Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КІРІСПЕ 5 страница. Ал, сарапшылардың пікірі бойынша Қазақстанның бәсекелік басымдылығы оның бірегей мәдениетінде




Ал, сарапшылардың пікірі бойынша Қазақстанның бәсекелік басымдылығы оның бірегей мәдениетінде (мәдени-танымдық), бай табиғи әлеуетінде (экологиялық туризм), арта түскен іскерлік белсенділігінде (іскерлік туризмі), сондай-ақ демалудың спорт және таңғажайып (оқыс) туризм сияқты түрімен айналысу мүмкіндігінде екені анықталды [31].

Туристік қызметтің орталығы болып табылатын аумақтың әлеуметтік-инфрақұрылымдық және экономикалық өлшемдері іскерлік туризм үшін маңызды. Дамыған нарықтық процестер, интенсивті өңіраралық байланыс, дамыған инфрақұрылым, қазіргі заманға сай банктік қызмет және тағы басқалармен сипатталатын аумақтың белсенді тіршілігі, туризмнің осы түрінің дамуының алғышарты болып, іскер адамдардың нарықтық коммуникацияға ұмтылысын қанағаттандыратын қызметтер аясының әлуеті ретінде бағаланады.

Туристік қызмет кәсіпорындары мен олардың көмекші құрылымын ауылды жерлерде орналастырып, экономиканың басқа салаларының қызмет айналымына жатқызуға болмайтын, табиғат элементерін (ландшафтың эстетикалық ерекшеліктері, таулы рельеф пен жазық дала көркін және т.с.с) пайдаланатын ауылды туризмді дамыту болашағы үлкен. Туристік қызмет нарығындағы игерілмеген демалыстың бұл түрін, жазғы уақытта мектеп жасындағы балалар мен жеткіншектер арасында ұйымдастыру тиімді, алайда ұрпақты тәрбиелеу, Жер-Анамен жақындатудағы оның әсері таза экономикалықтың шегінен шығады [32].

Қоғамдық өмірдің түрлі деңгейлерінде бір-бірімен жанасатын туризм мен мәдениет арасында тығыз байланыс бар. Мәдениет адам қызметінің жетістіктерінің жиынтығы, және туризм түрлерінің дамуы мен таратуда маңызды рөл алады. Мәдениетке архитектура, өнер, халықтың қолөнері, тұрмысы және басқалары жатады. Туризм адам қолымен жасалған назар аударарлық орындарға, табиғат ресурстарынан басқа, мәдени ресурстар мен мәдени мұраларға сүйенеді.

Түрлі елдер мен аймақтарға мәдениетті түсінудің өзіндік ерекшеліктері сипат алған. Жалпы алғанда, мәдениет ретінде қоғамда басымдыққа ие болған, барлығына ортақ көзқарастағы құндылықтар, сенімдер, дәстүрлер мен танымдар жүйесі түсіндіріледі [33]. АҚШ мәдениетін индивидуалды, материалистік, және «уақыт-ақша» принципі бойынша уақытты өзіндік бағалаумен сипатталады. Жапония мен Қытайда мәдениет рухани деңгейде, ғасырлық дәстүрлерге сүйенеді, бұны олардың киім кию, мінез-құлықтан, тарихи ескерткіштерге қатынастарынан көруге болады. Яғни ел мәдениеті жергілікті халықтың менталитетіне және аймақта туризмнің даму шарттарына әсер етеді.

Мәдениет пен туризмнің өзара ықпалы екі жақты аспектіде қарастырылады: мәдениеттің туризмге әсері; туризмнің мәдениетке әсері:

Мәдениеттің туризмге әсері келесі жағдайларға тәуелді: нақты территорияда материалдық игіліктердің болуы; әлеуметтік инфрақұрылымның даму деңгейі, тарихи-мәдениеттік, архитектуралық ‑ этнологиялық, археологиялық және басқа ескерткіштердің орналасқан жерлері, ғылым және білім беру әлуетінің болуымен ерекшеленеді.

Қазақстанның тарихи-мәдени әлуетінің негізін құрайтын, есепке алынған 9 мыңнан аса ескерткіштердің барлығы дерлік туристік қызметке пайдалану үшін жарамды болып саналады. Республика аумағындағы көптеген елді мекендер, молалар, көне кенттер, шайқас болған жерлер, медреселер мен діни сипаттағы өзге де құрылыстар мен ғимараттар ашылып және зерттелген. Орталық Қазақстандағы – Алаша хан, Жошы хан кесенелері; 1989 жылы табылған Қозыбай кен орыны мен Шығыс Қазақстандағы Шулба тұрағы; Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы бірегей ескерткіштер – Тегіскен кесенесі, Жосалы ауданында табылған Жеті асар (б.д.д. 1 ғасыр) қалашығы және т.б архитектуралық ескерткіштер (XVI – XIX ғ.ғ), Солтүстік Қазақстан облысындағы Арқайым елді мекені мен көптеген ескерткіштер туристер үшін аса қызықты болып саналады [34]. Батыс Қазақстан көптеген археологиялық ескерткіштермен белгілі, олардың негізгілері Үстіртте шоғырланған. Бұл жерлерде 60-қа жуық неолиттік тұрақтар зеттелген. Ұлы кесене-мазарлар салынған ежелгі молаларды бұл жердің бүкіл аумағынан кездестіруге болады.

Реставрация, консервация, терең ғылыми ізденістер, лабораториялық жұмыстар, регенерация ескерткіштер мен тарихи-мәдени орталықтарды туристерге көрсете алу, олардың қызығушылықтарын туғызудың бірден-бір жолы болып саналады. Бұл жерлердегі тарихи-мәдени орталықтар, мәдени мұраны, эстетикалық-рухани құндылықтарды және бұл өңірдің негізгі танымдық әлуетін құрайды. Соған қарамастан, бұл жерлердегі мұражай ісінің әдістемелік және ғылыми базаларының төменгі деңгейін, материалды ресурстардың жоқтығын атап өту қажет. Ескерткіштердің бұл тобы үшін діни қауымдастықтардың қатысуымен, мемлекеттік және жергілікті бюджеттік қолдау көрсетуден өзге, консервация мен реставрацияға күрделі бір жолғы салымдар тартудың, іс жүзінде, ешқандай мүмкіндік жоқ. Осында шетел инвестициясын тарту, ішкі және сыртқы нарықтарда отандық туристік өнімдерді жылжытуда ғылыми және жарнамалық–ақпараттық қамтамасыздық жүйесін құрудағы мемлекеттің рөлі үлкен. Әлемдік туристік рынокта жетекші позицияға ие елдерде ұлттық туристік әкімшіліктер қаржыларының жартысынан астамы дәл осы мақсаттарға бағатталады. Елімізде туристік өнімнің жылжытылуы, нақты туристік кәсіпорын мүдделері үшін емес, өз елі мен жалпы өңір мүдделері үшін жарнамалық-ақпараттық және басқа қызметімен айналасу құқығын пайдаланады. Нақты территорияда материалдық игіліктердің болу позициясынан мәдениеттің туризмге әсері материалдық инфрақұрылымның дамуынан көрінеді (инженерлік, агротехникалық, ғимараттардың салынуы). Берілген объектілерде мәдени қызметтің негізі салынады.

Ақпарат құралдарынан байқауымызша, Туризм және спорт министрлігі тарапынан елімізге ең көп туристер келетін Батыс елдеріне насихаттау мақсатында жұмыстар атқарылып жатқан көрінеді. Мәселен, қазір Қазақстан жөнінде BBC, CNN, Euro News телеарналарында бейнероликтер көрсетілуде. Үкіметтің қолдауы және Бүкіләлемдік туристік ұйымның мұрындық болуымен елімізде баспасөз турлары өткізіліп келеді. Онда Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия, Португалия, Нидерланды, Грекия және т.б. елдердің журналистері бас қосқан [35].

Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының туризмді дамыту мақсатында арнайы құрған ұйымы және еліміз оған мүше болып отырған Бүкіләлемдік туристік ұйыммен қарым-қатынасымыз жақсарып келеді. 2006 жылдың сәуір айында Бүкіләлемдік туристік ұйымның Еуропалық комиссиясының 45-мәжілісі Алматы қаласында өткендігі және бұған 42 елдің ұлттық туристік әкімшіліктері жиналып, өзекті мәселелерді алға тартқандықтары бұған дәлел болды. Қазақстан аталмыш ұйымға 1993 жылдан бері мүше болып келеді, 2000 жылдан бері оның ұйытқы болуымен өткізілген барлық халықаралық шараларға Берлин, Мәскеу, Лондон, Мадрид қалаларында ұйымдастырылған халықаралық көрмелерге қатысып, еліміздің туристік мүмкіншіліктерімен таныстырды.

Дегенмен, бос жатқан кеңістік және далалық өлке ретінде біздің республика туралы түсініктің тұрақтануы, Қазақстанның дәстүрлі туристік орталықтармен бәсекелесуіне кедергі жасауда. Сондықтан да, кең ауқымды шаралар кешенін жүргізуді білдіретін, Қазақстанның тартымды туристік имиджін жасауда әлі де жұмыстар атқарылуы қажет. Қазақстан жері көне кездерден Қытай мен Еуропа арасындағы байланысты қамтамасыз еткеніне, жүз жыл бойы Ұлы Жібек жолы бойындағы көптеген тарихи оқиғаладың куәгері болғандығына қарамастан, еліміздің туристік бағытта өзін нығайта алмауы ойландырмай қоймайды [36]. Елдің туристік имиджін қалыптастыруда республика аймақтарында, сол сияқты шет елдерде туристік ақпараттық орталықтарды ұйымдастырудың маңызы үлкен. Қазақстанның туристік өнімдері мен туристік рекреациялық ресурстарының жарнамасы атаулы болуы тиіс және тұтынушылардың менталитетін ескеруі қажет.

Қазақстанда туризм индустриясының әлеуметтік-экономикалық және мәдени тұрғысынан қайта өркендету мәселелерін шешу, Қазақстанның субъектілері, қалалары, жекелеген ірі кәсіпорындары арасындағы келісімдерді реттейтін өңіраралық байланыстарды дамыту жағдайында, жоспарлау мен басқарудың дербес мақсатты-бағдарламалық әдістерін пайдалану арқылы жеке тұрғыдан келуді талап етеді. Әлеуметтік инфрақұрылым позициясынан, оның ішінде әлеуметтік ая өте маңызды және оған: мәдени-тұрмыстық нысандағы, денсаулық сақтау, білім беру, демалыс объектілері жатады. Аталып кеткен объектілерден демалыс әлеуметтік инфрақұрылымның зерттеу пәні ретінде маңызды бөлігі болып есептеледі [37]. Демалыс «тынығу», «жайлану» түсініктерімен ұштасатын рекреациямен түйіседі, сол себепті әлеуметтік инфрақұрылымның маңызды функциясы ретінде көптеген мәдени аспектілерді қарастыра алады. Демалыс сол сияқты адамдарды сауықтыру, адамның жұмысқа қабілеттілігін, еңбек өнімділігі және жұмыстағы психологиялық климатына әсер ететін, әсіресе қазіргі заманғы адамдардың психологиялық жай-күйін емдеумен байланысты.

Туризмді дамытудың әлеуметтің мәні жұмыссыздықпен, елдегі тұрғындардың кірісі мен перспективасының болмау проблемаларымен тығыз байланысты. Ғылым және білім беру әлуетінің болуы туризмге мәдениеттің әсер етуінің басым нүктесі. Туризм танымдық қызметті орындай отырып, туристерді қабылдайтын мемлекеттің жергілікті халықтың біліміне және ғылымына сүйенуі тиіс. Бұл туризм, мәдениет, лингвистикалық таным салаларында мамандардың біліктілігін жоғарлату қажеттілігімен шетел туристері үшін тартымды бола алады [38].

Туризмнің әлеуметтік маңызы кіру туризмімен байланысты, яғни шетел туристерінің келуімен елдегі тұрғын халықтың кірісінің ұлғаюы, еңбекпен қамтумен өсуі. Бұл уақытта келушілердің жоғары сұранысына ие болатын жергілікті қолөнершілік өндірісі дами бастайды. Мұнан басқа, қонақүй бизнесі, қызмет көрсету аясы, оның ішінде сервис, делдалдық қызметтер, анықтамалық‑ақпараттық қызмет көрсетулер, қаржы аясы және туристерге сапалы қызмет беретін түрлері де дамиды. Туристік қызметтердің ерекшелігі валюталық ресурстарды және қосымша қаржы құралдарын пайдалана отырып, шығындардың аз жұмсалуы болғандықтан, табиғи рекреациялық және экономикалық әлуетіне сүйене отырып, кіру туризміне аударылуы тиіс [20, 56 – 57].

Кіру туризмі табиғат ресурстарына бағытталған, экономиканың ерекше саласының болуы келесі себептерге байланысты: өнім тұтынушыға көлікпен жеткізілетін экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда, туризм туристік - рекреациялық ресурстар шоғырланған орындарға адамдар миграциясының процесін білдіреді; туризм шаруашылық айналымына пайдаланылмаған табиғат кешендері мен оның элементтерін (таулар, суаттар, жағажайлар, ландшафт) тартып, табиғат ресурстарын белсенді және жиі пайдаланатын сала; туризм табиғат ресурстарын жою, немесе оларды қайта өңдеумен айналыспайды, тек табиғат ресурстары шоғырланған орындарды кешенді пайдаланумен сипатталады; табиғат ресурстарына туризм талаптары полярлық сипатта болуы мүмкін: кейбір туристер топтары табиғаттың бірегейлігі немесе жабайлылығына сұранысы болса, басқалары үшін оның жайлылығы, бір типтілігі, кіру мүмкіндігі маңызды.

Қазіргі уақытта ішкі туризмге сұраныс өсуі нәтижесінде, туризмнің бұл түрі дамуға бет алып отыр, осы жерде республикада ішкі туризм проблемалары анық байқалды: демалыс орындарының тартымсыздығы, сервис, қызмет көрсету сапасының төмен болуы, тамақтану және санитарлы – гигиеналық орындарды ұйымдастырудағы жетіспеушіліктер, трассаларда анықтамалық және жарнамалық нұсқаулардың, көлік бойынша ақпараттық бөлімдердің, жолда уақытша орналасу немесе демалу мүмкіндіктерінің болмауы, туристердің демалуы мен жайлы орналасуына орындардың жетіспеушілігі, экологиялық проблемалар, мысалы, Алматы қаласындағы Шымбұлақ тау шаңғы курортындағы қарлы құлау, ішетін суды тазартатын құрылғылардың болмауы, жолдардың сапасыздығы және басқалары [39].

Біздің елімізде туристік саланың табиғи кешендерге әсер ету нәтижесінде пайда болған экологиялық мәселелерді шешу және бағалау механизмі өңделмеген. Туристік аясында табиғатты қорғау қызметін дамытуға тосқауыл болатын негізгі себептердің бірі – экономикалық және экологиялық мәселелерді шешудегі өз бетінше, бір–бірінен оқшауланған субъектілердің тұтынушы-турист және туристік кәсіпорын сыйымдылығының болмауы. Туристік индустриясы дамыған елдердің тәжірибесіне жүгінетін болсақ, оңтайлы әлеуметтік–экономикалық әсерді жүзеге асыруды әлеуметтік, экономикалық және экологиялық аспектілердің өзара байланысын қарастырытын жобалар береді. Сонымен қатар, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері осы күні толық түрде өз шешімін таппай отыр. Бұл проблеманы шешу ең алдымен мемлекет тарапынан қабылданатын заңдарға тікелей байланыста болатынын ескерсек, Қазақстанда туристік кластерді дамыту шараларын қабылдауда бұл жағдайлар міндетті түрде қарастырылуы тиіс деп ойлаймыз.

Ал туристік қызметтердің сапасын жоғарылатуға тоқталсақ, оның келесі негізгі шарттарын бөліп көрсетуге болады: тұтынушылар талғамына және тұтыну сипатына көрсетілетін қызметтердің максималды түрде сай болуы; сапалы маркетинг, нарық талғамы бойынша сервис икемділігі; қызмет көрсетуші персоналдың жұмысын сапалы ұйымдастыру; қызметкерлер мен клиенттерді ынталандыру; туристік фирмаларды басқарудың ұйымдық құрылымын оптимизациялау; сервис сапасын бақылау, бақылау қызметін жасау және тағы басқалары [40]. Осы жерде қоса кететін бір жай, еліміздегі тарихи-мәдениеттік, археологиялық және басқа ескерткіштердің орналасу позициясының алуан түрлілігіне қарай, бұл объектілерді әлемге танымал ететін брэнд қалыптастыру жұмыстары атқарылуы тиіс. Қазақстанда әйгілі брэнд бола алатын объектілер қатарына Түркістан, «Ұлы Жібек жолы» және басқа да тарихи орындарды алға тартуға болады.

Дегенмен, туризмді дамытуда өзіндік зардаптарын тоқталмай болмайды, оның ішінде экономикалық, әлеуметтік салдарын атап көрсетуге болады. Туризмнің экономикалық әсері шығу туризмімен байланысты, яғни шоп туристермен елге шетел тауарлары келіп, отандық кәсіпорындарға бәсекелік жағдай туғызады.

Талқыланған мәліметтер негізінде мынадай қорытындылар жасауға болады: туризмді дамытудың алғы шарттары жергілікті халықтың кірісінің ұлғаюымен, аймақтағы тұрақты жағдаймен, жергілікті халықтың ақпараттануымен, экономиканың трансұлттануының күшеюімен, көліктік коммуникация жылдамдығы мен сервистің жақсаруы және басқа факторлармен байланысты.

Алайда, сервис инфрақұрылымының барлық түрлерін біріктіретін туризм индустриясы Қазақстан экономикасының салалық құрылымында әлі де өз орнын таппағаны белгілі. Осы себептен де туризмді дамытудың алғы шарттарына тоқтала отырып, Қазақстан Республикасы аймақтарының әлуетін кластерлік талдау әдісі арқылы анықтауға болады [41]. Кластерлік талдау бәсекенің заңдылықтары мен процестерін зерттеуде кең қолданысқа ие әдістердің бірі. Оның әдістемелік базасын: талдау объектісі, талдау пәні, талдау әдісі, талдау әдістемесі құрайды. Талдау объектісін таңдау күрделі: оны экономиканың түрлі салаларының кәсіпорындары, пәнін кластер ішіндегі кәсіпорындар арасындағы өзара қатынастар анықтайды. Талдау әдістері келесілерді қамтиды: «мақсаттар ағашы» немесе жүйелік келіс, кластердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау, мамандану деңгейін бағалау. Әдістемесі кластер қызметінің нәтижесін толық бейнелейтін кешендік немесе жеке әдістерді қолдануды қарастырады.

Кластерлік талдауды туризмде қолдану үшін бізбен келесі мәліметтер пайдаланылды: аймақтар бойынша туристік фирмалар саны, алынған кіріс көлемі, қызмет көрсетілген туристер саны, сатылған жолдама құны, көрсетілген қызмет пен жұмыс көлемдерінің үлес салмақтарын есептеу арқылы Қазақстан аймақтары туризмінің даму деңгейіне қарай үш кластер анықталды (сурет 4).

 

Сурет 4. Қазақстан Республикасының туристік кластерлік аймақтары

Бірінші кластерге Алматы қаласы, яғни жақсы дамыған туристік аймақ болып есептелді. Аймақта инфрақұрылым жағдайы, туристік ресурстар, туристік әлует, туристік өнімдерге жоғары сұраным, географиялық бірлікте өзара байланысты кәсіпорындар саны жеткілікті.

Екінші кластерді Астана қаласы, Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Оңтүстік Қазақстан облыстары құрады. Бұл аймақтарда туризмнен түскен кіріс деңгейі басқалармен салыстырғанда жоғары болғанмен, көрсетілетін қызмет пен жұмыс көлемі жағына кейбір аймақтар көрсеткіштерінен төмен. Аймақтар туристерге тартымдылығымен, тиімді географиялық орналасуымен, маңызды туристік әлуетттің болуымен сипатталады.

Үшінші кластерді, біздің талдауымыз нәтижесінде Маңқыстау облысы, Ақмола облыстары құрады. Аталған аймақтар есептеу нәтижесінде сандық көрсеткіштер арқылы төмен деңгеймен бағаланғанмен, маңызды туристік ресурстары бар болып есептеледі. Дегенмен, бұл аймақтарда туризмді дамытудың үлкен келешегі бар және бұл мәселенің негізгі шешу жолы қаржыландырудың, инфрақұрылымды дамытудың көп көлемін қажетсінеді. Қазақстан Республикасының басқа аймақтары туристік әлуетке ие болғанмен, оларды дамыту қазіргі жағдайда дұрыс жолға қойылмай отыр деген тұжырым жасауға болады. Қазіргі уақытта Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Алматы қаласы, Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облыстарында туристік кластерді дамыту бағытында мемлекеттік бағдарламалар кабылданып жұмыстар жүріп жатыр.

Инфрақұрылымды жасау және дамыту жолымен туризм индустриасын орнықты дамытуға, Қазақстанның туристік бағыт ретіндегі тартымдылығын арттыру үшін оның имиджін қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы туристік индустриасының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама Президенттің 2010 жылғы 19 наурыздағы 958 Жарлығымен бекітілді. Бағдарлама міндеттерінің қатарына: Алматы қаласындағы Шымбұлақ тау шаңғы курорты, Шығыс Қазақстан облысында Алакөл көлінің жағалауындағы қонақ үй кешені және Оңтүстік Қазақстан облысында "Қасқасу" туристік-рекреациялық кешенінің құрылыстарының есебінен келушілер саны 2011 жылы- 210000, 2012 жылы- 225000, 2013 жылы- 370000, 2014 жылы- 390000 құрауын қойды.

Кластерлік талдауда «мақсаттар ағашы» әдісін туристік кластерде қолдану арқылы саланың мақсаттарын дәлірек айқындап, жүйелендіру мүмкіндігі туындайды (кесте 4).

Мақсаттарды анықтау оларға жетудің шешімдерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сурет бойынша мақсаттарды айқындау және оларға жету жолдарын табу тарқатылуда өзекті мәселелерін шешу мен бәсекеге қабілетті өнімді жасау мүмкіндіктерін байланыстыра алатын маркетингтік стратегияларға бағытталуы макродеңгейлік әлеуметтік және экономикалық аспектілерді қозғауы тиіс.

 

Кесте -4. Туристік кластердің «қысқартылған мақсаттар ағашы»

 

Бәсекеге қабілетті туристік өнім өндіру
қолда бар туристік өнім сапасын жақсарту
жаңа туристік өнім ойластыру
маркетингтік зерттеулер жүргізу
Тауар саясатын өңдеу
Баға саясатын өңдеу
Өткізу саясатын өңдеу
Коммуникация саясатын өңдеу

 

 


Қазақстан Республикасының туризм саласының халықаралық бәсекеде орынын табуы, экономикалық жүйедегі қызметті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндей жағдайларды жасауды қолдаудағы мемлекеттің мүддесі туристік саясатты дамытуда басты орын алатынын ескере отырып, 2005 жылғы 25 маусымдағы «Экономиканың басымды секторларындағы пилоттық жобалар жоспарын бекіту туралы» № 633 қаулысымен Алматы қаласы мен Алматы облысында пилоттық «Туризм» кластерін құру мен дамыту жоспары бекітілген. [42]. Ал, 2006 жылы Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жасалды. Елбасы бекіткен бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – түрлі туристік қызметтерде қазақстандық және шетелдік азаматтардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін кең мүмкіндікті қамтамасыз ететін заманауи, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру. Бағдарлама, сондай-ақ, тартымды туристік нысан ретінде Қазақстанның беделін қалыптастыруға, ұлттық туристік жоба әзірлеуге және оның сапасын әлемдік стандарттарға сәйкес қамтамасыз етуге бағытталған. Айтулы мемлекеттік бағдарлама 2 кезең бойынша іске асырылады. Бірінші кезең 2007-2009 жылдарды, екінші кезең 2010-2011 жылдарды қамтиды. Оның алға қойған мақсаты - Қазақстанды Орталық Азия аумағының туризм орталығына айналдыру.

Бағдарлама аясында 2011 жылы ішкі туристер ағыны 4,5 миллионға, ал, сырттан келетін туристер қатары 9,5 миллионға жетеді деп күтілді. 2007 жылдан 2011 жылды қоса алғандағы кезеңде сырттан келушілер туризімінен бюджетке түсетін түсім 603250 млн теңгені құрды. Статистика агенттігінің көрсеткіші Қазақстанды тамашалуға келетін туристер санының 5,3 миллионға жеткенін көрсетіп отыр.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-13; Просмотров: 2638; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.029 сек.