Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

В глазах знатаков 51 страница




Вовек моя душа не расцветет,

Пусть блещет солнце, пусть луна взойдет!

Енді осы екі тармақты қазақшаласақ:

Мәңгі бақи көңілім ағармайды,

Күн шығып, ай туса да, –

болып шығады.

Әрине, алғашқы жолды жаңсақтыққа баламай, образдың ішкі қуаты мен әсері әлсіз шыққандығына реніш білдірейік. Ал Абайдың бүкіл ғаламды алақанына салып, «Аспанда Ай менен Күн шағылса да» деп ғарыштық аллегория, шендестіру арқылы бейнеленген ғажайып теңеуін, кәдімгі қара байыр ұғымының қалыбымен құйып, бәсеңдетіп жіберген. Егер де сөз танырлық адамға саралатсаңыз, күнделікті шілдехана, ойын - тойда айтылып, жаттанды болған:

Алыс дейді Көлмекөл көрмегенге,

Күн күркіреп, жаз шығар өлмегенге,

деген қос жолдың поэтикалық әсерін аудармадан жоғары бағалары анық.

Абай «Жарық етпес қара көңілім не қылса да, аспанда Ай менен Күн шағылса да» – деп, махаббат ұғымының өзін бүкіл кеңістіктердің тылсымынан жоғары қойып отыр. Тіршілік үшін, табиғат үшін Ай мен Күннің өз шеңберінен ауысып, бір - бірімен шағылысқанда да көңілдегі түнге, махаббат түніне сәуле түсіре алмақ емес. Мұндай табиғат зауалынан да жүрек азабы күшті. Ал сондай психологиялық көңіл - күй жай ғана таңның атып, күннің батуындай үйреншікті көрініс ретінде бейнеленген. Тіпті, таң атып, күн батса да көңілім сергімейді деп жырлау Абай поэзиясына қиянат. Осының барлығы экспрессивті түрде түйдектеліп келіп:

Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ,

Саған жар менен артық табылса да, – дейді.

Ал аудармашы М.Замаховская бұл ой екпінін алдыңғы жолдарға байланыстырмай:

Тебя одну я люблю в целом свете,

А ты влюбленным потерияла счет,–

деп, Абайдың творчестволық кредосына, ойлау жүйесіне мүлдем қайшы кереғарлыққа ұрынған.

«Жар» ұғымы сүю мағынасына келіңкіремейді, одан гөрі биік тұрған бейне. Ақын ғашықтық сезімінің ыстық - суығынан жоғары, адал жарды, ғұмырлық жан серігін, жан қуатын, жүрек жылуын, мейірімін мегзейді. «Саған жар менен артық табылсада - ның» астарында мененде парсаты, көңіл шуғы мол адамды табарсың, бірақ мен үшін ең асыл сенсің» деген емеурін бар. Оны:

Ал сен өзіңді сүйгендердің есебінен жаңылдың –

деп кінә тағып емеурін танытуын Абай шығармасының аудармасы емес, оған жазылған пародия деп қабылдауға болады.

Бір сөзінің өзін алып тастаса, не өзгертсе орны үңірейіп тұратын Абай үшін мындадай образдық, мағыналық бұрмалаулардың тигізер зиянын тілге тиек етпесе де түсінікті. Күн мен Айдың шағылысуынан бастап түйдектеліп, сағынсада, зарықса да, жек көрсе де оның табасына шыдап, рухани азапты жеңіп шын ғашық:

Шыдайды риза болып жар ісіне,

Қорлық пен мазағына табылсада,

деп түйеді.

Ойдың екпіні осы соңғы екі жолда бір - ақ түйінделеді. Бүкіл өлеңді байланыстырып ұстап тұрған – «шыдайды риза болып». Онсыз бүкіл туынды қолдан сусып шыққан арқан сияқты ұстатпайды. Мұнда таба да, қорлық та, тұрақсыздық та махаббатқа бөгет, тосқауыл қоя алмайды. Ол – құшағынан шығармайтын тылсым күш. Сондай сезімнің сиқырлы қуатты өмірлі үкімін:

Егер ол маған кекесінмен күлсе,

Құмар жүрекке үндемеуге әмір етемін.

 

/И если надо мной она смеется,

Молчать я сердцу страстному велю/

деп арзандатып, тереңде жатқан ой салмағын судың бетіндегі қайықтай қалқытып қоюға көнуге, сенуге, сезінуге бола ма.

Жоқ. Бұл рухани тұнығымызды лайлау, асылды жасыту. Аударма, оның ішінде Абай аудармасы мұндай әбестіктен аулақ болуы шарт.

Реті келгенде Абайдың көңіл күйді табиғат құбылысымен астастырған тағы бір өлеңінің жай күйіне қысқаша тоқтала кетейік. Мұнда ұлы ақын адамның кей сәттердегі уайымды күйін, торыққан сәтін, өз-өзімен болып, оңаша қалып, өкінген шағын жауынды күнмен жарыстыра суреттейді. Бұлт сөгіліп – жаңбыр төксе, адамның жаны егіліп жас төгеді. Үнемі емес кей уақта. Сары уайым емес, анда - санда кеудеңді қысқан өксік ол. Сол күйді Абай:

Көк ала бұлт сөгіліп,

Күн жауады кей шақта.

Өне бойың егіліп,

Жас ағады аулақта, - деп бейнелейді.

Енді А. Глобаның тәржімасына назар салыңыз:

Тучи набегут порой,

Прольются серым дождем.

Набухнет сердце тоской,

Заплачут печали в нем.

«Көк ала бұлт сөгіліптің» мәнін осы шумақтағы қай жол беріп тұр? Ешқайсысы. «Өне бойың егіліптің» баламасы қайда? «Жүрегің толып өксікке, қайғы мұң одан төгілер» – деген қос тармақ жалпы көңіл - күйдің жайын жеткізгенімен, жаңбырмен, бұлтпен параллель берілетін психологиялық шендестірудің желісі үзіліп қалған. Сондықтанда:

Жауған күнмен жаңғырып,

Жер көгеріп күш алар, –

деп ауа тынысы жаңарған, сергіген өзгерісті, яғни түлеген табиғаттың:

Дождь прошел – ярче трава,

Смеется каждый ручей, –

деп өз бетінше өзге көріністі көз алдыңа әкелуіне таңданбайсың.

Ақынның адам жанымен астасқан, табиғатпен тұтасқан болмысы ұмытылып, жай ғана жаңбырдан соңғы бұлақ боп аққан жылғалар ғана бейнеленген. Абайдың творчестволық құдіретін білдіретін емеуріннен айрылған соң, өлеңнің әрі жойылып, арзанқолды дүниеге айналды. Орыс тілінде оқитын оқырмандарға «Абайдың ең үздік лирикасының бірі» – деп қалай ұсынасыз, оларды қандай екі ұшты күдік билейтінін аңғару қиынға соқпайды, аударылмағанының өзі жақсы еді - ау деген ойға қалуың да заңды.

Демек, Абай поэзиясын аудару барысындағы үшінші кілтипанды оның өзі көркемдік тәсіл, бейнелік сурет, түйдектелген /экспрессивті/ ой ағыны ретінде пайдаланылған, табиғат құрылысы мен адамның жан дүниесі астасып, ішкі әлеммен қоса қопарыла құбылуындағы психологиялық үндестік үнінің бұзылуынан, тұтастығының бөлшектенуінен іздеу лазым. Бұл поэтикалық қасиеттің босаң тартуы – Абай поэзиясының да көркемдік бояуының оңуына, оның қадірін түсіріп, бағасын арзандатуға жетелейді.

 

4. «Сағаттың шықылдағы емес ермек» – «Не просто это звук часов«тик – так».

 

Абайдың ойы кемелденіп, өмірдің ащы - тұщысын басынан кешіп, жан - жағына үңіліп, жалпы болмыс, жалған, уақыт, заман ұғымдарын саралаған шақта жазылған осы өлеңде оның бүкіл философиялық көзқарасы, танымы берілген. «Сағаттың шықылдағы емес ермек» – дегенде үлкен философиялық категориялық ұғымдық емеурін бар. Бұл арада Абай жай сағаттың шықылдағанын мегземейді, одан кеңістік өлшемі, заман ағымы, дүние қозғалысы танылады. Орыс тіліндегі «колесо времени» – заман дөңгелегі – деген ұғымды танытады. Ал аударма барысында ақынның ол ойы мүлдем өзгеріп, заттық қана мағына беріп, жұтаң тартып, жүдеп шыққан. Ақынның өмір философиясын түсінбей тұрып, жалаң сөздің етегінен ұстау қашанда адастырады. А.Глоба да, Ю.Нейман да дәл сондай күйге ұшыраған. Ойды жеткізуге ұмытылмай, тек өздерінің жаңа бір мазмұндамасын ұсынып, жеңіл - желпі өлең дәрежесінде ғана баяндап шыққан. Әйтпесе, заманының заңдылықтарын, өмірдің өтпелілігін диалектикалық таным тұрғысынан жазылған:

Сағаттың шықылдағы емес ермек –

деген терең тамырлы өлеңді:

Не просто это – звук часов, «тик – так» /Ю. Нейман/, немесе:

Вечность – круг, круг часов – циферблат –

деп пародия дәрежесіне жеткізіп, ойдың өңірін аударып беруді қалай түсінуге болады?

Осындай сәттерде орыс тіліндегі жинақтың бетін ызалана жауап, өз-өзіңнен қысылып, Абайдың орыс оқырмандарына мұндай күйде мүшелеп ұсынылғанына жаның ашиды. Неткен дәрменсіздік еді! Одан әрі қарай оқиық:

Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,

Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек,

Өлеңнің барлық мәйегі, екінші жолдағы: «Өтті, өлді, тағдыр» сөзіне ұйыған. Материялық құбылыстардың өзгеруі, жанды дүниенің жалғандығы, уақыт көші таразыға тартылады. Ал аудармашылар жаттанды,

Минута – и жизнь человека прошла,

Прошла – никогда не вернется назад. /А.Глоба/

***

Прошла минута – стала жизнь короче,

И жизни бег удержать никак /Ю. Нейман/

Қазымырлап, жіктеп талдаудың қажеті бола қоймас. «Өтті, өлді, тағдыр» деген сөздердің поэтикалық та, философиялық та мағынасын аудармадан іздеп таба алмайсыз. Тым құрығанда сәулелі ойдың көлеңкесі қағаз бетіне түссеші. Өлеңді әрі қарай оқығанда бұған да зор қиянатқа кезігесің.

«Тик – так» … Часы отсчитывают путь,

Часы напоминают: не забудь.

Проходит все необратимо время,

Пришедшие во веки не вернуть.

/ Ю.Нейман/

***

Это вор – Часы! Тихи шаг, зорки взгляд,

Твою жизнь сторожат – отдашь рад не рад.

Постоянства нет, жизнь пришла и ушла,

Пришла и уже не вернется назад /А. Глоба/

Осы екі шумақтың екеуінің де соңғы екінші тармағы алдыңғы өлеңнің аяқталуын сөзбе - сөз қайталап тұр. Ал Абайда алдындағы «өтті, өлдінің» орнына:

Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді кетті,

Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман

деп тұр ғой.

Ол ой аударманың бойынан қылаң да бермейді. Екі аудармашы да Абайдың терең философиясына үңілмей, бетінен қалқып, өздеріне оңтайлы жолмен жортақтатып әкеткен.

Өткен өмір белгісі осы сыбдыр,

Көңілді күйге сындыр, әлде тындыр, - дегенді

Ю. Нейман:

Хоть расшибись, а все же это так!

Унасить жизнь привычный звук «тик – так»,

А.Глоба:

Убегай от жизни иль жизнь догоняй,

Укрошай желания или улоляй;

***

Ақыл анық байқаған қылығыңды,

Қу шыққансып қағасың босқа бұлдыр, - дегенді

Ю.Нейман:

Хоть все обманывать себе готовы,

Но в тайне понимает всяк:

А.Глоба:

Не уидешь от дел и поступков сових,

Мерен шум проходящей жизни, внимай;

***

Сүйенген, сенген дәурен қалған болса, – дегенді

Ю.Нейман:

Не вечен, видно, век у человека.

А.Глоба:

Если жизнь обманула, что с нее взять –

деп алыпты.

Иә, аудармаған. Өздерінің жанынан қосқан. Образға, ойға жүгінбей долбармен жеткізген. Тіпті, өз беттерінше еркінсіп кеткені сондай, үш текст «аққу, шортан, шаян» сияқты үш жаққа тартып тұр. Өлең – біреу, автор – біреу. Тым болмаса екі аударманың ішінде ұқсас, аралас бір шумақ болсашы! Бірі: «Адамның өмірі ұзақ емес» десе, екіншісі: «Егер өмір алдап кетсе, одан не аласың» – деп сәуегейсиді. Апырмау Абай «сүйенген, сенген дәурен жалған болса» демей ме? Егер, осы екі аударманы қатар қойып оқыса, екі адамның жазғаны деп қабылдары анық. Ұқсастығынан айырмашылығы көп.

Аудармалардағы осындай алшақтықтар «Өлсе өлер – табиғат, адам өлмес» атты өлеңде де кезігеді. Демек, тәржұмадағы төртінші ағаттық – творчестволық еркіндікті желеу етіп, еркінсуге бой алдырғандық болып табылады. Яғни, бұл Абай философиясын түсінбеген тұстарда аудармашылар өз жанымен «жанашырлық» жасаған жасанды шумақтар. Бұл – өлең үшін ең қауіпті тәсілдің бірі.

 

 

5. «Көлеңке басын ұзартып» – «Когдда станет длинною тень»

 

Аудармаға қойылатын басты талап – түпнұсқаға адалдық. Мейлі, қандай еркін тәржіма болсын, ол ақынның әуелгі нұсқасымен үндесіп жатуы керек. Біз бесінші өлеңді тілге тиек еткенде, басты назарды Абай суреттеген жайлардың бейнелік көріністерінің өзгеруіне аудардық. Көкжиек – қазақ тіліндегі: табиғи құбылыстардың поэтикалық өлшемі, белгілі уақыттың мерзімі, өткен өмірдің белгісі ретінде де ауыспалы мағына береді. Ал – қорған, ол уайым – қайғыны мекзейді. Екеудің бір мағынада қолданылуы мүмкін емес. Өзге-өзге, Абай бұл ұғымдарды шатастырмайды. Өкінішке орай, «көлеңке басын ұзартып» атты өлеңдегі «көкжиек» орыс тілінде қорғанға айналып кетіпті.Абайдың 1945 жылғы жинағында – А.Глоба, 1985 жылғы жинағында А.Штейнберг аударды делінген. Екі - үш сөздің редакцияланғанын ескермесек, егіздің сыңарындай ұқсап тұр. Сонымен, салыстырып көрейік:

Абай:

Көлеңке басын ұзарып,

Алысты көзден жасырса.

Аударма:

Когда станет длинною тень,

И запад прохлодно багрян.

Әр сөзді орын - орнына қойып, мінсіз келісім іздеген Абай өз өлеңінде «көлеңке басын ұзартып, батыс қызара салқындады» – деп жазбаған. Ақын үшін артық сөз және өлеңнің психологиясына симайды. «Алысты көзден жасырса» – ымырт үйрілер шақты мегзейді. «Қараңғы түнде тау қалғыптың» алдындағы «бейуақ». Оған «батыс» «салқын тартты» деген сөздер қайдан қосылды? Неге қосылды? Жә, бұған да көндік. Ал:

И путь завершая, день,

Шагнет за дальний курган, –

дегендегі «қорған» қайдан келді?

Бұл екі тармақты кез - келген оқырманның көз алдында мүлгіген мазарлар елестейді. Ендеше:

Күнді уақыт қыздырып

Көкжиектен асырсаны –

қайда қоямыз. «Көкжиекті!» қорғанға айналдырудың қандай қажеттілігі болғандығы тек аудармашылардың өзіне ғана мәлім шығар.

Мұндай мысалдарды талдап, реплика тастамай - ақ, рет - ретімен келтірсек, оқырмандарға түсінікті болар дейміз. Тек, теңеулерге, образдардың аударылуына, ішкі үндестікке назар салсаңыз, жеткілікті.

Абай: Төмен қарап мұңдасасарВечерный сумрак в огне,

Ой жіберіп ер жаққа.Жизнь – вся уже позади.

Абай: Кім алдады, кім тоқпақ,Беды прошла колея,

Салды, соны салайды. – Прошла по ней горе – вол.

Абай: Нені тапсаң, оны тап,И топтал ее человек,

Жарамайды керекке.И не раз заносил песок

Абай: Өңкей уды жинап ап,Добывая, стяжай весь век,

Себеді сорлы жүреккеЖизнь спросит: «Какой в том прок?

Абай: Өкінді, жолың бекінді – Плохую память приспи,

Әуре болма, оны қой.Вздох и досада к чему?

Абай: Ермен шықты ит қылыпСредь пшеницы в поле полынь,

Бидай шыққан егінге.Поле жизни мудро пройди.

Осы қос тармақтарды жарыстыра сараласақ, өзара ешқандай үндестік, ұқсастық таппаймыз.

Әрине, Абайға телиміз. Телісек те, мұны ұлы ақын қабылдай ма? Егер де, ақынның өзгеріске ұшыраған өлеңі жалғыз осы болса мейлі ғой. Бірақ, ондай медет тұтарлық аударма әзір жоқ. «Тыныш өлсеңші тегіндені» – «умри, как страник в пути» – деп, тыныштықты аңсаған адамды аудармашының дәруіш боп, жолда өлуіне жол сілтеуі де көп қайшылықтан хабар берді. Жоғарыдағы тектес салыстыруларды әр аудармадан іздемей - ақ табуға болады.

 

6.«Тоқтықұс түсті көбелек» – «Мотылек чей светел наряд»

Абайдың өлеңдерін әшекейлеп, әсірелеп, күміспен күптеудің қажеттігі бар ма? Ақынның өзі көңілінен шыққандағы бояуға бояу қосып, «алтын иек, сары ала қыз» жасауға бола ма? Әрине жоқ. Ұлы ақын өз поэзиясында өмірдің, не табиғаттың бір ғана құбылысын алып, соны жырлап қана қоймаған. Ол бір көрініске болмыс, жаратылыс, өмір, тіршілік, елдік ғұмырын сиғыза қатар өріп, астарлап отырады. Сондықтан да Абайдың табиғат лирикасын таза пейзаж, сурет деуге келмейді. Бұл ұғымға симайды. Орыс тіліндегі аудармаларда осы ерекшелік мүлде ескерілмеген. Бұған қатысты кемшіліктер «Көк ала бұлт сөгіліп» атты өлеңін талдағанда айтылды. Дегенменде «Тоты құс түсті көбелектің» аудармасын оқи отырып арнайы тоқталмасқа болмайтынын түсіндік. Себебі аталмыш өлеңді тәржімалаудағы әбестіктер Абай туындыларының көбіне тиесілі.

«Тоты құс түсті көбелек» – өмірдің қилы - қилы құбылысын, өзгеруін, айнымалы бояуын адамның танымы арқылы сабақтайды. Дүние өзгереді, заман ауысады, адамның мақсаты ғана өзгермейді, уақыт алмасқаннан ізгі ақыл - ой қалады – деген философиялық ой қозғайды. Аударма барысында бұл ойдың барлығы назардан тыс қалған. Тек қана «тоты құс түсті көбелектің» өзі ғана алынып, соны қызықтаумен басқа арнаған түсіп кеткен. Яғни қос қанатты көбелек туралы өлең болып шыққан. Абай көбелектерді «жаз сайларда түлемек» – дегенде тіршіліктің думанын; «Бәйшешек солмақ, күйремек, Көбелек өлмек», – дегенде сол бір адамның ғұмырының көктемін, жазын, өмірінің өтпелілігін айтып, ой салады. Аудармада ондай ой нышан бермейді. Біле - білсек бұл көбелек туралы емес, өмір туралы жыр ғой. Екі өлеңнің қаншама қарама - қайшы екендігін сөзбе - сөз салыстырсақ, анық байқалды:

Тоты құс түсті көбелек/ Бәйшешек солмақ, күйремек.

/Мотыльки, чем светел наряд/ Но спугнет гроза, сад примят.

Жаз сайларда гулемек/ Көбелек өлмек, сиремек.

/Вам, цветы, привет свой дарят / И они назад не летят (М.Петровтың аудармасы)

Көрдіңіздер ме, кереғарлықтың қандай дәрежеде екендігін. Орыс тіліндегі нұсқада Абайдың көбелек – жалғаны, кәдімгі найзағайдан қорқып бақшаға тығылған көбелек болып шыққан. Егер осы аударманы қазақша сөйлетсек, ешкімде оны Абайдікі деп қабылдамас еді.

Қараңыз: Әдемі жасаулы көбелек, Сендерге гүлдер сәлем жолдайды, Найзағайдан сескенбеңдер, бақша бар, Енді олар кері ұшпайды.

Әрине, сөзбе-сөз аударма өлеңнің сәнін кетіріп тұр. Бірақ бізге керегі – мағынағой.

Адамзатқа не керек:

Сүймек, сезбек, кейімек.

Сүю, сезу, күресу – бұл Абайдың философиясындағы – иманигүл, адамгершілік негізі, жүрек қуаты. Сондай кең мағынаның тарылып кеп:«Череда удача и утрат» болып, сәттілік пен сәтсіздіктің кезегіне сиып кеткені өкінішті - ақ. «Ақылмен ойлап сөйлемек» – «И скорей ответа хотят»; «заманды қай жан билемек» – «бремя злых помех снять бы рад» – деген жолдардың өзара туыстығын табу оңай емес.

Жалпы Абайдың философиялық өлеңдерін аударғанда, оның ұғымдық категорияларына, болмысты танудағы және оған баға берудегі терминдік ұғымдарына қатты назар салып, талдап, анықтап барып соған тиісті балама іздеу керек. Әдетте, ауызекі тілде «заман», «замана» сөздерін бір мағынада қолданамыз. Ал Абайда бұл екеуі – екі ұғымдық, тілдік, философиялық категория. «Заман» – белгілі бір дәуір, қоғамдық формацияның сатысын қамтиды. Ол екеу, үшеу, бесеу болуы мүмкін. Көпше түрде де пайдаланылуға болады. Ал «Замана» – жалғыз, жекелік ұғым. Ол – бөлінбейді. Бұл – жалпы кеңістікті, галактикалық ғарыш әлемін қамтиды. Сондықтан да Абай:

Заманға заман күйлемек,

Замана оны илемек –

деп даралай қарайды.

Заманға заманның күйлеуі – бір дәуірдің ішкі қозғалысы, күресі арқылы екінші дәуірге ұласуы. Соның барлығы – заманаға, жалпы кеңістіктің заңдылығына қатысты. Бұл материалистік диалектикаға негізделген өлең жолдары. Мұндай мәңгілік жалғанның философиясын қозғайтын өлеңнің:

Жизнь – тоска и смех, блеск и чад,

Скоро придет, и ты смертью взят –

деп әлім мен өмірдің арасындағы пендешіліктің мұңына айналып кетуі көңілге қона қоймайды.

Абайдың ойлау жүйесін тарылтып, оптимистік реализмге негізделген емеурінін шығыстың «тәркі дүние» сарынына телітіп шыға келген. Аудармашылар шығыс ақындарының рубайларындағы өмірдің жалғандығы туралы айтылатын образдық ойлау жүйесін Абайға қолданған. Әрине, бұл әдеби ағымнан ұлы ақын үйренген. Бірақ, ол еліктемеген. Өзінше ой түйген. Бұл тұрғыдан алғанда Абай – Гетемен, Пушкинмен тамырлас. Образдарында да, ойлау жүйесінде де жалғанның жалғандығы жалпылама риторикадан гөрі нақтылыққа құрылады.

Біз, Абай поэзиясының орыс тілінде аударылу барысындағы сәтсіздіктердің ең бастысы және жеңіл икемге көне қоймайтын ең қиын түйіткілі – осы философиялық ұғымдар мен оның астарының толықтай жетпеуі деп ойлаймыз.

Бүкіл жаратылыс құбылысын бағамдаған Абайдың тереңдігі, ой салмағы, мейірімі, сезім иірімі ұмытылып, ырғақ – ұйқастың, қызыл сөздің, насихаттың жетегіне еріп тақпақылдап сөйлеуі – әуелі халқымыздың рухани мұрасына, Абайдың творчествосына жасалған қиянат. Бұл мәселені қандай да қиындық болмасын халық болып шешетін кез келді. Енді кешіктіріп, салақтыққа бой алдыру – рухани байлығы молайған, философия, әдебиет, мәдениет саласы терең тамыр алған кезде халқымыздың асыл қазынасының қадірін білмеу болып табылады. Бүгінгі таңдағы халқымыздың танымдық ақыл - ойының өсуі қандай да болмасын рухани өмір саласындағы тосқауылдарды жеңуге мүмкіндік береді. Ендеше, бір сәт ойлап, нақты шешім қабылдайтын уақыт жетті деп ойлаймыз.

Абайдың: «Алты өлеңмен білдірдім әннің жайы» – деп өзі айтпақшы алты өлеңінің орыс тіліне аударылуын тілге тиек ете отырып, тәржіманың көркем дәрежесі қандайлық күйде екендігінен мағлұмат беруге тырыстық. Қазір Абай поэзиясы жақсы аударылмаған деген пікір берік қалыптасып қалған. Алайда оның дәл осындай аянышты күйде екендігін екінің бірі сезіне бермейді. Қашан түпнұсқа мен аударманы салыстырғанша біз де «тым құрығанда ойының жұқанағы жеткен шығар» – деген дәмелі күйде едік. Бүкіл бір өлеңнің тоны өзгеріп шыға келгенде – таңданбасқа шара болмады. Өлең емес - ау, Абай поэзиясының өңі – сынық, бояуы – боз, ойы – шолақ, көңілі – пәс болып шығыпты. Бұдан әрі төмендетудің өзі қиын шығар. Ал, қара сөздерінің де «жай-күйі» көңілге шуақ әкеле ме. Ол өзі бір басқа әңгіме.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 376; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.09 сек.