Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

дәріс. Құрлықтың фауналық аудандастыруы




Мақсаты: Құрлықтың фауналық аудандастырылуын және таралу аймақтарын анықтау

Жоспары:

9.1 Қазіргі заманғы фаунаның қалыптасу кезеңдері.

9.2 Неоген патшалығы патшалығы

Тірек сөздер: амфибия, рептилия, ареал.

Құрлықтағы флора мен фаунаның әртүрлілігі флора мен фаунаның аудандастыруына әкеліп соқты. Аудандастырудың мәні – құрлықтың бөлінуі территориялық бірлістіктерге байымдалды, эндемик ұқсастыққа байланысты.

Кез келген аумақтың флора мен фауналар жиынтығы, өсімдік немесе жануарлар түрлері географиялық таралу ерекшеліктері әр түрлі. Түрлі ареалдардағы әртүрлі түрлер немесе олардың жиынтығына талдау жасау таралу типтерін анықтайды және флора мен фаунаның географиялық элементтеріне бөліп қарастырады. Әрбір флора мен фауна әртүрлі геоэлементтерге жататын түрлердің үйлесімділігімен сипатталады.

Құрлықтың фауналық аудандастырылуы омыртқалыларға, сүтқоректілерге, құстарға, амфибияларға (суда да, құрлықта да мекендеушілер, көлбақа) мен рептилияларға байланысты (рептилия, бауырымен жорғалаушылар). Әртүрлі географиялық аудандар мен құрлықтардағы фауна құрамы ерте кезден өзгелерге тәжірибе жасаған. Жер шарының фаунасының географиялық, фауналар жайлы жүздеген бөліп жиналған мәліметтер, глобальды масштабтағы зоогеографиялық аудандастыруға әкеліп соқты.

Ең алғашқы осындай тәжірибе 1858 ж ағылшын орнитологы Склетор жасады. Ол 6 зоогеографиялық ауданға бөлді. Ең соңында қаңқалылар облысынан жоғарғы категорияларға – жануарлар әлеміне біріккен облыс, подоблыс, округ , провинция мен насекомдерге бөліп қарастырды.

ХХ ғасырдың ортасындағы аудандастыру жүйесінің әбден жетілген кезінде Геттлер, Пузанов, Бобринский, Дарлингтон өз үлестерін қосты. Бұл ғалымдар негізінен фаунасына сүйенді. ХХ ғ екінші жартысында зоогеографтар фаунаны аудандастыру жасаған кезде омыртқасыз жануарлар – моллюскалар мен насекомдарға назар аударды, оның ішінде қатты қанаттыларға назар аударды.

Бұлардың таралуы туралы тарихи деректер – жануарлардың көне топтары одан да ұсақ көлемде қажеттілікті тудырды. Патшалықтардағы шекаралық, облыстары мен подоблыстарын анықтау қажет болды. Омыртқасыздар фаунасына сүйене отырып жасаған зоогеографиялық аудандастырудың негізгі сызбасын Крижановский мен Лопатин ұсынды.

Әртүрлі рангтегі фауналық аудандастыру категорияларының жіктелуі эндемизм деңгейіне байланысты болды. Жануарлар әлемі эндемикалық отрядтар мен облыс – эндемикалық тұқымдастардың таралу сипаты бойынша, подоблыстар – эндемикалық түрлердің таралуымен анықталды.

Царство – фауналық аудандастырудың жоғарғы категориясы. Қазір ғалымдар 4 түрін қарастырады: 1. нотогей, 2. неоген, 3-пелеоген, 4- арктогей.

Нотогей – Австралия мен Антарктида кіреді. Нотогей көлемімен ерекшеленеді. Австралия, Антарктида мен Оңтүстік Американың оңтүстік бөлшектерімен байланысты. Кедейлігі - әртүрлі мұздану процестеріне байланысты.

Неоген патшалығына бір ғана облыс – Неотропикалық облыс кіреді. Бұл патшалық екі тұқымдастың болуымен, құмырсқа қоректілермен насекомқоректі сүтқоректілердің болуымен сипатталады.

Палеоген патшалығына Эфиопия және Үнді-Малай облыстары кіреді. Бұл патшалыққа кесірткелер отряды, пілдер, жартылай маймылдар кіреді.

Арктогей патшалығына – Голарктикалық облысы жатады. Бірақ жер шарының тропикалық бөлігінен басқа солтүстікті қамтиды.

       Мұнда толығымен қалталы сүтқоректілер кіреді және әртүрлі отрядтар тобы басым. Бұл осы фауналық кешен территориясының жас болуымен түсіндіріледі.

Австралия облысы – көнелігімен және өзіне ғана тән сүтқоректілер фаунасымен ерекше. Бұл облыста жабайы аңдар – үйректұмсық ехидна мекендейді. Олар аңдар подкласына бөлінеді, екі тұқымдасты - 1 түрі үйректұмсықтылардың 4 түрі. Қалталы жануарлар әртүрлі 13 эндемикалық тұқымдасты құрайды. Бұл жабайы қалталылар (егеуқұйрық, сусарлар,тасманиялық дьявол, көртышқандар)

Австралия облысының шекарасы Бали (Индонезия) ден Ява аралына дейін созылады.

 Сулавеси аралының фаунасы – бабарус шошқасының екі түрі мен аноа өгіздері кездеседі.

Австралия облысынан екі подоблыс бөлінеді: 1 – Папуастық, 2- Австралиялық.

Папуас подоблысы фаунасы – солтүстік бөлігін қамтиды. Ең көп түрлер Жаңа Гвинея аралында таралған.

Австралия подоблысы (Авсралияның солтүстігі мен Тасмания аралынан басқа) Авсралия материгін қамтиды. Бұл подоблыста (9 эндемикалық) австралиялық далада 9 эндемикалық түрі кездеседі.

Антарктикалық облысы

Антарктида облысының фаунасы өзінің көнелігімен, мұздануға байланысты өзінің жұтаңдығымен ерекшеленеді. Палеогеннің басында, 70-60 млн жыл бұрын Антарктида Оңтүстік Америкамен құрлықтық байланыста болды. Ал Австралия мен жалпы платформада бірігіп жатты. Осы уақытта Антарктида климаты жылы және жұмсақ болды. Антарктида облысы 3 подоблысқа бөлінді: Жаңа Зеландиялық, Оңтүстік және Патагондық.

Жаңа Зеландиялық подоблыс Жаңа Зеландияның солтүстік және оңтүстік аралдарынан басқа – олардың оңтүстігіндегі аралдарын қамтиды. Европалықтар бір жерге басқа жерлерден сүтқоректілердің үш түрі болды: 1. маор егеуқұйрығы, 2. түрі ұшқыш тегицилдар. Бұл фаунада құстардың эндемикалық отрядтары ұшқыш кивидің 3 түрі, тоты құстың 2 – эндемикалық тұқымдасы және т.б. бауырмен жорғалаушылар каттерия немесе туатара эндемигі кездеседі.

Оңтүстік подоблысы субарктикада аралдары мен Антарктида жағалауын қамтиды. Пингвин тәрізді куб эндемигі құстардың тіршілік етуімен ерекшеленеді. Пингвин тәрізді отрядына 16-түрлі бір тұқымдастар жатады.

Патагондық подоблысы. Оңтүстік Американың оңтүстігіндегі аралдар қатары мен Оңтүстік Американың оңтүстігін қамтиды. Бұл подоблыстың фаунасы көне және барынша жабайы. Патагонияның құрғақ жазықтарында патагония қояны мекендейді. Анд тауының оңтүстік бөлігінде шиншилла тұқымдасының 4 түрі мекендейді.

Қорыта келе, неоген патшалығының жоғары категориясы - Неотропикалық облыс. Бұл облыс 4 подоблысқа бөлінеді: Чилилік, Бразилиялық, Орталықамерикалық, Антильдік. Чили подоблысы фаунасына – шиншилла, патагон марасы, теңіз шошқасының 20 түрі, викунья мен гуанако түрлері, жүн тұмсықтылар – пампа, перу, оңтүстік анд бұғылары,т.б.

Бразилия подоблысына – тропикалық ормандардың жануарлары тән.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Қазіргі заманғы фаунаның қалыптасу кезеңдері.

2 Неоген патшалығы

Әдебиеттер:

1 Биогеография / под редакцией Г.М. Абдурахманова и др. – Москва: Академия, 2003. – 474 с.

2 Биогеография / под редакцией Г.М. Абдурахманова. – Москва: Академия, 2007. – 473 с. 3 Второв П.П. Биогеография: учебник для вузов. – Москва: Владос, 2001. – 303 с.

4 Второв П.П. Биогеография: учебное пособие для вузов. – Москва: Просвещение, 1978. – 270 с.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-11-19; Просмотров: 97; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.