Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Kepi есептермен таныстыру. 4 страница




№7 (а) тапсырманы оқушылар мұғалімнің басшылығымен орындайды.

5.Өткен тақырыппен жұмыс.

Логикалық тапсырманы орындау үшін (№8жаттығу) кестені толтыруға болады.

Аты-жөні Троллейбус Автобус Трамвай
Әлішер - - +
Бақыт - + -
Берік + - -

 

Егер Әлішер досын автобус аялдамасына дейін шығарып салатын болса, онда Әлішер автобусқа отырмайды (ол не трамваймен, не троллейбуспен жүреді). Берік оларға троллейбустан айғайлады, яғни Әлішермен бірге Бақыт кетіп барады, Бақыт автобуспен жүреді, ал троллейбуста, демек, Берік қана болады. Олай болса, Әлішер трамваймен жүреді.

6.Сабақты қорытындылау.

Үйде орындауға №7(ә) тапсырма беріледі. Оқушылар қалауы бойынша логикалық есептер құрастырады немесе өз бөлмесінің алаңын табады.

57-сабақ осыған ұқсас құралады. Дм2және м2-мен таныстыру үшін мұғалім сынып тақтасының және парталардың ауданын анықтауды және үлкен заттарды кв.см-мен өлшеудің қолайлығын сұрайды. Қандай өлшем бірлікті қолданған ыңғайлы? Қабырғасының ұзындығы 1дм- бұл дм2. 1 дм2-бұл 100 см2 . Сынып бөлмесінің ауданын қандай өлшеммен өлшеген қолайлы? Егер бізге сыныптың ұындығы мен енін есептеу ыңғайлы болса, сынып ауданын квадрат метірмен есептеген дұрыс, 1 м2 - бұл100 дм2. Есептің шартын қысқаша жазуға үйрету.

А) ә)

а-6м S-12 м2

в-4м а-3 м

S-?м2 в-? м

 

 

Сабақтың тақырыбы : №4 бақылау жұмысы (58-59- сабақ)

Сабақтың мақсаты: 2-6 сандарымен кестелік көбейту және бөлу дағдыларының қалыптасу деңгейін бақылау; өрнектерді шешу дағдыларын арттыру; құрама есептер мен теңдеулер шешу; тіктөртбұрыштардың периметірі мен ауданын есептеу.

1.Есепте: 980-(450-230) 912-6х2 3х2х7 8:4х9 6х(11-7) 42(45-39) 1.Есепте: 700-(470-190) 45(54-45) 605-40:8 42:6х4 8х7+21 36:9х4
2.Есепті шығар. Әкей 30 жаста. Ұлы одан 25жас кіші. Әкесі ұлынан қанша жас үлкен? 2.Есепті шығар. Бірінші күні оқушы кітаптың 9бетін оқып бітірді. Екігші күні одан 6 есе артық оқыды. Ол екінші күні бірінші күнге қарағанда қанша бет артық оқыды?
3.Теңдеуді шеш: 160+х=650-320 36:х=5+4 789-х=27:3 3.Теңдеуді шеш: х-470=310 х:7=16-8 а-36=9х2
4. Ұзындығы 7 см, ені 5 см тіктөртбұрышты сал. Оның ауданы мен периметірін тап. 4. Ұзындығы 8 см, ені 4 см тіктөртбұрышты сал. Оның ауданы мен периметірін тап.
5.*Тиісті сандарды жаз: 62-5х6+...=51 ...-(12-7)х6=400 5.*Тиісті сандарды жаз: 57-8х4+...=40 ...-(14-8)х5=300

 

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау (59- сабақ)

Сабақтың мақсаты: бақылау жұмысынан жіберген қателерді талдау; алдыңғы сабақтарда алған білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Мұғалім сабақты баылау жұмысында жіберілген қателерді ескере отырып өз қалауынша ұйымдастырады. Үй жұмысы да бақылау жұмысындағы қателерді есепке ала отырып бріледі.Қатемен сараланған жұмыс жүргізу үшін кестені толтырған дұрыс.

Тапсырма № Өткен сабақ Бұл тапсырмада қате жіберілген оқушылардың аты-жөні Жіберілген өателерді түзетуге арналған тапсырма
1. 2-6 сандарының кестелік көбейту және бөлу өрнектердегі амалдар тәртібі   №2, 52- сабақ
2. Құрама есеп · Шешуін таңдаудағы қателер · Есептеудегі қателер   №5,№7, 58- сабақ
3. Теңдеулер шешу   №7, 62- сабақ
4. Фигураның периметрі және ауданы   №3,58- сабақ
5. Күрделендірілген тпсырмалар   №4 және балама тапсырмалар, 58-сабақ

 

Сабақтың тақырыбы: Есептің жаңа түрімен танысу

(бағасы,саны, құны) (60- сабақ)

Сабақтың мақсаты: бағасы, саны, құнын табуға берілген есептер туралы білімдерін қалыптастыру; осындай есептерді шығару тәсілдерімен таныстыру.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Есептеу дағдыларын дамыту үшін «Үндемес» ойынын ұйымдастыру пайдалы. Мұңалім мысалдарды айтады, оқушылар жауаптарын карточканың көмегімен көрсетеді:

7-ні 5-ке арттыр;

7-ні 5-ке есе арттыр;

7-ні 5-ке кеміт;

60 пен 0-ді көбейтіндісін көрсет;

45 пен 1-дің көбейтіндісін көрсет, т.б.

Не болмаса «Қақпаға доп сал» ойынын ойнатуға болады. Мақсаты: есептеу дағдыларын дамыту. Тақтаға футбол қақпалары бейнеленеді, қақпа торына, мысалы, 24,27,28 деп сандар жазылады. Әр қатарға белгілі бір уақыт ішінде (3-4 минут) берілген жауаппен барынша көп мысал құрастыру тапсырылады. Бірінші қатар өз қоқпасына жауабы 24, үшінші қатар- жауабы 28 санымен мысалдар жазады. Тиісті жауапқа көбірек мысал келтірген қатар жеңеді.

3.Жаңа сабақ.

Есептің жаңа түрімен таныстыру үшін оқушылармен пратикалық жұмыс ұйымдастырылады.Жинақ полотносында әртүрлі заттардың суреттері қойылған. Мысалы, әрқайсында 5 теңгеден бағасы жазылған 3 самса, 6 теңгеден 6 кәмпит, 4 теңгеден өшіргіштер, 8 теңгеден қарындаш, т.б.

Содан кейін №1-4тапсырмалардың материалдары түсіндіріледі. Оқушылар алдымен заттың бағасын, санын, құнын қалай табуға керектігін өздері тұжырымдап, содан кейін оқулықтан қарағаны дұрыс.

 

4.Бекіту

Алғашқы бекіту жұмысы үшін оқушылар мұғалімнің көмегімен №5 тапсырманы орындайды. Содан соң жаңа сабақты қалай меңгергендерін тексеру мақсатында кесте толтыру жұмысын өздігінен орындауды тапсыруға болады.

 

1-нұсқа 2- нұсқа

Бағасы Саны Құны
7 теңге ?дана 28 теңге
5 теңге 4дана ? теңге
? теңге 5дана 45 теңге
3 теңге 9дана ? теңге
     
6 теңге ?дана 54 теңге
Бағасы Саны Құны
6 теңге ?дана 24 теңге
5 теңге 7дана ? теңге
? теңге 5дана 40 теңге
3 теңге 7дана ? теңге
6 теңге ?дана 36 теңге

 

Барлық жаттығу жұмыстарын орындап болғаннан кейін мұғалімнің жетекшілігімен №7 тапсырма орындалады, баға, сан, құн арасындағы байланыс анықталады.

5.Өткен тақырыппен жұмыс.

6. Өздік жұмыс ретінде №6 тапсырма ұсынылады (тек көбейтуге өрнек жазу). №8 логикалық тапсырманы оқушылар өздері орындай алады.

7.Сабақты қорытындылау.

v Бүгінгі сабақтағы ең маңыздысы не болды?

v Не қызықты болды?

v Бүгінгі сабақта алған білімдерінді қайда пайдаланасыңдар?

v Өздеріңнің жұмыстарына баға беріңдер.

Үйге бөлуге өрнектер жазуға арналған №6жаттығу беріледі. Шығармашылық деңгей: тауарлар мен бағалар көрсетілген суреттер салу, сурет бойынша есептер құрастыру.

 

Сабақтың тақырыбы: 7-ге көбейту және бөлу кестесі. (61- сабақ)

Сабақтың мақсаты: 7-ге көбейту және бөлу тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру; көбейту кестесін құруда көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдалануға үйрету.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Есептеу дағдыларын жетілдіру үшін «Қай қатар тез есептейді?» ойынын енгізуге болады. Мұғалім 3бет қағазға әр қатарға оұушылардың санына сәйкес көбейту мен бөлуге мысал жазады. Ойыншылар соңғы партадан бастап, мысалдардың жауабын жазып, алдыңғы партадағы балаға береді. Мысалдарды тез және дұрыс орындаған қатар жеңеді.

«Кестені білем» ойынын өткізуге болады. Мақсаты: көбейту және бөлу кестесі туралы білімді бекіту.

Балалар екі командаға бөлінеді. Әр командадан 9 адамнан шығады, мысалы:48.48 саны 6 мен 8сандарының көбейтіндісі, сондықтан әр қатардан осы нөмірлі балалар ортаға жүгіріп шығады. Ойыншылар жылдам қимылдаған команда жеңіске жетеді.

3.Жаңа сабақ.

7-ге көбейту және бөлу кестесі кестелік көбейту және бөлудің бұрын өткен жағдайларына ұқсас құрастырылады. (№1 тапсырма). Бастапқы бекіту үшін №3 тапсырма мен №2 тапсырманың есептері орындалады.

5.Өткен тақырыппен жұмыс.

Оқулықтағы есептерді шығармас бұрын тақтадағы сурет бойынша бірнеше есеп құрастырады немесе мұғалім ұсынған есептер шешіледі:

«Серікте 30 теңге бар. Егер 1 тоқаш 5 теңге тұрса, неше тоқаш алады?

«Әсел 8 теңгеден 2 қарындаш сатып алды. Ол барлығы неше ақша жұмсады?

Содан кейін мұғалімнің басшылығымен №4тапсырманың есептері шығарылады.

№7(1-ші және 2-баңандар) оқушылар түрінде отырып орындайды, ал орындайды, ал 3-бағанды өздігінен орындауға болады.

5. Өздік жұмыс. № 5тапсырманы балалар өз беттерінше орындап, соңынан тексереді. №8логикалық тапсырманы да балалар өздері орындай алады. Мұғалім осындай есеп түрлерін шығаруда қиналатын оқушыларға көмектеседі.

6.Сабақты қорытындылау.

Үй жұмысы ретінде №6 тапсырма ұсынылады.

 

Сабақтың тақырыбы: Өткен материалды пысықтау (62- сабақ)

Сабақтың мақсаты: 7 санын көбейту және бөлу кестесі туралы білімдерін бекіту; есептеу дағдыларын жетілдіру; теңдеу құрастыру және шешуге үйрету.

Мұғалім 62-сабақтың тапсырмаларын пайдалана отырып, өз қалауынша ұйымдастырады. Сабақты есептеу дағдыларын бекіте отырып, ақшаның тарихы туралы әңгімеден бастауға болады.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Бүгін біз сабақта тез және дәл есептеуді үйренеміз. Өте маңызды нәрселер туралы әңгімелейміз, экономикадан кейбір мәселелерді еске түсіреміз. Тез және дәл есептеу не үшін қажет? Шифрленген сөздерді шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтаймыз.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Тақтадағы мысалдарды шығарады. Адынған нәтижелерді өсу ретімен орналастыру. Сабақтың тақырыбы шығад:

7х7 ш

6х9 а

63:7 қ

21:3 а

· Ақша деген не? Адамға ақша не үшін керек?

Адамдар ұзақ уақыт керекті заттарды қалай сатып алу, сату керектігін білмеді. Адамдар тек бір- бірімен айырбас жасады және ақшаның орнына мал, тұз, шай, алтын, т.б. нәрселерді пайдаланды. Бірақ бұлай айырбас жасау үнемі тиімді бола бермеді. Сондықтан адамдар қажетінің бәрін айырбастауға болатын ерекше әмбебап тауарды ойлап тапты.

· Сендер қалай ойлайсыңдар, сол әмбебап тауар не болды? Ол қазір қалай аталады?

Әр елде ақшының әртүрлі атайды. Егер мына мысалдарды дұрыс шешетін болсаң, кейбір елдерде ақшаның қалай аталатынын білетін боласыңдар. Карточканың екінші бетіне доллар, сом, рубль, евро, теңге деген жазулар болады.

575+25 320-190 540-39

680-190 412+14 870=580

 

3.Өткен сабақты қайталау.

· Бізге ақша көбінесе қай жерде керек?

Қазір біз дүкенге барамыз. Сендердің алдарында сатып алуға қажетті заттардың тізімі тұр. Сатып алынған заттарға неше ақша төлеу керектігін есептеңдер.

Есеп ауызша шығарылады.

ü Сенде 100 теңге болды. Сен 25 теңгеге балмұздақ сатып алдың. Сенде қанша ақша қалды?

ü Болат 80 теңгеге кока-кола және 50 теңгеге қытырлақ картоп сатып сатып алды. Ол қанша ақша төледі?

ü Айсауле 9 теңгеден 3қарындаш сатып алды. Айсауле неше теңге төледі?

4.Теңдеу шешу. (№7 тапсырма). Әрбір құрастырылған және шығарылған теңдеу үшін 5 балдық купон алады.

5.Сабақты қорытындылау.

· Тақтаға жазылған мақалдар оқылады. «100 сомың болғанша, 100 досың болсын». Оның мағынасын қалай түсңнетінін сұрау. Әрине ақша барлық адамдарға қажет, бірақ адамды ақша билемеу керек және адам,байлықтан басқа достар, денсаулық, білім керек.

· Ал ақша қайдан келеді?

Бүгінгі сабақта сендер де өз бағаларыңды еңбектене алдыңдар.

Сабақтың тақырыбы: 8- бен 9-ға көбейту және бөлу.

Өткенді пысықтау (63-64 сабақар)

Сабақтың мақсаты: 8- бен 9-ға көбейту және бөлу амалдары туралы білімдерін қалыптастыру; кестені құрастыруда көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолдана білу; арифметикалық амалдардың компоненттерінің өзара байланысы негізінде теңдеулерді шешу.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Кестелік көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру мақсатында алдыңғы сабақтарда жүргізілген ойын түрлері үйымдастырылады.

Көру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін мынадай тапсырмалар орындауға болады: «Сендердің алдарыңда сандар қатары тұр. Сендер осы сандарға мұқият қарап, берілген тәртіппен есте сақтауға тырысыңдар, содан кейін бірқатар сұрақтарға жауап беріңдер». Сандарды қарауға андарды қарауға 30 секундтай уақыт беріледі, содан кейін бетін жауып қояды.

 
 
 
 
 
 
 

 

 


· Қай сандардың қосындысы 5-ті береді

· Неше жұп саны бар?

· Қандай сандар көп- бір таңбалы ма, әлде екі таңбалы ма?

· Неше сан 3-ке бөлінеді?

· Неше сан 2-ге бөлінеді?

3.Жаңа сабақты түсіндіру.

8- бен 9-ға көбейту және бөлу кестесін құрастыруға дайындық үшін балаларға белгілі көбейту және бөлу түрлері қайталанады (8х2,8х3,8х4,8х5,8х6 т.б.) Бұл мысалдарды тақтаға алдын ала жазып қою ыңғайлы, балалар тек тек жауабын ғана жазады. Шығару кезінде 2-3 рет қалай есептеуге болатыны сұралып отырады. Егер ұмытылып қалса, оқушылар есептеудің басқа тәсілдерін: көбейтуді қосумен алмастыру, көбейткіштердің орнын ауыстыру; т.б. еске түсіріледі. Балалар үшін жаңа мысалдар: 8х8,9х8,9х9 және оған сәйкес бөлулер (№ 1-а,ә тапсырма).

4.Бекіту

Алғашқы бекіту жұмыстары үшін сандардың орналасу заңдылығын анықтап, шеңбердің ішінен төменгі қатардан сандары шығу үшін жоғарғы сандар қатарын неше есе арттыру керек екенін жазады, ал екінші шеңбердің ішінен бірінші қатардың сандарын шығу үшін қандай амал керек және қандай сан жазу керектігін анықтайды және кестені толтырады:

1               9
                 

 

5. Өткен тақырыппен жұмыс.

№2, №7 (63-сабақ) тапсырмаларды оқушылар өздері орындай алады. №4 (63-сабақ) пен №5(63-сабақ) тапсырмалар геометриялық материалдар туралы білімдерін қайталайды және көз мөлшермен өлшеуге үйренеді.

№8 (63-сабақ) логикалық тапсырманы орындау ке№8 (63-сабақ) логикалық тапсырманы орындау кезінде осыған ұқсас тапсырманы кестенің көмегімен қалай орындауға болатынын түсіндіріледі.

  10 жас 9 жас 8 жас
Мәлік - + -
Қарлығаш - - +
Лаура + - -

 

Пайымдау мынадай үлгіде құралады: мен Мәлікті кеше де, бүгін де көрдім, яғни сол ғана 9 жаста болады, егер Мәлік 9 жаста болса, онда 8 жаста да,10 жаста да бола алмайды. Лаураны мен бүгін көрдім, яғни ол 10 жаста, сонда Қарлығаш 8 жаста болады.

6.Сабақты қорытындылау.

Үйге теңдеу шешуге арналған №6 (63-сабақ) тапсырма беріледі және бөлу амалымен орындалатындай 2 теңдеу құрастырып жазу тапсырылады.

 

 

Сабақтың тақырыбы: Есертер шығару. Бағасы.Саны. Құны (65- сабақ)

Сабақтың мақсаты: 8- бен 9-ға көбейту және бөлу кестесі туралы білімдерін бекіту; есептеу дағдыларын жетілдіру; заттың бағасы, саны, құнын табуға арналған есептер шығару дағдыларын бекіту.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Ауызша есептеу үшін кестелік көбейту дағдысын қалыптастыруға арналған №1 жаттығу берілген. «Иә-жоқ» математикалық диктанты ұйымдастырылады. Балалар тұжырыммен келіссе «плюс», келіспесе «минус» стаңбасын қояды.

v 6 мен 8 сандарының көбейтіндісі 56-ға тең.

v 81 мен 9 сандарының бөліндісі 8-ге тең.

v 6 санын 9-ға арттырсаң, 15 шығады.

v 6 санын 9есе арттырсаң 34 шығады.

v 54- ті 9-ға бөлсең, 7шығады.

v 72-ні 8 есе кемітсең, 9 шығады.

3.Жаңа сабақты түсіндіру.

Есептің жаңа түрін шығаруға дайындау үшін саны, құны бойынша бағасын табуға бір заттың массасын табуға, бір заттың сыйымдылығын табуға бір заттың массасын табуға, бір заттың сыйымдылығын табуға берілген есептерді шығарады.

Ø Талғат 36 теңгеге 6 кәмпит сатып алды. 1 кәмпиттің бағасы қанша?

Ø Темірлан 54 теңгеге 6 түйме сатып алды. 1 түйменің бағасы қанша?

 

 

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау (66-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: көбейту мен бөлудің кестелік жағдайы туралы білімдерін бекіту; 2-3 амалмен орындалатын өрнектерді шығара алу дағдыларын дамыту; есептердің әр түрлерін шығару дағдыларын жетілдіру.

Көбейту және бөлу кестесін бекіту сабақтары мұғалімнің қалауына қарай сыныптың дайындық деңгейі мен әр оқушының жеке ерекшелігіне байланысты жүргізіледі. Ауызша есепке «Математикалық сайыс» ойынын енгізуге болады.

Ойынның мақсаты: көбейту кестесі туралы білімді бекіту.

Бұл ойынды өткізу үшін арнайы трафарет, көлемі 20x15 болатын 9 қатты қағаз керек. Жоғарғы жағына 1,2,3,...9 сандары жазылады. Дәл осылай етіп сол жаққа тігінен де жазамыз, яғни трафарет Пифагор кестесіне ұқсайды, бірақ тігінен және көлденеңінен сызықтардың қиылысқан жерлеріне тесіктер жасалады. Сонда 81 тесігі бар тор шығады. Ойын жұппен ойнала- ды. Мұғалім әр партаға бір трафареттен таратады. Трафареттің теріс жағына қағаз қыстырылады. Мұғалімнің бұйрығымен бір оқушы қарындашпен кез келген тесікке нүкте қояды, ал екінші оқушы жауабын жазады. Егер оқушы жауабын білмесе, ол жерді қызыл қарындашпен дөңгелектейді.

Мұғалімге өздік жұмысты ұйымдастыру қиындық тудыратын тақырыптарды анықтауға және олқылықтармен жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.

Сабақта қиналатын әр оқушы назарда болып, жеке көмек ала алатындай құрылуы тиіс.

Бұл сабақтарда балаларға «:» және «•» таңбаларының қалай пайда болғанын айтып беру тиімді.

Қосымша материал

Оқу жылы бойында жай мысалдардан күрделі мысалдарға дейін шығардық, осы уақыт аралығында математикалық таңбалармен қанша рет кездестік. Осы таңбалардың қайдан шыққаны туралы ойланып көрдіңдер ме?

Көбейту амалын белгілеу үшін еуропалық математиктердің бірі 16 ғасырда арту, көбею (мультипликация, бұдан мультфильм сөзі шыққан) деген ұғымды білдіретін атын сөзінің басында болатын М әрпін пайдаланды. 17 ғасырда кейбір математиктер көбейтуді «х» крест таңбасымен белгілей бастады. Ал кейбірі нүктені пайдаланды. Символды бірдей пайдалану деген болған жоқ. Тек қана 18 ғасырдың соңында математиктерің көпшілігі нүктені қолдана бастады. Көбейту белгісі (х, •) неміс математигі Готфрид Вильгельм Лейбниқтің арқасын да жалпыға бірдей қолданылатын таңбаға айналды.

Мыңдаған жылдар бойы бөлу амалы белгіленбеді, оны сөзбен жазды. Үнді математиктері осы амалдың атауының басқы әрпін Б әрпімен алғашқы болып белгілей бастады. Арабтар бөлуді сызықшамен белгіледі. «:» таңбасы 17 ғасырдың аяғында қолданысқа енді.

 

АУЫЗША (КЕСТЕДЕН ТЫС) КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУ

Сабақтың тақырыбы: 10-ға, 100-ге көбейту және бөлу (67-сабақ)

Сабақтың мақсаты: 340: 10, 34 • 10, 800: 100, 4 • 100 түріндегі көбейту және бөлу тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру; санның үлесін, үлес бойынша санды табу дағдыларын жетілдіру.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

№3 тапсырма ауызша орындауға арналған. Үлесі бойынша санды табу дағдыларының деңгейін анықтау мақсатымен математикалық диктант алынады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 1154; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.115 сек.