Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Йге тапсырма беру. 2 страница




3) Шаршының периметрін табу үшін оның қабырғасын 4 есе арттыру керек.

2. Өлшем бірлігінің «артығын» көрсет.

1) 1 см2; 2) 1 км; 3) 1 м2.

3. Пішіні тіктөртбұрыш болып келген бақшаның ауданы 24 м2. Бақшаның ені 3 м. Ұзындығы неге тең?

1) 8 м; 2) 6 м; 3) 19 м.

4. Жер көлімінің ені 8 м және ол ұзындығынан 4 есе кем. Жердің ауданы нешеге тең?

1) 16 м2; 2) 256 м2; 3) 32 м2.

5. Ұзындығы 32 см сымнан қабырғасы 8 см болатын шаршы жасауға бола ма?

1) иә; 2) жоқ.

6. Шаршының ауданы 36 дм2-ге тең. Бұл шаршының қабырғасы нешеге тең?

1) 16 дм; 2) 8 дм; 3) 6 дм.

7. Шаршының периметрі 40 см. Оның қабырғасының ұзындығы нешеге тең?

1) 9 см; 2) 6 см; 3) 10 см.

3- ші сынақ: әрбір фигураның қырларының санын есепте №8 (83-сабақ).

4- ші сынақ: баған түрінде есептеу №1 (83-сабақ).

3. Өткен тақырыппен жұмыс.

Сонымен, сендер сынақтан өттіңдер, енді саяхатқа дайынсыңдар. Әрбір ғылыми саяхаттың мақсаты бар: ол - ғылыми құбылыстардың қандай да бір ерекшеліктерін зерттеу. Сендер қалай ойлайсыңдар, біздің саяхатымыздың мақсаты қандай болуы тиіс? (Аудан мен периметрді есептеу, сондай-ақ геометрияның қалай пайда болғанын зерттеу).

Мұғалім геометрияның даму тарихынан үзінді оқиды.

«Геометрия» сөзі гректің «ге» - «жер», «метео» - «өлшеу» сөзінен шыққан. Геометрия ежелгі Мысырда біздің заманымызға дейін 2000 жылы, яғни 4000 жыл бұрын болған. Египет фараоны жерді бөлді, әрбір мысырлыққа шағын жер берді, фараонға жер салығын төледі.

 

 

ҰЗЫНДЫҒЫ ЕНІ ПЕРИМЕТРІ АУДАНЫ
20 см 5 см 50 см 100 см2
40 см ?см ?см 80 см2
а см ?см (а +?) • 2 а • Ъ см2
X м у м ? ?см2

Енді оқушылар №4 және №5 тапсырмаларды орындайды.

- Саяхатқа өзімізбен азық-түлік алуды шештік. №7 (83-сабақ) тапсырманы балалар ауызша орындайды. №6 (83-сабақ) есепті құрастырып, шешу ұсынылады. Есептің қысқаша жазылуын түрліше жүргізуге болады:

1) кестеде (оқулықты қара)

2) 6 қ - 540 теңге? қ - 420 теңге 1 қ -? теңге

Келесі тапсырма - геометриялық фигураларды сұрыптау. Кестені толтырыңдар.

Фигура нөмірі Әріп Сипаты Фигураның атауы
1. ә. Қабырғалары тақ сан; 3 қабырға, тік бұрышы бар Тік бұрышты үшбұрыш
       

4. Сабақты қорытындылау.

- Саяхатқа аттанар алдында қандай мақсат қойылды? Жаңа нені білдіңдер? Енді геометрия туралы бәрін білем деп ойлайсыңдар ма? Геометрия туралы нені білгілерің келеді? Зерттеуші болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет? Қандай тапсырмалар қиындық келтірді? Қиындықтан шығу үшін не істеу керек? Сабақтағы өз жұмысыңа қандай баға бересің? Өз нәтижелеріңді жақсарту үшін не істеу керек?

5. Үй жұмысы: №3. Үйіңдегі кілемнің ауданын тап. 84-сабақты мұғалім өз қалауы бойынша құрады.

 

Сабақтың тақырыбы: Есептерді әртүрлі тәсілмен шығару(85-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: есепті әртүрлі тәсілдермен шығару дағдыларын қалыптастыру; үш таңбалы сандармен жазбаша есептеуге қатысты білімдерін бекіту.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Ауызша есептеуге №1 тапсырма берілген, есептеу дағдыларын арттыру үшін «Математикалық волейбол», «Үндемес» ойындары ұйымдастырылады. «Есіктің кілтін тап» ойынын өткізуге де болады. Ойынның мақсаты: есептеу дағдыларын бекіту. Тақтада 7 есіктің суреті салынған. Олардың әрқайсысында мынадай өрнектер жазылған:

400 • 2, 300: 3, 600: 2, 100 • 5, 400: 2, 900: 9, 600: 100.

Оның қасында жауаптары бар кілттердің суреті бар:

6, 100, 200, 500, 300, 100, 800.

Балалар қажетті кілтті табады. Сонымен қатар №4 пен №6 тапсырмаларды ауызша орындатуға болады.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

№3 (а) тапсырманы балалар мұғалімнің жетекшілігімен түрлі тәсілдермен жоспар бойынша шығарады:

1) Барлығы неше шырша отырғызылды?

Барлығы неше қайың ағашы отырғызылды?

Барлығы неше ағаш отырғызылды?

2) Бір мектепте барлығы неше шырша және қайың отырғызылды?

Мектептерде барлығы неше ағаш отырғызылды?

Есепті шығарғанға дейін балалардан ұсынылған жоспарлардың қайсысы есепті тез шығаруға көмектесетіні және неге екені сұралады. Содан кейін балалар есепті екі тәсілмен де шығарып, амалдар мен өрнектер бойынша шешуін жазады.

№3 (ә, б) тапсырманы оқушылар кез келген төсілмен өз беттерінше орындайды, содан кейін тақтаға екі тәсілді жазады және ұсынылған тәсілдердің қайсысы жеңіл (тиімді) болғаны анықталады.

4. Өткен тақырыппен жұмыс.

№2 тапсырманы орындау барысында балалар өрнектерді орындайды және олардың әрқайсысын қандай тәсілмен шешкен тиімді екенін талқылайды.

№8 логикалық тапсырма мүғалімнің басшылығымен ауыз- ша орындалады.

5.Өздік жұмыс үшін №5 тапсырма

(1-нұсқа - 1, 3-бағандар, 2-нұсқа - 3, 4-бағандар) беріледі.

6. Сабақты қорытындылау.

Үй жұмысы: №7 тапсырма.

 

Сабақтың тақырыбы: Есептерді әртүрлі тәсілмен шығару.

Пысықтау(86—87-сабақтар.)

Сабақтың мақсаты: есептерді әртүрлі тәсілмен шығару дағдыларын қалыптастыру; үш таңбалы сандармен жазбаша есептеу дағдыларын пысықтау.

Бұл сабақтар алдыңғы сабақтарға ұқсас жүргізіледі, алайда оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне басым көңіл бөлінеді. Мұғалім оқулықтағы тапсырмалармен жүұысты өз қалауына қарай және оқушылардың дайындық деңгейін есепке ала отырып ұйымдастырады.

· Берілгендердің қайсысы дұрыс?

1) Тіктөртбұрыштың ауданы - барлық қабырғаларының қосындысы.

2) Тіктөртбқрыштың периметрі - ауданның өзіне сыйдыратын бірліктер саны.

3) Шаршының периметрін табу үшін оның қабырғасын 4 есе арттыру керек.

8. Өлшем бірлігінің «артығын» көрсет.

1) 1 см2; 2) 1 км; 3) 1 м2.

9. Пішіні тіктөртбұрыш болып келген бақшаның ауданы 24 м2. Бақшаның ені 3 м. Ұзындығы неге тең?

1) 8 м; 2) 6 м; 3) 19 м.

10. Жер көлімінің ені 8 м және ол ұзындығынан 4 есе кем. Жердің ауданы нешеге тең?

1) 16 м2; 2) 256 м2; 3) 32 м2.

11. Ұзындығы 32 см сымнан қабырғасы 8 см болатын шаршы жасауға бола ма?

1) иә; 2) жоқ.

12. Шаршының ауданы 36 дм2-ге тең. Бұл шаршының қабырғасы нешеге тең?

1) 16 дм; 2) 8 дм; 3) 6 дм.

Сабақтың тақырыбы: 36 • 2, 360 • 2, 36 • 20 түріндегі көбейту(88сабақ.)

Сабақтың мақсаты: көбейтудің көрсетілген түрін орындау тәсілдерін қалыптастыру; теңдеуді шешу дағдыларын пысықтау.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

36-2, 360 • 2, 36 • 20 түріндегі көбейту тәсілі қосындыны санға көбейту ережесін қолдануға негізделген. Жаңа материалды саналы түрде қабылдау үшін ауызша есептеуге жүздіктер, ондықтар, бірліктердің қосындысы түрінде жаза алу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар беріледі. Ол үшін каллиграфиялық жазба минуты ұйымдастырылады: «4, 7, 8 цифрларынан құрастыруға болатын барлық сандарды жазыңдар. 7 ондық болатын санды ата, 7 бірлік болатын санды ата, 7 жүздік болатын санды ата, т.б.».

Есептеу дағдыларын дамыту үшін «Қай қатар жылдам?» дидактикалық ойыны ұйымдастырылады. Оған мынадай мысалдар қамтылады:

30 • 5, 720: 9, 240: 8, 3 • 100, 50 • 5, 420: 7, 3 • 80, 6 • 50, 540: 6.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақты түсіндіру жұмысы бірден оқулықтағы мысалдардың шығарылуы көрсетілген мысалдармен жұмыс істеуден басталады (№1 тапсырма). Алдымен 36 саны 30 бен 6-ның қосындысы түрінде көрсетіледі. 30 саны 2-ге көбейтіледі, одан кейін 6-ны 2-ге көбейтіп, алынған нәтижелер қосылады.

36-ны 2-ге көбейту тәсілі қарастырылғаннан кейін 360 • 2, 2 • 360, 36 • 20 түріндегі көбейтулерді балалар өздері түсіндіреді.

4. Бекіту.

№1 (ә) тапсырманың екі мысалын тақтага және дәптерлеріне түсіндіре отырып, толық жазып көрсетеді:

23 • 3 = (20 + 3) • 3 = 20 • 3 + 3 • 3 = 60 + 9 = 69

49 • 2 = (40 + 9) • 2 = 40 • 2 + 9 • 2 = 80 + 18 = 98

және екі мысалды ауызша түсіндіреді. Қалған мысалдарды оқушылар ауызша түсіндіріп, тек қана жауаптарын жазады.

5. Өткен тақырыппен жұмыс.

№2 (а) тапсырма қысқаша кесте түрінде жазылады.

1 қораптың массасы Қораптың саны Жалпы массасы
15 кг Бірдей 10 қорап ?)? 1 |?кг
20 кг

Кесте бойынша есептің берілуін талқылағаннан кейін оқушылар шығару жолын өздері орындайды. Одан соң есепті басқа тәсілмен шығарады және екі шешуін салыстыра отырып, тиімді тәсілді анықтайды. №2 (ә) тапсырма да осыған ұқсас орындалады.

№3 тапсырманы оқушылар кестеге қысқаша түрде жазады, одан кейін мұғалім есептің шығару жоспарын тақтаға жазады, ал балалар есепті өздері шығарады.

Жоспары: 1) фабрикаға неше килограмм қант әкелінгенін білу;

2) неше килограмм какао ұнтағы әкелінгенін білу;

3) фабрикаға барлығы неше килограмм қант пен какао ұнтағы әкелінгенін білу. Осы есепті басқа қандай тәсілмен шығаруға болатыны оқушылармен бірлесіп талқыланады.

Содан кейін балалар түсіндіре отырып №4 теңдеуді шешеді. Оқушылар арифметикалық амалдардың компоненттері арасындағы өзара байланысты жақсы меңгеруі тиіс.

№5 тапсырманы балалар мұғалімнің көмегімен ауызша орындайды. Логикалық тапсырма (№8 тапсырма) мұғалімнің басшылығымен ауызша орындалады.

6. Өздік жұмыс ретінде №7 тапсырма беріліп, соңынан тексеріледі.

7. Сабақты қорытындылау.

8. Үй жұмысы: №6.


Сабақтың тақырыбы: Пысықтау(89—90-сабақтар.)

Сабақтың мақсаты: қосындыны санға көбейтуді орындау дағдыларын бекіту; үш таңбалы сандарды жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Өткен сабақты бекіту мақсатында №1 (89-сабақ) және (90-сабақ) ауызша орындау тапсырылады. «Математикалық волейбол», «Үндемес», «Компьютер» ойындарын ұйымдастыруға болады:

15 • 2, 26 • 3, 45 • 2, 30 • 5, 410 • 2, 62 • 2, 36: 6, 100: 10, 80:2

және т.б. Ауызша есептеуге мына тапсырма енгізіледі:

Фигуралардың ішінен «артық» фигураны тап. №2 фигурадағы шаршы мен шеңбердің аудандарын салыстыр.

3. Бекіту.

№2, №3 (№89, 90-сабақтар) және №5 (90-сабақ) оқушылар түсіндіре отырып орындайды (1-баған), қалған мысалдарды оқушыларға өздері орындауға тапсыруға болады.

4. Өткен тақырыппен жұмыс.

№5 (89-сабақ) тақырыпты оқушылар мұғалімнің басшылығымен орындайды. №4 (89-сабақ), №3 (90-сабақ) тапсырманы мұғалімнің көмегімен талқылау керек. Қайталау барысында және есеп мәтініне талдау жасау кезінде мұғалім есептің берілуін оқушылардың айтуымен кестеге жазады. Осыдан кейін оқушылар есептерді өрнек түрінде өздері жазып шығарады.

№8 (89-сабақ) логикалық есепті балалар өздері орындап, орындалу жолын түсіндіреді: «Егер алманы себеттен алып, бір-біріне салуға болмайтын болса, онда әр себеттегі алмалардың ңосындысын әртүрлі сан шығатындаи таңдап алу керек. 18 бен 19 сандарының қосындысы 20 мен 21 сандарының қосындысынан кіші, сондықтан болмайды, 18 бен 20-ның қосындысы 19 бен 21-дің қосындысынан кіші, бұл да болмайды,

18 бен 21-дің қосындысы 19 бен 20-ның қосындысына тең. Демек, біреуіне бірінші және төртінші себет, ал екіншісіне екінші және үшінші себеттегі алмалар беріледі».

5. Өздік жұмыс үшін №6, (89-сабақ 1, 2-бағандар), №4, 7 (90- сабақ) тапсырмалар беріледі және соңынан тексеріледі.

6. Сабақты қорытындылау. Үй жұмысы: №7 (89-сабақ),

№6 (90-сабақ).

Сабақтың тақырыбы. Қосындыны санға бөлу(91-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: қосындыны санға бөлу тәсілін меңгерту; өтілген есеп түрлерін шығару дағдыларын пысықтау.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Ауызша жаттығуларға 1000 көлеміндегі сандарды қосу және азайту, кестелік қосу және азайтуға арналған тапсырмалар алынады. Бір амалмен орындалатын мысалдармен бірге екі амалмен орындалатын мысалдар түрін қосқан дұрыс: 3-4:6, 25: 5 + 20, (36 - 16): 2 және т.б.

Математикалық диктантқа мынадай тапсырмалар енгізіледі:

• 3 пен 8-дің көбейтіндісін 6 есе кеміт.

• 16 мен 8 сандарының бөліндісін 6 есе арттыр.

• Әпкесі інісінен 4 жас үлкен. Інісі 4 жаста. Әпкесі неше жаста?

• Анасы 32 жаста, ал баласы 8 жаста. Баласы анасынан неше жас кіші?

• Әрқайсысында 3 кг-нан 4 қалбыр бояу сатып алынды. 4 кг бояу жұмсалды. Неше килограмм бояу қалды?

• 36 мен 9-дың бөліндісін 2 есе арттыр.

• Ағасы 12 жаста, ал қарындасының жасы 2 есе кіші. Қарындасы неше жаста?

• 6 мен 5-тің көбейтіндісінен 22-ні кеміт.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Қосындыны санға бөлудің бірнеше тәсілімен таныстыру жұмысын өздеріне таныс жаттығу түрлерін орындатудан бастаған жөн: «8 бен 12-нің қосындысын 4-ке бөл». Тақтаға шақырылған оқушы мысалды тақтаға жазып, алдымен қосындыны есептеп, содан соң 4-ке бөлу керектігін түсіндіре отырып шығарады. Тақтада мынадай жазу болады:

(8 + 12): 4 = 20: 4 = 5.

Содан кейін мұғалім №1 (ә) тапсырмаға берілғен сурет бойынша қосындыны санға бөлудің екі тәсілін де түсіндіреді.

4. Бекіту.

Алғашқы бекіту жұмысы үшін №1 (а) тапсырмаға берілғен сурет бойынша қосындыны санға бөлудің екі тәсілін де түсіндіреді.

(4 + 8): 2 = 12: 2 = 6 (4 + 8):2 = 4:2 + 8:2 = 2 + 4 = 6

Содан кейін оқушылар №2 тапсырманы орындайды. Өрнектердің қайсысын түрлі тәсілдермен шығаруға болмайтынын нақтылаған маңызды.

№3 тапсырманы шешу барысында балалар өз беттерінше әр тәсілді жеке жазып шығарады. Тексеру кезінде оқушылардың әртүрлі тәсілмен шығарғаны анықталады. Шешудің екі тәсілі де тақтаға жазылып, қысқаша түсіндіріледі. Екі тәсіл салыстырылып, қай тәсілдің тиімді екені анықталады. Егер оқушылар есепті әртүрлі тәсілмен шығаруда қиналатын болса, иллюстрациялап көрсету тиімді: 12 қыз бала және 14 ер бала тақта алдына шығады. Оларға тең екі топқа бөліну тапсырылады.

№4 тапсырманың қысқаша жазылуын кестеге жазу тиімді:

Бір топтағы бала саны Топ саны Барлық бала саны
6 ер бала ? ? ер бала 80 спортшы
4 қыз бала ? ? қыз бала

Содан соң балалар есепті шығару жоспарын анықтайды:

1) топта барлығы неше бала екенін білу;

2) неше топ екенін білу;

3) барлығы неше ер бала екенін білу;

4) неше қыз бала екенін білу. Ол үшін барлық балалар санынан ер балалардың санын азайту керек немесе 1 топтағы қыз балалар санын топтың санына көбейту керек.

5. Өткен тақырыппен жұмыс.

№5 (1-ші және 2-бағандар) және №6 тапсырманы өздік жұмыс ретінде ұсынып, соңынан тексеруге болады.

№8 логикалық тапсырманы балалар мұғалімнің басшылығымен орындайды.

6. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма: №5 (3,4-бағандар) және №7. Шығармашылық деңгей: математикалың ребус құрастыру.

Сабақтың тақырыбы:Есепті әртүрлі тәсілмен шығару(92-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: есепті әртүрлі тәсілмен шығаруды үйрету; теңдеу шешу дағдыларын дамыту.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларды белсендіру.

Зейіндерін дамыту үшін мынадай есеп түрін ұсынуға болады: «Цифрларының қосындысы қатарында қарамен жазылған санға еселік болатын сандарды ғана атау керек».

             
             
             

Ауызша есептеуге алдыңғы сабақтарда көрсетілгендей дидактикалық ойындар енгізіледі. №8 логикалық тапсырма мұғалімнің басшылығымен ауызша орындалады (ағалы-інілі балалардың жасы 2-де, 5-те және 8-де).

3. Бекіту.

Алдыңғы сабақтарда қарастырылған қосындыны санға бөлудің әртүрлі тәсілдері туралы алған білімдерін бекіту мақсатында ең болмағанда бір мысалдың екі төсілмен орындалуын жан-жақты қараған дұрыс (№1 тапсырма). Содан кейін түсіндіре отырып есеп шығарылады (№2 тапсырма).

4. Жаңа сабақты түсіндіру.

№3, №4, №5 тапсырмалардың есептерін шығару және талдау кезінде балаларға өздеріне шығаруға ұсынуға болады, әр амалды жеке жазып орындайды. Тексеру кезінде әртүрлі тәсілдер салыстырылады: «Есептің шешулерінің ұқсастығы қандай? Қандай айырмашылығы бар? 1-тәсілде бірінші амалмен нені білдік? Әр шешуінде екінші амалмен нені білдік? Қай тәсіл тиімді?»

5. Өткен тақырыппен жұмыс.

№7 тапсырма мұғалімнің басшылығымен орындалады.

6. Өздік жұмыс ретінде №6 (1-баған) ұсынылады.

7. Сабақты қорытындылау.

Үй тапсырмасы: №6 (2, 3-бағандар).

Сабақтың тақырыбы: 48:2, 480:2, 480:20 түріндегі бөлу(93-сабақ).

Сабақтың мақсаты: кестеден тыс бөлуді тиімді тәсілмен орындау дағдыларын қалыптастыру; есептің өтілген түрлерін шығара білу.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Ауызша тапсырмаларға «Үндемес», «Компьютер», дидактикалық ойындары арқылы көбейту және бөлу кестесін қайталау ұсынылады.

«Баспалдақ» дидактикалық ойыны кестелік көбейту және бөлу дағдыларын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылады. Тақтада баспалдақтың суреті салынған, екі жағынан көбейту және бөлу кестесінен мысалдар қатары жазылған. Тақтаға шыққан бала тек жауаптарды жазады. Төбесіне бірінші жеткен бала жеңеді.

«Компьютерде жұмыс істейік» ойын-жаттығуын енгізген тиімді.

Мұғалім оқушыларға барлық математикалық амалдардан кейін таблода 36 саны пайда болғанын түсіндіреді. Машинаға қандай сан енгізілгенін білу керек.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Ауызша түсіндіруде (№1 жаттығу) мынадай мәселелер ескерілуі керек: 1) бөлінгішті ондық пен бірліктің қосындысына ауыстырамыз;

2) қосындыны санға бөлудің ережесін қолдана отырып, алдымен ондықтарды, содан кейін бірліктерді бөліп, алынған нәтижелерді қосамыз.

Балалардың назарын берілген санға ондықтар да, бірліктер де бөлінетін болса ғана, бұл екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу тәсілін қолдануға болатынына аудару керек.

4.Алғашқы бекіту үшін №2 тапсырма түсіндіріле отырып орындалады.

5. Өткен тақырыппен жұмыс.

№3 тапсырманың берілуін оқушылар кестеге жазады:

 

Бағасы Саны Құны
? 6 доп 720 теңге
? 8 доп 240 теңге

Осыдан кейін оқушылар есепті өздері шығарады.

№4 тапсырманы орындау кезінде оқушылар қосылғыштардың әртүрлі нұсқаларын ұсынады:

24 = 20 + 4

24 = 18 + 6 24 = 16 + 8 24 = 12 + 12 т.с.с.

№5 пен №6 тапсырмалар ауызша орындалады. Оқушылар тек оқулықтағы сұрақтарға ғана жауап беріп қоймай, сурет бойынша өздерінің сұрақтарын ойластырады.

№8 логикалық тапсырма мұғалімнің басшылығымен орындалады.

(5 + 5) • (5 + 5) =100 5 • 5 • 5 - 5 = 120 (5 • 5 + 5) • 5 = 150

6. Өздік жұмыс үшін №7 (1-ші және 2-бағандар) тапсырма ұсынылады.

7. Сабақты қорытындылау.

Үй тапсырмасы: №7 (3 баған). Шығармашылық деңгей: 2-ден әріптік теңдік жөне теңсіздік құрастырып келу.

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау (94-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: қосындыны санға бөлуді орындау дағдыларын бекіту; шаршының ауданы мен периметрін табу тәсілдерін қайталау.

Сабақ мұғалімнің қалауы бойынша құрылады. Ауызша тапсырмаларға көбейту мен бөлудің кестелік жағдайларымен бірге екі таңбалы сандарға 4 арифметикалық амалдың қатысуымен берілген мысалдар енгізіледі. Оқулықта берілген барлық жаттығуларды оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға қолдануға болады.

Математикалық диктантқа мынадай тапсырмалар енгізіледі:

• 3 пен 8-дің көбейтіндісін 6 есе кеміт.

• 16 мен 8 сандарының бөліндісін 6 есе арттыр.

• Әпкесі інісінен 4 жас үлкен. Інісі 4 жаста. Әпкесі неше жаста?

• Анасы 32 жаста, ал баласы 8 жаста. Баласы анасынан неше жас кіші?

• Әрқайсысында 3 кг-нан 4 қалбыр бояу сатып алынды. 4 кг бояу жұмсалды. Неше килограмм бояу қалды?

• 36 мен 9-дың бөліндісін 2 есе арттыр.

• Ағасы 12 жаста, ал қарындасының жасы 2 есе кіші. Қарындасы неше жаста?

• 6 мен 5-тің көбейтіндісінен 22-ні кеміт.

Ауызша жаттығуларға масса мен уақыт бірлігін қайталауға арналған есептерді, кестелік және кестеден тыс көбейтуді қайталау және өтілген бірнеше қарапайым есептерді шығаруды енгізу керек. Жаттығулардың басым бөлігін оқушылар өздігінен орындайды. Кестеден тыс көбейту және бөлу жағдайлары туралы білімдерін пысықтауға, үш таңбалы сандарды қосу және азайтуға басты назар аударылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 1758; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.104 сек.