшін факторлардың бұрыннан қалыптасқан жиынтығы ғана қажет. Ал басқа факторлар оның қалыпты тіршілігіне кері әсерін тигізеді. Яғни әрбір организмге әсер ететін факторлардың төменгі және жоғарғы шегі болады және бір фактор шешуші роль атқарады.

Бұл заңдылықты неміс химигі Ю.Либих (1948) ашты. Оны «Минимум заңы» дейді. Бұл заңның өмірде практикалық маңызы зор. Өйткені, организмдердің мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.

Шешуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Төзімділік (толерантность) заңы В.Шелфордтың есімімен аталады. Заңның негізгі организмдердің факторларға деген талғамның шектелуі.

Кез келген организмнің төзімділік шегі болады. Егер төзімділік шегінен шығып кетсе организм тіршілігін жояды. Мәселен, қатты қуаңшылық жылдары өсімдіктердің құрып кетуі, ал су қоймаларының пестицидтермен ластануы балықтардың жойылуына әкеп соғады. Организмдердің төзімділік шегін білудің практикалық маңызы бар. Әсіресе, жабайы аңдар мен құстарды, өсімдіктерді жерсіндіру жұмыстарында төзімділік заңының негізгі тәртіптері ескеріледі.

Табиғи организмдердің көптеген түрлері экологиялық факторлар жиынтығына, оның шекті мөлшері мен төзімділік шегіне бағына бермейді. Керісінше, қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра береді. Организмдердің бұл тобын эврибионтты түрлер дейді. Мәселен, Қазақстанға жерсіндірілген ондатра, көгілдір түлкі, бұлғынды, ал кездейсоқ жолдармен енген колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті,т.б. көптеген арам шөптерді мысалға келтіруге болады.

Кейбір организмдер орта мен факторларға талғамы жоғары болады. Оларды біз стенобионтты организмдер дейміз. Стенобионтты организмдердің таралу аймағы шектеулі болады. Шектеуші фактор абиотикалық немесе биотикалық болуы мүмкін. Мәселен, Іле Алатауының шыршалы орманында тіршілік ететін ақ тиін үшін шектеуші фактор – қорек. Сол сияқты жеміс-жидегі мол тоғайларда тек дәнмен қоректенетін құстар басым болады. Әсіресе, сексеуілді ормандардың тұрғыны сексеуіл жорға торғайлы Іле Алатауының батыс бөлігінде Ақсу-Жабағлы қорығында кездесетін жұмақ торғай, Алакөлдің реликті шағаласы, шөл-шөлейтті, құмды аймақтың сәні – қарақұйрық, т.б. аң мен құстардың таралуы шектелген стенобионтты түрлерге жатады.

Стенобионтты организмдердің эврибионтты организмдерден айырмашылығы – таралу аймағының шектелуіне байланысты морфологиялық, физиологиялық, экологиялық жағынан бейімделу ерекшеліктері басымырақ болады. Оған тән белгілер түсінің ортаға қарай ұласуы, түнге қарай активті тіршілігі, ін қазу, суды үнемдеу, т.б. қасиеттер.

Факторлардың организмдерге әсерінің біртекті болмауы биологиялық көп түрлігіне әсер етумен бірге олардың географиялық белдеулер және табиғат белдемдері бойынша таралуына да әсер етеді.

Экологиялық факторлардың организмдерге тікелей немесе жанама әсер етуі олардың белгілі бір биотопқа бейімділігі тіршілік формаларын қалыптастырады. Организмдерді экологиялық тұрғыдан жіктеу негізінен толық бір жүйеге келтірілмеген. Сондықтан біз организмдердің тіршілік формаларын жіктеуге олардың тіршілік ортасын негізге аламыз.

Тіршілік формасы – организмдердің өзінің тіршілік ортасының ерекшелігіне қарай морфологиялық жағынан бейімдеуі. Әсіресе, жануарлар дүниесінің тіршілік формасын ажырату өте күрделі. Жануарлардың тіршілік формаларын жіктеу Д.Н.Кашкаровтың (1945) жүйесі бойынша алынады:

жүзгіш формалар (нектон, планктон, бентос);

 жартылай суда тіршілік ететіндер (уақытша шығатындар), қорек үшін сүңгитіндер;

қазғыш формалар (жер бетіне шықпайтындар), жер бетіне уақытша шығатындар;

құрлық формалар а) ін қазбайтындар (жүгіргіштер, секіргіштер, жорғалаушылар); ә) жартас жануарлары;

ағашқа өрмелегіштер: а) ағаштан түспейтіндер; ә) ағаштарда жүретіндер; -- әуе формалары: а) әуеде жемтігін ұстайтындар; ә) әуеден қарауылдайтындар

Жүйеден біз организмдердің қозғалуға бейімділігі бойынша жіктелу формасын көреміз. Академик Д.Н.Кашкаров жануарларды ылғал сүйгіштер (гидрофильдер), ал қоректену сипатына қарай: өсімдік қоректі, жыртқыш, көп қоректі, өлексе қоректі деп бөледі. Бұл жіктеулерге қарап біз организмдердің тіршілік формаларының сан алуан екенін көреміз. Қорыта келе, ең басты тіршілік ортасы немесе ұқсас болып келетін организмдердің морфологиялық жағынан да ұқсас болуы бейімдеушіліктің негізгі роль атқаратынын көрсетеді. Ғалымдар өсімдіктер әлемін зерттей келіп олардың тіршілік формасын жіктеуге ұмтылған соның ішінде біз ботаник С.Рауникер (1905-1907) жүйесін негізге аламыз

Мұхиттардың экологиялық облыстары

Дүниежүзілік мұхит суының әртүрлі экологиялық жағдайлар облысы бөлінеді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Организмдердің таралуына әсер ететін факторлар

2. Мұхиттардың экологиялық облыстары

Әдебиеттер:

1 Биогеография / под редакцией Г.М. Абдурахманова и др. – Москва: Академия, 2003. – 474 с.

2 Биогеография / под редакцией Г.М. Абдурахманова. – Москва: Академия, 2007. – 473 с. 3 Второв П.П. Биогеография: учебник для вузов. – Москва: Владос, 2001. – 303 с.

4 Второв П.П. Биогеография: учебное пособие для вузов. – Москва: Просвещение, 1978. – 270 с.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-11-19; Просмотров: 50; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.