Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Йге тапсырма беру. 6 страница




Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару. Пысықтау

(144—145,149-153-сабақтар.)

Сабақтың мақсаты: есептердің өтілген түрлерін шығару дағдыларын бекіту; есептеу дағдыларын жетілдіру.

Бұл сабақтар мұғалімнің қалауына қарай оқулықтағы тапсырмалар негізінде жүргізіледі. Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлудің жазбаша амалдарына және есептерді шығаруға ерекше көңіл аудару қажет.

Барлық тапсырмалар оқушыларға таныс болғандықтан, оларды өздігінен орындауға болады. №8 (144-сабақ) логикалық тапсырманы орындау кезінде оқушылар кесте құрастырады және құрылған кесте негізінде тұжырымдар жасайды.

№8 (153-сабақ) логикалық тапсырманы орындау барысында оқушылар әр альбомда қанша сурет жинақталғанын пайымдаудан бастайды. Фотосуреттер санын қосып, екіге бөлеміз

(32 + 26): 2 = 29. Әр альбомда 29 фотосуреттен болуы тиіс. Яғни, бірінші альбомнан 3 суретті алып, екіншісіне саламыз. Әр альбомда 29 суреттен бар.

Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Білімді тексеру(154-156-сабақтар.)

Сабақтың мақсаты: жазбаша есептеу алгоритмін меңгеру деңгейін тексеру; құрама есептер, күрделі теңдеулер шығара алу; бір өлшем бірлігін басқаларына ауыстыру.

Қайталау сабақтарының бірінде бақылау жұмысын жүргізу керек. Оны талдау мұғалімге дұрыс меңгерілмеген тақырыпты анықтауға және білімдегі олқылықтарды жою жөнінде жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.

 

1. а) Есепте: 19-4 505: 5 903: 3 23-4 820 -120-3 8 • (360: 90) ә) Өрнектерді баған түрінде жазып,есепте. 456 + 198 802 - 456 669: 3 224-4 1. а) Есепте: 16-6 707: 7 802: 2 42-4 420 + 230-2 960: (270: 90) ә) Өрнектерді баған түрінде жазып,есепте. 650 + 195 630 - 456 442: 2 114-2
2. Есепті шығар. Жиһаз жасайтын фабрикаға өрқайсысында 120 метрден 4 орам мата өкелінді. Оның 192 метрі жұмсалды. Неше метр мата қалды? 2. Есепті шығар. Қораптан 110 шардан 3 рет алғанда, онда тағы 57 шар қалды. Қорапта неше шар болды?
3. Теңдеуді шеш: 30 • х - 960 х + 230 = 50 • 9 3. Теңдеуді шеш: х • 40 = 480 х • 50 = 900 - 450
4. Берілген өлшем бірліктерімен көрсет. 6 сағ 10 мин = □ мин 3 сағ 30 мин = □ мин 3 мин 40 с - □ с 3 мин 45 с - □ с 4. Берілген өлшем бірліктерімен көрсет. 125 мин = □ мин □ с 360 с = □ мин 2тәул. 3 сағ. = □ сағ. 3мин = □ с
     

Сабақтың тақырыбы: 1000-ға дейінгі сандар нумерациясы (157-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: 1000 көлеміндегі сандардың нумерациясын қайталау; сандарды оқу, жазу, салыстыру дағдыларын дамыту; ауызша қосу және азайту туралы білімдерін бекіту; құрама есептерді шешу тәсілдерін қайталау; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың бұл кезеңінде психологиялық дайындық жүргізіледі. Балалар партаға бастарын қойып, көздерін жұмып, мұғалімнің сөзін қайталайды:

- Мен мектепте сабақтамын. Мен қазір сабақ оқуды бастай- мын. Меніћ зейінім артып келеді. Есте сақтау қабілетім мықты. Менің миым анық ойлайды. Жұмыс істеуге дайынмын.

Тірек білімдерін қайталау.

Мұғалім оқушылардан 3-сыныпта не үйренгендерін еске түсіруді сүрайды.

- Осы оқу жылында математика сабақтарынан не үйренгілерің келеді?

- Олай болса былтырғы оқығандарың толық естеріңде ме тексеріп көрелік? Ол үшін бірнеше жаттығулар орындаймыз.

Ойын жаттығуы: «Санда неше бірлік (ондық) бар?»

Ойынның мақсаты: санның ондық құрамын анықтай білуге жаттықтыру.

Мұғалім екі таңбалы және үш таңбалы санды атайды, ал оқушылар карточканың көмегімен неше бірлік немесе ондық немесе жүздік екенін (мұғалім тапсырмасына қарай) көрсетеді.

Ойын жаттығуы: «Қандай сан жоқ?»

Мақсаты: сандар қатары туралы білімдерін бекіту; оқушылардың зейінін дамыту.

Тақтаға түсі, көлемі әртүрлі, әр бұрышқа шашыраңқы жазылған 220-дан 240-қа дейінгі сандары бар кесте ілінеді.

Көркем жазу минутына мынадай тапсырма беруге болады: 1,7,5 сандарын пайдаланып, үш таңбалы сандарды жаз (175, 157, 517, 571, 751, 715). Неше сан жаздыңдар? Ең кіші санды ата. Ең үлкен сан ше? 1 ондығы бар, 1 бірлігі бар, 5 ондығы бар сандарды ата. Барлық осы сандарда қандай ұқсастық бар? Осы сандарды қандай топтарға бөлуге болады?

Ауызша есептеуге №1 тапсырма енгізіледі.

3. Өткен тақырыппен жұмыс.

№2, 3 тапсырманы оқушылар өздері орындап, соңынан тексереді. №4 тапсырманы ұжым болып орындайды.

№ 5 (а) тапсырманы балалар тақтада түсіндіре отырып орындайды.

Мына тапсырманы түсіндіре отырып орындайды, пайымдау барысын айқындайды.

699 - 90 < 699 - 9 550+50 >550 + 5

400 + 80 > 400 + 8 998 - 900 < 998 - 90

808 - 8 > 808 - 80 665 - 60 - 5 = 665 - 65

№7 тапсырмамен жұмыс жүргізіледі.

Бұл тапсырма кім туралы? Есептің сұрағын оқыңдар? Бұл сұраққа бірден жауап беруге бола ма? Есептің сұрағына жауап беру үшін нені білу керек? Мұғалім тақтада есепті шығару жоспарын құрады:

2. Театрға қанша бала бару керектігін білу.

3. Бір автобуспен неше бала баратынын білу.

Содан кейін оқушылар есепті өз беттерінше орындап, жауабын жазады. Есепті өрнек түрінде жаза отырып шешуге болады.

№8 логикалық тапсырманы көрнекі құралдың көмегімен орындауға болады.

Өздік жұмыс.

№5 (ә) тапсырманы балалар өздігінен орындап, соңынан тексереді.

Өздік жұмысты ұйымдастыру үшін қосымша материал.

1. Кестені толтыр.

Сан Жүздік Ондық Бірлік Разрядтың қосылғыштардың қосындысы
        800 + 20 + 6
         
         
         
         
         
         

 

Сабақтың тақырыбы: Кесте және кестеден тыс көбейту және бөлу(158-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: кестелік және кестеден тыс көбейту дағдыларын жетілдіру; 2-3 амалды өрнектерді шығару; тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін анықтау.

Ұйымдастыру кезеңі.

Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру. Ауызша есептеуге кестелік және кестеден тыс көбейту, бөлу дағдыларын жетілдіруге бағытталған «Үндемес», «Баспалдақ», «Математикалық домино», «Компьютер» ойындарын ұйымдастыруға болады.

Бірдей екі кесте қњрылады. Тақтаға екі оқушы шығады.

                 
                 
                 
                 
                 
                 

Жүргізушінің бұйрығы бойынша олар 1-ден 24-ке дейін дауыстап санай бастайды.

№1 тапсырма да ауызша есептеуге арналған. Математикалық диктант алудың пайдасы зор: 45: 9, 24: 4, 12 • 8, 42: 6, 20 • 10, 500: 100, 4 • 23, 72: 9, 8 • 7, 8 • 8, 420: 7, 4 • 8, 9 • 90, 490: 7.

Бекіту.

№2 тапсырманы өздік жұмыс ретінде беруге болады. Оқушылар мысалдарды орындайды, үш оқушы аяқтасымен мұғалім «Тоқта!» деген бұйрық береді және оқушылар орындаған тапсырмасына өздері баға береді. №6 тапсырма өрнектерді шығару және №8 тапсырманы оқушылар тақтада түсіндіре отырып орындайды.

Өткен тақырыппен жұмыс.

5. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма: №7 тапсырма.

Сабақтың тақырыбы: Есептеудің жазбаша тәсілдері(159—160-сабақтар.)

Сабақтың мақсаты: жазбаша көбейту және бөлуді орындау дағдыларын жетілдіру.

Ұйымдастыру кезеңі.

Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру алдыңғы сабаққа ұқсас жүргізіледі. Ауызша есептеуге №1, №7, №8 (159- сабақ) және №1, №5, №8(160-сабақ) тапсырмалар берілген.

Есептеудің жазбаша тәсілдерін бекіту үшін оқушылар №2 (1-баған, 159-сабақ) тапсырманы жан-жақты түсіндіреді, қалғанын өз беттерінше шығарады, содан кейін №5 (159-сабақ) тапсырманы орындайды. Келесі сабақта балалар №2, №3 (160- сабақ) амалдар бойынша өрнектерді есептейді. Оқулықтағы есептерді шығарар алдында бірнеше тапсырманы ауызша орындауға болады.

1. Әкесі 35 жаста, ал ұлы одан 7 жас кіші. Сонда ұлы неше жаста?

2. 15 теңгеге бірдей 3 дәптер сатып алынды. Бір дәптер неше теңге тұрады?

3. 4 көйлек тігу үшін 12 м мата керек. Бір көйлекке неше метр мата кетеді?

4. Асханаға балалар жұптасып саппен барды. Барлығы - 16 адам. Сапта неше жұп бала тұрды?

5. 18 кәмпит балаларға үштен үлестірілді. Неше бала кәмпит алды?

№3 (159-сабақ) және №4 (160-сабақ) есептерді балалар өздігінен шығарады, ал №4 тапсырма (159-сабақ) мұғалімнің көмегімен орындалады.

- Сабақты қорытындылау. Үй жұмысы: №6 (159-сабақ), №6,

№7(160-сабақ).

Сабақтың тақырыбы: Шамалар (161-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: уақыт, ұзындық, аудан, масса өлшем бірліктері туралы білімдерін жетілдіру; шамалар бірліктері арасында арақатынасты қалыптастыру дағдыларын бекіту.

1) Ұйымдастыру кезеңі.

2) Тірек білім, білік, дагдыларын жетілдіру.

Ауызша сұрақтарға жауап беру:

1. Қандай шамаларды білесіңдер?

2. Ең кішісінен бастап, ұзындық өлшем бірліктерін ата.

3. Ең үлкенінен бастап, масса бірліктерін ата.

4. Ғасырдан бастап, уақыттың өлшем бірліктерін ата.

Ауызша есептеуге №1, №5, №8 тапсырмалар беріледі. Өзін-өзі тексеруге таңдау диктантын жүргізуге болады.

Қатар бойынша жазу. 1-қатар - масса бірлігі, 2-қатар - уақыт

бірлігі, 3-қатар - ұзындық бірлігі.

Миллиметр, сағат, килограмм, тонна, секунд, сантиметр, километр, тәулік, дециметр, центнер, метр, литр, грамм, минут.

1. Бекіту.

№2 тапсырма шамалармен арифметикалық амалдар орындау дағдыларын бекітуге бағытталған. №6 тапсырманы өздік жұмыс ретінде беріп, соңынан тексеріледі.

№3 тапсырманы оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен орындайды. Қиындық туған жағдайда мұғалім сағат үлгісі арқылы есептерді иллюстрациялау арқылы шығартады.

Өздік жұмысқа №6 және №7 тапсырмалар беріледі.

2. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма: №4 (а).

Сабақтың тақырыбы: Периметр. Аудан. Көлем. (162—163-сабақтар.)

Сабақтың мақсаты: көпбұрыштың периметрі мен ауданын анықтау дағдыларын жетілдіру; берілген ауданы бойынша ұзындығы мен енін анықтау дағдысын қалыптастыру.

Ұйымдастыру кезеңі.

Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Ауызша есептеуге дидактикалық ойындар мен №3, №7 (162-сабақ), №1, №6, (163-сабақ) тапсырмалар енгізіледі. Кұру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін бірінші суреттегі фигураларды 10-15 секунд ішінде қарап шығу ұсынылады. Содан кейін 1-суреттің беті жабылып, 2-сурет бойынша сұрақтарға жауап береді.

1. Суретте қандай фигуралар көбейді?

2. Қандай фигуралар азайды?

3. Бірінші суретте неше фигура, екінші суретте ше?

4. Екі суретте барлығы неше фигура?

5. Суреттерде неше тіктөртбұрыш бар?

6. Неше дөңгелек бар? Перфокартамен жұмыс істелінеді:

1. Сөйлемдердің қайсысы дұрыс?

Тіктөртбұрыштың ауданы - бұл оның барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы.

Тіктөртбұрыштың периметрі - бұл ішіне сыятын аудан бірліктерінің саны.

Шаршының ауданын табу үшін оның қабырғасының ұзындығын 4 есе арттыру керек.

2. «Артық» өлшем бірлікті көрсет. 1) 1 см2; 2) 1 км; 3) 1 м2

3. Тік төртбұрыш пішінді бақшаның ауданы 24 м2. Бақшаның ені 3 м. Ұзындығы нешеге тең?

1) 8 м; 2) 6 м; 3) 19 м.

4. Жер телімінің ені 8 м, бұл оның ұзындығынан 4 есе кем. Жердің ауданы нешеге тең?

1) 16 м2; 2) 256 м2; 3) 32 м2

№7 логикалық тапсырманы пайымдауды ағайынды әр баладағы бөшкенің санын анықтаудан бастайды. Барлығы — 18 бөшке, демек әр балаға 6 бөшкеден тиюі керек. Содан соң таңдап алу арқылы анықтаймыз. 1-балаға 2 толы бөшке, 1 жартылай бос бөшке, 3 бос бөшке тиеді. 2-балаға да дәл осылай бөлінеді. 3-балаға 1 толы бөшке, 3 жартылай бос бөшке, 2 бос бөшке тиеді.

4. Бекіту.

5. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма: №5 3-баған (162-сабақ) және №7 (163-сабақ).

Сабақтың тақырыбы: Теңдеу, теңдік, теңсіздік, өрнек(164-сабақ.)

Сабақтық мақсаты: теңдеу, теңдік және теңсіздік туралы білімдерін жетілдіру; алған білімдерін таныс және жаңа оқу жағдайларында пайдалануға үйрету; математика бойынша білім мен дағдыны меңгеру деңгейін тексеру.

Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтық мақсатып түсіндіру.

Психологиялық дайындық.

Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Кестедегі математикалық терминдерді тауып, оқыңдар. Сөзді тек тігінен және көлденеңінен оқуға болады.

(Теңдік, теңсіздік, теңдеу, өрнек) Сабақтық тақырыбын тап.

Математикалық диктант.

- 7 саны 91-ден неше есе кем?

- 68 шығу үшін, 17-ні неше есе арттырды?

- 8 шығу үшін, 56-ны қаншаға бөлу керек?

- Бір кітапта 40 бет, ал екінші кітапта 10 бет. Бірінші кітапта екінші кітапқа қарағанда неше бет артық?

- Тіктөртбұрыш пішінді журналдың мұқабасының ені 10 см, ұзындығы 20 см. Осы тіктөртбұрыштың периметрі неге тең?

- Азайғыш 1000, азайтқыш 450. Айырманың мәнін тап.

- Бөлгіш 320. Бөліндінің мәні 4. Бөлінгіш неге тең?

- Санның төрттен бір бөлігі 60-қа тең. Сан неге тең?

- 190 мен 60-тың айырмасын 2 есе арттыр. Нәтижені жаз.

- 720 санын 2 есе кеміт.

№1, №4, №8 тапсырмаларды орындау.

3. Өткен тақырыппен жұмыс.

4. Өздік жұмыс.

№6 тапсырма бірнеше нұсқамен орындалады. Мұғалім тексеру кезінде шешудің түрлі жолдарын қарастырады және оқушыларға қайсысы тиімді екенін анықтауды тапсырады.

№8 логикалық тапсырма өздік жұмыс ретінде беріледі.

№5 тапсырманы да өздері орындайды.

5. Үй жұмысы.

Үйге №3 тапсырма беріледі. Шығармашылық деңгей: теңдік және теңсіздіктер құру.

6. Сабақты қорытындылау.

Сабақтың мақсаты не болды? Біз мақсатымызға жете алдық па? Бұған сендерге не көмектесті? Бұл сабаққа тағы қандай тапсырмалар енгізуге болады? Сабақтағы жұмыстарыңа баға беріңдер. Өз нәтижеңді жақсарту үшін не істеу керек?

 

 

Сабақтың тақырыбы: Есеп шығару (165-166-сабақтар)

Сабақтың мақсаты: есептердің әр түрін шығару біліктілігін жетілдіру; есептеу дағдыларын дамыту.

Ұйымдастыру кезеңі.

Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру. Ауызша есептеуге №1, №7 (165-сабақ), №1, №6 (166-сабақ) тапсырмалар және жай есептерді қамтитын математикалық диктант енгізіледі:

1. Газет 15 теңге тұрады. Осындай 4 газет неше тұрады?

2. Бақтиярда 100 теңге болды. Ол 55 теңгеге журнал алды. Оның неше теңгесі қалды?

3. 200 теңгеге бірдей 5 ашықхат сатып алынды. Бір ашықхаттың бағасы неше?

4. Кітаптың 100 беті, журналдың 25 беті бар. Журналда кітапқа қарағанда неше бет кем?

5. Кітапта 100 бет, ал журналда 25 бет. Кітап журналдан неше есе қалың?

6. Сара 30 бет оқып бітірді, бұл барлық кітаптың үштен бір бөлігін құрайды. Кітапта неше бет бар?

Таза жазу минутын №9 (166-сабақ) тапсырма негізінде орындауға болады.

3. Бекіту.

Оқулықта берілген есептерді шешу және құрастыруды оқушылар өздігінен немесе мұғалімнің басшылығымен орындайды.

№6 (165-сабақ), №4, 5 (165-сабақ), №3 (166-сабақ), тапсырмалары өздік жұмыс ретінде ұсынылып, соңынан тексеріледі.

5. Сабақты қорытындылау. Үй жұмысы: №7 (165-сабақ),

№6 (166-сабақ).

 

Сабақтың тақырыбы: Өткен материалды бекіту және қорыту

(167—170-сабақтар.)

Сабақтың мақсаты: математика бойынша 3-сыныпта алған білім, білік, дағдыларын меңгеру деңгейлерін бақылау. Сабақтардың бірінде бақылау жұмысын жүргізу қажет

1-нұсқа 2-нұсқа

1. Есепте: 654 - 459 284: 2 982 - 653 132 • 3 720: 90 • 6 180-3-80-3 1. Есепте: 494 + 219 807 - 659 693: 3 142-2 210-3-90-2 540: 60 - 7
2. Есепті шығар. Ара ұясының бірінен 140 кг бал, екіншісінен 210 кг бал жиналды. Барлық бал әрқайсысы 7 кг болатын ыдыстарға құйылды. Неше ыдыс қажет болды? 2. Есепті шығар. Қыздар 140 кг қияр, ұлдар 160 кг қияр жинады. Қиярдың барлығын жәшіктердің әрқайсысына 20 кг-нан салды. Неше жәшік қажет болды?
3.Теңдеуді шеш. х- 23 = 125 -4 у • 30 = 1000 - 730 3.Теңдеуді шеш. у - 2 = 450 + 372 х: 7 = 810: 9
4. Қабырғалары 4 см және 3 см болатын тіктөртбұрыш сал. Оның периметрі мен ауданын тап. 4. Қабырғалары 5 см және 4 см болатын тіктөртбұрыш сал. Оның периметрі мен ауданын тап.
5*. Теңдік тура шығуы үшін бос торкөздерді толтыр. □• 2 - □ = 40 □ •5 + □ = 67 5*. Теңдік тура шығуы үшін бос торкөздерді толтыр. □• 2 +□ = 39 □•2 - □ = 20

 

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 1778; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.086 сек.