Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

В глазах знатаков 52 страница




Қорыта айтқанда: Абай поэзиясының орыс тіліндегі аударылуы мәселесін дәл осы күйде қалдыруға болмайды. Қайтадан тәржімалануы тиіс. Қазір жекелеген шаралар қолданылып жатыр. Бұл аздық етеді. Оған бүкіл халық қосыла атсалысуы тиіс. Абайдың философиялық көзқарасын, әр өлеңдегі образдық бейнелерді, емеуіріндерді, ойлау жүйесін жеке - жеке талдап, аудармапшыларға түсіндіру керек. Әйтпесе, жолма - жол тәржімадан терең мазмұн шықпайды. «Абайға Абай болайық» – дегіміз келеді. Өйткені Абай туралы сөйлеу, Абай болып сөйлеу – халық туралы сөйлеу, халық боп сөйлеу деген сөз.

P.S.

Ой салу ретінде жазылған осы мақаладан кейін біраз жылдардан соң Жазушылар одағы Абайдың орыс тіліне аударылуын тиянақты қолға алды. Ақынның туғанына 150 жыл толуы қарсаңында М.Дудиннің, Ә.Қодардың, Е.Курдаковтың, Б.Қанапияновтың, М.Әдібаевтің т.б. жекелеген аудармалары жарияланды. Әрине, ол аудармалар жоғарыдағыдай қарабайырлықтан арылған. Бірақ та жалпы көтерілген мәселе толық көркемдік шешімін тапқан жоқ. Сондықтан да жазылған тарауды іркіп өалудың ретін таппадық.

 

 

24. «СӨЗ ТАНЫМАЙТЫН ЕЛГЕ СӨЗ АЙТҚАНША...»

(немесе Абайды арандатпайық!..)

Тәуелсіздіктің жолы ешқашанда тауқыметсіз болған емес. Оның ішінде рухани, психолгиялық тәуелділіктен арылу үшін әлі де ширек ғасыр уақыт қажет шығар. Өзге халықтың парасатына, ақыл - ойына үстемдік жүргізіп дағдыланған өктемділік пиғыл бір ұрпақ ауыспайынша жойыла қоймайды. Американдықтардың – зәңгілерге, ағылшындардың – индиялықтарға, француздардың – алжирлықтарға, испандықтардың – үндістерге деген астамшылығы мен кемсітуі әлі де сақталып келеді. Демек, бұл біздің де пешенемізге жазылған «сыбаға» деп түсінгеніміз абзал. Бірақ та барлық рухани «жан бостандығымызды»(Абай) «егеменді» деген елеусіз сөзбен, екіұшты ұғыммен бүркемелемей, рухани тәуелсіздікті ашық насихаттауымыз қажет.

Қазіргі қалыптасқан саяси жағдайға байланысты Республикамызда көктемгі қар астынан жасырын ағатын қызыл су сияқты азаматтық қасарысу, ішке бүккен егес тістене отырып – дық, сыздана сес көрсету қозғалысы, иә, қозғалыс байқалып отыр. Мұны Азаматтық Мойынсынбау деп те бағалаған жөн. Ерте ме, кеш пе ол «қызыл су» буырқанбай қоймайды. Оның басты себебі: Қазақстан Республикасын мекендеген барлық тұрғындардың сол елдің Мемлекеттігін мойындамауында және оның ең асыл нысаналары мен қасиеттерін менсінбеуінде жатыр. Көпұлтты мемлекеттің ішіндегі ұлттық түйіншектерді тек қана жергілікті ұлт шешу керек және Ұлттық қауіпсіздікке сол ғана жауапты, кез - келген шиеленістің түйткілі жергілікті ұлттан шығады, сондықтанда оларың төзімді, шыдамды болуы керек – деген бір жақты саясат қазір өзінің зиянын тигізе бастады. Өзге ұлттар да оған жауапты екені назардан тыс қалып, мемлекет өміріндегі күнделікті қам - қаракетте қалайда олардың көңілін табу, майпаздау, басынан сипатып жұбату саясаты жүргізілуде. Өзге республикаларға қарағанда Қазақстанның алып өнеркәсіптерінің тізгінінің дені өзге ұлттың қолында. Жекешелендіру толық аяқталып болған соң өндіргіш күштердің дені жергілікті емес ұлттардың иелігіне айналаса – оған еш таңданудың реті жоқ. Ал қазір не министрлікке, не жергілікті әкімшілікке бағынбай, дегенін істетіп отырған алпауыттар күні ертең Сіздің мемлекетіңіздің мүддесін ойламақ түгілі жалынан да сипатпайды, жанына да жолатпайды. Өзгені былай қойғанда, егін науқанының ең қызу шағында Павлодардағы жанармай өндеу заводы жұмысын тоқтатуды әдетке айналдырып алды. Егін аяқталар сәтте іске кіріседі. Соның кесірінен қаншама шаруашылықтар жанармайсыз отырады. Бұл дегеніңіз қаскүнемдікке пара пар. Ал соларға қандай шара қолданды? Ешқандай. Заводты жабдықтап, ол жөндеуге келіскен Ресей кәсіпорындары мен сол заводтың басшылығы дәл осы орақ уақытын тегін не білместікпен таңдап алды дей аласыз ба? Жоқ. Бұл мысал үшін алынған бір ғана дәйек. Яғни, мемлекеттік тәртіптің дәрменсіздігінде.

Тәуелсіз мемлекеттің ешкімге тәуелсіз мемлекеттік тәртібі болуы шарт.

Осы мемлекеттік тәртіптің қауқарсыздығынан және еркіндікті желеу еткен жел сөздің желігінің салдарынан рухани өмір саласында бейпілауыздылық, көлгірсіген көсемдік, аярлыққа құрылған «аңқаулық» етек алып барады. Тағдыр басқа салды, біз көндік, ұлттардың туыстығын сақтайық деген ниет те, саясат та дұрыс. Бірақ бұл екі жаққа де тең жүргізілуі қажет. Жоғарыда айтылған Азаматтық Мойынсынбау тура осы рухани салада ерекше байқалады. Біз арғы - бергі заманда өмір сүрген ардақты аталарымыздың әруағын көтеріп той жасап жатырмыз. Халықтың өшкен руын жандыру үшін өте игілікті шара. Бірақта қай ұлттың өкілі соны дәріптеді? Керісінше, америкадан келген миссионерлердің қолпашы көбейіп тұр емес пе? «Караван» газеті Бұқар жыраудың тойында пәленбай адам өліпті. Ол өзі Абылайдың жаршысы болған адам екен деген хабар таратты. Біз мемлекттігіміздің Нысаналы Тұлғасы деп отырған адамымызға берілген баға осындай. Демек, бұл – қазақтар өздері даурыға берсін, оның бізге қатысы жоқ деген ішкі егес. Дәлірек айтсақ ол басылымдар өз оқырманын республиканың негізгі халықының өміріндегі оқиғаларға немкетті, бейқамдықпен, менсінбеушілікпен қарайтын селқостықты туғызады. Мұндай көңіл - күй, дәлірек айтсақ, пиғылсыздық мемлекеттің қаржысының көмегімен шығып отырған басылымдардан да анық байқалады. Сондай текетірес парламентте де аңғарылады. Әсіресе ұлттық тәуелсіздік туралы заң жобаларын талқылағанда бұл шарайнаның бетіне қалқып шыға келеді. Демек, әлгі «қызыл су» мемлекттік құрылымның ішінде де бар деген сөз. Қазақ халқын ұлтшылдыққа шақырмайық. Бірақ оның заңды және тарихи мүддесін жығып бермеу керек. Мемлекттің атын алып отырған ұлттың азаматтық, халықтық, рухани құқын қорғауымыз қажет. Іріткі салғандар, қыжыртқандар жауапқа тартылуы тиіс. Біз осы өзімізді өзіміз сыилауды және өзгеге сыилатуды жадымыздан шығарып, Құнанбай аға сұлтанның өз баласы Абайға айтқан міні сияқты «тым жайдақ су» сияқтанып бара жатқан сияқтымыз. Жеке адам туралы емес, әңгіме – халық, халықтың қасиетті сезімдері жөнінде қозғалған тұста бұғып қалу не келеңсіздікті көрмегендей боп көлгірсу – Мемлекттігіміздің белгісі емес.

Әңгімені тікелей айтар пікірімнен бастамай тамырын әріден суыртпақтап отыруымның бір себебі, қозғалар тақырыптың жекелік емес, жалпылық сыпат алып отыруында. Рабиндрат Тагор:

«Әр халық өзінің тағдыр - тауқыметін әлем алдында айта алатын болу керек. Егер ол халық төрткүл дүние үшін ештеңе бере алмаса мұны ұлттық қасірет, қылмыс деп бағалау қажет, бұл өлімнен де сорақы және оны адамзат тарихы кешірмейді. Әр ұлт өзінің ең асыл қасиеттерін адамзатқа ортақ қазынаға айналдыруы тиіс… Өзінің ғана жеке мүддесін жеңіп, оны сыртқа шығаруарқылы бұл халық өзінің рухани мәдениетінің салтанатына бүкіл адамзатты шақырады», – деп жазған еді.

Ал қазақ халқының әлемдік Парасат майданына шығарған тұлғасы – Абай. Сол Абай арқылы біз өз мәдениетіміздің дәрежесін өзгелерге таныта аламыз. Исі адамзатты «рухани мәдениетіміздің салтанатына қатыстыру үшін» Мемлекеттік Қаулы шықты. Абайдың 150 жылдық тойын дүние жүзі деңгейінде атап өту үшін ЮНЕСКО - ға өтініш жасалды. Бұдан артық Мемлекеттік дәрежедегі шара болуы мүмкін емес. Абайдың тойы – Парасат тойы. Қазақстанның Мемлекеттік тойы. Оның әрбір азаматы үшін Мақтаныш пен Намыс тойы, өзімізді дүниеге бір рет паш етудің мүмкіндігі туып - ақ тұр. Қуану керек еді ғой…

Иә, қуану керек еді ғой дегенді әдейі өткен шақпен, өкінішпен айтып отырмын. Оның себебі…

Абай қазақ халқы үшін қасиетті болғанымен, кейбіреулері үшін ол мазақтың құралы екен. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым!» – деп жүрегі езілген ұлы ақын өзінің туған халқының бойынан бір тал жақсылық көрмепті. Сіз таңданбаңыз. Қазан айында ғалым, жазушы Нығмет Ғабдуллиннің сілтеуімен маған Қазақстан Республикасының аға Прокуроры Бақытжан Еркебаев пен Солтүстік Қазақстан облыстық прокурорының тергеушісі Саян Ахметжанов жолығып, Қызылжар қаласындағы шығатын «Вознесенский проспект» газетінің 1993 жылғы № 5 санында жарияланған «Абай: өсиет сөздер» деген мақаланы оқып шығып, пікір айтуымды өтінді. «Изучите», яғни, «оқып, зерттеңдер» деген айдарды көргенде кәдімгідей заң қызметкеріне: мұнда тұрған не бар – дегендей таңдана қарадым.

Бірақ та астарлы жазылған түсініктемеден кейінгі Абайдың «өсиеттерін» оқығанда жағамды ұстадым. Бір халықты екінші халықтың алдында дәл осындай жеккөрнішті етіп көрсететін мақаланы өз басым ешқашан да оқығамын жоқ және Абайдың қазақ халқын дәл осылай «қарғайтынын» бұрын байқамаппын. Байқайтын жөнім де жоқ. Өйткені, мақала авторы (оның осы газетті шығарушы, журналист Б.Супрунюк жазғанын маған тергеуші айтты Ол сондай бір ептілікпен Абайдың «Қара сөздеріндегі» қазақ туралы ашына айтқан пікірлерінің арасынан теріп - теріп алыпты да, «Міне, қазақтың сиқы осы» – егенді емеуірін етіп, сөзінің аяғын:

«Осындай сөз танымайтын елге сөз айтқанша өзіңді танитығұн шошқаны жақсы деп бір хаким айтқан екен, сол секілді сөз болады» – деп бұл сөйлемді қара әріппен тергізе отырып ойын қорытыпты.

Яғни, Абайдың қазақ туралы пікірінің түйіні осы және газет оқырманы мұны есте ұстауы керек екен. Өйткені, «дәл осы сөзден артық оның ойын жеткізетін» өсиет жоқ көрінеді. Қысқасын айтқанда қазақты қазақтың көзімен жеккөріншті көрсетіп, өзі ту сыртында тұрып аярлана, айызы қана миығынан күліп тұр.

Міне, мен жоғарыда айтқан іштей егестің бір парасы осы. Бұл дегеніңіз кәдімгі арандату және қазақ халқын масқаралау. Автор сондай жымысқылықпен Абай сөздерін іріктеп ала отырып, оның айтар ойын мүлдем өзгертіп жіберген. Мақаланы оқып отырып қазақ халқы барып тұрған ұры, керенау, өз бетінше елдікті сақтай алмайтын, өтірікші, пәлеқор, көрсеқызар, жалмауыз, алаяқ, арызқой болып шыққан.Оның «Ғақлиясы» тек қазақ халқын қарғаудан, қорлаудан тұрады екен. Ал бұған не дейсіз? Әлде журналист білмей отыр ма? Жоқ. Қасақана істелген арандату бұл. Қазақ халқының ең қасиетті рухани мұрасының мазмұнын бұрмалап, әдейі өшпенділік сезімін оятуды, ал өзге ұлттарға (бұл арада орыс тілді тұрғындарға) қазақ халқын мазақ етіп көрсетуді көздеген. Оған ділел:

Біріншіден: газеттегі айдар сол мақаланың айтар ойын ашып, мақсатын білдіріп тұруы керек. Бұл – журналистиканың әліппесі. Оны түсіндірудің қажеті шамалы. «Изучите», яғни, «оқы, зертте» деген сөзді «Абайды оқып, үйрен» деп мекзеп отыр деп түсінуге болады. Жарайды, солай - ақ болсын. Сонда оқырман ұлы ақынның өз ұлтын «қарғағанынан» не үйренуі тиіс? Неге әрбір қара сөздің мазмұнын ашпай, Абайдың әр жердегі «қарғыстарын» теріп алған? Демек, автордың түпкі мақсаты – Абайды үйрету емес, Абайдың ұлты осындай, ал одан үйренетін ештеңе жоқ, орыс халқынсыз өмір сүре алмайды – деген пікірсымаққа саяды.

Мысалы, «Үшінші сөзіндегі»:

«Ол қыстауынан айырылған және біреуге тиіспек, иә болмаса орынсыздығынан елден кетпек – әр қазақтың ойы осы. Осылар біріне бірі достық ойлай ма?»,–

дегенді алады да, содан кейін екі - үш бет тастап кетіп:

«Осы қазақ халқының осындай бұзықшылыққа тартып, жылдан жылға төмендеп бара жатқанын көрген соң менің ойыма келеді: халықтың болыстыққа сайлаймын деген кісісі пәлен қадарлы орысша образование алған кісі болсын», – деген сөзді келтіреді.

Яғни, «Үшінші сөздегі» Абайдың айтайын деген ойы осы ғана сияқты. Шын мәнінде Абай «Үшінші сөзде» мемлекеттік билік, сайлау жүйесі, заң мен дәстүр, қазақтың ескі билерінің басқару құрылымы, «Қасым ханның қасқа жолы. Есім ханның ескі жолы», Әз - Тәукенің «Жеті жарғысы» туралы айтып, бұрынғы билік дәстүрін үлгі етпей ме. Бүгінгі Конституциялық сот үлгісін ұсынбай ма? Мұндай бұрмалаудың астарын оқырман енді түсінген болар.

Екінші: мақалаға қол қойылмаған. Демек бұл бүкіл редакцияның пікірі болып табылады. Егерде «Вознесенский проспектің» ұсынған бағыты өзге ұлтты мазақтау, оның қасиетті рухани мұрасын қорлау болатын болса, онда қай мемлекттің мүддесін қозғап отыр. Негізігі мақсаты не? Ұлт араздығын тудыру ма?

Үшінші: Мұның барлығы Абайдың өз сөзі, біздің алып - қосарымыз болған жоқ – дер. Мүлдем олай емес. Абай ешқашан өз халқы туралы дәл осылай жиып - теріп бір жерге сыналап, теріс тұжырым түйген емес. Егерде біз ұлы ойшылдардың шығармаларын дәл осылай пайдаланатын болсақ, онда керісінше әрекет етуге де болады. Мысалы: Гогольдің «Өлі жандарындағы» Плюшкиндердің сөзін тізсек, не Лермонтовтың «Прощай, немытая Россия, страна рабов» – деген іспетті өлеңдерін теріп алсақ, Достоевскийдің, Пушкиннің, Толстойдың, Буниннің, Горькийдің, Чадааевтің шығармаларындағы сондай мысалдарды үзік - үзік етіп құрастырсақ, мақала емес, пәленбай том кітап шығар еді ғой. Өйтіп, арндатуға жүгінуге негіз жоқ. «Ар ұялар іс» (Абай) болар еді.

Сондай - ақ, бұл мақалада авторлық текст бар. Ол – ең алдымен Абайдың «Ғақлиясындағы» қисынды, ақынның философиялық, этикалық адамгершілік, рухани тәуелсіздік, ғылым мен өнер, мемлекет пен заң, дәстүр мен салт туралы пікірлерінің жігін жіліктеп, негізгі ойынан әдейі адастыру үшін сұғанақтық жасап отырған журналист. Абай дәл осы бетінше оны баспасөзге ұсынған жоқ. Содан кейін, осының барлығын «қиыннан қиыстырып» таңдап алған, барлық сөйлемдердің мағнасына қарай белгілі бір арандатушылық пиғылға сай етіп «тұтастандырып» жазған адам. Әйтпесе, ол сөздер өзді-өзінен газет бетіне сап түзей қалған жоқ. Үшінші, сондай әккілікпен берілген, ортасына қыстырылған: «Екінші сөзде» Абай қазақтарды сарттармен (өзбектермен) былай салыстырады; «Үшінші сөзде»;«Тоғызыншы сөзде»; «Он бірінші сөзде»; «Жиырма екінші сөзде»; «Жиырма төртінші сөзде»; «Жиырма бесінші сөзде» делінген қыстырмалар мен «Ең дұрысы, Ұлы Абайдың осы ұлы ойларын осыдан тура 100 жыл бұрын жазылған «Он тоғызыншы» сөзімен аяқтаған лазым», – деп, ең соңында:

«Осындай сөз танымайтын елге сөз айтқанша өзіңді танитын шошқаны жақсы деп бір хаким айтқан екен, сол секілді сөз болады», – деген асты сызлып берілген мысал.

Бұл арада жалтарып кете алмайсың. Талай әдеби арандатушылар пайдаланған, тәжірибеден өткен қитұрқы тәсіл. Ал «сөз ұқпайтын елдің» кім екені және оны Абай емес, мақала авторы айтып тұрғаны беп - белгілі болып тұр.

«Абайдың өсиет сөздерін» қарғысқа айналдырған Б.Супрунюктің мақсаты не сонда? Дүние жүзі құрмет көрсетіп, 150 жылдық тойын атап өткелі отырған Абайды мерейлі салтанаттың алдында мазақтау ма? Ол да бар. Мұның астарында: «Ардақтаған ұлыларының не дегенің көрдіңдер ме?», – деген емуірін, мысқыл, әжуа жатыр.

Абай – халықтың, қазақ халқының паспорты. Сөзі мен арының, рухының символы.Егерде сөйткен Абайды мазаққа айналдыруға жол берсек – онда Мемлекет боп даурығып неміз бар. «Бірде оны жарылқап, бірде мұны» қостайтын болса, ондай саясаттың құны неге тұрады?

Мұны жазып отырған қатардағы көп оқырманның бірі емес. Кезінде облыстық газеттің жетекшілерінің бірі болған, Мәскеуден Университет бітірген, Ресей газетінің Қазақстандағы тілшісі, Солтүстік Қазақстан облысындағы Орыс қауымдастығының төрағасы (предводитель). Демек, бұл мақаланы бір адамның пікірі, жергілікті газеттің «күңкілі» деп қарауға болмайды. Әлгі қауымдастықтың пікірі, әдейі ұйымдастырылған мақала деп қарау қажет. Мемлекет басшыларының барлғы атын арытып, тонын тоздырып Париж бен Қарауылдың арасын «қара жолға» айналдырып жүрген Абайды, Абай арқылы қазақ халқын келемеж ету. Мемлекеттік шараға қарсылық. Мемлекетке мойынсынбау. Дәл осылай демеске лаж жоқ. Өзге бағаны ойлап табу да қиын. Демек, Солтүстік Қазақстандағы Орыс қауымдастығына, оның төрағасы Б. Супрунюкке, «Вознесенский проспект» газетіне Абай да, оның елі де ұнамайды деген сөз. Өкінішке орай, Абайға жасалған арандату жалғыз бұл емес. Кезінде Е.Курдаков «Книжное обозрение» газетінде шу шығарған болатын. Оның авторы Шығыс Қазақстаннан еді. Бұл тегіннен тегін емес. Дәл осы екі облыста қазақ ұлтының мәдени мүддесіне, рухани мұрасына, оның тіліне қырын қараушылық анық байқалып отыр. Петрушенко кеткенімен Васильевалар орынында қалып отыр. Ал оларға қандай шаралар қолданылды? Мемлекеттік тәртіпке бойсынушылық қайда? «Вознесенский проспектті» тіркеуге өткізген мемлекеттік мекемелер оның Жарғысын қалай бекітті? Әлде онда ұлтаралық араздықты, жеккөрінішті қоздыру, мазақ ету туралы бап бар ма?

Қазақ халқының қасиетті тұлғасы Абайды өзінің елінде дәл осындай келекеге ұшыратсақ, онда дүние жүзіне қалай насихаттамақпыз. Өзгені қайдам, дәл осы ұлт арасындағы іштей егестің өршуіне мұрындық болатыны сөзсіз. Ал мұндай ырғасулардың жақсылыққа әкелмейтіні белгілі. Ендеше Мемлекеттік мекемелердің Мемлекеттік Тәртіпті талап етуіне толық қақысы бар. Төзімді тесетіреспен сынауға болмайды. Абай ұлттық қасиетіміз. Абайды арандатпайық – ардақтатайық. Әрине, «Қара сөздің» аудармасында да көп кінәрәт бар екен. Бірақ ол басқа әңгіме.

 

P.S.

Осы зерттеу әфсанасында да Абайдың қазақты сынаған өлеңдері мен «Қара сөздері» барынша еркін пайдаланылды. Соған қарап, оның астарын, жазушының идеясын түсінбей, Абай өз ұлтын жек көрген – деген пікір қалыптаспауы тиіс.

Иә, Абай ұлтын сынаған. Бірақ, «Күйесің, жүрек, сүйесің!..» – деп күйініп отырып елін сүйген.

Біздің де мақсатымыз «әлемдік уайым» ішіне кірген Абайдың жан қасіретін түсіндіру.Сондықтан да осы кітап жазылып жатқан кезде орын алған бұл қастаншықпағыр оқиға туралы пікірді жинаққа енгізе отырып, ұлы махаббат иесінің күрделі көркем ойлау жүйесін дұрыс түсінбесе, өзің ғана емес, ұлтыңды да арандатып алуың мүмкін екенін ескертуді парыз санадық. Өйткені бұл кітап – ұлтымыздың кемшілігіне күйініп, даналығына сүйінген біздің да жан дертіміздің дауасы болып табылады.

 

 

25."МЕН КЕЛМЕСКЕ КЕТЕРМІН... "

(Абайдың үрім-бұтағы немесе сөз соңы )

 

 

І

 

Өзінің өлімі арқылы мұқым ұлтты ойландырып, сол ұлттың кешегісі мен бүгінгісінің, ертеңінің мүддесін біріктіріп кететін ұлы тұлғалардың бірі – Абай Құнанбайұлы. Өйткені ол өз заманына дейінгі исі көшпелілер әлемінің дүние танымының, рухани болмысының, парасатының, көркем ойының барлық мүмкіндігін бойына сіңірген және сол арқылы адамзат санасының дамуына үлес қосқан дана.

Өз халқының тарихы тағдыр талқысына түскен шақта еркін елінің отаршылдықтың бұғауына ұшыраған тәуелді тұсында дүниеге келген ақын ойшыл туған ұлтының жан бостандығы үшін барлық ақыл-ойын сарқа толғады.

Көшпелі дәуірдің ең соңғы, өркениетті заманның ең бірінші ұлы ойшылы ретінде ұлттық психологияның аса қарама-қайшы шиеленіскен сәтінде өмір сүргендіктен де ол "соқтықпалы, соқпақсыз" ғұмыр сүрді. Сондықтан оның жеке басының өмірі де, ұрпақтарының тіршілігі де аса зауалды күйді басынан кешірді. Нобель сыйлығының лауреаты Герман Гессенің:

"Қорыта тұжырымдағанда Гете дегеніміз – өмірден соққы жеген кәдімгі жазушыдан да жоғары ұғым, кәдімгі ұлттың ұйытқысы дегеннен де асқақ бейне... Оның барлығына көз сұғымды қадауға тырыссам-ақ болды, менің көз алдыма мүлдем басқа, жаңа, бізге бейтаныс, келбеті әлі ашылмаған, ешкім тереңіне сүңгіп көрмеген аса жұмбақ Гете – Гете ғұлама елестейді ", - деген пікірі Абайға да дәл келеді.

Кез келген ұлы тұлғалар іспетті Абай да өзінің өмірін құсалықпен аяқтады. Оның ғұмыр кешкен жағдайында бұдан өзге сыбаға күту де заман табиғатына жат еді. Ұлтының отаршылдық құрсауында рухани тұншығуы, қазақтарды жаппай күштеп шоқындыру, жазалау жасақтарын жіберіп қырып тастап, даланы көшпелілерден тазарту, жазуларын өшіріп, тарихын ұмыттыру туралы патшаның саясаты ақынның жанына батты.

Ұлтының ғұмыры тұйыққа тіреліп, жардың жағасында тұрғанын сезген Абай елінің соңғы жойылып біту қасіретін көргісі келмеді. Өмірден түңілді. Күтуші келіні Кәмәлияға: "Биыл мен өледі екенмін – деп алдын-ала ескертуі соның айғағы. Ол ел-жұртынан оқшауланып, көп кісімен сөйлеспей, үнемі үнсіз ойланып, тұңғиық күн өткізген. Өмірінің соңында қолына қалам да, кітап та алмаған. Сөйтіп, "атадан – алтау, анадан – төртеу" боп туған Абай өз өмірін жалғыздықпен аяқтады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 301; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.