Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция 17




1. Халық саны және құрамының статистикасы

Халық — берілген аумақта тұратын адамдар. Халық статистикасының бақылау объектісіне тұтас халық және оның жеке белгілі топтары (жұмысбасты, жұмыссыз, еңбекке жарамды, қалалық, ауылдық ерлер және әйелдер, т.б.) жатады. Бақылау бірлігі - адам, отбасы және үй шаруашылығы. Халық санына есеп жүргізу барысында белгілі уақыт кезіндегі жағдайы (күйі) бойынша халық саны ескеріледі.

Еңбекке жарамдылық белгісіне қарай халықтың тағы басқа категориялары бар: еңбек жасындағы халық саны, еңбек жасындағы еңбекке қабілетті халық саны, еңбек ресурстары.

Еңбекке жарамды жастағы (тұрғындар) халық саны, ҚР еңбек заңына сәйкес, ой қабілеттілігімен және күшімен енбекке жарамды (ерлер жасының шегі - 16-63, әйелдер - 16-58 жас) халықтың бөлігі болып есептеледі.

Еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабілетті халық саны = Еңбекке жарамды жастағы тұрақты халық саны - Әлеуметтік қорғау орнынан зейнетақы алатын, еңбекке қабілетті жастағы, І-II топтағы мүгедектер саны, еңбек жасына байланысты қосымша шартпеп зейнетақы алатын, еңбекке жарамды жастағы, жұмыс істемейтін зейнеткерлер саны. (формула)

 

Халық және еңбек статистикасы қандай міндеттерді зерттейді?

Халық және еңбек статистикасының міндеттері:

- Қазақстан Республикасындағы халық саны туралы ақпараттарды жинау;

- халықтың құрамын төмендегі белгілері бойынша зерттеу: жыныс, жас, ұлт, аймақ, отбасы жағдайы, қызметтің түрі, күнкөріс көзі және т.б.;

- халықтың табиғи қозғалысын зерттеу;

- халықтың миграциялық қозғалысын зерттеу;

- еңбек нарығын, халықтың жұмысбастылығын (жұмыспен қамтылу) және жұмыссыздығын зерттеу;

- халық санын болжау.

Халық туралы қандай ақпарат көздері бар?

1. Халық санағы — критикалық сәт кезіндегі күйі бойынша Қазақстан Республикасындағы әр азаматты сипаттайтын демографиялық және әлеуметтік мәліметтерді жинау процесі (1999 ж. ақпанның 24-інен 25-іне қараған түні, сағат 00.00. бойьнша). Халық санағы әр он жыл сайын жүргізіледі. Қазақстан аумағында 1959,1970, 1979,1989, 1999, 2009 жж. болған.

2. Халық туралы халық санақтары арасындағы ағымдағы есеп:

- азаматтық күй актысы — қалпындағы жазбалар - халықың табиғи қозғалысы түрдегі (туу, өлу, некеге тұру, ажырасу) перзентханада, загстерде, ауылдық кеңестегі халық есебі;

- миграциялық (көшіп-қону) процестер - келу парағына тіркелетін статистикалық есеп талоны, ішкі істер органдарының және паспорт рұқсатнама қызметінің мәліметі.

3. Ішінара зерттеу халық санақтары арасында жүргізіледі. Оның мақсаты - Қазақстан Республикасындағы және оның жекелей аумақтарындағы халықтың әлеуметтік-экономикалық құрамы туралы қосымша мәліметтерді жинау.

4. Кәсіпорындардың еңбек туралы статистикалық есеп берулері жұмыс істейтін халықтың еңбек қызметтерін сипаттайды.

1999 ж. халық санағының ерекшелігі - бақылау объектісінің үй шаруашылығы болуында. Үй шаруашылығының отбасынан айырмашылықтары:

- туысқан болуы міндетті емес және бірге тұратын адамдардың жалпы шаруашылықты бірге жүргізуі;

- үй шаруашылығының өзін материалдық қамтамасыз ететін бір адамнан тұру мүмкіндігі.

Халық санағын өткізген кезде халықтың қандай категориялары тіркеледі?

Халықтың санағы келесі категориялармен тіркеледі: Тұрақты, нақты халық және олармен тығыз байланыстағы уақытша келгендер және уақытша кеткендер.

1. Тұракты халық (ТХ) -берілген аймақта (1 жыл не одан көп), санақтың критикалық сәтінде қай жерде тұрғанына тәуелсіз берілген тұрғылықты аймақта тұрақты өмір сүретін адамдар (уақытша- кеткендер, сондай-ақ тұратын уақытына қарамай, тұрақты жұмысқа немесе оқуға келген адамдар). Әскерге шақырылған, тұтқынға алынған адамдар тұрғылықты жерлерде есепке алынбайды, олардың өз есебі болады.

2. Нақты халық (НХ) - Тұрақты өмір сүру орнына қарамай, аймақта тұрып жатқан адамдар. Бұлар белгілі бір сәтте есепке алынбайтын жерге кеткендер, яғни түнгі кезектегі жұмыста болғандар, туристік сапармен басқа мемлекетке кеткендер, басқа пәтерде түнегендер (бірақ осы пункт аумағында).

3. Уақытша кеткендер (УКетк.) - уақытша (1 жыл не одан аз) берілген тұрғылықты аймақтан кеткен тұрақты халық. Ауруханада, перзентханаларда болған адамдар тұрақты, соңдай-ақ уақытша кеткендер болып есептеледі.

4. Уақытша келгендер (УКелг.) - уақытша (бір жыл не одан аз) берілген тұрғылықты аймақта тұрып жатқан нақты адамдар.

Тұрақты және нақты халықтың саны арасында мынадай өзара байланыс бар:

 

ТХ=НХ-УКелг.+УКетк.

НХ=ТХ+УКелг.-УКетк.

 

 

Бұл кесте бухгалтерияның екі жақты жазба принципі бойынша операцияларды толтыру дұрыстығын тексеруге, баланстық тәсіл көмегімен барлық көрсеткіштер арасындағы баланстық байланысты орнатуға және нәтижені есептеуге мүмкіндік береді. Мысалға, халық санағын жүрігізудің критикалық сәтінде мыналар тіркелген:

- Алматы қаласының түрғыны Түреханов А.Ж. Түркияға 3 аптаға туристік сапарға кетті; Сонда есепші мынадай жазба жүргізуі керек: Түреханов А.Ж. — нақты және тұрақты тұрғын (себебі,санақ тек Қазақстан Республикасы аумағын қамтиды);

- Алматы қаласының азаматы Иванов И.С. Астана қаласына 10 күнге іс-сапарға кетті; Бұл жағдайда есепші И.С. Ивановты тұрақты және уақытша кеткен деп тіркеді.

Статистика халықтың құрамын басқа да белгілері (жыныс, жас, әлеуметтік жағдайы, отбасы жағдайы, ұлты, білім деңгейі, күн көру көздері, тұратын жері, аймақ, қызметінің түрі, т.б.) бойынша топтастырумен сипаттайды.[57]

 

2. Жұмысбастылық және жұмыссыздық статистикасы

Қазақстандағы еңбек нарығының деңгейі және дамуының сипаттамасы еңбек ресурстар категорияларымен байланысады.

Халықтың қай бөлігі еңбек ресурстары болады?

Еңбек ресурстары — еңбекке жарамды халық, демек нақты және потенциалды жұмыскерлер. Еңбек ресурстарының категориясын және құрамын 2-схемамен көрсетуге болады.

Еңбек ресурстары - экономикалық белсенділік мәртебесі (статус) бойынша экономикалық белсенді және экономикалық белсенді емес халық болып бөлінеді.

Экономикалық белсенді халық - өндірістік тауарлар мен қызметті өндіруді жұмыс күшімен қамтамасыз ететін халықтың бір бөлігі. Халықаралық стандарттарға сәйкес белсенді халыққа 15 және одан жоғары жастағы адамдар жатады. ҚР-дың ішінара бақылауы 2001 жылдан басталып, әр тоқсанда (квартал) 15-72 жас аралығындағы халықты зерттеу арқылы жүргізіледі.

 

Экономикалық белсенді халық саны = жұмыспен қамтылған халық саны

+ жұмыссыздар саны

 

Экономикалық белсенді жастарға 15-24 жас аралығындағы жұмыспен қамтылған және жұмыссыздар жатады.

Жұмыспен қамтылған халық (жұмысбасты) - жасына қарамастан экономика саласында нақты жұмыс істеп жүрген халық. Жұмысбастылық мәртебесі бойынша жұмыспен қамтылған халық екіге бөлінеді: жалдамалы жұмысшылар және өз бетінше жұмыспен айналысушылар.

 

 

-сурет. Еңбек ресурстарыныц категориялары

 

Жұмыссыздар— экономикалық белсенді жастағы халық, жұмыс орны жоқ, бірақ белсенді жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа дайын адамдар.

Экономикалық белсенді емес халық - үй шаруашылығымен айналысатын, экономикалық белсенді жастағы халық және күндізгі оқу бөлімінде оқитындар. Мұндай халық жұмыспен қамтамасыз етілген немесе жұмыссыздар қатарына қосылмайды.

Экономикалық қызмет жасамайтын, еңбекке жарамды жастағы, еңбек етуге қабілетті халыққа жататындар — мүгедектер, асыраушы адамды жоғалтқандар, жеңілдік шарты бойынша зейнетақы алатындар; жұмысты іздемейтіндер, бірақ жұмыс істеуге мүмкіншілігі бар және жұмыс істеуге дайындар, табыс көзіне қарамай, жұмыс істеуге қажеттіліктері жоқ адамдар.

Экономикадағы жұмыспен қамтылмаған халықтың саны =халықтың жалпы саны - экономикадағы жұмыспен қамтылған халықтың саны.[58]

Еңбек нарығына қатысты көрсеткіштер:

 

Халыктың

экономикалық экономикалық белсенді халык саны

белсенділік = --------------------------------------------------- х I00

үлесі жалпы халық саны

 

Халықтың

экономикалық экономикалық белсенді халык саны

белсенділік =----------------------------------------------------------------------хI00

коэффициенті 15 жастағы және одан жоғары жастағы халық саны

 

Экономикадағы

жұмыс істейтін

бір адамға жұмыспсн камтылмаған халық саны

есебімен = ----------------------------------------------------- хI00

жүктеме жұмыспен қамтылған халық саны

коэффициенті

 

Жұмыспен

қамтылу жұмыспен камтылған халык саны

(жұмысбастылық) = ---------------------------------------------------хI00

коэффициенті экономикалық белсенді халық саны

 

Жастардың 15 -24 жастағы жастардың жұмыс істейтіндерінің саны

жұмысбастылық =------------------------------------------------------------------хI00

коэффициенті 15-24 жастағы экономикалық белсенді жастардың саны

 

Жалпы жұмыссыздар саны

жұмыссыздықтық =---------------------------------------------------х 100

коэффициенті экономикалық белсенді халық саны

 

Жастардың 15 -24 жастағы жастардың жұмыссыз саны

жұмыссыз = ---------------------------------------------------------------------- X 100

коэффициенті 15-24 жастағы экономикалық белсенді халық саны

 

Ұзақ 1 және одан көп жыл

мерзімдегі жұмыс таба алмаған жұмыссыздар саны

жұмыссыздық =-----------------------------------------------------------------хI00

коэффициенті экономикалық белсенді халық саны

 

Халықтың экономикалық белсенді емес халық саны

экономикалық =--------------------------------------------------------------------XI00

белсенді емес 15 жастағы және одан жоғары жастағы халық саны

коэффициенті

 

Еңбекке жарамды

жастағы еңбекке жарамды жасқа дейінгі халык саны

халықтың =---------------------------------------------------------------хI00

орын басу еңбекке жарамды жастағы халық саны

коэффициенті

 

Зейнеткерлік еңбекке жарамды жастан кейінгі халық саны

жүктеме =----------------------------------------------------------------хI00

коэффициенті еңбекке жарамды жастағы халық саны

 

еңбекке жарамды жасқа дейінгі және

Жалпы жастан кейінгі халық саны

жүктеме = ------------------------------------------------------хI00

коэффициенті еңбекке жарамды жастағы халық саны




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 1389; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.05 сек.