Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КІРІСПЕ 3 страница. Финляндияда қолданылатын кластерлер, фин экономикасын зерттеу институтының мамандарының пікірі бойынша (ЭТЛА) тоғыз (орман




Финляндияда қолданылатын кластерлер, фин экономикасын зерттеу институтының мамандарының пікірі бойынша (ЭТЛА) тоғыз (орман, ақпараттық және телекоммуникациялық, металлургиялық, энергетикалық, бизнес-қызмет, денсаулық сақтау, машина жасау, тамақ, құрылыс) фин экономикасының тоғыз саласы үшін маңызды болып табылады, экспорт көлемінің негізін құрайды және елдің ЖІӨ-нің маңызды бөлігін құрайды.

Ал, ЕО шеңберінде кластерлік саясат 1968 жылдан бастап жетілдірілді. Бұл моделдің негізі болып, шикізатты алудан бастап, оны өңдеу және жүзеге асыруда көп жағдайда сәтті өндірістік аймақтарды дамыту болып табылады. Дания үкіметінің ұсынысы бойынша 1988 жылдан 1993 жыл аралығы кезеңінде Даттық желілік бағдарлама іске асырылды. Бұл бағдарламаның өңделуіне себеп ғаламдық масштабта шағын және орта бизнес секторларының бәсекеге қабілетсіздігінен туындады. Желіні құру мақсаты, бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатуға бағытталған, бизнестің жаңа бағыттарын анықтау, агенттер мен дистрибьюторларды жаңа нарықтарға енгізу, жеке фирмалардың қуатты тұстарын пайдалана отырып, жаңа өнімдерді нарыққа шығару мен өңдеуде көрінеді. Данияда кластеризациялау жолындағы негізгі проблемалардың бірі фирма аралық кооперацияның даттық іскерлік мәдениетке сай болмауы. Дегенмен, бағдарлама тиімді жүзеге асырылды: бес жыл ішінде бағдарлама кең көлемді масштабты иеленіп, 10-12 мың кәсіпорындық мақсатты топтан бес мыңы желіні қалыптастыру құрамына енді, бағдарламаның жоғары деңгейі даттық іскерлік мәдениетінің бөлігі ретінде кәсіпорындар желісін құруға ықпал етті. Желінің құрылуы бизнес проблемасын шешудің бірден-бір жолы екендігі дәлелденді, маркетингтік зерттеулер нәтижесінде сауалнама жүргізілген кәсіпорындардың 75 % -ы желіге қатысуы, олардың бәсекеге түсу қабілетін жоғарылатқанын, респонденттердің 90 %-ы бағдарламаны субсидиялау мерзімі аяқталғаннан кейінде желіде өз қызметін жалғастыруды көздеп отырғандығын білдірді, бағдарлама басқа еуропалық елдерде өзіне ұқсас бағадарламаларды жасауда үлгі болып, желіні дамыту Испания, Португалия, Франция, Ұлыбритания, Норвегия, АҚШ, Канада, Австралия, және жаңа Зеландия аймақтарына экспортталды.

Даттық бағдарлама үкіметпен қаржыландырылса, Ұлыбританияда шығындар негізінен қатысушы кәсіпорындарымен төленеді. Даттық келістің артықшылығы, қамтудың кеңдігі мен дамытудың жоғары жылдамдығында байқалса, ал Британдық келіс – қатысушы кәсіпорындардың жолын ұстауға басымшыл және бағдарламаның өміршеңдігі мен тұрақтылығына қол жеткізуге қабілетті.

Келесі, Германияда территорияның дамуына өз қаражаты есебінен дамудың меншік бағдарламаларын жүзеге асыратын және оған сай жер дербестелетін федералдық бөлім ықпал жасайды. Мемлекет бұл бағытта жоғары технологияға негізделген даму жолын ұстанған және өнеркәсіп пен ғылыми орталықтардың нығайған консолидациясы жүргізіледі. Үш түрлі кластерді бөліп алуға болады: ғылыми, өз технологияларын өндіріске беруші, инновациялық фирмалар базасында пайда болатын, бәсекелік ортада жұмыс істеуші, зерттеулер мен өндірісті біріктіруші. Өнеркәсіптік кластерлер қаржы ресурстарын федералды және жергілікті көздерден алады. Германияда жоғары технологиялы жеті кластер ішінен үш озат әлемдік кластер құрметті атауға ие болды: «21 ғасырдың Силиконды алқабы» бұл Мюнхен, Гамбург, Дрезден. Кластерлік келісті қолданудың негізгі принциптері келесі нарықтық механизмдерге сүйенеді: шағын және орта кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдаусыз, дербес жұмыс істей алуға қабілеттілігі, тиімсіз кәсіпорындардың нарықта жұмыс істеуін тоқтатуы, шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет қаржылық көмек көрсету үшін негізгі шарт – несиеге қабілетті болуымен сипатталады [20].

Франция басқа елдермен салыстырғанда, шаруашылықтың жаңа формасына өтуі күрделі формада жүзеге асырылды, себебі бұл елде 25% жұмыс күші еңбектенуші және өнімнің 30%-ы мен экспорттың бір бөлігі өндірілетін мемлекеттік сектор қуатты орталықтандырылған. 1995 жылы территорияны дамыту және құру бағдарламасы қабылданып, аймақты дамытуды басқару бойынша және оны көріктендіру қорының ұйымдары құрылды. 1997-1998 жж бағдарлама жобасы өңделді, өндірістік кластер жүйесімен біріккен аймақты дамытудың 99 жобасы бекітілді.

Бұл қызметті жүргізу нәтижесінде жүйеге 4,3 мың кәсіпорын енді. 30 ірі компания айналасында біріккен кәсіпорындар шоғырланды. Жобаларды бөлу пропорционалды түрде болғанымен, кейбір территориялар белсенді дамуға бет алды: Пириней оңтүстігі, Рона- Альпы, Фран-Конте, Овернь, Шампань, Арденна, Париж, Тулуза, Марсель, Сен - Этьен қалалары.

Дәстүрлі өнеркәсіптік секторлар (машина құру, тоқыма, ағаш өңдеу, жиһаз) техникалық жаңалықтарды енгізеді: автоматизация, орау, кадрларды дайындау, жинастыру, ал жаңа өндірістер мультимедиа, микроэлектроника, биотехнология салаларында дамыған.

Францияның экономикалық даму бағдарламасында технополистер жүйесі арқылы жүзеге асырылатын инновациялық бағдарламалар маңызды және Жерорта теңізінің оңтүстік жағалауында қарқынды дамуда, бүгінгі таңда Антиполис, Монпелье, Тулон, Марсель, Моннольс баршаға мәлім кластерлер. Оларды құруда жоғары технология мен іскерлік белсенділіктің негізгі звеносы болатын арнайы мемлекеттік инжинирингтік және ғылыми институттардың ашылуы маңызды фактор болып есептелді. Осы шаралар елдің бәсекеге қабілеттілігін нығайту мақсатына бағытталды және үкіметтің нысаналы қадамдары белгіленген экономикалық стратегиясы пайда болды: экономиканың инновациялық секторын қалыптастыру және дамыту, еңбек нарығын икемділікке келтіру, шетел компанияларымен «жұтылып кету» қаупінен ұлттық капиталды қорғау, жаңа салық саясатын өңдеу және өткізу.

Франция үкіметі елдің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға бейімді ірі ұлттық жобаларды жүзеге асыруда ұйымдастырушы, түзетуші және негізгі инвестор болу рөлін атқарды [21].

Жаңа инновациялық жобаларды ойластыратын бизнес-инкубаторлар, венчурлық қорлар дамыған. Кластерлердің пайда болуына қосымша мысалдарды келесі кестемен бейнелейміз:

Кесте-2. Әлемде кластерлердің құрылуы

Аймақ Кластер Құрылғ-ан жылы Инициатор Тартымды-лығы Дамуы
Ольборг, Дания Моблильді телекоммуни кациялар   SP радио Теңіз саласы Өңдеулер, технологиялар, университетпен байланыс
Далтон, Джорджия (АҚШ) Кілемдер   Craft tufters Өңдеулер Автоматтандыру, өңдеудегі бәсекелестер
Кастел Гофредо, Италия Тоқыма   Ноэмидегі фабрика Рыноктар Жабық фабрикалар,
Иби, Испания Ойыншықтар   Paya SCVI Hermanos Үй Түрлі өнімдерді өңдеу
Калифорния (АҚШ) Технология,фармацевтика   Hybritech Теңіз базасы, климат өнімдер, венчурлық капитал
Сосоло, Италия Жұқа қыш   Rubbiani Балшықты жер Инновация, бәсекелестер,

 

 

Сондай-ақ, шығыс Еуропа елдері өнеркәсіпті кластерлеуді қолдап отырғанын айта аламыз, оның үстіне Венгрия, Словакия, Чехия және Словенияда оны арнайы мемлекеттік бағдарламалармен қорғалуы, оның жан-жақты тартымдылығын, қарқынды даму, интеграцияны, ашық және айқындылығын қамтамасыз етеді. Бұл жағынан ерекше жетістікке жеткен Венгрия мемлекетінде 75 кластер бар, олардың негізгі құраушысы болып саябақ өнеркәсібі табылды. Кластерлік бағдарлама РАNАС автокөлік кластерін дамытуға бағытталған, бұнымен қоса ағаш өңдеу, туризм саласы дамуда.

Кластерлік даму аймақтарында, мысалы: Голландиядағы гүл бизнесі, Франциядағы косметика, Швейцариядағы – сағат, Сингапурдағы – мұнай-химияны атап өтуге болады. Осыдан бір жақты және жоғары стандартты кластердің жоқ екендігі туралы қорытындыға келеміз, өйткені кластер әр түрлі мемлекет дамудың әр түрлі деңгейінде және әр текті ресурстар және мүмкіндіктердің болуынан туындайды. Кластерлік үлгілер бір-бірінен ерекшеленеді, алайда бүкіл жерде олар орта және шағын бизнеске, аймақтың дамуына қуатты серпіліс береді.

Сонымен қатар туризм кластерін дамытудың жақсы мысалы Хорватиядағы туризм болып табылады. Ондағы кластер қатысушылары: Хорватияның Туризм министрлігі, қонақ-үй кешендері, туроператорлар, мейрамханалар, концессия қатысушылары (концессия – қатысушы кәсіпорындардың алдын-ала анықтаған, келісілген шарттары негізінде ұлттық экономиканы дамыту не қалпына келтіру және табиғи байлықтарды игеру мақсатында шетел елге, заңды не жеке тұлғаға жер учаскілерін, жер асты байлығын немесе басқа да объектілер мен құндылықтарды уақытша пайдалануға беру туралы келісім-шарт), көлікпен қызмет көрсету ұйымдары, дүкендер иелері, мұражайлар, білім беру мекемелері, қатысты салалар. Жұмыс топтары маркетинг пен брендинг, туристік өнімді әзірлеу, кадрлар мәселелері, инфрақұрылым, заңдық және реттеуші орта сұрақтары бойынша құрылды.

Хорватиядағы туризм кластерін дамытудың стратегиясы − әртараптандыру стратегиясы. Әртараптандыру жолы көмегімен бұл индустрия өнімнің жоғары сапасы, сонымен бірге индустрия өнімдерінің бәсекелестік артықшылықтары арқылы Хорватия халқы мен қонақтарына бірегей әрі жоғары сапалы құндылық ретінде көрінеді.

Тұрақты стратегия жолымен қол жеткізуге болатын жоғары қосымша құн мен сапасы жоғары өнім жаппай туризмді алмастырды. Кластерді дамытудың көрінісі мен стратегиясы кластердің барлық қатысушыларының күшімен әзірленді. Стратегия шеңберінде туристік кластерді дамытудың негізгі принциптері анықталды: бірегейлік, әртараптандыру, мәдени құндылықтар; тұрақты экономикалық даму; туризмді дамыту ойын қоғамдастықпен (мемлекет, экономика, жергілікті қоғамдастықтар) интеграциясы, сервис сапасы, кластер қатысушыларының өз еркімен қатысуы.

Стратегияны жүзеге асыруда келесідей мақсаттар анықталды:

- Ресурстардың интеграцияланған менеджментін жүзеге асыру;

- Барлық мүдделі жақтардың, әсіресе жергілікті бірлестіктер, қатысу кепілдігі мен оның туризмге қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету;

- Тұтынушы, бизнес-бірлестіктер мен қоғам арасындағы өзара қатынастарды күшейте отырып, туризм мен қызмет көрсетуге шығармашылық көзқараспен қарауды дамыту;

- Жеке және мемлекеттік секторлар арасындағы іс-әрекеттерді келісе отырып жүргізу;

- Өңірлер арасыдағы кооперация мен бәсекелестіктің баланста болуына қол жеткізу.

Стратегия мақсаттары негізгі үш Ұлттық бастамаға ауыстырылды:

а) тұтынушылар сұранысына негізделген өзгертулер арқылы Хорватияның бірегейлігі принципіне жүгіне отырып, туризмдегі жаңашылдықты дамыту;

ә) мүмкіндіктерді кеңейтуді бақылау мен туристік өнім сапасын жақсарту үшін жүйе;

б) туризмді дамыту үшін ақпараттық технологиялар қызметі.

Осылайша, кластерді құру және дамыту жеткілікті қиын процесс, нарық және инновация жағдайларының өзгеруіне бейімделу жұмыстарымен үнемі айналысуды талап ететіне көз жеткіздік. Кластерлік тәсіл қолданылған елдерде ақпаратты алу және кластерге қатысушылармен тіл табысу нәтижесіне құндылықтар тізбегі шеңберіндегі компаниялар қарым-қатынасы, инновациялық байланыстар, кластердің институционалды детерминанттары, кластердің инновациялық жүйесінде орын болу нәтижелерімен байланысты.

Сонымен, кластерді дамытудың әлемдік тәжірбиесін зерттей келе, дамыған және дамушы елдерде оларды құру мақсаты мемлекет тарапынан қолдаумен немесе кәсіпорындардың географиялық жақын орналасуынан пайда болғанын, осы себептен Финляндия, АҚШ, Италия, Германия, Дания тағы басқа мемлекеттерде «өсу нүктесі» немесе экономика «локомотивтеріне» айналғанын көруге болады.

 

1.3 Қазақстанда кластерлерлік жүйенің қолданылуы

 

Қазақ жерінде кластерлердің қолданылуы КСРО кезінде бастау алған болатын, кластерлік келіс агроөнеркәсіптік кешенді қалыптастыруда қолданылды. Бұл кешенде ауылшаруашылық өнімдерін өсіруден бастап өнеркәсіптік қайта өңдеу және дайын өнімді сауда желілері арқылы өткізу нәтижесінде өндірісті бір тізбекте ұйымдастыру жүзеге асырылды. Сонымен қатар, өнеркәсіптік өндіріс бас немесе жетекші өндіріске қызмет жасаушы көмекші кәсіпорындардың тікелей интеграциясы мен орталықтандырылған жүйесі бойынша бірқатар кәсіпорындардың бірлестігін құруды қарастырды. Негізінен өнеркәсіптік бірлесудің мұндай үлгісінің кемшілігі, Одақтың барлық аймағы бойынша кәсіпорындардың шашыраңқы орналасуы нәтижесінде КСРО құлдыраған уақытта республикалық кәсіпорындардың басқа өндірістермен шаруашылық байланыстарын жоғалтып алуына себеп болды. Жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындар Ресейдің орталық бөлігінде шоғырланып, ал басқа республикалар осы орталықты шикізатпен жабдықтаушылар рөлін атқарды. 1941-1945 жж. Ұлы Отан Соғысы уақытында көптеген кәсіпорындар және білікті персонал шығысқа қарай орналастырылып, соның нәтижесінде кейбір өндірістер және соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанда, Өзбекстанда, Сібірде жұмыс істеді. Бұл процесс осы аймақтардың индустриализациялануына ықпал жасап және осы өңірлерде қайта өңдеуші кәсіпорындардың болуын қамтамасыз етті.

1980 жылдың соңында КСРО‑да кластерге ұқсастық белгілері бар құрылымдар электронды өнеркәсіпте дамыды, олар Батыс елдеріндегідей ғылым мекемелерінің бір-біріне географиялық жақын орналасуымен сипатталды: Мәскеуде, Зеленоград, Калуга, Воронеж, Новосибирск, Саратов қалалары. Алайда өтпелі кезеңде мемлекеттік қолдаудың болмауы салдарынан жоғары білікті кадрлар мен әлеуметік капиталдың жоғалуына әкелді[22].

Кластерді қалыптастырудың жаңа кезеңі мен Қазақстан аймақтарында бизнестің бәсекеге қабілеттілігін дамыту 2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асырумен байланысты. Бұл бағдарламада мұнай-химия өнеркәсібі, агросектор, көлік және телекоммуникация, қара және түсті металл салаларының даму бағыттары айқындалған. Бұл өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін көтерудің нысаны қосымша құн тізбегін өсіру әдісімен ұсынылған. Экономиканы кластеризациялаудың міндеттеріне сай келетін жоғары технология мен ғылыми сыйымды өндірістерді дамытудың ірі шаралары жоспарланды. Бұл бағытта даму институттарының арнайы желісі құрылды [23].

Қазіргі уақытта нарықтық экономика шарттарында кластерді қалыптастыруда мемлекет пен кәсіпорындардың әлеуметтік міндеттерін орындау, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету негізгі приоритет болып есептелетін жергілікті тұрғындардың, аймақтың және елдің экономикасының мүдделері ескерілуі тиіс. Экономиканы кластеризациялау өндірістің нақты салаларының дамуына және аймақтардағы мақсатты бағытталған инвестицияларды рационалды қолдануға мүмкіндік береді.

Қазақстанда кластердің дамуына үкімет және кәсіпкерліктен берілген жобаларды қолдауға үлкен назар аударуда. Осы тақырыптарға байланысты мемлекет органдарымен оның ішінде туризм, машина құрылысы, жеңіл өнеркәсіпте, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуде, мұнай-химия, металлургия, ақпараттық және биотехнологиялық салаларда зерттеулер жүргізіліп, қазіргі уақытта біраз нәтижелерге қол жеткізілді. Кластердің тиімді дамуы, ең алдымен кәсіпорындардың одан тиімді жағдайларға қол жеткізе алатына сеніп, өз еріктерімен бірігуі қажеттілігіне тікелей байланысты. Бұл бағытта үкімет жоғарыдан қысым жасамай, тек бұл процестердің дамуына мүмкіндіктер жасауы тиіс.

Көптеген елдердің және аймақтардың тәжірбиесіне сүйенсек, жоғарыда аталып кеткендей, кластерлер экономиканың жоғары тиімділігіне ықпал жасайды, ұлттың әл-ауқаттылығын көтереді. Кластерлік дамытуда мемлекеттің рөлі неғұрлым жоғары тиімділікті қамтамасыз ететін және жобаның негізгі қатысушылары жеке кәсіпкерлер үшін қолайлы іскерлік жағдайларды қамтамасыз етуде маңызды [24].

Республикада кластерді дамытуда экономикада келешегі бар салалардың ішінде жеті топтық кластер анықталды: Туризм; Мұнай-газ; Машина жасау өнеркәсібі; Тамақ және жеңіл өнеркәсібі; Көлік-логистикалық қызметтер; Металлургия; Құрылыс материалдары салалары.

Қазақстанда кластеризация келешегінің аймақтық жоспарлауында: батыс аймақтарда – мұнай және газды өңдеуді тереңдету; оңтүстікте – жеміс - жидек және көкөніс өңдеу мен мақта және күріш кластері; солтүстікте – бидай өндіру және өңдеу бойынша кластер; шығыста – боксит кендерін және көмірді тереңірек өңдеу және өндіру; Орталық Қазақстанда – металлургия кластері; Алматы қаласында білім беру және қаржы кластері, Астанада – ситуациялық- талдау жұмыстары кластері құрылды.

Қазақстан Республикасының үкіметі Американдық J.E.Austin Associates консалтингтік компаниясымен Қазақстанда Бірінші кластерлік иниацитиваны жүзеге асыру бойынша келісім-шартқа отырды. Бұл жобаның қатысушылары «маркетингтік – аналитикалық зерттеу орталығы» акционерлік қоғамы, J. E. Austin Associates, Inс. компаниясы, The Economic Competitiveness Group (ECG) компаниясы және жобаның ғылыми кеңесшісі – профессор Майкл Портер тағайындалды [25].

Жобаның міндеті Қазақстан экономикасында өндірістік емес, негізгі секторлардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін нақты шаралар жоспарын өңдеу болып табылады. Қазақстан экономикасының өндірістік емес салаларының бәсекеге қабілеттілігн көтеру елдің экономикалық өсуін және өндіріс әлуетін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл салаларды құрайтын шағын және орта кәсіпорындардың әлемнің көптеген елдерінде инновацияға негізделген, экономикалық өсудің қуаты болғаны дәлелденген.

Берілген бағдарлама Қазақстанда жалғасын табуға қабілетті кластерлік келісті анықтау, экономиканы диверсификациялау және бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату үшін индустриалды негіз жасау мақсатында 5-7 перспективалы пилоттық кластерді теңестіруге бағытталған.

Жоба үшін пилоттық кластерлер санының шектелуі оның мерзім ұзақтығы (12 ай) және адам ресурстары мүмкіндігімен байланысты. Бизнес тарапынан қызығушылықты ескере отырып, бұл жобалар сәйкес салаларда жүзеге асырылуы тиіс.

Жобаны жүзеге асыру үш негізгі кезеңнен тұрады.

I кезең – өндіріс түрлерін алдын – ала іріктеп таңдау;

II кезең - перспективалы кластерлерді теңестіру; Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға индустриалды негіз жасау.

III кезең – кластердің теңестіру жұмыстарын жүзеге асыру;

Бірінші кезеңде Қазақстан үшін бәсекелік артықшылықтары бар салалық кластерлер мен сегменттерін таңдап алу мақсатымен өндірістік емес сектор және экономиканың қосалқы салаларына талдау жүргізілді.

Бағдарламаның табысты орындалуы Қазақстанның ең алдымен әлемнің бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіру маңызды мәселесін шешуге ықпал жасауы тиіс. Бағдарламаның жүзеге асырылуынан күтілетін нәтижелер:

- экономиканың тұрақты өсуі, қалыпты өсуден табыстарды біркелкі бөлу;

- жобаға қатыстырылған кәсіпорындардың өнімділігінің ұлғаюы, экспорттың өсуі және өндірілген өнім құрамында қосылған құнның жоғарылауы, сонымен бірге экспорт бірлігінің құнының өсуі;

- ішкі инвестициялардың өсуі, тұрақты бәсекеге қабілеттілікке бағдарланған өндірістік емес секторларда іскерлік қарым-қатынастардың күшеюі, іскерлік климат сапасының жоғарылауы;

- тікелей шетел инвестицияларының өсуін қолдайтын, Қазақстанның бәсекеге қабілетті ел ретінде танылуы;

- көршілес елдермен сауда байланыстарын оңтайландыру.

Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі келесі негізгі параметрлермен сипатталды: нақты саланың дамуына экономикалық базаның болуы, яғни компаниялардың, технологиялардың, инфрақұрылымның болуы, экономикада саланың рөлі-жалпы жұмыспен қамтуда, ЖҰӨ, шикізаттық емес саланың үлесі, динамикада саланың өсуі, іскерлік ортаның болуы.

Егер тек елеулі мүмкіндіктерді қарастырсақ, онда біржақты бағалау сипаты орын алады. Сондықтан бизнес үшін кластердің жергілікті қызметінің сапасы мен арнайы жағдайлары бәсекелесуші нарықтың жағдайларымен салыстырылуы тиіс. Кластер басымдықтарын қалыптастыру әртүрлі нарықтардың тартымдылығын бағалаумен көптеген ұқсастықтары бар, ал соның ішінде компаниялар келесі бағыттарға жұмыс жасаулары тиіс: өзінің меншікті әлді тұстарын түсіну, бәсекелестерінің (қазіргі кездегі және келешектегі) әлді жақтарын және нарықтық сұранысты жетілдіре білу. Барлық осы факторлар кластер жұмыс істейтін нарықта қанша табыс тартуға болатынын анықтайды.

Кластердің экономикалық дамуында маңызды орын алатын факторларды бақылау институттардың дамуына байланысты болғандықтан, кластерді құру тиімді күштерге тәуелді. Бұл институттарға үкімет ұйымдары, жергілікті және халықаралық компаниялар, кластердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көп септігін тигізетін университеттер жатады. Шетел тәжірибесі бойынша кластерге арнайы қорғаныс болатын бәсекені шектеу кластерді құру процесінде жағымсыз нәтижелерге ие болуы мүмкін.

Кластер құру кезінде көліктік және қаржылық инфрақұрылымды жақсартуға, менеджмент деңгейін көтеру үшін инвестицияны ұлғайтуға, кластерді дамытуда белгілі бір сервис және тәжірибені қамтамасыз ететін шетелдік компаниялардың көңілін аудару үшін көп күш жұмсалады. Қазақстанда кластерді құру саясатының мақсаты – ұлттық әл-ауқаттағы кластер үлесін ұлғайту, кластер ішіндегі өнімділікті және бәсекелестікті күшейтумен айқындалады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-13; Просмотров: 813; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.046 сек.