Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тапсырмалар




1. «Архитектуралық объктілерді композициялық модельдеу туралы ұғым»

Ішкі кеңістіктің оның көлемді формасымен және қоршаған ортамен өзара байланысы. Жаттығуларды макет техникасында орындау. Архитектурадағы функция туралы ұғым. Архитектура құрылысының функционалды талдауы. Аппликация техникасында жаттығуды орындау.

Тапсырманың мақсаты ішкі кеңістіктің, оның көлемді формасымен және қоршаған ортамен композициялық байланысы туралы түсінік беру. Архитектуралық объектілерді модельдеуге композициялық мүмкіндіктерді көрсету. Функционалды аймақтарды бөлу.

Тапсырмалар:

Ішкі кеңістік және сыртқы форма сипаттамасының контрастық айырмашылығы негізінде қоршаған ортамен кеңістікті байлана шешіледі. Функционалды байланысты анықтау, негізгі функцияның бойын көрсету керек.

Талаптар:

1. Ұсыналған байланыстар композицияның жалпы идеясын өзгертпеу керек.

2. Ұсыныстар саны 2-ден аз, 4-тен көп болмау керек.

Әдістемелік нұсқаулар:

Макетте архитектуралық ғимараттың жобасын қабырғаны көтеру әдісімен орындау керек (тарихи ескерткіш пе, немесе қазіргі ғимарат па – оны автор өзі таңдайды) М 1:100. Функционалды аймақтарды түспен бөлу керек. Парақ форматы А3.

Тапсырманы орындау уақыты: дәрісханада 2 сағат.

 

2. «Архитектуралық форма құрудың конструктивті-техникалық аспектілері. Ғимарат тектоникасы. Архитектуралық шығарманың тектоникалық жүйесінің анализі. Жаттығуды орындау. А3 форматы. Тігінен және көлденеңнен кесік. Жоспар М 1:100. Архитектуралық форма жасауның көркем образды аспектілері. Архитектура шығармасының образды жүйесін талдау. Табиғат тәрізді конструкция. Архитектуралық бионика»

Тапсырманың мақсаты:

Конструктивті жүйенің әр түрлі түрлерімен танысу, тектоника туралы ұғымды көркем образды конструкция тәрізді бекету.

Тапсырмалар:

Архитектура шығармасындағы конструкция жұмысын көре білуге үйрену, тектоникалық мағынасын түсіну. Архитектура туындысын жүзеге асыруда туындайтын образды ассоцицияны талдап үйрену.

Талаптар:

1. Жаттығу А3 парағында орындалады.

2. «Жұмыс істейтін» конструкцияның пайда болуына түрлі-түсті фломастер қолданылады.

3. Образды ассоциациялар еркін техникада орындалады.

Тапсырманы орындау уақыты: дәрісханада 2 сағат.

 

3. «Архитектураның көркемдік тілі. Архитектуралық туындылардың белгілер жүйесін сараптау. Икандық белгілер. Белгілер индекстер. Белгілер – символдар. Архитектурадағы стиль түсінігі. Архитектуралық ғимараттардағы стильдік белгілерді шығару. Стильдік сараптау. Архитиктуралық шығармаларды риторикалық анализ»

Тапсырманың мақсаты:

Архитектуралау әртүрлі көркемдік тілін түсінуге қажетті мәселелерді оқыту. Көркемдік бейнесі анықталатын архитектуралық туындының басты жақтары мен, бөлімдері, детальдары.

Мақсаттар:

Өнердің семиотикасындағы белгілердің тинологиясын қаратыру; автордың көркемдік ойын көрсететін және беретін архитектураның белгілеу жүйесін зерттеу; архитектура өнерінің ерекшеліктерін анықтау; көркемдік амал тәсілдері мен заңдылықтары (тенпоника, ритм, пропорциялар, масштаб). Архитектура ескерткішін монографиялық сараптау әдісі:

а) бір өлшемдік және пропорция анализі.

б) метроритмикалық заңдылықтар анализі.

Талаптар:

1. Композициялық анализ графикалық жақтан орындалады және анатациясы мен керекті түсіндірулермен берілген сызбасы болу керек.

2. Анотацияға объектінің атауы, ол туралы қысқаша мәлімет (авторы кім, қашан және қайда салынған объект, қолданысы т.б.) және конпозиция түрін анықтау кіру тиіс.

3. Метроритмикалық заңдылықтар фасадтағы және жоспардағы метр мен ритм бөлініліп көрсетілуі керек. Метрикалық және ритмикалық қатарлары болған жағдайда әрбір қатарларды көз алдына елестету кезінде қолданылатын амал – тәсілдерді анықтау және белгілеу керек.

4. Массалардың композициялық бірлес бағыну сызбасы (немесе сызбалары) негізгі және бағынғанмассалар мен бөлінуді, негізгі композициялық осьтарды көрсетуі керек және сұраққа графикалық иллюстрациялы жауап болып табылады соны мен (қандай тәсілдер мен құралдармен) композициялық біртұтастығы мен үйлесімділігіне жетеді.

Жұмыс А3 немесе А4 форматы қағазда орындалады. Сызба масштабы, олардың саны мен сызу графикасын автор таңдайды. Сызбаны орындаукалькада орындалуы мүмкін. Соңынан негізгі парақта құрастырылады.

Әдістемелік нұсқаулар:

Метроритмикалық заңдылықтарды сараптау кезінде ритм былай беріледі: 1)композицияның қарама–қарсы қойылатын элементтерінің қандай да бір қасиеттерінің бірізді өзгеруі; 2) композицияға кіретін бірдей формалар қасиеттерінің заңды өзгеруі; Метр қарама-қарсы элементтедің заңды қайталануы деп беріледі.

Формалардың ритмикалық қатарының өзгеруінің заңдылығын анықтау пропорцияны сараптаумен тығыз байланысады (мысалы, 2:3, 4:5 және тағы басқа немесе квадрат, еселі квадрат, түзуқырлы үшбұрыш және олардан туындайтындар).

Сызбалар түсте орындалмады (түрлі–түсті фломастерлермен немесе қарандаштармен).

Тапсырманы орындау уақыты: дәрісханада 3сағат.

 

4. «Архитектураның көркемдік тілі. Архитектуралық туындылардың белгілер жүйесін сараптау. Икандық белгілер. Белгілер индекстер. Белгілер – символдар. Архитектурадағы стиль түсінігі. Архитектуралық ғимараттардағы стильдік белгілерді шығару. Стильдік сараптау. Архитиктуралық шығармаларды риторикалық анализ»

Тапсырма мақсаты: архитектуралау әртүрлі көркемдік тілін түсінуге қажетті мәселелерді оқыту. Көркемдік бейнесі анықталатын архитектуралық туындының басты жақтары мен бөлімдері, детальдары.

Міндеттері:

Өнердің семиотикасындағы белгілердің тинологиясын қаратыру; автордың көркемдік ойын көрсететін және беретін архитектураның белгілеу жүйесін зерттеу; архитектура өнерінің ерекшеліктерін анықтау; көркемдік амал тәсілдері мен заңдылықтары (тектоника, ритм, пропорциялар, масштаб). Архитектура ескерткішін монографиялық сараптау әдісі:

а) бір өлшемдік және пропорция анализі.

б) метроритмикалық заңдылықтар анализі.

Талаптар:

1. Композициялық анализ графикалық жақтан орындалады және анатациясы мен керекті түсіндірулермен берілген сызбасы болу керек.

2. Анотацияға объектінің атауы, ол туралы қысқаша мәлімет (авторы кім, қашан және қайда салынған объект, қолданысы т.б.) және конпозиция түрін анықтау кіру тиіс.

3. Метроритмикалық заңдылықтар фасадтағы және жоспардағы метр мен ритм бөлініліп көрсетілуі керек. Метрикалық және ритмикалық қатарлары болған жағдайда әрбір қатарларды көз алдына елестету кезінде қолданылатын амал – тәсілдерді анықтау және белгілеу керек.

4. Массалардың композициялық бірлес бағыну сызбасы (немесе сызбалары) негізгі және бағынғанмассалар мен бөлінуді, негізгі композициялық осьтарды көрсетуі керек және сұраққа графикалық иллюстрациялы жауап болып табылады сонымен (қандай тәсілдер мен құралдармен) композициялық біртұтастығы мен үйлесімділігіне жетеді.

Жұмыс А3 немесе А4 форматы қағазда орындалады. Сызба масштабы, олардың саны мен сызу графикасын автор таңдайды. Сызбаны орындаукалькада орындалуы мүмкін. Соңынан негізгі парақта құрастырылады.

Әдістемелік нұсқаулар:

Метроритмикалық заңдылықтарды сараптау кезінде ритм былай беріледі: 1)композицияның қарама–қарсы қойылатын элементтерінің қандай да бір қасиеттерінің бірізді өзгеруі; 2) композицияға кіретін бірдей формалар қасиеттерінің заңды өзгеруі; Метр қарама–қарсы элементтедің заңды қайталануы деп беріледі.

Формалардың ритмикалық қатарының өзгеруінің заңдылығын анықтау пропорцияны сараптаумен тығыз байланысады (мысалы, 2:3, 4:5 және тағы басқа немесе квадрат, еселі квадрат, түзуқырлы үшбұрыш және олардан туындайтындар).

Сызбалар түсте орындалмады (түрлі–түсті фломастерлермен немесе қарандаштармен).

Тапсырманың орындалу мақсаты: дәрісханада 3 с.

 

5. «Архитектура танудың қазіргі заманғы мәселелері мен архитектуралық сараптау методологиясы. кеңістіктік синтез құрылымы. Архитектуралық тақырыптар жүйесі мен формалардың пропоррционалдық құрылуына анализ. Стилистикалық анализ»

Тапсырманың мақсаты: архитектуралық стильдер арасындағы айырмашылық дәрежесін визуалды анықтауға жету.

Талаптар:

1. Пропорциялаудық әртүрлі жүйесін қолдана алады.

2. Кеңістіктің композициялық құрылысының сызбасы (немесе сызбалары) негізгі композициялық осьтерді көрсетуі керек және сұраққа жауаптың графикалық иллюстрациясы болып табылуы: қандай жолмен (қандай тәсілдер мен амалдармен) композицияның тұтастығы мен үйлесімділігі жетеді.

3. Салыстырмалы қарама–қарсы қою әдісі әртүрлі стильдер, дәірлермен елдерге жататын архитектуралық туындыларға қолдана алады.

Әдістемелік нұсқалар:

А 3 форматы үшке бөлінеді; олардың әрқайсысына жаттығулар орындалады.

1) жоспар М 1:100; 2)М 1:100 кесіндісі; 3) фасадтар М 1:100.

2. Сызбалар түсте орындалады (түрлі-түсті фломастерлермен немесе қарандаштар мен).

Тапсырманың орындалу уақыты: дәрісханада 8 с.

 

Глоссарий

 

Сәулет өнері – бұл құрылыс өнері, шығарма түрі, қызметті сұлулық заңы бойынша қалыптастыру, ғимараттар, құрылыс орындары жүйесі, ол көркем ұйымдасқан кеңістікті білдіреді, адам мен қоғам қажеттеріне қызмет етеді.

Сәулеттік композиция – тұтас көркем айшықты, функционалдық – конструктивті-техникалық талаптараға жауап беретін формалар жүйесі.

Асимметрия – симметрияға қарама-қарсы ұғым. Асимметрия формаларында симметрия элементтері болмайды.

Айшықтылық – көркем шығарманың сапасы, көрнекі құбылыстағы оны адмаға әсер етуды күшейту мақсатындағы тән сипат.

Үйлесімділік – (грекше, «түзу, ортақ өлшемді, байланыс») – тұтастық бөліктерінің үйлесімді бірігуі.

Динамикалық – дамуға бағытталғандық, түр өзгеруі, қозғалыс.

Белгі – дыбыс, мән арқылау, ақпараттылық, сезімдік қабылдау заты, ойлау жүйесін (адам, компьютер) басқа нәрсеге аудару.

Композиция – (латынша, «құрастыру, біріктіру, байланыс») – Көркем шығарманың құрылымы,оның бөлімдерінің байланысы.

Метафора – (грекше, ауыстыру) - өнердегі эстетикалық дүниетану және образды көрнекілік құралы, көркем ақпаратта мәндік байланыстың болуы, сөздің мәндік өзгеруі (белгі), оны тура, жанама мағынаға ауыстыру.

Модуль – аудан, ғимарат немесе құрылыстың бөлік аумақтарының ара қатынасы, оларды біріктіріп, ғимаратқа немесе байктеріне әр беруі.

Көркем образ – көркем ойлау тәсілі, өнерге шындықты игеру формасы; эстетика категориясы, көркем шығармашылық мәні.

Ою-өрнектер – (латынша, әсемдеу) – оюлар, ритмді, тәртіпке келтірілген элементтер, түрлі нәрселерді, сәулет үйлерін, пластикалық өнер шығармаларын әсемдеуге арналады.

Пропорциялар (латынша, «біркелкілік») – көркем өнердегі, сәулеттегі барлық көркем туындының бірдеңгейлігі, бір-біріне сәйкестігі және арақатынасы.

Ритм – заңды түрдегі элементтердің уақытпен кеңістіктегі ауысып келуі, барынша көркем формасы құрудың әмбебап заңы.

Семиотика – жалпы белгілер мен белгілер жүйесінің теориясы – ториялық тұрғыдан және өнертінін өрнектеуге мүмкіндік береді.

Симметрия – (грекше, бірдеңгейлік) – көркем туындын гармонизациялау қағидасы, ол шындықтың беріктігіне негізделеді. Заңды түрдегі форма элементтерінің тең бөліктерінің орналасуы.

Көркем стиль – (латынша, таяқша, шығыр хатқа арналған) – құрылымдық образ жүйелелерінің бірлігі және көркем ойдың әдістері, тірі сәулет, бейнелеу және қолдандалы өнер практикасын дамытудан туындайды.

Тектоника – көркем конструкция образы, оның эстетикалық аумаққа проекциясы, көру ақшаулығы мен көркем жұмысты, ғимарат жүйесін ойластыру.

Форма тұтастығы – бірден-бір негізгі композиция сапасы, қисынды білдіреді және байланыстардың тиімді шешімдерін оның композициялық жүзеге асуымен бірлестігі.

Тұтастық – негізгі композицияның заңы. Композицияның ажырамауы- ерекше бөліктер мен оның тұтастығының нәтижесі.

 

 

русский казахский английский
Гармония - үйлесу - harmony  
Знак - белгі - sign
Искусство - өнер   - art
Композиция - композиция - composition
Метафора - метафора - metaphor
Метр - метр - meter
Модуль - модуль - module
Масштаб - масштаб - scale
Объем - көлем - volume
Пространство - кеністік - space
Ритм - ырғақ - rhythm
Симметрия - симметрия - symmetry
Пропорциональный - пропорциялық - proportional
Тектоника - тектоника - tectonic
Утилитарный - пайдалы - utilitarian
Форма - қалып - form
Фронтальность - жазықтылық - front
Функция - функция - function
Художественный образ - көркем бейне - artistic image
Художественный язык - көркем тіл   - artistic language
Цвет - тұс   - colour
Целостность - бір тұтастық   - whole, solid, unity

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-25; Просмотров: 1343; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.048 сек.