Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

История создания 2 страница




І бөлім. Негізгі бөлім

1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және әдістері.

1. Экономикалық теорияның даму эволюциясы.

2. Экономикалық теория пәні, зерттеу әдістері мен атқаратын қызметтері.

1) Экономикалық ойлау адам қоғамының пайда болуымен қатар дүниеге келді. «Экономия» сөзі «ойкос»- үй шаруашылығы, «номос»- ереже, заң сөздерінен шығады да, алғашқыда үй шаруашылығын жүргізу ғылымы ретінде қарастырылады. Аристотель «экономия» және одан шығатын «экономика» терминін негізге алып өз кезеңіндегі қоғамның экономикалық заңдылықтарын қарастырады. Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуымен сауданың мәнін зерттейді.

«Саяси экономия» терминін алғаш рет еғгізген француз Антуан де Монкретьен. Ол саяси экономиканы шаруашылық қызмет ережелері ретінде қарастырады.

15-17ғғ. экономикалық ойдың анықтаушы бағыты- меркантелизм болды. Экономикалық теорияда меркантелизмнің мәні айналым саласындағы, демек ақша және сауда саласындағы заңдылықтарды анықтауда болды. Бұл бағыттың өкілдері- Томас Ман, Жан Батист Кольбер болды.

17ғ-да Англияда жаңа ойшылар пайда болады, солардың бірі Уильям Петти, ол класикалық саяси экономиканың негізін салушы болып табылады.

18ғ-р Франциядағы экономикалық ойлар физиократтар мектебімен айқындалады. «Физиократтар» термині грек тілінен аударғанда «табиғат билігін білдіреді». Оның өкілдері Франсуа Кенэ және Анн Тюрго б.т.Физиократтар меркантилистерге қарағанда көңілді өндіріске аудартады.

18ғ-р Англияда экономикалық ғылымның классикалық мектептің негізін салушы Адам Смиттпен ерекшеленеді. А. Смит адамның экономикалық белсенділігінің негізгі ынталандырушысы -жеке мүдде деп есептедеді. А. Смит адам өз мүддесін еңбек бөлінісі кезінде жүзеге асыратындығын көрсетеді. Осы мектептің тағы бір өкілі Давид Риккардо б.т.

19ғ-да. К. Маркс пен Фридрих Энгельс «маркизм» атты теориялық концепцияны құрды, бұл концепцияда Д. Риккардо және У. Петти жұмыстары жалғас алған.

19ғ-ң екінші жартысында «м аржинализм» бағыты пайда болады, бұл қоғамдық қатынастарға тартылған жеке субъектіні экономикалық талдау. Маржинализм классиктері- Карл Менгер, Фридрих фон Визер және т.б.

Осы кезеңде экономикалық теорияда- неоклассикалық бағыт пайда болады, оның негіздері ағылшын экономисі Альфред Маршалл еңбектерінде көрініс алады, оның жұмыстарындағы экономиканы талдау «экономикс» деп аталады.

19-20ғғ. математикалық мектептің өкілдері ЛеонВальрас, В.Леонтьвпен белгілі, олар нарықтық экономиканы сұраныспен ұсыныс негізінде тепе- теңдікке жете алатын жүйе ретінде қарастырды.

20ғ. алғашқы жартысында экономикалық теорияның дамыуына үлкен ықпалды Йозеф Шумпетер тигізеді, ол экономиканың негізгі қозғаушы күші – кәсіпкер екендігін көрсетеді.

1936 жылы әйгілі экономист Джон Мейнард Кейнс жаңа экономикалық бағыт- кейнсиандықтың негізін салады. Д.М.Кейнс экономиканың тиімді дамуының негізі –тиімді сұраныстың қалыптасуы екендігін дәлелдейді.

Одан кейіңгі бағыт (20ғ. бірінші жартысы) институционализм концепциясы болып табылдаы, оның өкілдері процестермен құбылыстарғы әр түрлі институттар арқылы көрініс береді, бұл институттар- мемлекет, монополия, салықтар және т.б. болды.

Экономикалық теорияның эволюциясын қарастырғанда экономикалық либерализмге тоқталған жөн, оның өкілдері Людвиг фон Мизес, Фридрих Август фон Хайек ойы бойынша социализм көпке созылмайды, жаңа индустриалды қоғам үшін жалғыз тиімді экономикалық саясат либерализм б.т.

Жаңа экономикалық ойдың маңызды бағыты – монетаризм концепциясы б.т., оның лидері американ экономисі Милтон Фридмен б.т. Бұл бағыттың зерттеу орталығы ақша факторлары арқылы экономиканы тұрақтандыру мәселесі болды.

2) Кез- келген экономикалық жүйенің қызмет етуінің түпкі мақсаты- қоғам және жеке тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Экономикалық дамудың мәселелері осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ресурстарды бөлу кезінде туындайды. Бұл мәселелерді шешу екі фундаменталды экономикалық аксиомаға негізделеді: 1-ші аксиома – қоғам қажеттілігі шексіз, 2-ші аксиома – қоғам ресурстары тапшы немесе шектеулі. Осы тұрғыдан алғанда экономикалық әрекеттің мәні- шығындарды азайту және тиімділікті арттыруда.

Экономикалық теорияның пәнін анықтау кезінде ағылшын экономисі

Л. Робинсонның берген анықтамасы кең қолданылады: «Экономика- шектелген ресуртар жағдайында қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мақсаттар мен мүмкіндіктерді үйлестіру кезіндегі адам әрекетін зерттейтін ғылым».

Зерттеу объектісі тұрғысынан алғанда экономикалық теорияны микроэкономика және макроэкономика деп бөлуге болады.

Микроэкономика - нарықтық экономикадағы жекеленген субъектілердің қызмет етуінің себептерін, заңдылықтарын және салдарын талдауды айтамыз.

Макроэкономика - табыс, жұмысбастылық, баға динамикасының жиынтық көрсеткіштерін қарастырады, мемлекеттің экономикалық саясаттының заңдылықтарын анықтайды.

Экономикалық теория ғылыми танудың көптеген әдістерін пайдаланады. Экономикалық теорияның әдістерін қарастырайық.

Ғылыми абстракция әдісі - зерттеу объектісін кездейсоқ, уақытша жағдайлардан оқщаулап, оның тұрақты, өзіне тән сиптаттарын зерттеу. Осы әдіс көмегімен зерттелінетін объектінің маңызды жақтарын сипаттайтын ғылыми категориялар қалыптасып, экономикалық модельдер құрылады.

Кез- келген объект өзара – байланысты жүйеде әрекет етеді, сондықтан оларды зерттеу үшін дедукция және индукция әдістері пайдаланылады.

Индукция - жеке ойдың жалпы қортындыға қозғалысы.

Дедукция - ойдың жалпы жағдайдан жекеге қозғалысы.

Позитивті талдау - экономикалық құбылыстардың өзара байланысын өз күйінде зерттейді, мысалы тауарлардың бағасының өсуі оған деген сұранысты азайтады.

Нормативті талдау - процесс немесе құбылысты қандай түрде болу керек деген тұрғыдан зерттейді, мысалы нарықтық шаруашылықтағы табыстардағы теңсіздік -әділетсіз.

Экономикалы­қ- математикалық модельдеу - экономикалық құбылыстардың өзгеру себептерін, бұл өзгерістердің заңдылықтардың анықтайды және экономикалық процестерді болжауға мүмкіндік береді.

Экономикалық эксперименттер - макро- және микроэкономика көлемінде тиімділікті арттырудың әдістерін іздеу.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

2. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

4. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

 

СДЖ арналған бақылау жұмысы

1. Осы бөлімге ұсынылған әдебиеттермен танысу.

2. Негізгі терминдер сөздігін құрып, оларға сипаттама беру

3. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері.

4. Экономикалық теорияның ғылыми мектептері.

ІІ бөлім. Қоғамның экономикалық дамуының жалпы негіздері

2-тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері.

1 Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы.

2 Өндіріс факторларымен ресурстары.

3 Экономикадағы технологиялық таңдау.

 

1) Өндіріс- адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Қажеттілік- адамның бір нәрсеге мұқтаждығы. Өндіріс нәтижесінде игіліктер алынады.

Игілік-қажеттілікті қанағаттандаратын құрал. Игіліктер тікелей- тұтыну құралдары және жанама - өндіріс құралдары болып бөлінеді. Сонымен қоса игіліктер материалды қызмет және материалды емес қызмет деп бөлінеді. Материалды қызметке- заттың кеңістікте жылжуын қамтамасыз ететін қызметтер, мысалы: тасымалдау, ал материалды емес қызметерадамның белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандарады, мысалы: адвокат қызметі, білім беру және т.с.с.

Демек, өндіріс процесі материалды тауарлармен қызметтер және материалды емес тауарлармен қызметтер өндірісінен тұрады. Сәйкесінше, материалды және материалды емес өндіріс түрлерін айырады.

           
   
өндіріс
 
   
 

 

 

 


Қоғамдық өндіріс нәтижесінде қоғамдық өнім алынады, ол өз қозғалысында келесі кезеңдерден өтеді: өндіріс - бөлу - айырбас - тұтыну.

Өндіріс- материалды игіліктер мен қызметтер пайда болатын бастапқы кезең. Бөлу- қоғамдық өнімнің нарықтық шаруашылықта бөлінуі. Айырбас- қоғам байлығының ұлғаюына ықпал етеді. Тұтыну- өндіріс нәтижесін- игіліктерді қажеттілікті қанағаттандару үшін пайдалану. Тұтыну: жеке және өндірістік болып табылады. Жеке- адамның жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен игіліктерді тұтынуы, мысалы: киім, азық- түлік және т.с.с. Өндірістік- жаңа игіліктерді өндіру мақсатымен өндіріс құралдарын тұтыну, мысла: шикізат, материал және т.с.с.

Ұдайы өндіріс- өндіріс процесінің үздіксіз жаңару процесі, ол екі түрлі болады: қарапайым және кеңейтілген.

Қарапайым ұдайы өндірісте өндіріс жылдан жылға тұрақты көлеммен жаңарап отырады. Кеңейтілген ұдайы өндіріс кезінде өндіріс процесінің көлемі ұлғайтылып отырады.

Кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің нәтижесінде қоғамдық өнім көлемі ұлғаяды. Бірақ қоғамды тек өндіріс көлемін ұлғайту ғана емес, сол өнім өндірісіне кеткен шығындардың тиімділігі де толғандырады.

Тиімділік - белгілі бір нәтижеге кеткен шығындармен сол нәтиженің арасындағы қатынас. Қоғамдық өндіріс нәтижесін сипаттау үшін – экономикалық тиімділік түсінігі пайдаланылады. Экономикалық тиімділік деп- бір адамның қажеттілігін қанағаттандыруды азайтпай, басқа адамның қажеттілігін қанағаттандыруды ұлғайта алмау жағдайын айтамыз. Бұл жағдай Парето- тиімділік деп аталынады.

Қоғамдық өндіріс тиімділігін маңызды сипаты - экономикалық өсу. Экономикалық өсу- белгілі бір уақыт аралығында қоғамдық өнімнің сандық және сапалық жетілдірілуі.

Экономикалық өсудің интенсивті және экстенсивті түрлері бар.

Экстенсивті экономикалық өсу кезінде қоғамдық өнім көлемі өндіріс факторлерінің санын көбейту арқылы жүзеге асады.

Интенсивті экономикалық өсу өндіріс технологиясын жетілдіру, өндіріс факторлерінің сапасын жақсарту арқылы жүзеге асады.

 

2) Өндіріс процесінде негізгі экономикалық факторлері өзара әрекеттеседі: еңбек, капитал, жер және кәсіпкерлік.

Еңбек - адамның қандай да бір пайдалы нәтижеге бағытталған ойлау және физикалық қызметі. Еңбек еңбек өнімділігі және еңбек интенсивтілігі көрсеткіштерімен сипатталады.

Еңбек өнімділігі- бір ауқыт бірлігінде өндірілген өнім көлемін сипаттайды, ал еңбек интенсивтілігі- бір уақыт бірлінінде жұмсалған физикалық және ойлау қабілетінің жұмсалу дәрежесі. Бұл өндіріс факторын пайдалану нәтижесінде табылатын табыс- еңбек ақы. Демек еңбек бағасы- еңбек ақы.

Жер - табиғаттың адамға беретін игіліктері, олар жер және оның қойнауы, су, ауа және т.б. Жердің қасиеттерін шынайы- өздігінен пайда болған және жасанды- дам қолымен құрылған деп бөледі. Жердің өндіріс факторі ретіндегі өзгешелігі- оның көлемінің шектеулігінде, осы жерді ресурсретінде пайдалану кезінде пайда болатын табыс- рента. Рента- ұсынысы шектеулі өндіріс факторінен алынатын табыс.

Капитал - табыс әкелетін құндылықтар, материалды игіліктерді өндіру үшін қажет құралдар қоры. Капитал негізгі және айналмалы болып бөлінеді.

Негізгі капитал- өндіріс процесіне бірнеше рет қатысып, өз құнын өнімге біртіндеп өткізетін құралдар, олар ғимарат, қондырғы және т.б.

Өндіріс процесі кезінде негізгі капитал физикалық және моралды тозуға шалдығады.

Физикалық тозу-негізгі капиталдың өндіріс процесінде пайдалануына жарамай қалуы, істен шығуы.

Моралды тозу- негізгі капиталдың оның жаңа түрінің пайда болуы салдарынан құнсыздануы, оны пайдалану шығынды.

Айналмалы капитал- өндіріс процесіне бір рет қатысып, өз құнын дайын өнімге толығымен өткізетін құралдар, олар материал, шикізат және т.б.

Капитал – процент түрінде табыс әкеледі. Процент- адамдар ресурстарды келешекте емес қазіргі уақытта пайдаланғаны үшін төлейтін бағасы.

Кәсіпкерлік - оның көмегімен жоғарыдағы 3 фактор ұштастырылады. Кәсіпкерлік экономикалық теорияда 18ғ. пайда болды, «меншік иесі» дегенді білдірді.

Экономикалық категория ретінде кәсіпкерлік- пайда табу мақсатымен жүзеге асырылатын қызмет түрі. Осы қызмет нәтижесінда пайда алынады.

Пайда- табыстармен шығындар арасындағы айырмашылық.. Пайда табу ресуратсрды тиімді пайдалану және бөлуді ынталандырады, сонымен қоса жаңа өндіріс технологиясын еңгізуге, жаңа өндірісті игеруге, шығындарды азайтуға итермелейді.

3) Ресурстардың шектеулігі оларды пайдаланудың альтернативтілігін (таңдау мүмкіндігі) анықтайды. Оны сипаттау үшін П. Самуэльсонның сандық мысалын қарастырайық.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

2. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

4. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

 

СДЖ арналған бақылау жұмысы

1. Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы.

2. Қоғам алдындағы басты проблемалар

3-тақырып.Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік.

1. Меншік- экономикалық категория ретінде.

2. Меншік түрлері.

3. Кәсіпкерлік және оның ерекшеліктері.

Меншік өндіріс, қорлар, заттық және рухани игіліктерді иелену жөніндегі қатынастардың шарттарын білдіреді. Меншік заңдық және экономикалық категория болып бөлінеді. Заңгерлік түсінік бойынша меншік формалдық және нақты құқықпен байланысты. Формалдық құқық немесе меншік атағы бұл – ресми, заңды түрде шарт жасау және меншікті мойындау. Нақты құқық – шаруашылық субъектілердің барлық шектеулерімен және әрекеттестіктерінің қатынастары.

Меншіктің экономикалық түсінігі иелену категориясымен байланысты. Иелену – адамдардың заттармен әрекеттерінің барлық қатынастарына тән және адамның қоршаған ортамен жалпыға бірдей әмбебап байланысы. Меншік, иелену процесі сияқты пайдалану, иелік ету және бұйыру түсініктерінің мәнін ашады. Иеленудің ең төменгі формасы заттардан пайдалы қасиеттерін алудың қысқамерзімдегі пайдалануы болып табылады. Пайдалану шаруашылық механизмі арқылы, яғни жұмысшы немесе ұжым тек қана жұмыс күні ішінде өндіріс құралдарына қатынастарын қолдану арқылы жүзеге асады. Иелік ету заттардан пайдалы қасиеттерін ұзақ мерзімде алудың жиынтығы деп пайымдайды (құрту немесе меншік объектісінің мүлкін алу рұқсат етілмейді). Қожайын, негізінде меншік объектісін нақты қолданудағы меншіктің делдалы. Иеленуге арендалық қатынастар мысал бола алады. Иеленудің ең жоғарғы формасы бұйыру болып табылады. Мұнда еңбектенуші және меншік иесі бір адам ретінде ұсынылған. Меншік иесі мүлікті алумен қоса барлық құқықтармен үйлестірілген.

Маркстік әдіс-амалдың сәйкестігінше меншік сол немесе басқа өндіріс тәсілінде негізгі орын алады және оның ауысуы меншік формасына үстемдік етушілердің ауысуымен байланысты жүзеге асады.

Батыс экономикалық теориясында меншікке басқа әдіс-амал қалыптасқан. Мұнда меншік ұғымы қажеттілікпен салыстырғанда олардың қорларға шектеулігімен байланысты. Ерекше қорларға рұқсат меншік құқықтарының ерекшелігін білідіреді. Мұнда меншік басқару құқықтары сияқты белгілі қорларды пайдалану және бөлу негізінде пайда болған шығындар мен пайданы қарастырады.

Меншік экономикалық ынтаның бастаушы факторларын құрудың бірі болып табылады. Экономикалық ынта – адамдардың қозғалысқа байланысты және қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қызметін бағыттайтын экономикалық байланыс формасы. Экономикалық ынтаның келесі топтары ерекшеленеді: әр түрлі әлеуметтік және қалың бұқара топ ынтасы, ұлттық және интернационалдық, макро және микроэкономикалық, перспективалық және ағымды, өндіріс сфераларының назарлары, таратулар, айырбастау және заттық игіліктерді тұтыну, қоғамдық, ұжымдық және жеке ынта.

Меншік қатынастары, меншік субъектілері арасында меншік объектілерін иемдену мақсаттарында қалыптасады. Меншік субъектілері – адамдар арасында меншік қатынастарының пайда болуы. Меншік объектілері – меншік қатынасын қалау себептері. Меншік объектілеріне өндіріс құралдары, тұтыну заттары, қорлар, ұлттық игілік жатады.

Меншіктің екі түрін бөліп көрсетеді: жеке және мемлекеттік, бұлардың әр қайсысы бірнеше түрлерден тұрады. Жеке меншікте бір адам немесе жанұя мүлік қор иесі болып табылады. Қор жинау негізінде жеке меншік еңбекші және еңбекші емес болып бөлінеді. Еңбекші меншік еңбек ақы негізінде қалыптасады, яғни кәсіпкерлік қызметтен келетін табыс. Еңбекші емес меншік мұрагерлікпен қалған мүлік, бағалы қағаздардан, депозиттерден және т.б. қалыптасады. Жеке меншік формасы болып ұжымдық меншік табылады. Ұжымдық меншік мысалы ретінде кооперативтік қызмет атқарады, яғни құралдарды және кооператив еңбек мүшелерінің біріккен қызметі негізінде құрылады және акционерлік, акцияларды сату негізінде пайда болады.

Мемлекеттік меншік негізінде меншік субъектісі мемлекет өзі болады. Басқару жіне бұйрық беруді мемлекеттік үкімет органдары атқарады. Мемлекеттік меншіктің ерекшелігі оның бөлінбеушілігі.

Мемлекет иелігінен алу түсінігі астарынан кәсіпкерлікті басқарудағы мемлекеттік орган қызметтерінің қысқартылуы, кәсіпкерлік құқықтың шешім қабылдаудағы кеңейтілуін түсінгеніміз жөн. Жекешелендіру - мемлекеттік меншіктің басқа бір мемлекеттік емес меншік формасына ауысу процесі. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру келесі формаларда жүзеге асады: мемлекеттік мүлікті арендаға алу, артынша толығымен сатып алу; мемлекеттік кәсіпкерліктің акционерлік қоғамға өзгеруі; мемлекеттік кәсіпкерліктерді аукционда немесе конкурс бойынша сату; жеке азаматтарға немесе еңбекші ұжымға мүлікті тегін тапсыру.

Қазіргі кезде ТМД елдерінде мемлекеттік меншіктің монополизмі қопарылған, шаруашылық типтерінің орналасуы мен меншіктің көптеген формасына негізделген экономиканың қайта құрылу процесі басталды. ТМД – ның жекелеген елдерінде жекешелендіру әр түрлі масштабта және бірдей емес екпәнде жүргізіледі.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

2. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

4. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

5. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.

6. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.

 

СДЖ арналған бақылау жұмысы

1.Қазақстан Республикасында меншік түрлері. Меншікті мемлекеттен алу және жекешелендіру.

4-тақырып. Экономикалық жүйе түрлері және олардың даму заңдылықтары.

1. Экономикалық құбылыстарды зерттеуге жүйелі көзқарас

2. Экономикалық жүйе және оның элементтері

3. Экономикалық жүйенің түрлерін жіктеу

1. Жүйелі көзқарас күрделі ұйымдастырылған объектіні зерттеудегі әдістердің жиынтығын көрсетеді. Мұндай көзқарас бөлек жүйелер ішіндегі ұлттық экономиканың түрлерінің үлкен жиынтығын және ірі блоктарды бөліп қарауға және олардың қызметін белгілеп, олардың арасындағы қайтарылымды байланыстарын анықтауға мүмкіндек береді.

Жүйе деп, ұйымдасқан тұтас бірлікті құрайтын, өзара байланысты элементтердің немесе бөлшектердің жиынтығы немесе комбинациясы аталады.

Жүйелер қарапайым және күрделі болады. Күрделі жүйе әр деңгейдегі жүйелер ішінде біріккен өзара іс-қимылдағы элементтерден тұратын көп деңгейлі конструкцияны көрсетеді. Егер күрделі жүйені басқару бір орталыққа жинақталса, ол орталықтандырылған деп аталады, егер басқару орталығы бірден көп болса, ондай басқару – орталықтанбаған деп аталады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 86; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.