Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция 20




1. Шығындар және аралық тұтынудың құрамы, түсінігі

Шығындарды статистикалық зерттеудің теориялық негізі ретінде өндіріс және айналыс шығындары туралы эколомикалық ілім қызмет етеді. Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің практикалық іс-әрекетінде өндіріс және айналыс шығындары өзіндік құн және шығын формаларына ие болады. Өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындарды анықтауға арналған ақпарат көздері: ұйымның, мекеменің бухгалтерлік және статистикалық есеп берулері.

Шығын және аралық тұтыну статистикасының міндетгері:

1. Кәсіпорындарда, экономика салаларында және тұтас экономикада өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар сомасын анықтау;

2. Кәсіпорындарда, ұйымдарда өнімнің өзіндік құнын есептеу;

3. Шығынның элементтері, кәсіпорынның меншік формасы, экономика салалары, экономика секторы бойынша шығынның құрамы мен құрылымын зерттеу;

4. Өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар динамикасын талдау;

5. Топтастыру, индекстер, корреляция теориясының көмегімен өнімнің өзіндік құнына әсер етуші факторларды статистикалық зерттеу.

Өнім өндірісінің шығындары өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы сияқты іс-әрекеттердің негізгі түрлері бойынша кәсіпорындардың барлық өндіріс көлеміне қатысты шығындарының толық мөлшерін қамтиды. Экономиканың бұл салаларында жасалған өнім тұтынушыға тиісті көлемде және ассортиментте, өзінің тұтыну қасиеті сақталған күйінде жеткізілуі тиіс. Айналыс сферасында шығындар өнімдердің орнын ауыстыру, оларды сақтау, өндіру жұмысын аяқтау, өнімдерді қаптау, орау, буып-түю, тұтынушыға жіберу есебінен көбейеді.

Өнімді өндірііру мен откізуге кеткен шыгындардың жалпы сомасына шығындардың қандай түрлері жатады? Статистика өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындардың көлемін (сомасын) келесі элементтермен анықтайды

1. Материалдық шығындар, барлығы. Соның ішінде:

- шикізаттар және негізгі материалдар;

- жартылай фабрикаттар, сатып алу бұйымдары; көмекші материалдар (отын, энергия, табиғаттарды пайдалану үшін төлемақы);

- басқа ұйымдар орындаған өндірістік сипатта көрсетілген жұмыстар мен қызметтер үшін төлемақы (құрылымдық сипаттағы жүктерді тасымалдау, күрделі және ағымдағы жөндеу);

- материалдық құндылықтардың жетіспеушілігінен және бұзылуынан болған шығындар;

- басқа да шығындар;

2. Негізгі капиталдың тозуы;

3. Материалдық емес активтердің амортизациясы;

4. Басқа да шығындар, барлығы. Соның ішінде:

- іс-сапарға кеткен шығындар;

- жалгерлік төлемдер;

- кен өндіруші салалардың дайындық жұмыстарына жұмсалған шығындар;

- өкілдік шығындар;

- банктық несиелер бойынша проценттер;

- міндетті сақтандыру төлемдері;

- салықтық төлемдер;

- бюджеттен тыс қорларға аудармалар (зейнетақы, жұмысбастылық, медициналық сақтандырудан басқа сақтандырулар);

- коммуналдық шаруашылық, банк, консультациялық, ақпараттық, аудиторлық ұйымдар, өрт сөндіру бөлімі, тұрмыстық қызмет көрсету, соттық, нотариалдық мекемелер, жолаушылар көлігі, байланыс және т.б. қызметтерге төлемдер, сондай-ақ маркетинг және жарнама бойынша төлемдер;

5. Еңбек төлеміне төленген шығындар, барлығы. Соның ішінде:

- тізімдік және тізімдік емес құрамның жалақысы;

- әлеуметтік сақтандыруға аударымдар; - кәсіпорын қаражатының есебінен жұмысшыларға әлеуметтік жәрдемақы.

Өнімнің өзіндік құны өнімнің белгілі бір көлемін өндіру процесінде табиғи ресурстарды, шикізатты, материалдарды, отын, энергия, негізгі капитал, еңбек ресурстарын пайдаланумен байланысты ақшалай шығындардан құралады.

Өнімнің өзіндік құнының қандай көрсеткіштері статистикада қолданылады?

Агрегирлеу дәрежесіне байланысты өнімнің өзіндік құнының көрсеткіштері келесі түрлерге бөлінеді:

1. Барлық өнімнің жалпы өзіндік құны - бұл өнімнің белгілі көлемі мен құрамын дайындауға және өткізуге кеткен шығындардың жалпы сомасы.

2. Өнім бірлігінің жеке (дара) өзіндік құны — бұл тек бір бұйым өндірісіне кеткен шығын. Мысалы, бір ерлер костюмін тігуге кеткен шығын.

Өнім бірлігінің өзіндік құны белгілі көлемдегі өнім өндірісіне кеткен шығындардың осы өнімнің санына қатынасы

Мұндағы: z - өнім бірлігінің өзіндік құны;

q— натуралдық түрдегі өнім саны;

z·q- өнімнің белгілі көлемін өндіруге кеткен шығындар.

3. Өнім бірлігінің орташа өзіндік құны — бұл өнімнің белгілі бір көлемін өндіруге кеткен шығындардың жалпы сомасының осы өндірілген өнімнің санына қатынасы. Мысалы, шаруашылықтағы 1 центнер сүттің орташа өзіндік құны. Өнім бірлігінің орташа өзіндік құны өлшенген орташа арифметикалық шаманың формуласымен анықталады:

Мұндағы: z - өнім бірлігінің орташа өзіндік құны;

- субъект өнімімің жалпы өндірісінде осы өнімнің белгілі түрінің үлесі, не үлес салмағы, не құрылымы. Мысалытұтас Республикадағы сүттің жалпы өндірісіне теңаудан облысшаруашылықтарындағы сүт өндірісінің үлесі.

Экономика салаларында өнімнің өзіндкі құнын есетеуерекшеліктері қандай?

1. Өнеркәсіпте өнімнің өзіндік құны әрбір сағатта, күнде, аптада, айда, тоқсанда, жылда анықталады.

2. Ауыл шаруашылығында ұдайы өндірістің табиғи жағдайы ауыл шаруашылық егістіктің түсіміне және мал мен құстың өнімділігіне байланысты:

а) өзіндік құн тек жылдың нәтижесі бойынша ғана есептеледі;

ә) өсімдік шаруашылығындағы, мал шаруашылығындағы және тұтас ауыл шаруашылығындағы өнім бірлігінің өзіндік құны, сондай-ақ жұмыстың жеке түрлерінің - 1 га ауыл шаруашылық егіндіктің жерін жырту және егудің, 1 бас мал ұстаудың шығындары сияқты жанама көрсеткіштер арқылы анықталады.

3. Құрылыстағы өнім бірлігін бағалауда конструкторлық элементтер немесе жеке жұмыс түрлері қызмет атқарады. Олар: жер, монтаждық, жобалық, үй іргесін қалау, еден төсеу және т.б. Сондықтан құрылыста да өзіндік құн анықталады:

а) смета және нақтылық бойынша құрылыстың монтаждық жұмыстарының жеке түрлері. Бұдан басқа, құрылыстың ұзақтығы, әр түрлі капитал сыйымдылықтары статистикалық қызмет құрылысының аяқталған объектісі бойынша және құрылыс өндірісінің аяқталмаған объектісі бойынша өзіндік құн ретінде есептеледі;

ә) дайын құрылыс өнімінің бірлігі (мысалы, бір метр тұрғын үй алаңы, кәсіпорынның 1 метр корпусы кәсіпорынның өндірістік қуатының бірлігі).

Ұлттық Шоттар Жүйесі шығындардың екі түрін бөліп көрсетеді:

1) бастапқы шығындар;

2) аралық тұтыну (АТ).

Бастапқы және аралық тұтынудың айырмашылықтары неде?

Бастапқы шығындар өндірістің бастапқы факторларының шығындарын (еңбекке төлемақы, өндіріске салықтар, негізгі капиталды тұтыну) қамтиды.

Аралық тұтыну (АТ) - жаңа басқа тауарлар мен қызметтерді өндіруге кеткен тауарлар мен қызметтердің ақшалай шығыны. Бұл тауарлар мен қызметтер ағымдағы өндірісте өндірілген және толықтай жұтылған.

Аралық тұтыну (АТ) - Ұлттық Шоттар Жүйесінде макро-экономикалық көрсеткіштер тобына жатады және берілген кезеңде өндірістік қызмет процесінде отандық өндірушілердің (негізгі капитал және еңбек төлемінен басқа) жұмсаған өнімдерінің құны. Аралық тұтыну макродеңгейдегі өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар туралы мәліметтер негізінде есептеледі.

Шығын баптары көптеген шығын элементтері түрлерінен құралады және олардың бір бөлігі өндірістік циклге толығымен қолданылмайды, сондықтан олар аралық тұтьшуға кірмейді. Мысал үшін, мамандар даярлауда келесі шығындарға шектеу қойылады:

а) оқып жатқандардың сақтаулы жалақысы еңбекақыға жатқызылады;

ә) стипендия, оқу демалысына төлемдер, жол ақысы трансферттер болып саналады;

б) басқа ұйымдардың қызметіне төлем: жұмысшылардың курста оқығанына төлемі оқу ғимараттарын ұстауға кеткен шығындар аралық тұтынуды құрайды.

Мамаңдар даярлаудағы барлық шығыңдардың ішінен аралық тұтынуға келесі түрлер кіреді: басқа мекемелерде мамандарды оқытуға және кадр даярлауға әрі еңбек жағдайын жақсартуға байланысты шығындар.

Аралық тұтынуға қандай шығындардың элементтері жатады?

Аралық тұтынуға келесі тауарлар мен қызметтердің түрлері кіреді: шикізаттар, жартылай фабрикатгар, негізгі және көмекші материалдар, отын, энергияны пайдалану, қызметтерге төлемдер, өндірістік ғимараттар жалдау, телефонға төлем, өкілдік шығындар, кеңесшілер мен адвокаттардың шығындары, басқа ұйымдардың жұмыстары мен қызметтеріне төлем, көлік қызметтеріне, қаржылық қызметтерге, жұмысшыларды жұмысқа алуға кеткен шығындар, іс-сапар шығындары (іс-сапар кезіндегі тәуліктік шығындарды қоспағанда), тауарлық материалдық қорлардың жетіспеушілігі мен жетілуінен болған шығындар. Осылайша, аралық тұтынуға тауарлар мен қызметтерді тұтыну (бірақ тауарды сатып алу кірмейді) және тек қана өндірілген тауарлар мен қызметтер жатады. Сондықтан, жер учаскелеріне жалгерлік төлемдер, лицензиялық төлемдер, патенттер және де басқа авторлық құқықтарға төлемдер аралық тұтынуға кірмейді. Аралық тұтыну республика экономикасы бойынша экономиканың барлық салаларындағы АТ саласы және қаржылық қызмет мекемелерінің қызметі ретінде есептеледі. Себебі, Ұлттық Шоттар Жүйесіндегі қаржылық делдалдардың өнімі тартылған қаражаттарды несиеге алумен байланысты төленген және алынған проценттер арасындағы айырмашылық мөлшерінде шартты түрде бағаланады. Қаржылық мекемелердің мұндай өнімін қаңдай да бөлек немесе салалы шығын ретінде есептеуге болады, бұл жағдай қайта есептеу және жалпы ішкі өнімнің көлемін өсірмеу үшін жасалады. Сондықтан, Ұлттық Шоттар Жүйесінде практикада қаржылық мекемелердің мұндай өнімдерін аралық тұтынуға шартты түрде кіргізу ұсынылған. Сонымен, макродеңгейде өнімді өндіру мен өткізу шығындары (гц) аралық тұтыну сомасына (АТ), негізгі капиталды тұтыну сомасына (НКТ), жалдамалы жұмыскерлер еңбегінің төлемақысына (ЕТ) және өндірісте басқа да таза салықтар (өндіріске басқа салықтар (ӨБС), алынған өңдіріске басқа да субсидиялар) сомасына тең:[69]

zq=АТ+НКТ+ЕТ+ӨTС




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 926; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.