Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Йге тапсырма беру. 3 страница




 

Сабақтың тақырыбы: 70: 2, 700: 2, 700: 20 түріндегі бөлу тәсілдері. Пысықтау(95—96-сабақтар.)

Сабақтың мақсаты: кестеден тыс бөлудің көрсетілген түрін орындау дағдыларын қалыптастыру; шамаларды салыстыра білуге үйрету.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Есептеу дағдыларын жетілдіру үшін «Компьютер», «Үндемес», «Баспалдақ» ойындарын ұйымдастыруға болады.

Кестелік көбейту мен бөлуді қайталау үшін «иә-жоқ» математикалық диктантын жүргізуге болады. Оқушылар «+» немесе «-» таңбаларымен белгілеу арқылы өз тұжырымдарын білдіреді:

• 63 пен 7-нің бөліндісі 9-ға тең.

• 56-ның жетіден бір бөлігі 9-ға тең.

• 9 санын 7 есе арттырғанда 63 шықты.

• 49 санын 7 есе кеміткенде 63 шықты.

• 56 мен 7-нің қосындысын 9 есе кеміткенде 5 шықты.

• 63 санын 27 мен 3-тің бөліндісіне бөлгенде 7 шықты.

• Бір жәшікте 8 кг алма бар. Осындай 7 жәшікте 56 кг алма бар.

• Бір қорапта 7 қарындаш бар. 6 қорапта 42 қарындаш бар.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлудің жаңа жағдайын қарастыру сынып оқушыларының дайындық деңгейіне байланысты жүргізіледі. Егер оқушылар қосындыны санға бөлудің әртүрлі тәсілдерін жақсы меңгерген болса, онда мысалдарды шығаруды түсіндіруді өздеріне таныс: 36: 2, 48: 4, 63: 3 сияқты түрлерінен бастауға болады. Оқушылардың назарын мысалдарды шығару кезінде бір тәсіл: ондықтарды, одан кейін бірліктерді бөліп, нәтижелерін қосу тәсілі қолданылғанына аудару керек. Одан соң шығарылған мысалдардың қатарына жаңа мысалдар жазылады: 90: 2, 70: 2, 500: 4. Мұғалім бұл мысалдарды шығарылған мысалдармен салыстыра отырып, бірінші бағанды орындауда қолданған тәсілдерді неге қолдана алмайтынымызды сұрайды (бұл мысалдарда бөлінгіштің құрамындағы ондықтар бөлгішке бөлінбейді). Одан кейін оқушылардан: «Мұндай жағдайда не істеуге болады?» деп сұрауға болады. Егер сұраққа жауап беру қиын болатын болса, бір оқушыны тақтаға шығарып, мысалдарды иллюстрациялау арқылы көрсету керек. Иллюстрацияға буылған ондық санағыштар мен жеке санағыштар пайдаланылады. Алдымен балалар бұрынғы тәсілмен ондықтарды бөліп көреді. Бөлінбейтін болған соң ары қарай оқушыларды жетектеу арқылы 8 ондықты 2-ге бөліп, содан соң 10 бірлікті 2-ге бөлуге болатындығына көздерін жеткізу керек.

Қорытындылау кезінде мынадай сұрақ қоюға болады: «Бұл жағдайда қандай қосылғыштарға жіктеу ыңғайлы болады? Неге?»

Содан кейін мұғалімнің басшылығымен №1 тапсырма ауызша орындалады.

4. Бекіту.

Алғашқы бекіту үшін №2 тапсырма ауызша түсіндіріле отырып орындалады.

5. Өткен тақырыппен жұмыс.

№3 тапсырманы балалар өздігінен орындайды, соңынан мұғалімнің басшылығымен талдау жүргізіледі. Содан соң балалар осындай есептер құрастырады.

№4 тапсырманы шығармас бұрын уақыт бірліктерінің арасындағы қатынас қайталануы керек. №6 тапсырма ауызша орындалғаннан кейін оқушылар №4 тапсырманы өз беттерінше шығарып, жауабын сағат және минутпен өрнектейді. №7 мен №8 тапсырманы оқушылар мұғалімнің басшылығымен ұжым болып орындайды.

7. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы: №5. Шығармашылық деңгей: математикалың диктант мәтінін құрастырып келу.

96-шы бекіту сабағын мұғалім оқулықта берілген тапсырмалар негізінде өз қалауына қарай құрады.

 

Сабақтың тақырыбы: 58: 2, 580: 2, 580: 20 түріндегі бөлу.

Пысықтау(97-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: кестеден тыс көбейту және бөлу дағдыларын қалыптастыру; есептің өтілген түрлерін шығару.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Есептеу дағдыларын жетілдіру мақсатында «Математикалық домино» ойыны ұйымдастырылады. Оқушыларға сол жағында жауап, оң жағында мысал жазылған карточкалар таратылады. Оқушы бір өрнекті оқиды, жауабы кімнің карточкасында болса, жауабын айтып, келесі өрнекті оқиды, т.с.с. Балалар үшін мынадай карточкалар дайындалады:

16:2   9-     5-       •5
  8 ■ ■7           : 3     •6
  7 ■     8-       : 2      
  3-         7-        
  9-       :9   7-      
  4-     5-       : 4   8-  
    : 3   7-     13-        

 

Сонымен қатар ауызша есептеуге №6 тапсырма енгізілген.

№8 логикалық тапсырма ауызша орындалады.

3. Жаңа сабақты түсіндіру

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлудің жаңа жағдайын қарастыруды оқулық (№1 тапсырма) бойынша оқушылар өз беттерінше орындауларына болады. Оқушылар жаңа тәсілді қарастырғаннан кейін, 2-3 мысалды оқушылар тақтада жан- жақты түсіндіріп (№2 тапсырма), қалғандарын өздігінен орындайды.

4. Өткен тақырыппен жұмыс.

№3 пен №4 тапсырманы балалар мұғаліммен бірігіп, есептің шешуін талқылағаннан соң өздігінен орындайды.

5. Өздік жұмыс ретінде (1-нұсқа - 1-баған, 2-нұсқа - 2-баған және №6 тапсырманы ұсынуға болады.

6.Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма: №5 (сыныпта орындалмаған бағанды шығару)

 

 

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау(98-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: кестеден тыс көбейту және бөлу дағдыларын бекіту; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Пысықтау сабағын мұғалім өз қалауынша ұйымдастырады. Ауызша есептеуге бұрынғыларға ұқсас тапсырмалар енгізіледі.

Сабақта кестеліік көбейту және бөлу дағдылары бекітіледі (оқушылардың кестені білуін математикалық диктант түрінде жеке тексеруге болады). Сонымен қатар екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлудің өтілген түрлері қайталануы тиіс (№1, №4 98-сабақ). Қалған жаттығуларды өзіндік жұмыс ретінде тапсыруға болады, соңынан тексеріледі.

№5 тапсырманы орындамас бұрын ауызша сауалнама (немесе перфокартамен жұмыс) жүргізіп алуға болады:

• 1 кг = 1000...;

• 1 кг > 500...;

• 4 кг-ның төрттен бір бөлігі 1000... тең;

• 2... < 1 кг;

• Қапқа 50... картоп сыяды;

• Дүкенге 100... сәбіз әкелінді;

• Жүк көлігінің салмағы - 10....

Содан кейін оқушылар №5 тапсырманы өздігінен орындайды.

Балалар мұғалімнің басшылығымен №8 тапсырмадағы үшбұрыштардың бірінің ауданын анықтайды, қалған үшбұрыштардың ауданын өздігінен табады.

6. Сабақты қорытындылау.

7. Үй тапсырмасы: №4.

 

Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы санды екі таңбалы санға белу тәсілі. 36:12 (таңдау тәсілі) (99-сабақ)

Сабақтың мақсаты: екі таңбалы санды екі таңбалы санға таңдап алу арқылы бөлу тәсілімен таныстыру; есепті өрнек түрінде шығару дағдыларын қалыптастыру; теңдеудің күрделірек түрін шығару тәсілдерін бекіту.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Жаңа материалды қарастыруға дайындық ретінде кестелік бөлуге ауызша тапсырмалар кіргізуге болады. «Математикалық домино», «Математикалық волейбол», «Баспалдақ» ойындары жүргізіледі. №5 және №6 тапсырмалар ауызша жаттығуға арналған.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Оқушылармен бұрынғы сабақтарда танысқан кестелік бөлуге берілген мысалдардың жауабын көбейту кестесінің көмегімен іздеу тәсілін еске түсіру. Алайда екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу кезінде бөліндінің мәнін таңдауда бөлгішті бөліндінің мәні деп санаған санға көбейткенде бөлінгіш шығуы керек.

Мысалдардың көрсетілген түрін шешу үшін талдау жұмысы бұрынғы жүргізілген кестелік бөлуге берілген мысалдардың жауабын көбейту кестесінің көмегімен іздеген жұмысна ұқсас жүргізіледі. Екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу тәсілі №1 (а) тапсырманың негізінде жүргізіледі. №1 (ә) тапсырманы оқушылар толық түсіндіре отырып шығарады.

4. Өткен тақырыппен жұмыс.

№3 (1-баған) тапсырманы орындау кезінде мұндай теңдеулерді алдымен жеңілдетіп, жай теңдеуге айналдырғаннан кейін шығару керек. №2 тапсырманы балалар өздері шығарып, соңынан шығарылу жолын толық түсіндіреді.

Оқушылар №8 тапсырманы орындау барысында ақиқат айтылымдар құруды үйренеді.

5. Өздік жұмыс үшін № 4 (а), №7 тапсырмалар ұсынылады.

6.Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: №3 (2-баған), №4 (ә).

 

Сабақтың тақырыбы:Өткенді пысықтау(100—101-сабақтар.)

Сабақтың мақсаты: екі таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға бөлу тәсілін; сурет бойынша есеп құрастыру; құрылымы күрделірек теңдеудің түрлерін шеше білу дағдыларын бекіту.

Оқулықта берілген материалдар кестеден тыс көбейту мен бөлудің өтілген түрлерін, (№1, №2 тапсырмалар, 100-сабақ, №1, 101-сабақ), құрылымы күрделірек теңдеудің түрлерін шешу тәсілін (№ 4, 100-сабақ); үш таңбалы сандарды жазбаша есептеуді орындау дағдыларын қайталауға (№6, 100- сабақ, №7, 101-сабақ); түрлі құрама есептер шешу дағдыларын бекітуге (№3, 100-сабақ, №2, №3, 101-сабақ), өрнектер құруға және шығаруға (№4, 101-сабақ), тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін табуға (№5, 101-сабақ) мүмкіндік береді. №5, №7 және №8 (100-сабақ, 101-сабақ) тапсырмаларды оқушылар мұғалімнің басшылығымен орындайды.

№8 логикалық тапсырма мұғалімнің басшылығымен орындалады.

(5 + 5) • (5 + 5) =100 5 • 5 • 5 - 5 = 120 (5 • 5 + 5) • 5 = 150

7. Өздік жұмыс үшін №7 (1-ші және 2-бағандар) тапсырма ұсынылады.

8. Сабақты қорытындылау.

Үй тапсырмасы: №7 (3 баған). Шығармашылық деңгей: 2-ден әріптік теңдік жөне теңсіздік құрастырып келу.

 

 

Сабақтың тақырыбы. Тіктөртбұрышты параллелепипед және текше.

Санның кубы(102-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: оқушыларда тіктөртбұрышты параллелепипед және текше туралы түсініктерін қалыптастыру; санның кубын есептеуді үйрету.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Білімді жетілдіру. Жаңа материалды меңгеруге дайындық үшін көбейту кестесін қайталау қажет, бұл үшін математикалық диктант жүргізіледі. 100 көлеміндегі сандарды есептеу дағдыларын жетілдіру үшін «Үндемес», «Баспалдақ», «Компьютер», «Қай қатар жылдам?» ойындары ұйымдастырылады. Жай есептердің түрлерінен тұратын математикалың диктант ұсынуға болады. Мұғалім есептің шартын оқиды, балалар өрнектерді жазып, мәнін табады.

• Даниярда 6 қарындаш бар, ал Дианада одан 2 есе артық. Дианада неше қарындаш бар?

• Салтанатта 12 фломастер бар, ал Қарлығашта одан 4 қарындашқа кем. Қарлығашта неше фломастер бар?

• Айдарда 250 теңге болды, ол 200 теңгеге кітап сатып алды. Айдарда қанша ақша қалды?

• Құлпынайдан 24 кг тосап, қараөріктен 8 кг тосап қайнатылды. Қараөріктен құлпынайға қарағанда неше есе кем қайнатты?

• Бір түйеде 2 өркеш бар. 6 түйеде барлығы неше өркеш бар?

• 10 алманы балаларға 2 алмадан таратты. Неше бала алма алды?

• 12 қалам сатып алынды, ал қарындаш одан 3 есе кем. Неше қарындаш сатып алынды?

Содан кейін көлемді фигуралардың атауларын қайталап, оларды жазық фигуралармен салыстыру керек. №1 және тақтадағы тапсырмалар орындалады.

- Берілген фигураларды қандай 2 топқа бөлуге болады?

2. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа көлемді денелермен таныстыру үшін мұғалім параллелепипед пен текшенің қатырмаңағаздан жасалган үлгісін көрсетеді. Еңбек сабақтарында параллелепипед пен текшенің үлгісін алдын ала жасауға болады. Оқушылар үлгіні қарастыра отырып, барлық қырлары тіктөртбұрыш пішінінде болатынын анықтауы тиіс. Содан кейін параллелепипедті текшемен салыстырады да, текшенің жақтары шаршы деген қорытындыға келеді. Көлемді денелер туралы түсініктерін бастапқы бекіту оқулық бойынша жүргізіледі (№2 тапсырма).

Санның кубымен таныстыру үшін санның квадраты туралы білімдерін қайталау керек (№3 (а) тапсырма), содан кейін санның кубы түсінігі енгізіледі (№3 (ә).

3. Өткенді бекіту.

Алғашқы бекіту үшін балалар түсіндіре отырып №3 (б) тапсырмасының 1-3-бағандарын және 4-бағанды орындайды.

4. Өткен тақырыппен жұмыс.

№4 (а және ә) тапсырманы орындау барысында мұғалім оларды түрлі тәсілдермен шешуді ұсынады және есептеудің тиімді тәсілдерін балалардың естеріне салады. №5 тапсырманың материалдары бойынша қосуға 3 өрнек, азайтуға 3 өрнек құрастырылады, мұнда құрастырылған өрнектерді дұрыс оқу дағдыларын пысықтау керек. №7 (1-баған) тапсырма түсіндіре отырып орындалады, 2-бағанды өздігінен жасайды.

№6 тапсырманы оқушылар белгіленген уақыт аралығында өздігінен орындайды. Соңынан қорытынды жасайды.

№8 тапсырманың орындалуы тексеріледі (таразының бір табағына 8 кг және 3 кг кір тасы, ал екіншісіне 5 кг кір тасы және табақтар теңескенше жарма құйылады.

5. Сабақты орытындылау. Үй тапсырмасы: №5, №7 (2-баған).

 

 

Сабақтың тақырыбы. Көбейтудің терімділік қасиеті (103-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: оқушыларды көбейтудің терімділік қасиетімен таныстыру, бұл қасиетті есептеуде қолдана білуге үйрету; есептеу дағдыларын жетілдіру.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Тірек білімдерін белсендіру.

Бұл кезең алдыңғы сабақтарға ұқсас жүргізіледі.

№1 тапсырма мен № 8 логикалың тапсырма ауызша орындалады (жауабы: банкіге 6 стақан су сыяды).

2. Жаңа сабақты түсіндіру.

Оқулықта берілген материалдар негізінде ұйымдастырылады (№2 тапсырма). Оқушыларды өз беттерінше тұжырым жасауға ынталандыру, содан кейін оқулықта берілген қорытындымен таныстыру тиімді. Алқашқы бекіту жұмысы үшін оқушылар мұғалімнің басшылығымен №3 есепті шығарады.

3. Өткен тақырыппен жұмыс.

Санның кубын есептеу дағдыларын бекіту үшін №4 тапсырма тақтада орындалады.

№ 5 тапсырманы орындамас бұрын масса бірліктері арасындағы қатынасты қайталау керек.

• 1 тоннада неше килограмм бар?

• 1 тоннада неше центнер бар?

• Центнерде неше килограмм бар?

• Тонна центнерден неше есе артық?

• Центнер килограмнан неше есе кем?

• 5 ц 6 кг-да неше килограмм бар?

Осыдан кейін балалар №5 тапсырманы өзара тексере отырып орындайды. Төртінші пропорционалды табуға арналған №6 (а) тапсырма мұғалімнің басшылығымен орындалады, ал №6 (ә) тапсырманы оқушылар мұғалімнің басшылығымен алдын ала талдаудан кейін өздігінен орындайды.

4. Өздік жұмыс ретінде №7 (а) тапсырма ұсынылады.

5. Сабақты қорытындылау алдыңғы сабақтарға ұқсас жүргізіледі. Үй жұмысы: №7 (ә).

 



Сабақтың тақырыбы:Дене көлемі(104-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: денелер көлемі және көлемді өлшеу бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру; есептеу дағдыларын жетілдіру; интеллектуалдық қиындықтарды жеңе білуге баулу.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтық мақсатымен таныстыру.

Сабағымыздың тақырыбын оқыңдар. Өрнектерді шешіп, жауаптарды кему тәртібімен жазыңдар. Сабақтың тақырыбын құрыңдар.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру

1. Таза жазу минуты.

- 576 санын жазыңдар. Сандағы толық ондықтарды (57), жүздіктерді (5) атаңдар.

№5 тапсырманы орындамас бұрын уақыт бірліктерінің қатынасын қайталау қажет. №9 логикалық тапсырма ауызша орындалады.

3. Оқу материалымен бастапқы танысу.

1. Мұғалім артық фигураны табуды тапсырады. Тақтаға суреті ілінеді.

Неге параллелепипед артық? (Барлық фигуралар жазық, ал параллелепипед көлемді).

Қай фигуралар туралы айтылған:

> Қалай айналдырсаң да барлық жағы бірдей.

> Төменгі жағы дөңгелек, төбесі үшкір.

> Екі жағы да дөңгелек.

> Төрт үшбүрыш, бәрі бір шаршыға қарайды.

> Алты жағы бар, бірақ текше болып шықпайды.

2. Практикалық жұмыс.

Мұғалім балаларға көлемі әртүрлі қораптар көрсетеді.

- Қораптарды салыстырыңдар. Олардың қайсысы үлкен? «Көлем» сөзін қалай түсінесіңдер?

«Көлем» деген не екенін оқулықтан қараңдар (№1 тапсырма). Демек, қораптардың қайсысы көлемі жағынан үлкен? (Кеңістікте көбірек орын алатыны). Көлемді қалай өлшеуге болады? Қандай өлшем бірлігін пайдалануға болады? (Шағын қорапшаны өлшеп, үлкен қорапқа мұндай неше қорап сыятынын анықтауға болады). Егер біз көлемі басқа қорапты өлшесек, көлемнің дәл осындай шамасы шығады ма? Өлшенетін қорап- тың көлемі өзгереді ме? (Жоқ). Яғни, көлемді өлшеу бірлігін табу керек.

3. Оқулық бойынша көлемді өлшеу бірлігімен танысу (№1 тапсырма).

Қораптың көлемін анықтауға практикалың жұмыс ұйымдастыру. Оқушылар 5 адамнан топтарға бөлінеді. Әр топта бір қораптан. Балалар биіктігін, ұзындығын, енін өлшей отырып, қораптың көлемін есептеп шығарады. Содан кейін өз шешімдерін дәлелдейді.

4.Үй тапсырмасы: №6 (3-баған). Шығармашылың деңгей: тіктөртбұрышты параллелепипедтің макетін дайындап, көлемін есептеңдер.

5. Сабақты қорытындылау.

- Сабақтың тақырыбы қандай? Сен не үйрендің? Жаңа тақырыпты меңгеруге қандай тапсырмалар бағытталған? Сабақ тақырыбын жақсы меңгеру үшін қандай тапсырмаларды қосуға болады? Сабақта өз жұмысыңды бағала. Үлкен жетістікпен жұмыс істеу үшін өзіңде нені өзгерту қажет?

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Көлемнің өлшем бірліктері.

Текше мен тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемі(105-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: денелердің көлемі туралы түсінік қалыптастыру және көлемді өлшеу бірліктері туралы түсініктерін кеңейту; есептеу дағдыларын жетілдіру.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Геометриялық денелердің атауларын оқыңдар. Артық сөзді табыңдар: параллелепипед, текше, шаршы. Артық сөз: шаршы. Өйткені бұл жазық фигура, қалғандары көлемді фигуралар. Қай фигуралардың көлемін есептеп шығаруға болады? Сабақтың тақырыбын құрастырыңдар.

2.Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Үй тапсырмасын тексеру.

- Өз параллелепипедіңнің үлгісін көрсет. Олардың көлемін қалай таптыңдар?

3. Нұсқалар бойынша өздік жұмыс жүргізу.

4. Есепте және тексер.

А деңгей

1-нұсқа 2-нұсқа
20-5 30-9
200:2 458 - 278 500: 5 890 - 456
562 + 346 123 + 635

3. Оқу материалымен алғашқы танысу.

- Сынып бөлмесінің көлемін табуға бола ма? Мұны қалай жүргіземіз? Бөлменің көлемін см3 есептеген қолайлы бола ма? Неге? (Өйткені өте үлкен сандар шығады). Сынып бөлмесінің көлемін қандай бірліктермен есептеген ыңғайлы? (оқушылардың ұсыныстары тыңдалады). Үлкен денелердің көлемін дм3, м3-мен өлшеуге болады (оқулық, №1 тапсырма).

Мұнан соң оқушылар текшемен танысады (№2 тапсырма), оның параллелепипедтен айырмашылығын анықтайды, текшенің биіктігі, ұзындығы, енінің бірдейлігін анықтайды, содан кейін түсіндіре отырып орындайды.

2-2-2 = 8 см3 5 • 5 • 5 = 125 см3

8 • 8 • 8 = 512 см3 4 • 4 • 4 = 64 см3

4. Өткен тақырыппен жұмыс.

№5 тапсырманы шешуден бұрын егер ауданы мен бір қабырғасы белгілі болса, тіктөртбұрыштың белгісіз қабырғасын қалай табуға болатынын қайталау керек. №6 тапсырмадағы сызба бойынша өрнектер құру және оның мәнін табуды оқушылар өздері орындайды.

№7 (а) тапсырма тақтада түсіндіре отырып орындалады. №8 логикалық тапсырма мұғалімнің басшылығымен орындалады.

5. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы: №7 (ә).

Мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды:

- Сабақтың мақсаты қандай болды? Сабақта тапсырмалар орындай отырып, біз мақсатқа жеттік деп айтуға бола ма? Сабақта не ұнады? Сабақта ең қиыны не болды? Ең жеңілі не болды? Сабақ барысындағы өз жұмысыңды бағала және өздеріңе баға қойыңдар.


Сабақтың тақырыбы: Көлемнің өлшем бірліктерінің арақатынасы (106-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: көлемнің өлшем бірліктері туралы білімдерін жүйелендіру; есептеу дағдыларын жетілдіру.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 2392; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.135 сек.