Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

История создания 4 страница




1. Оны қайта бөлу мүмкіндігі күшіне орай, ірі меншік иелерінің тарапынан кедергі болуыиа байланысты қор биржасыиың дамымай қалуы.

2. Тікелей өндіруші-сатушыға пайдасыз, тауарлық биржаның дамымай қалуы нәтижесінен тауарларга өте төмен баганың қойылуы.

3. Жұмыс орнын камтамасыз ету шарасындағы нашар жұмыс иен жүмыссыздыққа берілетін жәрдемақының болмауынан еңбек биржасының дамымай қалуы.

4. Жолдардың дамымауы, заманға сай қойма орындарының, сауда үйлерінің аз болуы.

5. Коммерциялық банктердің кредит ресурстарының нашар қайтарылуына байланысты жұмыстарының тұрақсыздануы және т.б.

 

4) Рынок келесі қызметтерді атқарады:

- делдалдық (рынок сатушылар мен сатып алушыларды біріктіреді);

- баға белгіленімі (сұраныс пен ұсыныс иегізінде рынокта тауардың бағасы қалыптасады);

- реттеуші (пайдасы аз емес капитал саласынан одан да көп пайдасы бар салага ыгысады);

- ынталандырушы (сұранысы бар тауар өндіретін тауар өндірушіні ынталандырады);

-- сауықтандырушы (экономиканы тиімсіз және керек емес

шаруашылық қызметінен «тазартады»).

Рынокта белгілі бір басымдық пен кемшіліктер болады. Рыноктің басымдылыгы:

- ресурстарды тиімді болу;

- тіпті шсктелгеи ақпараты бар кезіндегі оның жақсы қызмет ету мүмкіндігі;

- езгерісті жагдайға жогары бейімділігі мен жағымдылыгы;

- ғылыми-гехникалық нәтижелерді оңтайлы пайдалану;

- тұтыиушы мен кәсіпкерлердің іс-кимылы және таңдау еркіидігі;

- тауар мен қызметгердің сапасын көтеру, әр түрлі тұтынуды қанагаттандыру қабілеті.

Рыноктың кемшіліктері:

- ондірілмеген ресурстардың сақталуын қамтамасыз етпеуі;

- қоршаған ортаиы қоргаудың экономикалық тетіктері жоқ;

- жалпы адамдық ресурстарды пайдалануды реттей алмайды;

- ұжымдық пайдалану қызметі мен өндіріс тауарларын ынталандырмайды;

- еңбек құқығы мен табысқа кепілдеме бермейді;

- ғылымдағы фундаменталды зерттеуді қамтамасыз етпейді;

- тек ақшасы бар сұраныстарды қанағаттандыруға бағытталған;

- осы инфляциялық үдерістерге тән тұрақсыз дамуга ыңғайланған.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

2. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

4. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

5. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.

6. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.

7. Под ред. А.Я. Аубакирова Казахстанская модель рыночных преобразований: социально-экономические и правовые аспекты Алматы: Казак. Университетi, 2003

8. Под ред. М.Б. Кенжегузина Рыночная экономика Казахстана: проблемы становления и развития. – В двух томах А., 2001

 

СДЖ арналған бақылау жұмысы

1. Нарықтың инфрақұрылымдары.

2. Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері.

 

7 тақырып. Сұраныс және ұсыныс

1 Сұраныс заңы. Оның қисығы.

2Ұсыныс заңы. Оның қисығы.

3 Сұраныс және ұсыныс қатынасы. Нарықтық тепе-теңдік.

4 Икемдлк

1) Сұраныс нарықтық баға қалыптастырудың бір жағы.

Сұраныс - белгілі бір уақытта, қалыпты баға жағдайында сатып аланатын тауарлар саны.

Ақша қаражатымен қамтамасыз етілген сұраныс төлемқабілетті сұраныс деп аталынады.

Сұранысқа көптеген факторлер әсер етеді, солардың ең маңыздысы- баға. Бағамен сұраныс арасында кері байланыс, баға өскен сайын сұраныс төмендейді және керісінше. Осы байланыс сұраныс заңы деп аталынады. Бұл байланысты қисықта көрсетуге болады.

 

Р

Q

Графиктегі D қисығы сұраныс қисығы, Р –баға, Q- сүраныс көлемі. D қисығы солға төмен орналасқан, себебі бағамен сұраныс арасындағы байланыс кері. Сұраныс көлемінің графикалық өзгеруі сұраныс қисығының бойымен жылжуды білдіреді. Сұраныс қисығының бойымен жылжуы, баға өзгеруінің салдарынын тауар ды сатып алу көлемі азайғанда бақалады. Сонымен қоса егер сұраныс бағалық емес факторлер әсерінен өзгеретін болса, қисықтың өзіде ығысуы мүмкін. Бағалық емес факторлерге келесілер жатады:

· тұтынушылық талғамның өзгеруі;

· сатып алушылар саны;

· тұтынушылар табысы;

· алмастырғыш және байланысты тауарлар бағасы;

· сатып алушылар күтулері;

2) Ұсыныс - өндірушінің нарықта сататын тауарларының саны. Баға жоғарлаған сайын өндірушілердің нарықта сатқысы келетін тауарларының саны артады және керісінше. Баға және ұсынылатын тауарлар саны арасындағы тура байланыс ұсыныс заңы деп аталынады. Бүл байланысты графикте үсыныс қисығы түрінде беруге болады.

 

 

Р

Q

Графиктегі S қисығы ұсыныс қисығы, Р –баға, Q- сүраныс көлемі. S қисығы оңға жоғары орналасқан, себебі бағамен сұраныс арасындағы байланыс тура. Ұсыныс көлемінің графикалық өзгеруі ұсыныс қисығының бойымен жылжуды білдіреді. Сұраныс қисығының бойымен жылжуы, баға өзгеруінің салдарынын тауарды ұсыну көлемі өзгергенде бақалады. Сонымен қоса егер бұрыңғы шығындар көлемінде ұсынылатын тауарлар саны артса, ұсыныс қисығы оңға ығысады, ал тауарлар саны азайса, солға ығысады. Ұсыныс қисығының ығысуы бағалық емес факторлер әсерінен болады, ол факторлер:

· ресуртар бағасының өзгерісі;

· технология;

· салық және дотациялар;

· басқа тауарлардың бағасы.

 

3) Сұраныс және ұсыныстың өзара байланысын олардың қисықтарын графикте көрсету арқылы байқауға болады.

 

 

Р

Q

Сұраныс және ұсыныстың қисықтары М нүктесінде қиылысады, ол нүкте тепе-теңдік нүктесі деп аталынады, немесе сұраныс және ұсыныстың кездесу орны дейді. Осы нүктеде сұраныс және ұсыныс көлемі бір-біріне сәйкес келеді, демек нарық тепе-тең жағдайда. Сұраныс және ұсыны қисықтарының қиылысуы Маршалл кресті деп аталынады. Нарықтық тепе-теңдік орнаған баға- тепе-тең баға деп аталынады. Тепе-теңдік жағдайында нарық балансты, басқа баға жағдайынды ол балансты емес. Егер баға тепе-тең бағадан жоғары болса, ұсыныс сұраныстан артық болады. Ұсыныстың сұраныстан артық болуы - тауар артықшылығына әкеледі. Ал тепе-тең бағаның төмендеуінен сұраныстың ұсыныстан артық болуы- дефицитке әкеледі.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

2. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

4. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

5. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.

6. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.

 

 

СДЖ арналған бақылау жұмысы

1. Сұраным мен ұсыным икемділігі.

2. Нақты тауар шығару кезіндегі тепе-тең баға кестесі негізінде баға өзгерісінің нарықтық тепе-теңдікке әсерінің сандық мысалдарын келтіру.

8 тақырып. Бәсеке және монополия.

1. Бәсеке – нарықтың басты категориясы.

2. Бәсекелік күрес түрлері. Жетілген және жетілмеген бәсеке.

3. Монополия. Монополияға қарсы саясат.

 

1) Нарықтық экономимканың негізгі ерекшелігі- таңдау еркіндігі. Бірақ таңдау еркіндігі экономикалық сәттілікті қамтамасыз етед, оған бәсекелік күрес әкеледі.

Бәсеке - (латыннан- тіресу) нарықтық экономиканың қатысушылары арасындағы тауарды өндіру, сату және сатып алудың неғұрлым жақсы жағдайларына тай-таласы. Бәсеке баға, сұраныс, ұсынс сияқты нарықтың элементі болып табылады, оның маңызды категориясы. Бәсеке- катал құбылыс болып табылады. Оның келесі жағымсыз жақтары бар:

· қалпына келмейін ресурстар ұтымсыз пайдаланаады;

· көпшілік тұтынатын тауарлар мен қызметтер өндірісін қамтамасыз етпейді (қоғамдық көлік, дол және т.б.);

· ғылым, білім саласының дамуына жағдайлар тудырмайды;

· қоғамның кластарға бөлінуіне, әлеуметтік әділетсіздіктің пайда болуына кедергі жасайтын механизмі жоқ.

Жағымды жақтары:

· өндірушілерді өндірістің өзгермелі жағдайларына жалдам бейімделуіне итермелейді;

· өндірушілермен тұтынушыларға еркін таңдау және әрекет етуді қамтамасыз етеді;

· жаңа техника мен технологияның еңгілізуін қамтамасыз етеді;

· өндірушілерді әро түрліқажеттіліктерді қанағаттандыруға итермелейді, тауарлар мен қызметтер сапасын арттырады.

Сонымен қоса әділетсіз де бәсеге боладыю

Әділетсіз бәсеке - нарықта ғы бәсеке құқығымен нормаларын бұзумен байланысты бәсекелік күрес әдістері. Олар: бағалар демпингі, бәсекелестің қызметіне бақылау жүргізу, бәсекелестер дискриминациясы. Бәсекенің бұл түрі заңмен рұқсат етілмейді және қудаланады.

2) Бәсеке әр түрлі нысандарда болуы мүмкін:

1. Салааралық (әр түрлі салалардағы тауарлар арасында) және сала ішілік (ұқсас таурлар арасында);

2. Бағалық және бағалық емес;

3. Жетілген және жетілмеген.

Бағалық бәсеке - тауарлар мен қызметтерді бәскекелес бағасынан төмен бағамен

сатуды туындайды. Ол үшін шығындар немесе пайда көлемі азайтылады.

Бағалық емес бәсеке – техникалық жетістіктер арқасында неғұрлым сапалы және

сенімді тауарлар сатуға негізделген. Бұл келесі шараларды жүргізуді білдіреді: өнім дифференциаяциясы, өткізу арқылы өнім диффиерециацися, жаңа тауарлы маркалар бәсекесі.

Нарық қатысушылары қалай бәсекелесетіндігіне қарай бәсеке жетілген және жетілмеген болып бөлінеді.. Жекеленген фирмалардың бағаға әсері аз болған сайын нарық жетілген болады. Жетілген бәсек е бәсекенің идеалды формасы, оның ерекшеліктері:

1. нарықта бірдей мүмкіндіктері бар бір- біріен тәуелсіз көптеген сатушылар мен сатып алушылар қызмететеді;

2. айырбас стандартты және ұқсас тауарлар арқылы жүзеге асады;

3. сатушылар мен сатып алушылар өнім туралы толық ақпаратқа ие;

4. нарыққа еркін ену және одан кету мүмкіндігі, фирмалардың бірігуіне себептер жоқ.

Жетілген бәсекеге толығымен жету мүмкін емес, оған тек жақын болуға болады,

жетілген бәсеке 19ғ ортасына дейін орын алды. 19ғ. ортасынан бастап ҒТП дамуымен өндірісті шоғырландыру процесі жүреді, бұл процесс ірі және өте ірі кәсіпорындар, демек монополияның пайда болуына әкелді.

Нарықта монополисттің пайда болуымен жетілген бәсеке жетілмеген бәсекеге айналады.

 

3) Монополия - жекеленген өндіруші нарықты үстемдік етіп, осы тауар нарығын бақылауға алғанда пайда болады.

Монополияның мақсаты - нарықта өндіріс көлемімен бағаны бақылау арқылы максималды мүмкін табысты алу.

Монополия бірнеше кәсіпорындардың бірігуінің арқасында болады, олардың келесідей ұйымдық нысандары бар:

· картель- өндірілетін өнім көлемінің квотасы және сату нарықтарын бөлу туралы келісім;

· синдикат - өнімді өткізуді бірлесіп ұйымдастыру мақсатымен бірігу;

· трест - монополия, оған кіретін фирмалар меншігін, өндірісін және өнім өткізуін біріктіреді;

· концерн - әр түрлі салаларда фирмалар, олардың ортақ технологиясы, бірлескен қаржы орталығы бар;

· конгломерат - ірі корпорациялардың өз қызметімен байланысы жоқ салаларға енуге негізделген бірлестік.

Монополияның пайда болуы бәсекені жетілмеген етеді, демек бәсеке монополиялық немесе жетілмеген бәсеке нарығы.

Жетілмеген бәсеке нарығы - еркін бәсеке нарығының ең болмағанда бір жағдайы орындалмайтын нарық.

Жетілмеген бәсекені үш типке бөледі:

1. Монополиялық бәсеке

2. Олигополиялық бәсеке

3. Таза монополия.

Э.Чемберлин Дж. Робинсон, Дж.Хикс жетілмеген бәсеке механизмін зерттеуге үлкен үлестерін қосты. Талицада бәсеке түрлері мен нарықтық құрылымдар берілген.

 

Бәсеке түрлері Бәсеке түрлерін анықтайтын белгілер Бақылау дәрежесі.
Жетілген - осы өнім түрін өндіретін фирмалардың саны көп; - өндірілетін өнім біртекті; -салалар арасындағы байланыстарда шектеу жоқ; - тұтынушылар мен өндірушілерде толық ақпараттың болуы. бағаларды бақылаудың жоқтығы
Жетілмеген
1. Монополия   осы өнімді тек бір ғана фирма шығарады (сала бір фирмадан құралады) бағаны бақылау жоғары деңгейде  
2. Олигополия   - осы өнім түрін шығаратын фирмалардың аз саны; - өндірілетін өнім ұқсас немесе шамалы ерекшеленеді; бағаны жартылай бықылау
3. Монополиялық бәсеке - өндірушілер саны көп; - өндірілетін өнім ерекшеленедіұқсас немесе шамалы ерекшеленеді; бағаны әлсіз бақылау

 

Монополиямен күресте мемлекет монополияға қарсы заңнамаларды пайдаланады, олар мемлекеттің пайдаланатын заңдар пакеті. Моноплияға қарсы заңнамалардың негізі АҚШ-та салынды. Олар негізгі үш заң актілеріне сүйенеді:

1. Шерман заңы (1890ж.) – бұл заң сауда моноплиясына, баға келісімдеріне тыйым салды;

2. Клейтон заңы (1914ж.) - баға дискриминациясына, әр түрлі бірлесулерге тыйым салды;

3. Робинсон- Пэтмэн заңы (1936ж.) – «баға қайшысына» тыйым салды.

Қазіргі монополияға қарсы заңдардың екі бағыты бар: бағаны бақылау және компаниялардың бірігуін бақылау.

 

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

2. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

4. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

5. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.

6. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.

7. Под ред. А.Я. Аубакирова Казахстанская модель рыночных преобразований: социально-экономические и правовые аспекты Алматы: Казак. Университетi, 2003

8. Под ред. М.Б. Кенжегузина Рыночная экономика Казахстана: проблемы становления и развития. – В двух томах А., 2001

 

СДЖ арналған бақылау жұмысы

1. Қазіргі жағдайдағы халықаралық монополиялар мен монополистік бірлестіктің рөлі.

2. Жетілген және жетілмеген бәсеке.

 

9 тақырып. Кәсіпорын қорларының айналымы.

1. Фирма- кәсіпкерліктің бастапқы бірлігі.

2. Негізгі және айналмалы капитал айналымы. Амортизация.

3. Инвестиция және оның түрлері- СРС.

1) Кәсіпкерлік қызметтің қызметті ұйымдастырудың базалық нысаны фирма болып табылады.

Фирма - пайда табу мақсатымен ресурстарды тауар және қызметтерді өндіру үшін пайдалатын бір немесе бірнеше кәсіпорны бар ұйым.

Жеке кәсіпкерлер фирманы неге ұйымдастырады, себебі нарықта сәтті қызмет ету үшін қызметпен байланысы жоқ көп шығындар қажет, оларды трансакционды шығындар деп атайды, олар: баға туралы ақпаратты іздеу, келісім дер жүргізу және т.с.с.

Осы шығындарды азайту үшін фирма ұйымдастырылады, онда транакциялар арзан болады.

Фирма қызметі мен мақсатын талдайтын бірнеше фирма теориялары бар:

Дәстүрлі теория – фирма әрекетін пайданы максимизациялауға ұмтылысымен түсіндіреді.

Менеджералды теория – фирма мақсаты алдымен сату көлемін максимизациялау, содан кейін табысты өсіру екендігін дәлелдейді. Бұл процесте негізгі ролі меншік иесі емес менеджерлерде.

Өсуді максимизациялау теориясы - ірі компанияға қарағанда өсуші фирма тиімді деген идеяға негізделген.

Көпмақсатты теория - фирманың жоғары басшылығының әрекетіне көңіл бөледі.

Кез- келген теорияның бөлінбес бөлігі - фирма стратегиясын анықтау б.т.

Стратегия - фирманың ұзақ мерзімді мақсатары мен міндеттерін айқындап, сол мақсаттарына жетуі үшін қызмет жоспарын құрып, ресурстарды бөлуі.

Стратегияның екі типі болады:

Қорғанушы стратегия - фирма нарықты зерттеп, жаңа тауардың пайда болуын күтеді, сол тауардың пайда болуымен бар күшін соның өндірісіне жұмсайды.

Бастандық стратегиясы - өндірісті жаңалық еңгізу, инновация ақрылы белсенді жаңартуды туындайды.

Сәтсіз стратегия фирманы банкроттылыққа алып келуі мүмкін.

Банкроттылық - сот немесе арбитраж шешімімен қарыз алушының толығымен төлемқабілетсіздігі, сол себептен қарыздарды өтеу үшін экономикалық қызметті жүргізуге қабілетсіздігі.

Қызметін бастау үшін фирманың бастапқы стартты капиталы болуы керек.

Бастапқы капитал - бастапқы салынған капитал мен алғашқы өндірісті ұйымдастыру үшін қажет ағымдық шығындар сомасы.

Осы шығындарды жабу үшін меншік жіне қарызға алынған қаражат тартылуы мүмкін.

Меншік (ішкі) қаражат, бұл:

· пайда есебінен пайда болған жинақтар;

· амортизацияға арналған ақша;

· акция мен облигация сатудан түсетін капитал дан құрылады, олар кәсіпорын қаржысының 60-70% құрайды.

Қарызға алынған (сыртқы) қаражат, бұл банктік және коммерциялық несие, олардың үлесі 30-40% құрайды. Несиелер ұзақ және қысқа мерзімді (1 жыл ішінде қайтарылатын) болады. Ұзақ мерзімде несие қондырғы, ғимаратты сатып алу үшін алынады. Қысқа мерзімді несие-күнделікті шығындарды жабу үшін алынады: еңбек ақы, шикізат алу үшін. Несие процентпен қайтарылады.

2) Кез- келген фирманың мақсаты оның капиталының айналымда болып ұдайы өндірілуінде.

Жеке ұдайы өндіріс - тауар өндіріп, табыс табы мақсатымен өндіріс факторлерін біріктіріп өндіріп алудың үздіксіз процесі. Ұдайы өндірістің бастапқы кезеңі капиталдың ауыспалы айналымы болып табылады.

Капиталдың ауыспалы айналымы - өндіріс факторлерінің құнының өндіріс және айналыс сферарасы арқылы қозғалысы, нәтижесінде олар үш кезеңнен өтіп, сәйкесінше өндіргіштік, ақшалай және тауарлы формаға айналады.

Өндірістік цикл кезеңдері:

ӨҚ

А – Т.... Ө..... Т '– А'

ЖК

 

А- бастапқы капитал (ақша); Т- тауар; ЖК – жұмыс күші; ӨҚ- өндіріс құралдары; Ө – өндіріс процесі;

Т '–өндірілген тауарлар мен қызметтер; А' – өскен бастапқы капитал.

Әр кезең белгілі бір қызмет атқарады:

· бірінші кезеңде өндіріс жағдайлары қалыптасады;

· екіншіде тауарлар мен қызметтер өндірісі жүзеге асады;

· үшіншіде тауарлар мен қызметтер сатылып, пайда алынады.

Үнемі жаңарып отыратын ауыспалы айналым процесі - айналым деп аталынады.

Ауыспалы айналым мен айналым арасында айырмашылық бар: бір ауыспалы айналымда (мысалы, аяқ киімнің бір партиясының өндірісі) фирмаға салынған ақшаның тек бір ғана бөлігі қайтады, бір айналым кезінде барлық салынған ақша көлемі қайтады, ол үшін бірнеше ауыспалы айналым қажет болуы мүмкін.

Айналым уақытымен жылдамдығы болады.

Айналым уақыты - ресурстар өндіріс және айналыс сферасын өтіп, бастапқы формасына қайтып келетін уақыт аралығы. Айналым уақыты өндіріс және айналым уақытынан тұрады.

Айналым жылдамдығы – бір жыл ішіндегі ресурстардың айналым саны.

Айналым саны – келесі формуламен анықталады:

n = O / t

мұндағы, n – бір жылдағы айналым саны; O –уақыт өлшемі (1 жыл); t – осы ресурстардың айналым уақыты.

Айналым өндірістік капиталмен жүзеге асады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 116; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.125 сек.