Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КІРІСПЕ 8 страница




Сонымен қатар Жібек жолының Қазақстан аумағындағы бөлігінің туристік инфрақұрылымын дамыту, Түркістан қаласында тартымды туристік орталық құру, сауықтыру туризмін ұйымдастыру бойынша халықаралық жобаларды іске асыру, Каспий бассейніндегі елдерге халықаралық теңіз саяхатын ұйымдастыру сынды кешенді жұмыстарды іске асыруды да жоспарлауда.

Қазақстан аумағында тұрақты рейстермен жұмыс істейтін 6 шетелдік авиакомпания бар. Қазақстандық авиа желілерде алыс шетелдің 7 еліне тұрақты рейстер бар. 12 авиакомпания ТМД елдерінен тұрақты рейстермен жұмыс істейді. 8 халықаралық әуе айлағы, халықаралық трафикке уақытша қол жеткізу мүмкін 7 әуе айлағы және ішкі трафикке қол жеткізу мүмкін 6 әуе айлағы бар. Кейбір жергілікті туристік компаниялар сондай-ақ тікұшақтарды да пайдаланады, бірақ олар негізінен қымбат турлар үшін немесе туристерді басқа көлікпен жетуге қиын аудандарға апаруға арналған. Кейбір қонақ-үйлерде автомобильдерді жалға беру қызметтері дамыған. Солай болғанымен, барлық маршруттар мен бағыттар жеткілікті дәрежеде дамымаған [63]. Транспорттық бағыттарды реттеп, чартерлік рейстерді дұрыстау керек. Осы орайда туризм саласындағы перспективті жобаларды жүзеге асыруда бірінші кезектегі міндеттерді шешуді қамтамасыз етуді көздейтін бірқатар бағдарламалар қарастырылған.

3. Әкімшілік кедергілердің болуы да өзекті мәселе балып табылады.

Бөліп айтар болсақ, құқықтық-нормативтік базаны жетілдіру және визалық және әкімшілік-төрелік процедураларды оңайлатумен байланысты мәселелерді шешу маңызды. Бұл мәселе өз кезегінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға барлық мүдделі тараптардың қатысуын, мемлекеттік және жеке секторлардың серіктесе қызмет етуін талап етеді. Сондықтан туристік индустрия нысандарын дамытуда барлық мүдделі министрліктер мен жергілікті атқарушы органдар қызметінің жұмылдырылғаны бұл күнде аса маңызды болып отыр.

Туризм сферасында бұл мәселені шешу үшін түрлі елдер азаматтары визаларды тек өкілеттіліктерде ғана емес, сонымен аэропорттарда да алу мүмкіндігі жөнінде ұсысынтар қарастырылуда. Азаматтары жеңілдетілген визалық және тіркеу режимдері құқығына ие елдер тізімін үлкейту қажет. Сонымен бірге туристік кластер шеңберінде қызмет ететін қатысушыларға салық төлеуде жеңілдіктер, тіркелу процедураларының күрделі еместігі де шешу жолдарының бірі бола алар еді. Мұндай жалпы мәселелерді жекелеген компаниялар шеше алмайды. Сондықтан олар мақсатты бағытталаған мемлекеттік саясат тарапынан бақылануы тиіс.

4. Маркетингтің болмауы.

Елімізде көптеген әсемі жерлер болса да, олар шетел туристері арасында танымал емес. Уникалды туристік әлеуеті бар, бүкіл әлем үшін ашық, туристерге қауіпсіз туристік орталық ретінде Қазақстанның имидждік стратегиясын жасау оларды елге тартудың маңызды факторы болып табылады.

Маркетинг стратегиясы келесі бағыттарда жүзеге асады:

- «Қазақстандағы туризм» атты бірегей ақпараттық Интернет-порталын жасау. Интернеттен Қазақстанның туристік әлеуеті туралы ақпаратты жекелеген сайттарда іздеу арқылы табуға болады [64].

- әлеуетті туризм түлері бойынша BBC, CNN, Euronews, Discovery, Tourism and Adventures, «Әл-жазира», т.б. әлемдік медиаканалдарда видеоматериалдарды көрсетуді ұйымдастыру;

- қазақстанның туристік потенциалы бойынша брифинг, презентацияларды ұйымдастыру;

- мақсатты нарықтардың ерекшеліктерін ескере отырып жекелеген видеороликтерді әзірлеу;

- алдыңғы қатарлы БАҚ мен ірі туроператорлардың өкілдері үшін ақпараттық және пресс турларды ұйымдастыру.

5. Қаржылық ресурстар мәселесі, бұл мәселе кластердегі барлық «экспериментті» кәсіпорындар қақтығысуымен шартталады. Салаға мол инвестиция тарту сынды стратегиялық маңызды міндет, сонымен инвестициялар тарту мен Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруда мемлекеттік қолдаудың мықты болуын талап етеді.

Туризмнің экономиканың басым салаларының бірі болып жариялану салдарынан осы салаға салынатын инвестициялар «Инвестициялар туралы» Заң әрекетіне ұшырайды. Бұл оларға салынатын салықтардың және кедендік алымдарды төмендетеді [65]. Отандық туристік кәсіпорындарды оларға артықшылықтар мен жеңілдіктерді ұсыну жолымен несиелендіру мен инвестициялауға да ерекше көңіл бөлген жөн.

6. Туристердің қауіпсіздік мәселесі.

Туристің қауіпсіздігі мемлекеттің саясатына, туроператорлар мен турагенттердің турларды ұйымдастыру кезінде қабылдайтын шараларына тікелей байланысты. Террорлық актілердің, індет пен техногендік сипаттағы жағымсыз зардаптардың өсіп отырған жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі өткір қойылып отыр.

Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мыналар қажет:

- туристік кадрларды арнайы даярлауды және туристерге қызмет көрсету жөніндегі туроператорлар мен турагенттердің қызметінде қауіпсіздік техникасы жөніндегі нормалардың, ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру мәселесін пысықтау;

- туристік ортаны қорғау және күзету;

- қорғану және қауіпсіздік мәселелері бойынша халықты және туристерді ақпараттандыруды қамтамасыз ету;

- ұйымдасқан қылмысқа, лаңкестікке және адам саудасына, әйелдер мен балаларды жұмыспен және жыныстық қатынаспен қанауға қарсы күрес жүргізу;

- Қазақстанға туристік және өзге де көші-қон ағындарының кіріп кету, оның ішінде туристің атын жамылған экстремистердің «ыстық нүктелерге» өтіп кету мүмкіндігінің алдын-алу үшін бақылауды күшейту;

- Алматы облысында туристерге көмек ретінде «hot line» режиміндегі телефондық ақпараттық қызметін құру.

Жоғарыда айтылғандай, Қазақстанның басымдығы ұсынылатын туристік қызметтердің түрінде болып табылады (экологиялық туризм, мәдени-тарихи туризм және т.б.). Бұл түрлерінің әрқайсысы өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты бірқатар мәселелерге ие.

Іскерлік туризм көлемі шағын. Шетелдік компаниялардың іскерлік жоспарлары ертерек Қазақстанда ашқан тек өздерінің бизнестерімен шектеледі. Бұнда өсу тенденциясы байқалмайды, өйткені қазір отандық бизнесмендердің өзі бос нарықтарды жаулай алады. Сол себептен Қазақстанда күш-жігерлерін жұмсап, капиталдарын салуға болатын сфераларды іздестіретін бизенсменердің ағымы енді өспейді деуге болады. Ал саяси туризм басқаша жағдайда. Қазақстан күннен күнге әлемдік саяси аренада күш алып келе жатыр. Срндай-ақ өткізілетін жері Алматы облысы болатын аймақтық және халықаралық симпозиумдар мен саммиттер шетелдік туристердің зор ағымын тарта алады. Экстремалдық спорт туризмі еліміздің кеңдігіне қарамастан нашар дамыған. Тауларға қызығып келетін альпинистер саны өте аз. Шетелдік тау шаңғышылары мен атпен жүруді жақсы көретіндер туралы да солай айтуға болады. Спорттың экстремалды түрімен шұғылданатын резидент емес туристер оларды Қазақстанда күтетін экстремалды тұрмысқа дайын емес [66].

Сонымен қатар кластер ішіндегі фирмалар арасында туындайтын қиындықтарды айыра білу керек. Олар қолдаушы институттар (ғылыми орталықтар, университеттер, қоғамдық ұйымдар, сауда-өнеркәсіптік палаталар, биржалар мен компаниялар) арасында, сонымен мемлекетік сектор органдары мен жеке бизнес арасындағы кооперация мәселелері болуы мүмкін [67]. Әрине, туристік қызметтер нарығында 100%-дық кепілдік бола алмайды. Ең тәжірибелі туристік агенттіктердің өзінде авиакомпаниялар, қонақ-үйлердің өз міндеттемелерін орындамауынан немесе ауырып қалған автобус жүргізушісінің келген рейсті күтіп алмауынан төтенше қиындықтар туындауы мүмкін. Алайда бұл қиындықтар дұрыс, әрі профессионалды жұмыс пен кластер қатысушылары арасындағы байланыс қалыптасқан кезде азаяды.

Сонымен қатар елімізде қалыптасып жатқан кластерлік жүйеге шекарасы неғұрлым кең халықаралық кластер сияқты жобаны енгізуге болады. Мысалы, туристер алдымен Самарқанд, Бұқара қалаларын көріп, одан кейін қыста шаңғы тебуге Қазақстанға немесе суға түсуге Ыстық көлге келе алар еді.

Осылайша, туризм индустриясы мен туризм кластерін дамытудағы негізгі ұлттық бағыттар мыналар:

- жаңа ораластыру және демалу объектілерін салу, көлік пен тасымалдау кешенінің қызметін кеңейту, т.б. арқылы инфрақұрылымды дамыту;

- әкімшілік кедергілерді қарапайымдау, оның ішінде визаларды тіркеу процедурасы мен бақылау жүйесінің күрделелілігін әлсірету, «туристік өнімнің» арзандауына жағдай жасау, турфирмалар үшін салық ставкасын төмендету;

- қазақстандық туристік ұсыныс пен сұраныс жайлы ақпараттық базаны жеке сектормен ынтымақтастық жасау арқылы кеңейту;

- шетел туристері үшін жеке қауіпсіздік пен беріктілікті қамтамасыз етуде мемлекеттік кепілдікті ұсыну шараларын ұйымдастыру;

- туристік объектілер құрылысын қаржыландыру.

 

3.2 Алматы облысының туристік кластерлік моделі

 

Туристік кластер жасаудың маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі туристік индустрияны одан әрі дамыту стратегиясын айқындау мақсатында 2013 жылдың 12 сәуірде Қазақстан өңірлерінің туристік әлеуетіне маркетингтік зерттеулер жүргізді [68]. Жүргізілген зерттеулер қорытындысы бойынша, Қазақстанның бәсекелік артықшылықтары мен ұзақ мерзімге арналған кластерлік бастамалар ескеріле отырып, елдің туристік индустриясын дамыту стратегиясы тұжырымдалды. Сонымен қатар туристік саланы дамытудың 2020 жылға дейінгі арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілді. Оның шеңберінде кластерлік даму бағыты қарастырылып саланың мәртебесін арттыру туралы шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Бағдарламаның негізіне туристік кластерді дамыту қағидаттары алынған.

Туристік кластерді дамыту дегеніміз - бұл туристік индустрияны өркендетіп, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті бола алатын туристік өнімдер жасауды және туристік қызмет көрсетуді қолға алу. Кластерлік даму жоспарында Қазақстанның туристік ресурстарын бағалау бойынша зерттеулер жүргізу мен туристік индустрияның даму стратегиясын анықтау.

Туризм кластерін дамытудың алғашқы шаралары болып заңнаманы жетілдіру, инвестицияларды тарту, туристік сала мамандарын даярлау табылды. Мысалы, заңнамаға өзгерістер енгізу шетелдіктердің келуіне тосқауыл болатын әкімшілік кедергілерді болдырмауға бағытталады.

Осы теорияға негізделе отырып аймақтық және аймақаралық деңгейде туризмнің бәсекеге қабілетті болуына кедергі жасаушы жағдайлар қатары анықталды [69]:

Біріншіден, өңірлерде құнды және тартымды экскурсиялық объектілерге немесе әсем ландшафттарға апаратын автокөлік жолдары жай-күйінің нашарлығы немесе ондай жолдардың мүлдем жоқтығы. Нәтижесінде, өңірдің көптеген объектілеріне көпшілікке арналған ішкі көпкүндік туризмнің қол жетпес арманы болып қалуы.

Екіншіден, тікелей объектілер жинақталған жерлерге немесе маршруттардың тораптық нүктелерінде орналасуға жағдайдың (мүмкіндіктің) жоқтығы, Нәтижесінде, ішкі туризмде жолының ұзақтығы 400 км. Болатын және жол шығыны анағұрлым жоғары бір күндік маршруттар көптеп кездеседі. Бұл жерде тынығуға мүмкіндік жоқ, жол шаршатады, сондықтан көптеген туристердің есінде сапар жағымсыз жағымен қалады.

Үшінішіден, экскурсиялық объектілер жай-күйінің нашарлығы, атап айтсақ, ыңғайлы көру алаңдарының, ақпараттық қалқандардың, бейімделген және қауіпсіз жалғыз аяқ жолдардың, әсіресе ауа-райы бұзылған (жаңбыр, қатты жел, ыстық күн) жағдайда тынығатын жерлердің жоқтығы.

Төртіншіден, шалғайдағы аудандардың жергілікті тұрғындары арасында қызмет көрсететін білікті қызметкерлердің, гид-жолсеріктердің, экскурсоводтардың, аудармашылардың, орналасқан жерлерде (қонақ күтетін және аңшылар үйлері, кемпингтер) жүргізушілер мен қызмет көрсететін персоналдың жоқтығы.

Бесіншіден, шалғайдағы аудандарда байланыс құралдарының және маршруттың жүріп өтуін бақылау, сондай-ақ шұғыл жағдайда жедел-жәрдем көрсету үшін сенімді мобильдік байланыс жасау мүмкіндігінің болмауы.

Алтыншыдан, ауылдық, әсіресе шалғайдағы аудандардың жергілікті тұрғындары маршруттарға қызмет көрсетуге қатыспайды, экономикалық тиімділік алуға тырыспайды және шын мәнінде туризмді дамытуға мүдделілік танытпайды.

Жетіншіден, облыстан бастап ауданға дейінгі жергілікті билік органдары, негізінен көп жағдайда барлық маршруттарға турфирмалар қызмет көрсетіп, салық қала бюджетіне төленетін болғандықтан туризмнен және облыс аумағында орналасқан жолдар мен объектілердің пайдаланылуынан табыс алмайды.

Өңірлердің дамуының теориялық және тәжірбиелік мәселелерін талдай келе, қазіргі уақытта туристік саланың бәсекеге қабілетті болуы үшін кластерді қалыптастыру маңыздылығы ашықталды. Саладағы баршамызға белгілі мәселелерді шешу нысаны үкімет пен жеке бизнес субъектілері арасында ынтымақтастық орнату. Олардың түпкі мақсаттары бір болған жағдайда арасындағы қатынастарды біз кластерлік модель арқылы ұсынамыз (сурет 7):

 

Ядро: -туроператорлар: - гидтер; Қонақүй шаруашылығы: - қонақүйлер; - демалыс үйлері Көлік компаниялары: -әуе, теміржол, авто
Жабдықтаушы мекемелер: - мейрамхана - қол өнершілер; - ұлттық тағам орындары - құрылыс; - қаржылық қызмет көрсетулер; - сақтандыру  
Инфрақұрылым кәсіпорындары: - телекоммуникация; - әуежай - жолдар; (тамақтану орындары; мотель; кемпингтер; техникалық қызмет көрсету нүктесі    
Мемлекеттік билік органдары: - Өнеркәсіп пен кәсіпкерлік басқармасы, - автокөлік жолдары мен жолаушылар көлігі басқармасы; - экономика, бюджеттік жоспарлау басқармасы; - мәдениетті басқару; -көші- қон басқармасы;    
Кадрларды дайындауды жүзеге асырушы мекемелер
Жетекші сала кәсіпорындары
Туристік кластер өнімі
Индустрия бірлестіктері - ҚЖМҚБ (қонақ үй және мейрмаханалардың Қазақстандық бірлестігі); - Евразия қоры;
Сурет 8. Туристік кластер моделі

Шарттыбелгілері:

Кластер кәсіпорынын қызметпен жабдықтау
Кластердегі жетекші сала кәсіпорынын қызметпен жабдықтау
Қызметпен жабдықтау
Кластер кәсіпорындарының өзара байланысының түпкі нәтижесі

Туристтерді тарту орындары туристік кластерлік моделдің өте маңызды бөлігі болып табылады, себебі олар тек туристердің сұраныстарын ғана емес, сонымен бірге әр мемлекеттің өзгеше бір нышанын көрсетеді. Қазақстанның бәсекелестік басымдығы бірегей мәдениеті (тарихи туризм), әсем жабайы табиғатының болуы (экологиялық туризм), сондай-ақ спорттық туризм, экстремалды туризм секілді қозғалыстағы демалыс түрлерімен айналысу мүмкіндіктері болып табылады. Өкінішке орай, бүгінгі күнге туроператорлардың туризмнің қандай түрлерін дамыту қажет екені туралы нақты ұғымдары жоқ.

Туристік кластердің өзегі - Алматы облысына шетелдік туристер тарту бойынша қызметтер ұсынатын туристік агенттіктер мен туроператорлар болып табылады. Қонақ-үйлер, демалыс үйлері, көлік компаниялары да сондай-ақ туристік бизенстің маңызды жоғары буындары болып табылады және туристік агенттіктер ұсынатын қызметтер пакетіне жиі кіреді [70].

Бізбен ұсынылған туристік кластер моделінде капиталды қамтамасыз етуші құрылымдар екіге бөлінген:

4. қаржыландыру мемлекет қорынан (мысалы: тұрақты даму қоры «Самұрық-Қазына») және жеке бизнес қаражатымен жүзеге асырылады;

5. қаржыландыру шетел инвестицияларын тарту арқылы жүргізіледі.

Қазіргі уақытта ақпараттық құрылымдар бизнесті жүргізу келістері мен формаларын өзгертуге өз тарапынан әсері күшті, яғни бәсекеге қабілеттілік физикалық ресурстардан материалды емес компоненттерге ауысуда: білімді алу және тарату жүйесі, озық технологияларды қолдану жүйесі, ғылыми өңдеулер мен инновацияларды енгізу, алға жылжыту және брэнд қалыптастыру, маркетингтік және консалтингтік қызмет көрсету жүйелері.

Сыртқы орта факторларын талқылай келе, қатысушы кәсіпорындардың кластердегі өзара байланысты қызметі бизнес үшін келесі қолайлы жағдайларды жасайды: кадрлық инфрақұрылым жақсарады, шығындар азаяды, тауардың жеке сапасынан ғана емес, тауарды алға жылжытудың дамыған жүйесінен қосымша бәсекелік артықшылықтар алу мүмкіндігінің қалыптасуы, халықаралық нарыққа шығу мүмкіндіктері, зерттеу және өңдеу инфрақұрылымдарының пайда болуы, сыртқы орта өзгерістерін зерттеу негізінде басқару шешімдерін қабылдау.

Моделде экономикалық құрылымды құру логикасы бойынша кластерлер ірі кәсіпорынды діңгек ретінде пайдалану арқылы немесе дербес шағын кәсіпорындардың интеграциясы жолымен құрылады [71]. Біздің ойымызша, туристік кластерге қатысу шағын және орта бизнес кәсіпорындары ішінен нақты экономикалық көрсеткіштер бойынша басымдықтарға ие болған кәсіпорындар негізінде кластерлік өнімнің өндірілуі тиімді және бәсекелік қатынастар сақталады. Моделдің басым буыны туристік фирмалардың жеткілікті көлемімен қалыптасады. Ал, дербес шаруашылық субъектісі ретінде туристік фирмалардың қазіргі заманғы қызметі күрделі екені белгілі, олардың қызметінің айрықша ерекшеліктеріне жоғары тәуелділік, яғни елде саяси, экономикалық, қаржылық, экологиялық өзгерістер туристер ағымын басқа аймақтарға бұруы мүмкін, сондықтан кәсіпкерлер стандарттық емес шешімдер тауып, нарыққа мүлдем жаңа өнімдер ұсыну арқылы туристерді тарту мүмкіндіктерін іздестіріп табуға бейімді болулары тиіс. Алматы облысында ішкі және кіру туризм түрлерінің дамуын белсендетуге туристік кластермен бәсекеге қабілетті өнімнің өндірілуі бірден бір қозғаушы фактор.

Нарықтың функциялануының қазіргі ерекшеліктерімен байланысты, мәселелерді шешудің маңызды жолдары бағдарламалық шараларды басқару мен қаржыландыру. Осыған байланысты мемлекеттік және жеке менеджменттің сай деңгейін қалыптастыру қажеттілігі туындайды және жүргізілетін шаралар келесі жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс:

· орталық және аймақтық деңгейдегі билік қызметін нақты түзетулермен қамтамасыз ету,

· жеке инициативалардың дамуына ықпал жасау,

· саланың ақпараттық кеңістігін қалыптастыру,

· сыртқы және ішкі рыноктарда қазақстандық туристік өнімді алға жылжытудың тиімді жүйесін өңдеу;

· инвестициялау және салық салу мәселелерінде қажетті нормативті- құқықтық актілерді қабылдау.

Облыс экономикасына туризмнің қолайлы ықпал жасауы оның жан-жақты дамыған жағдайда ғана орын алады. Басқаша айтқанда, туризмнің экономикалық тиімділігі оның елде әлеуметтік – экономикалық кешендегі басқа салалармен өзара байланыста болуымен және олармен қатарлас дамуына тәуелді.

Туризмнің дамуы елдің экономикасына және бәсекеге қабілеттілігіне әсер етуімен байланысты. Мұндай әсер ету тікелей және жанама әсер ету әдістерімен анықталады. Елдің экономикалық көрсеткіштеріне тікелей әсер ету белгілі шекте ұлттық есептеу жүйесінде де (ҰЕЖ) бейнеленеді. Жанама әдіс туризмнің экономикаға және әлеуметтік аяға туризмнің жанама әсер ету коэффициенті болып саналатын, туристік мультипликаторды есептеуді меңзейді.

Бүкіләлемдік туристік ұйым мамандары 1990 жылдан бастап Доминикан республикасын мысалға ала отырып, туризмнің жанама әсерін есепке алу концепциясын өңдеген. 1998 жылы БТҰ Бас хатшысы Ф. Франжеалли туристік салада СИКТА стандарттық салалық жіктеуге енгізілген түрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың қызмет ететінін атап өтті. Бұл жағдайда туризмнің жанама әсері тек қосалқы салаларда ғана емес, сонымен қатар, экономикаға толық әсері ескеріледі. Туристік мультипликатор туристердің шығындарына қарай, аймақтың (елдің) кіріс деңгейінің ұлғайғанын көрсетеді. Түрлі салалар үшін Д. Кейнспен, П. Самуэльсонмен, С. Фишермен, Х. Рюттермен, И. Криппендорфпен, В. Арчермен, С. Оуенмен, Х. Клементпен және басқалармен өңделген талдап қорытылған мультипликаторды бағалау үлгілері мен әдістемелері кеңінен таралған. Туристік мультипликаторды есептеу және туризм үлесін нақты бағалау әдісінің болмауына байланысты жеке өңдеушілермен туризм үлесінің ел экономикасының келесі көрсеткіштерінде орын алатыны көрсетіледі [72]: ЖҰӨ жасау, төлем балансының экспортының құрамында, қосымша жұмыс орындарын ашуда, аймақтық дамуда, туристерді қабылдайтын елдің жергілікті халқының кірісінде, экономиканың қосалқы салаларының дамуы: көлік, байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету, тамақтандыру, көңіл көтеру индустриясы, халықтың қолөнері, және басқалары.

Біздің ойымызша, құрылған кластерлік модель негізінде мемлекет пен жеке бизнес субъектілерімен келесі міндеттер шешілуі тиіс: кластерде туризм индустриясының барлық элементтерінің келісімді дамуы үшін мүмкіндіктер туғызу. Бұл орналасу орындары, көлік, тамақтандыру және т.б. туристік қызметтер, туристік маңызды объектілерінің өзара байланысын білдіреді; туристік саланың бәсекеге қабілеттілік саясаты мен жоспарларын тиімді іске асыру үшін реттеу мен басқарудың қажетті ұйымдық және басқа институционалды құрылымдар құру, мемлекеттің және бизнестің жалпы мақсаттарына сәйкес туристік қызмет аясын басқарылатын біртұтас жүйеге айналдыру; кластерде мемлекеттік және жеке меншік секторларының қызметтері мен инвестицияларының тиімді үйлесімін қамтамасыз ету.

Қазіргі кезде Алматы облысында даму институттары жұмыс істейді. Олар еліміздің Үкіметі атынан кәсіпкерлікті дамытуда қаржылық, маркетингтік, консалтингтік және басқа көмек көрсетуге бейімделген.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-13; Просмотров: 930; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.036 сек.