Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Реферат. Алматы облысында туристік кластерді дамыту




Алматы, 2015

Ылыми жетекшісі

Алматы, 2015

Алматы облысында туристік кластерді дамыту

 

 

5В011600- «География»

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

«Қорғауға жіберілді»

«___» сәуір 2015ж.

«География» кафедрасының меңгерушісі

п.ғ.к., профессор м.а.__________ К.Н.Мамирова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Алматы облысында туристік кластерді дамыту

5В011600- «География»

Орындаған Торғайбай М.

п.ғ.к., профессор м.а. К.Н. Мамирова

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі: кіріспеден, 3 тарау, 9 бөлімнен, қорытындыдан құралған, соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі ұсынылған. Иллюстрация ретінде 5 кесте, 4 диаграмма және 7 сурет келтірілген. Жұмыс 80 баспалық бетте орындалған.

Түйін сөздер: туризм,туристік кластер,нарықтық экономика, туристік –рекреациялық ресурстар, кластер моделі.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Алматы облысында туристік кластерді дамытудың теориялық және практикалық негіздерін зерттеу мен кластерлік моделін құру бойынша нақты ұсыныстарды жасау.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

- кластерлеудің әлемдік тәжірбиесі мен теориялық негіздерін талдап қорыту;

- туристік кластерді мемлекеттік реттеу қажеттілігін негіздеу;

- туристік салада кластерлік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттарын көрсету;

- Алматы облысында қазіргі заманға сай кластерді құру мүмкіндіктерін негіздеу;

- туристік кластердің бәсекеге қабілеттілігін анықтау

Негізгі әдістері: Зерттеу материалдарын өңдеуде логикалық,жүйелік, статистикалық және салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылады.

 

Алынған нәтижелер

Туристік кластердің өзегі - Алматы облысына шетелдік туристер тарту бойынша қызметтер ұсынатын туристік агенттіктер мен туроператорлар болып табылады. Қонақ-үйлер, демалыс үйлері, көлік компаниялары да сондай-ақ туристік бизнестің маңызды жоғары буындары болып табылады және туристік агенттіктер ұсынатын қызметтер пакетіне жиі кіреді.

Бізбен ұсынылған туристік кластер моделінде капиталды қамтамасыз етуші құрылымдар екіге бөлінген:

1. қаржыландыру мемлекет қорынан (мысалы: тұрақты даму қоры «Самұрық-Қазына») және жеке бизнес қаражатымен жүзеге асырылады;

2. қаржыландыру шетел инвестицияларын тарту арқылы жүргізіледі.

Қазіргі уақытта ақпараттық құрылымдар бизнесті жүргізу келістері мен формаларын өзгертуге өз тарапынан әсері күшті, яғни бәсекеге қабілеттілік физикалық ресурстардан материалды емес компоненттерге ауысуда: білімді алу және тарату жүйесі, озық технологияларды қолдану жүйесі, ғылыми өңдеулер мен инновацияларды енгізу, алға жылжыту және брэнд қалыптастыру, маркетингтік және консалтингтік қызмет көрсету жүйелері.

Сыртқы орта факторларын талқылай келе, қатысушы кәсіпорындардың кластердегі өзара байланысты қызметі бизнес үшін келесі қолайлы жағдайларды жасайды: кадрлық инфрақұрылым жақсарады, шығындар азаяды, тауардың жеке сапасынан ғана емес, тауарды алға жылжытудың дамыған жүйесінен қосымша бәсекелік артықшылықтар алу мүмкіндігінің қалыптасуы, халықаралық нарыққа шығу мүмкіндіктері, зерттеу және өңдеу инфрақұрылымдарының пайда болуы, сыртқы орта өзгерістерін зерттеу негізінде басқару шешімдерін қабылдау.

Моделде экономикалық құрылымды құру логикасы бойынша кластерлер ірі кәсіпорынды діңгек ретінде пайдалану арқылы немесе дербес шағын кәсіпорындардың интеграциясы жолымен құрылады. Біздің ойымызша, туристік кластерге қатысу шағын және орта бизнес кәсіпорындары ішінен нақты экономикалық көрсеткіштер бойынша басымдықтарға ие болған кәсіпорындар негізінде кластерлік өнімнің өндірілуі тиімді және бәсекелік қатынастар сақталады. Моделдің басым буыны туристік фирмалардың жеткілікті көлемімен қалыптасады. Ал, дербес шаруашылық субъектісі ретінде туристік фирмалардың қазіргі заманғы қызметі күрделі екені белгілі, олардың қызметінің айрықша ерекшеліктеріне жоғары тәуелділік, яғни елде саяси, экономикалық, қаржылық, экологиялық өзгерістер туристер ағымын басқа аймақтарға бұруы мүмкін, сондықтан кәсіпкерлер стандарттық емес шешімдер тауып, нарыққа мүлдем жаңа өнімдер ұсыну арқылы туристерді тарту мүмкіндіктерін іздестіріп табуға бейімді болулары тиіс. Алматы облысында ішкі және кіру туризм түрлерінің дамуын белсендетуге туристік кластермен бәсекеге қабілетті өнімнің өндірілуі бірден бір қозғаушы фактор.

Нарықтың функциялануының қазіргі ерекшеліктерімен байланысты, мәселелерді шешудің маңызды жолдары бағдарламалық шараларды басқару мен қаржыландыру. Осыған байланысты мемлекеттік және жеке менеджменттің сай деңгейін қалыптастыру қажеттілігі туындайды және жүргізілетін шаралар келесі жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс:

· орталық және аймақтық деңгейдегі билік қызметін нақты түзетулермен қамтамасыз ету,

· жеке инициативалардың дамуына ықпал жасау,

· саланың ақпараттық кеңістігін қалыптастыру,

· сыртқы және ішкі рыноктарда қазақстандық туристік өнімді алға жылжытудың тиімді жүйесін өңдеу;

· инвестициялау және салық салу мәселелерінде қажетті нормативті- құқықтық актілерді қабылдау.

Облыс экономикасына туризмнің қолайлы ықпал жасауы оның жан-жақты дамыған жағдайда ғана орын алады. Басқаша айтқанда, туризмнің экономикалық тиімділігі оның елде әлеуметтік – экономикалық кешендегі басқа салалармен өзара байланыста болуымен және олармен қатарлас дамуына тәуелді.

Туризмнің дамуы елдің экономикасына және бәсекеге қабілеттілігіне әсер етуімен байланысты. Мұндай әсер ету тікелей және жанама әсер ету әдістерімен анықталады. Елдің экономикалық көрсеткіштеріне тікелей әсер ету белгілі шекте ұлттық есептеу жүйесінде де (ҰЕЖ) бейнеленеді. Жанама әдіс туризмнің экономикаға және әлеуметтік аяға туризмнің жанама әсер ету коэффициенті болып саналатын, туристік мультипликаторды есептеуді меңзейді.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-13; Просмотров: 684; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.018 сек.