Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КІРІСПЕ 7 страница. Темір жол көлігінде Орта Азия аймағындағы елдер бойынша Ұлы Жібек




Темір жол көлігінде Орта Азия аймағындағы елдер бойынша Ұлы Жібек

жолы бағдарын жүзеге асыру үшін арнайы туристік поезды іске қосу бойынша кластер дамуының мемлекеттік бағдарламасын қолдану керек [52].

Қауіпсіздік секторы бойынша тегін облыстық телефон байланысы мен шет тілдерді білетін жұмысшылары бар туристік полицияның бөлімшесін не бөлімін ашу қажеттілігі туды. Көлік түйіндері болып табылатын әуежай, темір жол мен автокөлік вокзалдарын туризм полициясының байланыс телефондары бар ақпараттық тақталармен қамтамасыз ету керек.

Туризм мен демалыстың барлық түрлерін кадрлық қамтамасыз ету секторы бойынша көлік қызметін көрсететін компаниялар, қонақ-үйлер мен турфирмалардан бастап олардың қызметкерлерінің мамандық деңгейін біршама көтеру керек. Квалификацияны арттырудың ең жедел әдісі маманданған қысқа мерзімді семинар-курстарды өткізу болып табылады. Туризм мен демалыс сферасында персоналды жыл сайынғы міндетті аттестациялауды енгізу қызмет көрсетудің сапасын біршама жоғарлатуға мүмкіндік береді. Жоғарғы және орташа маманданған оқу орындарындағы туризм мен сервис факультеттерінде туризм мамандықтарының тізімін кеңейту қажет.

Мәдени-сауықтыру объектілерінің секторы бойынша алдыңғы жылдарға неғұрлым перспективті болып спорт объектілері табылады, бұл 2011 жылы Алматыда қысқы Азия ойындарын өткізуге дайындықпен байланысты. Спорт объектілері құрылысын не өңдеу жұмыстары жүргізіліп, барлық спорт және мәдени-сауықтыру объектілеріне шетел тілдерінде ақпараттық жазбалары бар аншлагтарды орнату қажет. Қызмет көрсететін қызметкерлер қатарында, қорғаныс қызметінен даяшыларрға дейін шет тілдерді білетін адамдар міндетті түрде болу керек.

Экскурсиялық объектілер секторы бойынша маңызды бағдар жаңа объектілер мен қазірде бар объектілерді жаңарту арқылы қала мен қала маңының экскурсиялық әлеуетін кеңейту болып табылады. Бұл бағытта 2007 және 2008 жылдары негізгі іс-шаралар қатарында «Боралдайдағы сақ қорғандары» археологиялық паркі мен «Вернен бекінісі» архитектуралық-туристік кешен құрылысы болады. Екі парк – «Әл Фараби паркі» мен «Есентай паркі» құрлыстары мейрамханалар, кинотеатрлар, қонақ-үйлер мен сауықтыру кәсіпорындарын жабдықтау есебінен Алматы облысы қонақтарының демалу мүмкіндіктерін кеңейтеді [53].

Табиғи және тарихи ресурстар секторы бойынша бағдарлар мен автокөлік тұрақтарын, демалыс алаңдарын, туристердің жаппай ағындары байқалатын жерлерде көру алаңдарын жайғастыруды өткізу. Ақпараттық қамтамасыз етуде тақталар, бекітілген бағдарлар сызбалар, бағдарларды ұйымдастырушылар мен қаланың анықтама қызметтерінің байланыс мәліметтері болу керек. Бұл мәселелерді шешу үшін облыс әкімшілігі мен ұлттық парктер әкімшіліктерімен келісілген іс-әрекеттер қажет. Осы сектор объектілерді қорғауды қажет етеді, сонымен бірге демалушылардың максималды мүмкін тәуліктік көлемін анықтап бақылау керек.

Алматы облысының туристік кластері мәселелері ең алдымен мемлекет пен бизнес тарапынан шешілуі керек. Туризмді экономиканың бір сферасы ретінде дамытуда осы екі сектор арасындағы міндеттерді бөліп көрсетуге болады.

Жергілікті және қалалық деңгейде туризм дамуының келесі мәселелері бойынша мемлекеттің белсенді араласуы қажет:

- туристік қызметтердің альтернативті нарықтарын үнемі бақылау мен қаланың келу және ішкі туризм дамуының перспективті бағыттарын анықтау;

- Алматы облысындағы туристік кластердің Үйлестіруші Кеңесінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету;

- жаңа объектілер құрылысы мен ескілерді реконструкциялау, қызмет көрсету сапасын жақсарту мен бағаларды төмендету есебінен кең туристік-рекреациондық ортаны қалыптастыру;

- шетелдердегі мемлекеттік органдар құрылымын пайдалана отырып, қаланың туристік әлеуетін барлық мүмкін бағыттар мен деңгейлерде жарнамалау, жәрмеңкелер мен көрмелерді, саммиттер мен спорттық шараларды ұйымдастыру;

- шетел тілдерінде қала мен оның маңы бойынша жол сілтеуіштерді, карталарды әзірлеу мен басып шығару;

- шетелдік туроператорлар мен БАҚ үшін Алматы облысы бойымен ақпараттық турларды ұйымдастыру;

- туризмді салауатты өмір салтының ең жақсы түрі ретінде насихаттау;

- облыс шеңберінде туризм инфрақұрылымы сферасындағы жобалар үшін жеңілдіктер мен артықшылықтарды бекіту.

Бизнес үшін Алматы облысындағы туристік кластерді дамытуға қатысуы қызметтің осы бағытына деген сенімінен білінеді және келесілерден байқалады:

- туристік қызметтердің ішкі және сыртқы туризм нарығындағы туризм мен демалыс қызметтеріне сұраныстың өсуі салдарынан қалада туристік кәсіпорындар санын одан әрі арттыру;

- шетел туристерін тарту мен Алматы облысында жаңа бағдарлар мен туризм түрлерін меңгеру бойынша туроператорлар қызметінің географиясын кеңейту;

- шағын және орта деңгейлі жеке қонақ-үйлердің құрылысын инвестициялау;

- Алматы облысының әкімшілігімен бірге туристік өнімді ілгерлету бойынша бірегей маркетингтік саясатты қолдау.

Осы туризм кластері дамуының шебер-жоспарында қаладағы туризмнің барлық түрлерінің тұрақты дамуына сүйене отырып алдыңғы жылдарға деген көрсеткіштер болжанған.

Алматы қаласы мен Алматы облысындағы туристік кластерді дамыту жоспарының перспективтілері болып мыналар табылады [54]:

1) маңызды жалпыжүйелік мәселелерді шешу (әкімшілік кедергілер, қаржыландыру, кадрлық ресурстар, маркетинг, қауіпсіздікті қамтамасыз ету);

2) инфрақұрылымды туризм сегменттері бойынша дамыту:

- Алматы қаласындағы 1000 орынға конгресс-орталығы құрылысы (іскерлік туризм);

- Облыстық және республикалық маңызы бар, туристік объектілерге апаратын жол торабына жөндеу жұмыстарын жүргізу, шағын және ірі авиацияны дамыту (экологиялық және мәдени-танымдық туризм).

3) Алматы қаласы мен облысында туризм дамуына әсер ететін туристер үшін тартымды маршруттарды жетілдіру, оның ішінде медеу мұз айдыны мен Шымбұлақ тау шаңғысы курортына көңіл бөлу, «Жібек Жолының меруерті» атты халықаралық поезды ұйымдастыру жобасын жүзеге асыру. Сонымен қатар Балқаш пен Алакөл теңіздеріне, Қапшағай су қоймасында демалыс зоналарын құру, Хоргоста еркін экономикалық аймақты дамыту;

4) қорғалатын аймақтар жүйесін одан әрі дамыту (Жоңғар және Көлсай ұлттық парктерін құру).

Алматы облысын республиканың және Орта-Азиялық өңірдің мәдени орталығы ретінде қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасына байланысты мәдени-сауықтыру кәсіпорынадарының барлық түрлерін қолдап, дамыту қажет.

Туризм мен демалыстың табиғи ресурстары қолайлы климаттық жағдайды және қала маңайы мен одан тыс орналасқан тартымды табиғи объектілерді қосады. Тарихи объектілер ескерткіштердің, құнды архитектуралық ғимараттар мен тарихи оқиғалармен байланысты орындарының – қорғандар, Кіші топтағы бекініс қабырғаларының қалдықтары, үлкен тізімін қамтиды.

Түрлі әдебиеттер бойынша жүргізілген маркетингтік зерттеулер нәтижесінде Алматы облысында туризмді дамытудың күшті және осал жақтары анықталды, олардың ішінде шетелдік туроператорларға неғұрлым маңыздыларын атап өтейік [55].

Күшті жақтары:

- Орталық Азия аймағының елдері үшін «қақпа» қызметін атқаратын ірі әуежайдың болуы. Оған қоса осы жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Президентінің нұсқауымен халықаралық стандарттарға сәйкес әуежай салына бастады.

- Таулы ландшафт, ол альпинизм, тау-шаңғылық, сноубординг, шаңғы тебу сияқты спорт түрлерін, сонымен қатар тау туризмі, су туризмі, велотуризммен дельтапланеризмдердің дамуын қамтамасыз етеді.

- Шағын аймақта ландшафттардың кең спектрінің орналасуы, экологиялық туризм негізінің болуы – Еуразияның орталық бөлігінің жануарлар мен өсімдіктер әлемі.

- Жібек жолы бағдарындағы тарихи, археологиялық, қажылық және танымдық объектілер мен ЮНЕСКО бағдарламасын жүзеге асыру барысында олардың маңызының артуы.

- Алматы қаласы мен облысында тұратын халықтардың мәдениетте, тұрмыста, ұлттық тағамдарда қоса алғандағы салт-дәстүрлердегі ұлттық ерекшеліктердің болуы.

- Көшпенді өмірдің дәстүрлі стилі – номадтар мәдениеті (киіз үйлер, салттар, спорттық жарыстар, киім мен ас үй).

- Саяси тұрақтылық.

- Бүркіт пен сұңқар сияқты құстармен бірегей аңшылықты ұйымдастырып, оған қатысу және көру мүмкіндігі.

- Демалыс пен туризмді іскер туристердің негізгі кәсіби қызметімен бірге өткізу мүмкіндігі.

- Халықаралық спорттық-көріністік туризмнің ірі өңірлік орталығы болуының перспективасы.

- Қазақстанның басқа аймақтары мен қалаларымен салыстырғанда туризм түрлерінің, демалыс пен сауықтырудың кадрлық қамтамасыз етілуі мен қазіргі инфрақұрылымның болуы.

Алматы облысының туристік сферасының қазіргі жағдайының осал жақтары әлемнің неғұрлым жақсы дамыған елдер және танылған туристік орталықтардың туристік қызмет деңгейімен салыстырыла отырып бағаланады. Ұлыбритания, Германия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея туроператорларының пікірлерінше Алматыдағы туризмнің осал жақтары болып мыналар табылады:

- Туристік қызметтердің әлемдік нарығында қаланың белгісіз болуы және кең, әрі жақсы жарнаманың болмауы;

- Қызмет көрсетудің төмен деңгейі бола тұра бағалардың жоғары болуы және бағалар мен сервис бойынша орналастыру орындарының аз ассортименті;

- Қаланың өзінде туризм үшін елеулі және танымал қызықты объектілердің жетіспеуі;

- Қызмет көрсетуші персоналдың кәсіби осал дайындығы мен барлық деңгейлерде тілдерді нашар білу.

Осы кемшіліктер шетелдегі туроператорларды толықтай Қазақстан және Алматы облысының өзінде туристік қызметтер нарығын игеруде тоқтатады. Мысалы, француздық, яғни париждік туроператорлардың Қазақстан мен Алматы облысы бойынша сұранысы әлемдік нарықтағы әрекет етуші ұсыныстардың тек 1%-ын ғана құрайды. Қазақстанмен жұмыс істеудің тәжірибесі бар француз туроператорлары бағалардың жоғарылығын, қызмет көрсету сапасының төмендігін және ұшу уақытының ұзақтығын атап өтеді. Нәтижесінде Алматы облысының туристік атағы өте төмен [56].

Алматы облысының туроператорлары мен турагенттеріне ішінара сұрау жүргізу барысында қаладағы қаладағы туризм мен қызметтер сферасының қазіргі жағдайындағы мынадай осал жақтары анықталды:

- Визаларды алуға көп уақыттың қажеттілігі мен қиындығы – Алматыға келудің аздығының негізгі бір себебі.

- Қарапайымдалған визалық тәртіп бойынша тіркелген мемлекеттердің шағын тізімі (қазіргі уақытта оған тек қана 28 ел кіреді).

- Жоғары сапалы және технологиялық стандартты жарнамалық материалдардың аздығы (карталар, жол сілтеуіштер, буклеттер), олардың бәрі Алматы облысы бойынша еуропалық тілдерде, сонымен қатар жапон, корей, араб, қытай тідерінде берілген.

- Қазақстан мен Алматы облысы бойынша жарнамалық өнімдердің мемлекеттік деңгейде жеткіліксіздігі, еліміздің туристік әлеуетін насихаттау төмен дәрежеде, шетелдердегі Қазақстан өкілдіктері мен консулдықтарындағы ақпараттық орталықтарды жарнамалық материалдармен қамтамасыз ету нашар дамыған.

Көлік қызметкерлері отандық туризм мәселелеріне немқұрайлы қарайды:

- Халықаралық сапарлардың кестесінің қолайсыздығы мен әуежай қызметіне тапсырмалардың дұрыс берілмеуі. Мысалы, жолаушылар түнгі үш кезінде жөнелтілсе, шетелден келетін қонақтар Алматыға таңғы төрт кезінде келеді. Кейбір күндері Алматы әуежайы кесте бойынша бір күнде бес рейске дейін қабылдайды, ал бұл 850 адам бір мезгілде келіп түседі деген сөз. Бір адамның құжатын тексеру мен тіркеуге әуежай мен кеден қызметкерлері орта есеппен үш сағаттан уақыт кетіреді. Одан кейін бір тәулік бойы әуежай бос тұрады.

- Алматыдан Түркістанға, Алакөл мен Балқаш көлдеріне, Щучинск- Боровой курорттық аймағына баратын тікелей ішкі авиабағыттардың болмауы.

- Жақсы жабдықталған автобустардың, сапалы жолдардың болмауы, жол бойы сервисінің төмен деңгейі туристердің табиғат әсемдігінен алатын рақатын жоққа шығарады.

- Турфирмалармен келісімі бар тасымалдаушылар қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлықпен қарайды.

- Тасымалдаушылар аяқ астынан өз қызметтеріне бағаның өскенін хабарлап, турагенттіктерді ыңғайсыз жағдайға қояды.

- Орналастыру мен көлік сферасының сандық және сапалық дамуы осал:

- Қызмет көрсету деңгейі, сервис сапасы мен бағалары бойынша қонақ- үйлердің кең ассортиментінің болмауы. Әсіресе шағын және орта деңгейдегі екіжұлдызды немесе одан төмен қонақ- үйлерінің жетіспеуі. Алматы облысындағы басым үш және бесжұлдызды қонақ- үйлердің бағалары өте жоғары және деңгейі мен бағасына сай сервистің жоқтығы.

- Қызмет көрсетуші персонал дайындығы мен сервисінің, әсіресе қызмет көрсету мәдениетінің төмендігі және тіл білмеушілігі орын алған.

- Алматы облысында орналастыру, тамақтану, көлікпен қамтамасыз ету сферасында Еуропа мен Азияның ірі туристік орталықтарымен салыстырғанда қызмет құны өте жоғары және сапасы өте төмен [57].

- Қонақ-үй кешендерінің қызметкерлері шетелдік туристерге қызмет көрсетудің халықаралық стандарттары бойынша қосымша оқытуды қажет етеді және міндетті түрде тым болмаса бір шет тілін білуі керек.

- Халықаралық стандартқа сай таксилер мен автобустар қызметінің жетіспеуі.

- Алматы облысындағы табиғи объектілер мен тарихи-мәдени ескерткіштер кешендеріндегі экскурсия жүргізушілердің шет тілін нашар білуі.

Туристік кластердің жақсы қызмет етуіне кедергі болып табылатын басты қауіп қаладағы туристік индустрияда бақылаудың болмауы. Осы жылдың көктемінде құрылған Үйлестіруші Кеңес осы қауіпті болдырмауы тиіс.

Қазақстандағы туризм дамуындағы Алматы облысының мықты және осал жақтарын талдау нәтижелерінен шыға отырып туритсік кластердің негізгі мақсатын анықтауға болады. Ол – туристік қызметтердің халықаралық нарығында қаланың тартымды туристік имиджін құру. Сол уақытта келесі мақсаттарға жету мүмкіндігі туады:

- облыс туризмінің дамуы бойынша іс – әрекеттердің стратегиялық жоспарын жасау;

- бәсекелестікті арттыру мен Қазақстанның шикізатты емес салаларының дамуы бойынша іс – шаралар жоспарын әзірлеу;

- қаладағы қоғамдық және жеке сектордың мобилизациясы;

- Алматы облысының туризм индустриясы әлеуетінің бәсекеге қабілеттігін альтернативті, өңірлік және әлемдік нарықтарда құру.

Алматы қаласы мен Алматы облысындағы туристік кластер дамуының мысалында туризм саласының әлеуеті зерттелгеннен кейін кластерлік инициативалар мен еліміздің индустриалды-инновациялық дамуын ескере отырып толық Қазақстан үшін туристік кластер жоспары мен туризмнің ұзақ мерзімді даму стратегиясы құрылады.

 


 

3 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ТУРИСТІК КЛАСТЕРІН ҚҰРУ МЕН МОДЕЛІН ҰСЫНУ

 

3.1 Ұлттық туризмді дамытуда кластерлеудің маңызы

 

Қазақстан экономикасының орнықты дамуы, елдің индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру шетелдік капиталды белсенді түрде тартуға ықпал етеді. Сондықтан да туристік индустрияны дамытуға шетелдік және ішкі инвестицияларды тарту, орталық және өңірлік билік деңгейлерінің іс-қимылын нақты үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында жоғары деңгейлі туристік менеджмент қалыптастыру, жеке бастамалардың дамуына жәрдем ету, саланың ақпараттық кеңістігін құру, қазақстандық турөнімнің сыртқы және ішкі нарыққа жылжуының тиімді жүйесін әзірлеу, инвестициялау және салық салу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдау үшін барлық алғышарттар бар. Бұл әзірлену үстіндегі өңірлік шебер-жоспарлар шеңберінде іске асыру жоспарланып отырған туризмнің кластерлік дамуының негізгі бағыттары.

Туризм әлемнің көптеген елдерінде экономиканың ең табысты салаларының бірі, алайда Қазақстанның зор табиғи әлеуетінің болуына қарамастан бұл тенденция біздің еліміз үшін әлі шынайы емес. Дамыған инфрақұрылым, қазіргі заманғы қонақ-үй кешендері, халықаралық стандартты аэропорттар болмай біз үлкен туристік ағымдарды, сәйкесінше табыстарды да күте алмаймыз [58].

Қазіргі кезде Қазақстан шетел азаматтары үшін туристік аймақ ретінде көрінбейді. Себебі ұлттық тартымды жобарлар жоқтың қасы. Ағымдағы жағдайды ескерсек елімізде ұлттық сипаттағы туристік бағдарламалардың қажет екендігі байқалады. Мұндай бағдарлама, біздің ойымызша, кластер шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс төмендегідей кедергілерді жою арқылы жүзеге асатын болады:

1. Білікті мамандардың болмауы мен зерттеулердің аз мөлшері.

Туризм саласында зерттеулермен шұғылданатын арнайы институттар жоқ (қазіргі уақытта тек мемлекеттік мекемелер зерттеулер жүргізуде). Қазақстандық компаниялар нарықты зерделеуді өз күштерімен жүргізеді. Сондай-ақ туристік объектілерді, мысалы, ойын-сауық паркінің құрылысын әзірлейтін компаниялар жоқ. Қазақстан ұсына алатын туристік қызметтерге халықаралық сұраныс, сондай-ақ Қазақстанға келуші туристердің қалаулары жеткіліксіз зерделенеді. Туризм саласының барлық білім беру институттары аталмыш саланы зерттеулер мен әзірлемелер жүргізуге қабілеті бар мамандармен қамтамасыз етпейді. Білім беру жүйесі құрылатын кластерлер үшін қажетті мамандарды даярлауда қолдау көрсетуді ынталандыу қажет.

Туристік кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз ету үшін мыналарды орындау қажет [59]:

- Халықаралық тәжірибеге сәйкес Дүниежүзілік туристік ұйым ұсынған туризм бойынша мамандықтарды «Қазақстан Республикасының бакалавриат және магистратура мамандықтарының жіктегішіне» енгізу. ЮНДТҰ ұсынатын туризм мамандықтары келесідей: туризм менеджері, халықаралық туризм менеджері, маркетинг пен жарнама бойынша менеджер, ақпараттық технологиялар бойынша менеджер, туристік агенттіктерде сатулар бойынша менеджер, қоғаммен байланыс бойынша менеджер, туризмнің белсенді түрлері, жолсеріктер мен экскурсоводтарды даярлау [60].

- туристік сала үшін кадрлар дайындайтын жоғары оқу орындарына туристік білім беру сапасының «WTO – Ted Qual» сертификатын енгізу;

- Облыстық деңгейде ғылыми-практикалық конференциялар өткізуді және кадр дайындау мен туристік индустрияны дамытудың негізгі мәселелері жөніндегі халықаралық туристік іс-шараларға Қазақстанның қатысуын ұйымдастыру;

- туристік кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары және орта оқу орындары үшін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарды, оқулықтар мен көрнекі материалдарды әзірлеуге қатысу;

- гидтер, экскурсовоттар, туризм нұсқаушыларын қоса алғанда, туристік индустрия мамандарын, оның ішінде айрықша қорғалатын аумақтар мен мемлекеттік ұлттық парктер үшін, оқытып-үйрету семинарлары мен біліктілігін арттыру курстарын тұрақты негізде жүргізу;

- Еуропа білім беру қоры мен халықаралық ынтымақтастық шеңберінде дайындалған «Туризм саласындағы ұлттық біліктілік құрылымы» (ҰБҚ) пилоттық жобасын іске асыруды және Алматы облысында ҰБҚ әзірлеу жөніндегі Үйлестіру орталығын және ортаазиялық өңір елдері үшін басқа да бірлескен халықаралық жобалар құруды жүзеге асыру.

Бұдан басқа, халықаралық сарапшылардың қорытындысы бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі маңызды шаралардың бірі оның ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуі болып табылады. Республикада саланың ғылыми-әдістемелік базасы жоқтың қасы, ал осы уақытта Германия, Ұлыбритания секілді әлемнің дамыған елдерінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұлттық туризмнің даму болашағын зерттеу және болжамдау жөніндегі орталықтар бар [61].

2. Инфрақұрылым мен демалыс индустриясының осал дамуы.

Негізгі проблема дамыған инфрақұрылымның, атап айтқанда, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қызмет көрсету саласының жетіспеушілігі болып табылады. Туристік ынтаның көптеген объектілері жеткілікті дәрежеде дамымаған. Проблемалардың бірі негізінен нашар халдегі жолдарға байланысты объектілерге жету қиындығы болып табылады.

Көптеген, әсіресе аймақтардағы қонақ-үйлер, кемпингілер, мейрамханалар Кеңес Одағының кезінде салынған. Қазіргі уақытта олардың ахуалы сыни болып табылады және жөндеуді талап етеді. Осы бағытта туристік компаниялар USD 260 миллион сомасына 29 инвестициялық жоба әзірледі. Алайда, тек 8 жобаны іске асыру перспективалары бар.

Мамандардың ойынша туризмнің дамуына неғұрлым әсер ететін қонақ- үй бизнесі, көлік, туристік агенттіктер, сонымен броньдау мен резервтеудің глобальді компьютерлік жүйелері үлкен маңызға ие. Сондықтан осы обьектілерге ерекше көңіл бөліп, олардың қызмет сапасын жоғарлату мен қызмет көрсету аясын кеңейтуді жүзеге асыру керек. Туризм инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуын, сондай-ақ қаржылық қаражаттың шектеулілігін ескере отырып, мынадай өңірлерде үш, екі жұлдызды санаттағы қонақ үйлер желісі мен туркластар құрылысына бағытталған өңірлік деңгейдегі “Еурокемпинг” жобасын іске асыру шеңберінде мейманханалар, қонақ үйлер мен мотелдер, сондай-ақ кемпингтер желісін салудың бірінші кезектегі құрылысының басымдықтарын айқындау қажет.

Алматы облысында санаторийлік-курорттық істі дамыту ерекше маңызға ие, ол мынадай шараларды іске асыруды талап етеді: санаторийлік-курорттық объектілерге сертификаттау және жіктеу жүргізу, олардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету.

Бірінші кезекте коммуникациялық жүйелерді Қапшағай су қоймасындағы, Алматы облысындағы Алакөл көлінде, Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағалауындағы (Кендірлі ауданы), жағажай туризмі және ойын-сауық индустриясы дамыған аудандарда, Жібек жолының қазақстандық учаскесінің орталығы – Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында қамтамасыз ету қажет [62].




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-13; Просмотров: 902; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.25 сек.