Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

дәріс. Құрлықтың флоралық аудандастырылуы




Мақсаты: Құрлықтыңфлоралық аудандастырылуын және таралу аймақтарын анықтау

Жоспары:

10.1 Гуд пен А.Л.Тахмаджияның флоралық аудандастыру жүйесі.

10.2 Голарктика, Палеотропика патшалықтары

10.3 Қазіргі заманғы флораның қалыптасу кезеңдері.

Тірек сөздер:Голарктика, палеотропика,неотропика.

Құрлықтағы флоралық жүйелі құрудың ең алғашқы мәселе 1823 ж дат ботанигі Скау енгізді. Ол 25 патшалыққа, провинцияларға бөлді.

Флоралық аудандастыруға Энглер, Дильс, Гуд, Толмачев, т.б. үлестерін қосты. Флоралық аудандастырудың жоғарғы бірлігі – патшалық.

Тахтаджян бойынша 6 патшалық бар: Голарктикалық,2) Палеотропикалық, 3) Неотропикалық,4) Голантарктикалық, 5) Австралиялық, 6) Коштық

Патшалықтар жоғарғы түрлер мен туыстық эндемиктермен облыстарға бөлінеді. Әрбір облыста, тұқымдастар жиынтығы шоғырланады. Барлығы 34 облыс бөлініп, олар провинцияларға жіктеледі. Ең төменгі хронологиялық бірлік - округ.

Голарктикалық патшалық

Голарктикалық патшалық – барлық құрлықтың жаршысынан астамын қамтитын ең ірі патшалықтың бірі. Патшалықтың жекелеген облыстарының флорасы бір-бірімен тығыз байланысты және олардың кең ауқымда созылып жатуына қарамастан жалпы пайда болуы бірдей.

Голарктикалық флора құрамында 40 эндемикалық тұқымдас бар. Магнолиялы, лаврлы, сарғалдақты шамшатты, қайыңды, жаңғақты, қалампырлы, қара құмықты, шай, талды, шаршы гүлді, қызыл күлгін түсті дәнді және т.б. өсімдіктер кеңінен тараған. Қылқан жапырақтылар ішінен қарағай мен кипарис көп кездеседі. Папоротниктер екі тұқымдасқа біріккен. Олардың көбісі голарктикалық түрлер тұқымдасына жатады.

Голарктикалық ауқымды территориясында жүздеген және миллион, тропиктік флорадан басқа бөлінуде солтүстік флораның дамуы байқалады. Голарктика флорасының төрттік мұз басу, тау түзілу процесі мен әр түрлі дәуірдегі климаттың құрғақшылығының өсуі әсер етті.

Голарктика патшалығы – үш шағын патшалыққа бөлінеді: бореалды, кеменсерортинезирдік және мадреандық

Бореалдық подцарство – ауқымды территорияны қамтиды және екі подцарствомен салыстырғанда эндемикалық түрлер мен тұқымдастарының көпшілігімен сипатталады. Бореалды патшалықтың көптеген облыстарына көне және жабайы түрлер мен тұқымдастар тән. Бұл төрт облысқа бөлінеді:

Циркумбореалды немесе евросібірлі – Канадалық облыс. Құрлықтағы ірі флоранық облыс, көп бөлігі Ресей территориясында орналасқан. Қылқандалар ішінен барынша көп түрлер қарағай шырша, май қарағай және жапырақтылар, ал Канадада тайгалы және қылқанды – жалпақ жапырақты ормандар кеңінен тараған. Жалпақ жапырақты ормандар облысына емен, шамшат, қайың, қандыағаш, үйеңкі, терек, тал, шетен, шегіршін, (липа) жөке, грек жаңғағы, өрік және т.б.тән.

Циркумбореалды облысының флорасында эндемикалық тұқымдастар жоқ., бірақ мұнда эндемикалық түрлер өте көп. Эндемикалық түрлер Кавказ, Альпі тауларында, Сібір және Канада тау массивтерінде көп кездеседі.

Шығыс Азия (Жапон-Қытай) облысы. Бұл облыс флорасы өте бай, 14 эндемикалық тұқымдас пен тұқымдастар шемен гүлді өсімдіктер тұқымдасы ерекше орынға ие. Эндемикалық түрлер ішінде андызды тұқымдастар шемен бархат ағаштары, бамбук түрлері және т.б. дамуда.

Әртүрлі жастағы реликт ауқымдылығы мен әртүрлі түрлердің көптілігі флораның ұзақ уақыт бойы геологиялық дамуымен тығыз байланысты.

Шығыс Азия облысының қазіргі флорасы Солтүстік жарты шардағы қоңыржай флорасының даму тарихын білу үшін және гүлді өсімдіктерге жүйелеу мен дамуы туралы құрақжарды шешуде маңызы зор. Бұл облыс – жоғары өсімдіктер дамыған бірден-бір негізгі орталық. Әсіресе, тұқымды және гүлді, сонымен қатар көне түрлер сақталған бірден-бір орталық.

Атлант-Солтүстік Америкалық облыс. Бұл облыс флорасы өте бай және эндемизмніңжоғары болуымен сипатталады. Мұнда екі эндемикалық тұқымдас пен көкнәр тұқымдастың 100-ден астам түрі бар. Түр эндемизмі өте жоғары, эндемикалық түрлердің көбісі Аппалачта кездеседі. Бұл облыст орман флорасына бай.

Атлант жағалауындағы АҚШ-тың әсіресе Шығыс Азия мен Аппалачтың түрлер ұқсастығына ерте кезде көңіл аударылған. Бұл байланыс бір түрмен сипатталады.

Жерорта теңізі, Орталық Азия, монғолияға дейін қамтиды. Бұл ауқымды территорияның өсімдік жамылғысы әртүрлі. – Макронезиядағы ылғалды мәңгі жасыл ормандардан бастап, Орталық Азиядағы шөл формацияларымен ерекшеленеді.

Коненсерортатеңіздікподцарство 4 облысқа бөлінеді:

Макронезия облысы. Эндемикалық түрлер барынша аз, Макронезияның өсімдік жамылғысында мәңгі жасыл лавр орманы кең тараған. Палеоботаниктердің мәліметтері бойынша Европаның миоцен және плиоцен ормандарына ұқсас.

Жерорта теңіздік облыс. Эндемикалық түрлер онша көп емес. Түр эндемизмі 50% құрайды. Осы облыстың өсімдік жамылғышымен байланысты типтік эндемикалық немесе эндемикалық түрлер – лавр, шенар (платон), зәйтүн (маслина) еменінің қатты жапырақты мәңгі жасыл түрлері, қарағай қатары тараған. Облыстың батыс бөлігіне Европадан жалғыз ғана пальма – аласа пальма тән. Солтүстік Африка таулары мен Ливанда ливандық және атластық балқарағай түрлері кездеседі.

Макронезия облысы салыстырғанда жерортатеңіздік флорада көне реликті түрлері аз және барынша жас түрлер.

Сахара-Аравия облысы. Бұл облыс флорасы онша бай емес, небары 1500 түр кездеседі және көп деңгейде өтпелі сипатқа ие. Жерорта теңіздік және иран-туран өсімдіктері, мысалы, түрлі тікенек. Оңтүстік бөлігінде судан флорасының өкілдері тараған.

Иран-Туран облысы. Бұл ауданның флорасы түрлердің және эндемикалық түрлердің жоғары болумен сиптталады. Бұл облысқа бүкіл әлемдегі түрлер тән.

Облыстың батыс бөлігі, әсіресе Иран таулы және өлкесі Иран-Тұран флорасының негізгі орталығы болып саналады. Мұнда эндемикалық түрлер өте көп.

Мадреан подцарствосы. Бұл подцарство – флорасы эндемикалық тұқымдастар қатарымен сипатталған. Мұнда кактусты эндемикалық түрлер өте көп. Эндемикалық түрлер 40 %-ға жуық. Калифорния жағалауындағы тауларда мәңгі жасыл секвойя ағашы тараған. Облыстың өсімдік жамылғысы әртүрлілігімен ерекшеленеді. Олар: шөл өсімдіктері, қатты жапырақты бұталар мен қылқан жапырақты таулы ормандар.

Палеотропикалық патшалық

Патшалық – Тынық мұхитындағы тропикалық аралдарды Оңтүстік Америка жағалауынан басқа ауданды қамтиды. Патшалықтың бай флорасынан 40 эндемикалық тұқымдас анықталған.

Африкадан Полинезияға дейін ауқымды территорияны алып жатыр.патшалық 5 подцарствоға бөлінеді - Африкалық, Мадагаскарлық, Үнді-Малайлық, Полинезиялық және Жаңа Каледондық.

Үнді-Малай аумағына оның бырытаңқылығына қарамастан оның флорасына әртүрлі элементтер тән. Бұл территорияның эндемизмі өте жоғары, аумақтың флорасына 11 эндемикалық тұқымдас пен эндемикалық түрлердің көпшілігі жатады. Қазіргі мәліметтер бойынша жер бетіндегі гүлді өсімдіктер кең тараған. Бұл аумақ 5 облысқа – Үнді, Меланезиялық, Үнді-Қытайлық, Пандастық және Фиджилік.

Меланезия облысының флорасы өте бай, онда 25 000 астам түрлер тараған. Жабайы гүлді өсімдіктер өте көп. Өсімдік жамылғысына тропикалық ормандардың ылғалды. Меланезия эндемикалық түрлері, паразитті өсімдіктердің 12 түрі және т.б.тән. ең белгілісі – көлденең қимасы 1м, гиганттық гүл , салмағы 10 кг.

Үлкен Зонд аралдары флораға өте бай. Калимантанда 11 мыңнан астам, ал Европада – 6 мыңнан астам өсімдіктер түрлері кездеседі.

Африка аумағына Африка континенті Аравия түбегінің тропикалық шөлдері, Иран, Пәкістан,, Солтүстік-Батыс Үндістанның тропикалық шөлдерін қамтиды. Өсімдік жамылғысында тропикалық ормандардың ылғалды және ксерофитті типтері, тропиктік сирек тоғай мен бұталар, саванна өсімдіктері, шөл өсімдіктері көп. Бұл аумақ келесі облыстарға бөлінеді: 1: Судан-Замбезилік; 2 – Гвинея-Конголық; 3- Чад-Намиб; 4-Св:Елена мен Полинезия аралдары.

Гвинея мен Конго ормандар флорасы өте бай және ерекше. Бұл жерде 13 000 астам бұталы ағаштар анықталған. Бірнеше эндемикалық түрлер кездеседі. Эндемиктер көбінесе бамбук ағаштарының арасында кеңінен таралған. Мысалы, эндемиктер папоротниктер мен кактустар.

Судан-Ангола облысы – құрғақ флорасымен белгілі. Саванналарда әртүрлі дәнді дақылдар (тропиктік ормандарда терминалия, камбренум, изоберилия, түрлері кездеседі) баобаб, пальма, көптеген күттіген тән.

Намиб көлінің солтүстік бөлігі мен Анголаның оңтүстік-батыс бөлігінде бір монотипті эндемикалық вельвичия тұқымдасы бар. Ол мезозой жасындағы реликт өседі. Облыс эндемикалық әсіресе түрлерге бай.

Мадагаскар аумағы Мадагаскар аралын және оған созылып жатқан аралдар тобы: Маскарен аралдары (134-135) , Сейшель, Амирант, Канар аралдары қамтиды. Мұнда бір ғана – Мадагаскар облысы. Мадагаскар флорасы жоғары эндемизммен – тұқымдастар, түрлер деңгейіменайқындалады. Бұл облысқа 9 эндемикалық тұқымдас, 450 эндемикалық түр, гүлді өсімдіктердің түр эндемизмі 89 %-құрайды.

Мадагаскар мен Африка флорасының байланыспен болуын шамамен 170 түрлерінің ұқсас болуы дәлелденеді. Мадагаскардың ылғалды тропиктік ормандары тараған. Шығыс бөлігінде өсімдіктердің түрлері кездеседі.

Сейшель аралдарында эндемикалық сейшель пальмасы – калифорния секвойясы, оның үшін 13-18 кг, кейбіреулері жеміс салмағы 45 кг артық. Сейшель пальмасы төбе беткейлерінде, Құрыз және Тасман қорықтарындағы көне гранитті аралдарындағы өзен аңғарларында өседі.

Полинезия аумағы. Бұл аумақ екі облысты қамтиды – Гавай және Полинезия, бұл облыстарда эндемикалық тұқымдастар жоқ, жаз арал флорасы тараған, түр эндемизмін көп бөлуімен сипатталады. Полинезия флорасының тарихи тұрғыдан Үнді-Малайзиялық. Ол мұхиттық аралдарды географиялық изомециялау жағдайымен архипелагқа жер бетінен басқа бөліктерінен әкелінген өсімдіктер есебінен пайда болған.

Гавай обоысы флорасының құрамындашегі Үнді –Малазияның өсімдіктер кездеседі. Мұнда көптеген тұқымдастар (қылқан жапырақтылар, лаврлы, магнолиялы) таралған.

Жаңакаледондық аумақ өзіндік флорасымен ерекшеленеді. Бұл бір жаңакаледондық облысты қамтиды, оған жаңа каледония және луалото, кіреді. Бірнеше эндемикалық тұқымдастар 110 эндемикалық түрлер бар. Түр эндемизм 85% жаңа каледониялық эндемикалық тұқымдастармен түрлерін жер бетінің өсімдік аумақтары тұқымдастар мен түрлері салыстырғанда келмейді. Осы ауданда кездесетін 2 700 түрден 90 % (2500) эндемикалық.

Неотропикалық патшалық

Неотропикалық флора ұзақ уақыт кезеңінде өз алдына жеке дамып қалыптасты, оған 30-дан астам эндемикалық тұқымдастар мен көптеген эндемикалық түрлер дәлел болады. Эндемикалық тұқымдастың кемінен қалғаны атауға болады. Көптеген көне түрлері сәндік эндемик үшін қолданылады. Сонымен қатар эндемикалық тұқымдастардың ішінде мезгілдік гүлді өсімдіктер кездеседі.

Неотропикалық патшалық: 1 - Карибтік, 2 – Гвиан таулы үстірті, 3 - Амазондық, 4 – Бразилиалық, 5 – Андтық

Барынша көне флора Гвиана таулы үстірті облысына тән. Мұнда 100 эндемикалық түрлер тараған. Эндемикалық түрлердің пайыздық көрсеткіші 70 -95 %. Амазонка алабының бай флорасы – Амазонка облысында бір ғана эндемикалық тұқымдас, 500 кездеседі. Жаңбырлы тропиктік ормандардың өсімдіктер аумағына Гумбольдт иелей деген ат берді. Жер шарының ешбір бай Амазонка алабидайы сияқты ормандар кездеспейді. Мұнда эндемикалық пальманың 60-тан астам түрі тараған., ағаштардан бертолиция -45м жоғары, биіктіктей ішінен лавр,т.б..

Амазонка аңғарының өзендер құяр банктері эндемикалық сулы өсімдіктердің жаралуымен байланысты. Оның ішінде Королевская виктррияны атауға болады. Сонымен қатар сирек өсімдіктер кең тараған. Мысалы, каучук ағашы, какао ағашы,т.б.

Бразилия облысында эндемикалық тұқымдастар болмағандықтан (эндемикалық түрлердің шамамен 400 түрі кездеседі). Өсімдік жамылғысында құрғақ тропикалық ормандар, шөптесін өсімдіктер мен саванналар кездеседі.

Анды облысының флорасында бір эндемикалық тұқымдас келе бірнеше жүздеген эндемикалық түрлер кездеседі. Таксондар саны бойынша Анды облысының флорасы онша бай емес, оның құрамында неотрпиктік таксондар эндемиктерінің биіктігі 1500-3000м биіктікке жететін ағаштар кездеседі. Жапырағы кокоинге бай кока ағашы өседі.

Голарктикалық патшалық

Патшалықта 4 облыс: 1 –Хуан-Фернандалық, 2 – Чили – Патагондық, 3 – Субантарктикалық, 4 – Жаңазеландиялық.

Чили-Патагондық облысында қылқанды эндемиктердің бірнеше түрлері тән. Анд беткейлеріндегі ылғалды мәңгі жасыл ормандардың 1-ші ярусында 40-50м-лік фицрол ағашы өседі. Оңтүстік бук ағаштарының көп түрлері бар, бұл үй ағаш, қолайлы гидротермалды жағдайда биіктігі 40-50 м, деңгейінің диаметрі 1,5-2м. Андтық беткейлері мен жағалық тізбектерге оңтүстік бук ормандармен жабылған. Бұл облыста оңтүстік буктың 40 түрі тараған.

Қорыта келе, жаңа Зеландиялық облыс – эндемикалық тұқымдастар жоқ, бірақ 50 эндемикалық түрлер бар, түр эндемизмі өте жоғары, жаңа зеландиялық флорасында эндемизм 100%. Оның ішінде араукариді ағаш. Солтүстік аралдардың төменгі ормандарында шоғырланған. Жаңа Зеландияның гүлді өсімдіктер флорасы түр эндемизмін жоғары болуымен сипатталады (80%)

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Кап патшалығы

2. Австралия патшалығы

3. Антарктика патшалығы

Әдебиеттер:

1 Биогеография / под редакцией Г.М. Абдурахманова и др. – Москва: Академия, 2003. – 474 с.

2 Биогеография / под редакцией Г.М. Абдурахманова. – Москва: Академия, 2007. – 473 с. 3 Второв П.П. Биогеография: учебник для вузов. – Москва: Владос, 2001. – 303 с.

4 Второв П.П. Биогеография: учебное пособие для вузов. – Москва: Просвещение, 1978. – 270 с.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-11-19; Просмотров: 79; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.042 сек.