Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция 15. 1.Түзу және қисық сызықты байланыстар




Семинар сабагы.

1.Түзу және қисық сызықты байланыстар.

2.Сапалылық белгілер арасындағы өзара байланыс тыгыздығын анықтау.

3.Көптік және жеке корреляция бойынша есеп шығару.

4.Корреляция катынасы және детерминация (төмендеу) коэффициентін анықгау.

 

 

Тақырып 11. Әлеуметтік- экономикалық статистиканың ғылыми негіздері

 

1. Әлеуметтік - экономикалық статистиканың пәні, әдістері, міндеттері

Әлеуметтік-экономикалық статистика сапалы анықталған жалпы әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды сандық жағынан зерттейді, олардың пропорциялары экономикадағы және әлеуметтік сферадағы даму зандылылықтарын көрсетеді. "Статистиканың" қоғамдық дербес ғылым ретіндегі мақсаты - Қазақстан Республикасының жағдайын дамудың кешенді сандық сипаттамасымен қамтамасыз ету, нарықтық жағдайды бақылау, мемлекеттің саяси жүйесін баяндау.

Бақылаудың объектісі – барлық деңгейлердегі бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер:

а) микродеңгейде – шаруашылық субъектісі, үй шаруашылығы;

ә) мезодеңгейде - экономика саласы, экономика секторы, аймақ;

б) макродеңгейде - елдің жалпы экономикасы

Әлеуметтік-экономикалық статистиканың теориялық негізі экономикалық теория және философия болып табылады:

Әлеуметтік-экономикалық статистика экономикалық теориямен және басқа ғылымдармен қалай байланысады?

Экономикалық теория қоғамның даму заңдылықтарын, олардың мәні мен шығу табиғатын анықтайды,

Диалектикалық тану әдісіне сәйкес, статистика қоғамдағы үздіксіз өзгерістер мен даму құбылыстарын, процсстерді бір-бірімен тығыз байланыстыра отырып, тарихи окиғалардың тізбегіндегі нақты фактыларды жинақтап зерттейді.

Статистикада жалпы сандық ақпараттарды қолданғанда, бір жағынан, жалпы зандылықтарды. сандық жағынан негіздеп, дәлелдерді немесе кейбір теориялық ұсыныстарды терістейді, ал екінші жағынан, нарықтык, экономикадағы жаңа құбылыстарды, процестерді дұрыс бағалап, экономикалық теорияны одан әрі дамытады. Осыдан әлеуметтік-экономикалық статистиканың экономикалық теория, философия және өзге ғылымдармен байланысы көрінеді: математика (жоғары математика, ықтималдықтар теориясы және т.б.); салалық экономика (қаржы, банк ісін ұйымдастыру, ауылшаруашылық экономикасы, өнер экономикасы және т.б.); қоғамдық (тарих, әлеуметтану, саясаттану, демография және т.б.) сияқты ғылымның басқа түрлерімен өзара байланыстылығын көруге болады.

Әлеуметтік-экономикалық статистика статистиканың жалпы теориясының әдістері мен негізгі ережелеріне негізделеді. Қоғамды зерттеудің үш сатысында статистикалық әдістер қолданылады:

1. Статистикалық бақылау (алғашқы статистикалық ақпараттарды жинау).

2. Бақылау нәтижелерін белгілі бір жиынға жинақтау және жалпылау.

3. Ақпараттарды талдау.

Әлеуметтік-экономикалық статистика жалпы әлеуметтік - экономикалық статистикалық зерттеуді ұйымдастырып, алған сатысында (мысалы, халық, жалпы шығарылым туралы) келесі функциялар орындалады:

- бастапқы ұғымдарды, категорияларды қалыптастырады, олардың зерттеу міндеттерін анықтайды;

- көрсеткіштердің жүйесін және көрсеткіштердің есептеу методологиясын құрайды;

- алғашқы ақпараттарды жинауға жаппай бақылау ұйымдастыру барлық тұлғаларды, отбасыларды санақ парағы формасы түрінде, барлық кәсіпорындарды бухгалтерлік және статистикалық есеп беру формасы түрінде есептеу жолымен немесе шаруашылықтарына ішінара, жаппай емес бақылау ұйымдастыру жолымен жүргізіледі.

Статистикалық зерттеудің екінші салысында ақпараттардың жинақталуы және топтастырылуы жиналған барлық фактыларды бөлу және біріктіру жолымен реттеліп, қорытындыланады және бірдей ұқсас белгілері бойынша бір топқа біріктіріледі. Көрсеткіштер сомасы топтар бойынша және барлық жиынтық бойынша есептеледі. Әлеуметтік-экономикалық статистика топтастыру әдісінің көмегімен топтарды, кіші топтарды басты, мәнді белгілері бойынша зерттейді. Мысалы, Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа табысының мөлшері және жан басына шаққандағы орташа салымдар бойынша топтастырылуы халықтың өмір сүру деңгейін көрсетеді.

Статистикалық жұмыстың үшінші сатысында кеңейтілген ұдайы өндірістің заңдылықтары анықталады, кәсіпорындардың, салалардың, секторлардың және еліміздің тұтас экономикасындағы экономикалық іс-әрекет нәтажелеріне факторлардың ықпалы бағаланады. Қайта өндірудің барлық жақтарының байланысы және тәуелділік үшін жалпылама көрсеткіштер әдісі қолданылады: қатысты, орташа шамалар, вариация белгілерінің көрсеткіштері, динамика құбылыстары индекстерінің корреляциясын есептеу, детерминация есебі, баланстық, теориялық-ықтималдық әдістері.

Жиналған және топтастырылған ақпараттарды тиімді етіп көрсету үшін статистикалық кестелер мен графиктердің барлық түрлері пайдаланылады.

Әлеуметтік-экономикалық статистика салалық статистикалармен де байланысады. Олар жеке экономикалық салаларды, бөлімдерді (мысалы, демография) немесе категорияларды (мысалы, бағаларды) зерттейді және макроэкономикалық көрсеткіштерді (еңбек ресурстары, жалпы ішкі өнім және басқалар) есептеу үшін мәліметтерді жинайды.

Әлеуметтік-экономикалық статистика салалық статистикалармен де байланысты, бухгалтерлік есеп пен статистика бойынша халықаралық стандартқа, Ұлтгық Шоттар Жүйесінің методологиясына негізделеді. Халықаралық практикада Біріккен Ұлттар Ұйымының Ұлттық Шоттар Жүйесі (1993 жылғы версиясы), яғни нарықтық экономиканың макростатистикалық моделі пайдаланылады.

Қазақстанда ұлтгық экономиканың ерекшелігі ескеріле отырып, Ұлттық Шоттар Жүйесі 1993 жылы қолданылды, енгізілді. Қазақстанда Ұлттық Шоттар Жүйесінің статистика тәжірибесіне енгізілуі статистикалық ақпараттарға деген қажеттілікті қанағаттандыруға және халықаралық деңгейдегі макро-экономикалық көрсеткіштердің салыстырмалылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Статистика заңдылықтары оның көрсеткіштерімен анықталады. Статистикалық көрсеткіш - бұл барлық әлеуметтік-экономикалық категорияның нақты орны мен уақыты шартыңдағы (мысалы, халықтың жұмысбастылығы, Ұлттық байлық, табыстар және басқалар) сандық өлшемі, яғни әлеуметтік-экономикалық статистикалық көрсеткіштердің қалыптасу жүйесін кері зерттейді. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың көрсеткіштер жүйесінің құрамы:

I. Еңбек және халық туралы көрсеткіштер.

П.Ұлтгық байлықтың көрсеткіштері.

III. Аралық тұтыну және шығындардың көрсеткіштері.

IV. Өндіріс нәтижелерінің көрсеткіштері.

V. Баға, тауар және ақша айналысының көрсеткіштері.

VI. Өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері.

VП.Ұлттық шоттар жүйесі бойынша баланстық құрулардың көрсеткіштері.

VIII. Әлеуметтік статистика көрсеткіштері.

Қазақстан республикасындағы нарықтық қатынастардың дамуымен қатар статистикалық көрсеткіштердің жүйесі де өзгереді, жетілдіріледі.

Статистикалық көрсеткіштер жүйесінің рөлі және мәні неде?

Көрсеткіштер жүйесі статистикалық бағалау үшін қажет:

- зерттелген әлеуметтік-экономикалық құбылыстың деңгейін, құрылымын және динамикасын;

- еңбектік, материалдық, қаржылық ресурстарды пайдаланудың тиімділігі мен факторларын;

- өндіріс пен тұтынудың аралық пропорциясын тұтыну және қорлану, әр түрлі меншік формалары бойынша кәсіпорындардың, экономика секторларының аралық пропорцияларын;

- бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың тұтас ұдайы өндіріс процестерінің және оның жеке сатыларының: ұлттық табыс өндірісінің, бөлінуінің, айналымының және қорлануының заңдылықтары мен байланыстарын;

- республикадағы аймақтардың, экономикадағы барлық салалардың дамуының заңдылықтарын, аймақаралық және салааралық байланыстарын көрсетеді.

Әлеуметтік-экономикалық статистиканың міндеттері қандай?

Қазақстанда, басқа да бұрынғы міндеттемелермен қоса, шаруашылық жүргізудің нарықтық шарттарының статистика және есеп жетілдіру бойынша жаңа міндеттемелері анықталады. Әлеуметгік-экономикалық статистиканың негізгі міңдеттемелері:

- Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша статистикалық көрсеткіштер жүйесін жетілдіру, ғылыми зерттеу және әзірлеу (демек, Ұлттық байлықтың толық құрамын және көлемін анықтау, бейресми және бүркемелі экономиканы, табиғи ресурстарды және қоршаған ортаны сапалық, ақшалық бағалау);

- Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы мәліметтерді жинау және жан-жақты көрсету;

- мемлекеттік және аймақтық деңгейлерде талдау жасау үшін және басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін сапалы және ақиқат мәліметтермен барлық респонденттерді уақтылы қамтамасыз ету; (басшылық, қоғамдық, әлеуметтік, ғылымдық, коммерциялық құрылымдарды);

- Ұлттық байлықтың резервтерін анықтау үшін, жұмыссыздықтың және жұмыс істейтін халықты толық пайдаланбаудың әсерінен пайда болған өнім шығынын есептеу үшін статистикалық әдістерді қолдану және жетілдіру;

- арнайы ұйымдастырылған бақылауларды (мониторингтар сияқты) ішінара бақылауда, әсіресе Қазақстанда халықтың өмір сүру деңгейін өлшегенде, әлеуметтік статистиканы зерттегенде қолдану;

- барлық деңгейдегі экономиканың үйлесімділігіне және теңгерімділігіне статистикалық баға беру;

- Ұлттық Шоттар Жүйесі бойьшша салааралық балансты, қаржылық шотты және макродеңгейдегі басқа да баланстарды құру және әзірлеу;

- халықаралық салыстыруларды жүргізу;

- бизнес тәуекелдігін бағалау үшін әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың себепті-нәтижелік байланыстарын үлгілеу және келешекке болжам жасау;

- бухгалтерлік және статистикалық есеп беру формаларын

жетілдіру;

- экономикалық-статистикалық талдау жасауда статистикалық-математикалық және математикалық әдістерді қолдану.[55]

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 1058; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.