Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 1 страница




Астана

Ж.

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

Көлік және энергетика

факультетінің деканы

__________Т.Б.Сүлейменов

 

_ 5В071700 «Жылу энергетика» _ мамандығының білім алушылары үшін

(мамандықтың шифры және атауы)

IE 4305 « Инженерлік экология »

( жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы )

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

 

 

Дәріс 1 – Кіріспе – Энергетика және қоршаған орта – 1 сағ

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Адам әрекетінің климат пен табиғатқа әсері

Бақылау сұрақтары

 

 

Бұл бағытта жылу энергетиялық қондырғылардың жұмысы кезінде атмосфераға зиянды шығарулар зерттеледі, шығарулардағы зиянды заттардың мөлшері мен концентрациясына режимді факторлардың әсері, жылуэнергетикалық қондырғылардың эксплуатациясына технологиялық режимдердің енгізуі кезінде төмендету жолдары, өндірісте зиянды заттардың құрамдас бөлiктерiн пайдалану зерттеледі

Пәнді оқыту мақсаты қоршаған ортаны қорғаудың төңiрегiндегi өнер-бiлiмдерiнiң қалыптастыруы және табиғи қорларды тиiмдi пайдалану, әр түрлi отындарды жағу кезінде пайда болатын зиянды қоспалардың жасалу процестерi туралы, жылутасығыштарды пайдалану кезінде пайда болатын зиянды заттардың және көмекшi материалдардың пайда болу процестері. Жылуэнергетикалық қондырғылардан шығатын газдарды және ағынды суларды тазартуда қолданылатын схемалық шешімдер мен технологиялық режимдерді зерттеу.

Адамзат қоғамының әлемдiк дамуының объективті нақтылығы ретінде өнеркәсiптің дамуы, көлiктiң және ауыл шаруашылығының қоршаған ортаға әсерi болып табылады. Қоршаған ортада әртүрлі ластағыштар көбеюі мен жиналуы биосферада пайда болатын табиғи процестерді бұзуы қабiлеттi.

Адамның, өсімдік және жануарлар әлемінің биосферамен өзара іс - әрекетiнiң мәселелерiмен айналысатын ғылым экология деп аталады.

Табиғатты қорғау табиғи - ғылыми жүйені, өндiрiстiк-техникалық, экономикалық және әкiмшілік - құқықтық іс шараларды, табиғи қорларды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.

Қоршаған орта энергетиканың әсерi қандай? Еңбектiң энергиямен қарулануының өсуi және тұрмыста электр қуатын тұтынуы, электроэнергетиканың одан әрі дамуына бағытталады, ал демек, қоршаған ортаға және биосфераға әсерін арттырады. Атом энергетикасы дамуын жалғастырады. ТМД елдерінде электрэнергиясының өндiрiсiнiң құрылымы 2000 ж.,млрд.кВт*сағ: ЖЭС - 1530, АЭС - 520, СЭС - 300, барлығы - 2350.

Адам үшін ең үлкен қауiп - қатер қалалардағы атмосфералық ауаның ластануы болып келеді.

2. Адам әрекетінің климат пен табиғатқа әсері

Экология – тірі организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым.

Тірі организмдердің өмір сүруіне ауа оттегісі маңызды әсер етеді. Тыныс алу мен жану үрдісінде оның концентрациясы кемиді, кейін СО2 сіңіру кезінде биомассаның пайда болуы есебінен өсімдіктермен қалпына келеді. Органикалық отынды жағу үрдісінің ұлғаюымен байланысты антропогенді үрдістер О2 концентрациясының атмосферада кемуіне септігін тигізеді.

Жер беті 31% бұлттармен жабық. Егер өндірістің қарқыны осылайша жалғаса берсе, бұлтшылдық 4-5% ұлғаяды, бұл температураны бірнеше градусқа төмендетеді. Егер температура төмендейтін болса, ауыл шаруашылығына зардап тиеді. Адам шаруашылығынан жылу үрдістері күн жылуының 0,02% құрайды. Атмосфера температурасы 0,1 градусқа жоғарылайды.

Атмосфераға тастаулар мен атмосфераның жерүсті қабаттарында СО2 көмірқышқыл газының жинақталуы буландыру эффектісін шақырады, бұл жер бетіндегі орташа температураның ұлғаюына әкеледі.

Ластану – ортаға өзіне тән емес физикалық, химиялық, биологиялық және ақпараттық агенттердің кіруі немесе пайда болуы ұзақжылдық деңгейдің жоғарылауы (шеткі толқындар түрінде) жағымсыз реттілікке әкелетін берілген ортаға агенттердің концентрациясы. Ең ірі мағынада ластану – бұл табиғатқа сай емес орында, уақытта және санда болуы. Бұл экожүйені тепе-теңдіктен шығарады, ол адам үшін қажетті деңгейден және нормадан ерекшеленеді.

Ластану кез келген агентпен жүзеге асырылады, соның ішінде ең «тазасымен»; мысалы, құрлық экожүйесінде судың табиғи нормасына су қатысты артық ластаушы болады. Ластану табиғи (табиғи) себептер нәтижесінде де, адам әрекеті әсерінен (антропогенді) пайда болады; ластану мәселелерін қарастыру кезінде соңғысы қарастырылады. Ластану деңгейі ластаушылар ШМК (шектеулі-мүмкін концентрациясы) өлшемдерімен бақыланады, олар экожүйенің жалпы немесе жеке организмдеріндегі өзгерістерге әкеледі.

Зиянды заттарШМК – ауаның көлемі мен массасының бірлігінде зиянды заттардың максимал саны, шексіз уақыт ағымында күнделікті әсер кезінде адам организмінде ауру өзгерістер шақырмайды және өзінің ұрпақтарында тұқым қуалайтын жайсыз ауруларға әкелмейді. Заттың зияндылығы кемуіне байланысты, оның ШМК мәні де соғұрлым кем болады.

Әр тасталатын зиянды зат үшін келесі шарт сақталуы қажет

,

 

осында Сi – i зиянды заттың жерүсті концентрациясы, мг/м3;

ШМКi – і заттың ШМК мәні, мг/м3.

Осылайша, ластану түрлері: антропогенді, локаль, жаһандық, фонды-биосфералы, ол өз бетінен гидросфераның табиғи, катастрофиялық, физикалық, механикалық, микробиологиялық және т.б., яғни маңызды өлшемі бойынша су объектілері – су қоймалары мен өзге жасанды су қоймалары, өзендер, көлдер, мұхиттар мен теңіздер, жерасты және жерүсті сулары үшін қалыпты жағдайларды жоятын гидросфераға түсетін ластаушылар. Тұрғылықты жерлер ластануы атмосфералық ауа, су және топыраққа бұл жердің сипаттамаларын жағымсыз өзгертетін биологиялық, физикалық және химиялық агенттердің түсуі кезінде орын алады. Тұрғын орындардың ластануына өнеркәсіптің жылуэнергетика, химиялық, мұнай химиялық және металлургиялық салалары, сонымен қатар көлік те әкеледі, және де тұрғын жерлердің ластануы халық ауруларының күрт ұлғаюына әкеледі. Ол смог – түтін, тұман және тозаң қоспасы түрінде кездеседі.

Фотохимиялық тұман (смог) – бұл алғашқы және қосымша пайда болуының көпкомпонентті газдар қоспасы мен аэрозоль бөлшектері. Смогтың негізгі компоненттері: жерүсті озоны, азот пен күкірт оксидтері, қышқыл табиғат қоспаларының органикалық қосылыстары.

Смогтың пайда болуы шарттары:

1) атмосферада NO2, көмірлісутегі және басқа ластаушылардың жоғары қоспаларының болуы;

2) қарқынды күн радиациясы;

3) желсіздік.

Өңделетін мұнайдың 1 т судың меншікті шығыны 2,0 т құрайды. Ағынды сулардың 3,0 млн м3 жылына ешбір тазартусыз 2 млн м3 тасталады. Қоршаған ортаға аса зиян келтіретіні жерүсті суларына минералданған, темір мен ұшпалы заттардың зор көлемі бар, және мүлдем ешбір тазартусыз тасталатын шахта сулары лас ағынды сулары. Ағынды сулардың 3,0 км3 ластанғандар үлесіне 80% келеді, бұл бар тазартушы құралдардың тиімсіздігі туралы айтады. Ағынды сулармен бірге сульфаттар, хлоридтер, фосформен азот қосындылары, дайын мұнай өнімдері, сонымен қатар формальдегидтер, метанол, бензол, күкіртті сутегі, күкіртті көміртегі, аса улы болып саналатын ауыр металдар қоспалары да тасталады. Химия және мұнайхимия кешені салаларында экологиялық жетілмеген өндірістері концентрациялары шектеулі мүмкін мәнінен жоғары заттармен атмосфералық ауаны ластау көздері болады. Бұл тастаулар топырақтың ары қарай ластануын анықтайды, мысалы, МӨЗ орналасқан қалалардың маңында 5 км радиуста ШМК-дан жоғары металдар коспасы.

Көлік-жол кешені табиғи орта ластануының ірі көздері болады. Жыл сайынғы зиянды заттардың 35 млн т-дан 80% автомобиль көлігі мен жол-құрылысы кешенінен, 8% - теміржол көлігіне, 2% жуығы - әуе көлігіне және тек қана 1% - су көлігіне келеді. Одан басқа, автокөлік қаладағы шудың негізгі көзінің бірі болып табылады және қоршаған ортаның жылулық ластануына маңызды үлес әкеледі.

Ресейде автомобиль көлігінен тастаулар жылына 20 млн т құрайды. Ішкі жану қозғалтқыштарының жұмыс жасаған газдарының құрамында 200 атаулы зиянды, соның ішінде канцерогенді заттар бар. Мұнай өнімдері, шиналар тозығы мен тежеуіш қалып өнімдері, хло­ридтер (жер жабындарының мұзға қарсы қолданылады) жол маңы мен су объектілерін ластайды. Белгілісі, ағымдағы ғасыр басында-ақ 500 млн жуық автокөлік пайдаланды; кейінгі жылдары оның екі есе өсуі күтіледі. Әрине, көліктің зиянды әсерін кеміту үшін түрлі анықталған шаралар қолданылды. Автокөлікте улылығы төмен дизель қозғалтқыштары мен бензинге арнайы қоспалар (метанол мен жоғары спирттер) қолданылады. Сұйытылған табиғи газды қолдану шығарудағы зияны заттардың үлесін (азот оксиді мен көміртегі, күл) 40% дейін кемітеді. Бензин-сутегілі отын (сутегі құрамы 12%) этили­рленген бензинді алмастыру қажет, бұнда қозғалтқыштар тиімділігі 20% өседі, отын шығыны 40%. Болашақта «идеал сутегілік отынды» қолдану ұсынылады.

Егер апаттар санының өсімінің себептерін қалыптастыратын болса: жұмыстардың жетекшілері, мамандары мен қызметкерлерінің қауіпсіздік талаптарын бұзу; техникалық қауіпсіздік нашарлауы мен апатқа қарсы тұрақтылық; тозуының жоғары дәрежесіне байланысты машиналар мен жабдықтардың сенімсіз жұмысы (50% дейін); жабдықтар мен машиналардың құрылымдық кемшіліктері мен қателіктері, қате инженерлік шешімдер; Ресей өнеркәсібінің өсіп келе жатқан өрт- және жарылыс қауіпті технологиялар өндірістік апаттардың потенциал көздері болады.

Экологиялық зардаптары бойынша апаттар аса қауіпті болып табылады: өндірістің мұнай- және өндру, көмір, химия, мұнайхимия және микробиологиялық салалары мен көлікте. Бұндай апаттардың шығынын болдырған кәсіпорындардың өзі анықтайды – яғни мұнай мен газ конденсатының шығынын, мұнайөнімдерімен ластанған жерлер мен акваторийлер рекультивациясы мен тазарту бойынша қажетті жұмыстар құнының өсуін ескерумен.

Шикі мұнай мен табиғи газды өңдеудің түрлі кезеңдерінде (мысалы, қайта айдау, каталитикалық крекинг, күкіртті жою, алкилдеу) газтәріздес және ерітілген және канализацияға қалдықтармен тасталады. Ең бірінші оларға ары қарай өңдеуге келмейтін технологиялық үрдістердің қалдықтары жатады. Материалдық эмиссиямен қатар өндірісте қолданылатын жылу бөлінеді, ол қоршаған ортаның жер суларын қыздырады.

Мұнайды өндіру кезінде қайта айдау мен крекинг қондырғыларының газтәріздес тастаулары шығады, негізінен, СПНm көміртегілісутектер, СО көміртегі моноксиді, H2S күкірттісутегі, NH3 аммиак пен NxOy азот оксидінен тұрады. Атмосфераға шығарылу алдында газаулағыштарға жиналатын заттардың бөлігі, шырақтарда жағылады, нәтижесінде көмірсутектердің жану өнімдері пайда болады (СО көміртегі моноксиді мен мен SO2 күкірт диоксиді). Крекинг қондырғыларынан шығатын газдар ағымындағы қатты бөлшектер қайта қайтып келеді. Алкилдеу үрдісінде шығатын қышқыл өнімдер жеке қондырғыларда толық термиялық ыдырайды, бірақ бұның кезінде атмосфераға шығатын HF фторсутегі пайда болады. Сонымен қатар, түрлі жылыстаумен, жабдықтарға қызмет көрсетудегі кемшіліктер, технологиялық үрдістің бұзылуы, апаттармен, сонымен қатар сумен қамтамасыз етудің технологиялық жүйесінен газтәріздес заттардың булануынан шығатын бақыланбайтын эмиссиялар бар.

Мұнай өңдеудің маңызды мәселелерінің бірі, жоғарыда аталған отынды (қарамай мен көлік отыны) өндіру мен пайдалану кезінде күкіртті газдың бөлінуімен байланысты қажетті күкіртсіздендіру. Күкіртсіздендіруді гидрокүкіртсіздендіру жолымен жүргізеді, бұл үрдіс кезінде H2S бөлшектеп SO2 дейін қышқылданады, екінші кезеңде S0 элементарлы күкіртке дейін қалпына келеді. SO2 (ел бойынша) барлық көлемінен 40% энергетика объектілеріне, 25% - мұнай өндіру кәсіпорындарына және 20% химия өндірісіне келеді.

Мұнайлы көмірсутектермен негізгі ластанулар тасымалдау мен өзендердің шығаруынан, сонымен қатар атмосфералық қалдықтардан болады. Мұнай өнімдерін тасымалдайтын танкерлермен болатын апаттар үлесі аса маңызды емес (5% жуық), бірақ сыйымдылығы 500 мың т. танкерлерді құрастыру мен іске енгізуге байланысты өзгеруі мүмкін – апат болар жағдайда ұлкен зардаптарға әкеледі.

Экологиялық мәселелерге тұрғын жерлердің энерго- және жылумен қамтамасыз ету жатады. Бұның өзі түсінікті, себебі кейінгі жылдары өндірістің мұнайөндіру салаларында бастапқы көздер ретіндегі үлесі 70% өсті. Қазіргі объектілердің энергияға қанықтығы зор көлем алды: өнімділігі 100 млн т/жыл типті мұнайөндіру зауыты өзінің өндірістік территориясында 200 ден 500 мың. т-ға дейін көмірсутегілі отыны бар, бұның энергия құрамы ~ тротилдің 2 мегатоннасына сәйкес. Технология үнемі қарқындап келеді, температура, қысым, қауіпті заттар мазмұны критикалық мәнге жақындап, өсіп келеді; дайындалатын өнімдердің көбі жарылыс-өртқауіпті және улы. Өкінішке орай, халықтың тұру жеріне энергияны тарату, жылу- және газбен қамтамасыз ету жақын орналасатын индустриалды аймақтардың пайда болуына әкеледі. Осылайша, қала табалдырығында орналасқан Мәскеу мұнай өндіру зауыты, жылына көмірсутегілі шикізаттың 12 млн т өңдейді, оның өндірісінде 40 технологиялық қондырғылар мен резервуарлар жұмыс істейді. Бұның бәрі жарылыс, өрттер мен апаттар мүмкіндігімен байланысты.

 

Кесте 1 - Мұнай көміртегілі сутектермен ластану көздері

 

Ластану көздері Жалпы саны, млн т/жыл Үлесі, %
     
Көлік құралдары, соның ішінде: 2,13 34,9
- кәдімгі тасымалдау 1,82 30,0
- зілзала (катастрофалар) 0,3 4,9
Өзендердің шығарылуы 1,9 31,1
Атмосферадан шығарылу 0,6 9,8
Табиғи көздер 0,6 9,8
Өндірістік қалдықтар 0,3 4,9
Қала қалдықтары 0,3 4,9
Жағалаудағы мұнайтазарту зауыттарының қалдықтары­ 0,2 3,3
Ашық теңізден мұнайды өндру, соның ішінде: 0,08 1,3
- кәдімгі операциялар 0,02 0,3
- апаттар 0,06 1,0

Бақылау сұрақтары:

1 Адам әрекетінің климат пен табиғатқа әсері қандай?

2 Фотохимиялық тұман дегеніміз не?

3 Энергия алу үшін жанатын отынның негізгі түрлерін ата.

4 Энергияныңэнергия көздеріне не жатады. Олардың қоршаған ортаға әсері.

Дәріс 2 – ЖЭС пен ӨК зиянды шығарулары – 1 сағ

Жоспар:

1. Отын және түтін газдар құрамындағы улы заттар

2. Қоршаған ортаның энергетикалық ластануы

3. Табиғат пен адамға зиянды шығарындылардың әсері

4. Зиянды газ тәріздес қоспалардан жану өнімдерінің тазартуы

5. Зиянды заттардың жалпы жойылуы

Бақылау сұрақтары

 

1 Отын және түтін газдар құрамындағы улы заттар

Жылу электр станциясы, әлемде өндiрiлетiн отынның 1/3 бөлігі биосфера мен қоршаған ортаға үлкен әсерін тигізеді.

ЖЭС-тің қоршаған ортаға әсері үш бағытта жүреді:

1) түтiн газдарын түтiн шығару құбыры арқылы атмосфераға жіберу;

2) отынның үлкен мөлшерін жағудың нәтижесiнде қоршаған ортаға жылу шығару. Ол «жылулық ластану» деп аталады;
3) күл шығару және химсудаярлау қондырғыларынан көп мөлшерде минерализацияланған сонымен қоса мазутталған суды тастау.

Улағыш (зиянды) заттар дегеніміз улағыштық адамның денсаулығы мен жануарларға кері әсерін тигізетін химиялық қосылыстарды атайды. Отынды жағу кезінде атмосфераға көміртек пен сутектің тотықтарымен қоса шала жанған отынның бөлшекткрімен ұшпа күл,күкірт және күкіртті ангидридтер, азот тотықтары, ванади қосылыстары, фтор қосылыстарының біраз мөлшері, аммиак, цианды қоспалар, банзепирен, сынап, қышқылдар, сонымен қатар шала жанған отынның газ тәріздес өнімдері ұшады. Бұл элементтердiң көпшiлiгі улы заттарға жатады және салыстырмалы түрде аз мөлшерде табиғат пен адамға жаман әсерін тигізеді.

Жұмыс массасына қатты отынның элементарлық құрамы:

Оның ішінде көміртегі C, сутегі Н және күкірт S жанғыш элементтер ретінде; ал оттегі O мен азот N тотықтырғыштар болып келеді. Отынның жанбайтын (минералды) бөлігі ылғал W және күлден A тұрады. Отынның минералды құрайтын негізгі бөлік жағу процесі кезінде түтіндік газбен кететін ұшпа күлге өзгереді. От жағудың құрылымына және отынның минералдық құрамының физикалық ерекшеліктеріне байланысты басқа бөлігі қождануы мүмкін.

Отынның түтіндік газдармен толық жануы кезінде атмосфераға келесілер бөлінеді: күл, СО2, SO2, SO3, Н2О↑, NO, NO2, O2, N2.

Шала жану кезінде (отынның химиялық кем жануы): СО, Н2S, Н2, көмірсутектер СnHm (жиі кездесетіні СН4 - метан, С20H16 бенз(а)пирен). Шала жану өнімдері зиянды болғанмен, қазіргі техникалық жағу кезінде олардың пайда болуын жоюға немесе минимумға әкелуге болады.

Күл кремний, алюминий, титан, калий, натри, темір, кальций, магний оксидтерінен тұрады. Күлде кальций еркiн оксидтiң түрiнде қатысады, сонымен бірге силикаттар, сульфаттар және тағы басқа қосындылардың құрамында кездеседі. Қатты отындардың минералды бөлiктiң толық талдауы, күлде тағы басқа элементтер болатынын көрсетедi. Мысалы, германий, бор, мышьяк, ванадий, марганец, мырыш, уран, күміс, сынап, фтор, хлор. Аталған элементтердiң микроқоспалары ұшпа күл фракцияларының бөлшектерi өлшемдері бойынша әр түрлi болатын шақталарда әрқалай үлестiредi, және әдетте олардың құрамы (күл бөлшектерiнiң өлшемдерi 1-2-ден 60 мкм дейін және одан да көп аралығында), бұл бөлшектердiң өлшемдерiн кiшiрейтумен артады.

Отынының түрi оны жаққан кезде пайда болатын заттардың құрамына әсер етедi. Электрстанцияларында қатты, сұйық және газ тектес отын пайдаланылады. Күкiрттi шығарулардың атмосфераға кеткен мөлшері бастапқы отын құрамындағы күкiрт мөлшерiнен тәуелді болады.

Қатты отын (бурыл, тас көмiрлер, антрациттiк үгiндi, жанғыш тақтас және торф) құрамында күкіртті келесі пішіндерде ұстай алады: колчедан Fe2S және пирит FeS2 түрiнде, отынның органикалық бөлiгiндегі молекулалардың құрамында және минералды бөлiктегі сульфат түрінде.

Жанудың нәтижесiнде күкiрттiң қосылыстары күкiрт оксидтеріне түрленедi, және де 99% шамасында SO2 күкiрттiң қос тотығын құрайды.

Шығатын жеріне байланысты көмiрлердiң күкiрттiлiгi 0,3-6 %, жанатын тақтатастың күкірттілігі 1,4-1,7 %, торфтың күкірттілігі 0,1 % құрайды.

Қазанда сынаптың, фтордың және хлордың қосылулары, газ тәрiздi күйде болады. Қатты отындарды күл құрамында калий, уран, барийдың радиоактивтi изотоптары қатыса алады. Бұл шығарулар ЖЭС ауданында радиациялық жағдайларға iс жүзiнде әсер етпейдi, бiр жағынан олардың жалпы саны, қуаттылығы бірдей АЭС-ке радиоактивтi ауа тозаңының шығаруларынан артуы мүмкiн.

Сұйық отыннан жылуэнергетикада мазут, тақтатас майы, дизельдi және жанғыш отын қолданылады.

Мазут күлiнің құрамына ванадий пентаоксиді V2O5, сонымен бiрге Ni2O3, Al2O3, Fe2O3, SiO2, MgO және т.б. кiредi. Мазуттың күлдiлiгi 0,3 % аспайды.

Сұйық отында пиритті күкiрт болмайды. Мазутта күкiрт көбінесе органикалық байланыстар элементарлы күкiрт және күкiртсутек түрінде кездеседі (оның құрамы алынған мұнайдың күкірттілігінен тәуелді болады).

Оттық мазуттар оның құрамындағы күкірт мөлшеріне байланысты аз күкiрттi, күкiрттi, көп күкiрттiге жіктеледі. Дизельді отынның күкiрттiлiгi - 0,5% дейін. Жанғыш отында күкiрт 1,1 %-ке дейiн. Тақтатас майында күкiрт 1 %-дан аспайды.

Ең «таза» органикалық отын ретінде газ тәріздес отын жатады, өйткенi оның толық жануы кезінде азот тотықтары NO пайда болады.

Қатты отынды жағу кезінде ластану 1 деп қабылданады, бұл кезде газды жағу кезінде 0,2, ал мазуттан – 0,6 деп қабылданады.

Жылулық шығарулар электрстанциясының өзінен отынды тұтыну кезінде, сонымен қоса электр және жылу энергиясының тұтынушысынан пайда болады.

КЭС үшін жылулық энергияның 2/3 бөлігі циркуляциялық сумен қоршаған ортаға кетеді, ал 1/3 бөлігі жылулық және электр энергиясын тұтынушысына бөлінеді. ЖЭО үшiн жылулық шығарулардың 1/3 бөлігін станция құрайды, ал жылулық энегрияның 2/3 бөлігі жылулық және электроэнергиясын тұтынушысына беріледі.

Есептеулер көрсеткендей, жылубөлінулер электрстанциясында жанатын отын есебінен сияқты, отынды басқа да тұтынушылардан сияқты жылу мөлшеріне қатысты планетаның күн радиациясынан алынатын әлі аз болып келеді. Күн энергиясынан алатын жылушығарулар 0,02 % құрайды, ал барлық көздерден атмосфераның температурасын 0,01 оС жоғарылауын бередi. Қорыта келгенде, планетаның қызу қаупі көмiрқышқылының қостотығы СО2 атмосфераға түскенде, жылулық шығаруларға қарағанда едәуір жоғары болады, дегенмен бұл екі фактор бір бағытта әрекет етеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 1848; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.058 сек.