Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

История создания 6 страница




 

2) Қоғамның гаруашылық қызметінің жалпылама көрсеткіші- бір жылда өндірілген қоғамдық өнім болып табылады, оны бірнеше көрсеткіштермен сипаттайды:

1. Жиынтық немес жалпы ұлттық өнім /ЖҰӨ/ - ел ішінде 1 жылда өндірілген тауарлар мен қызметтердің нарықтық құнының сомасы.

2. Ұлттық табыс /ҰТ/ - 1 жылда құрылған құннан тұратын өндіріс нәтижесі, ол ЖҰӨ-амортизация немес барлық өндіріс факторлерінен алынған табыстар сомасы ретінде есептелінеді: еңбек ақы + рента+ процент+ пайда.

3. Таза ұлттық табыс – ол ЖҰӨ +жанама салықтар ретінде есептелінеді де, ұлттық табысты нарықтық бағамен есесптеу үшін қолданылады.

4. Жалпы ішкі өнім /ЖІӨ/ - ел ішінде тек меншік өндіріс факторлерін пайдаланып өндірілген өнімдер мен қызметтер құны.

5. Қосылған құн /ҚҚ/

 

ЖҰӨ екі әдіспен есепетелінеді:

· шығындар бойынша есептегенде тұтынуға жұмсалған барлық шығындар қосыоады: тұрғындардың тұтыну шығындары /С/, ұлттық экономикаға жиынтық инвестициялар /І /, мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді сатыап алулары /С/және таза экспарт Х /экспорт - импорт/.

ЖҰӨ= І + C+ С + Х

· табыстар бойынша есептегенде өндіріс факторерінің иелерінің табыстарының сомасы ретінде есептелінеді немесе халық шаруашылығының салаларының табыстарының сомасы ретінде:

ЖҰӨ=ЕА+Р+ПР +П+жанама салықтар+амортизация

ЖҰӨ есепетеу кезінде өндірілген өнімдер 1 рет ғаңа есептелуі тиіс:

- соңғы өнім соңғы, тұтыну үшін сатып алынған тауарлар маен қызметтердің саны;

- аралық өнім, соңғы өнімдерді өндірі үшін, әрі қарай өңделу үшін тұтынылатын тауарлар мен қызметтер;

Тұрғындардың өмір сүру деңгейін сипаттау үшін келесі көрсеткіштер пайдаланылады:

· жеке табыс /ЖТ/ - жеке тұлға немесе жанұяның салықты төлегенге дейіңгі алған табысы. ЖТ табыс+ трансферттік төлемдер

· қолдағы табыс /ҚТ/ - салық төленгеннен кейін қалатын табыс. ҚТ ЖТ- салықтар.

ЖҰӨ номиналды және нақты болып беріледі:

1. номиналды ЖҰӨ - ағымдағы бағамен беріледі;

1. нақты ЖҰӨ тұрақты немесе базисті жылдағы бағамен теріледі.

Нақты ЖҰӨ номиналды ЖҰӨ баға индексі /ЖҰӨ дефляторы/

Баға индексі- жанұя бір жылда тұтынатын тауарлар мен қызметтердің бағасының өзгерісі.

1. потенциалды ЖҰӨ- толық жұмысбастылық кезіндегі өндіріс көлемі.

3) Ұлттық экономика құрылымы: ұдайы өндірістік және салалық болады.

- Ұдайы өндірістік құрылым – қоғамдық өніміді тоғайымдылығы бойынша жіктеуді туындайды.

- Салалық құрылым шаруашылық жүйені негізгі қызмет түрлері бойынша жіктелуі.

А.Фишер, К.Кларк *үш сектор* теориясы бойынша ұлттық шаруашылық үш секторге бөлінеді:

· *біріншілік секторге* - шынайы ресурстарды алу. Пайдалану. өндірумен байланысты салалар кіреді, олар ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы.

· *екіншілік секторге* - өңдеу өнеркәсібі салаларынан тұрады;

· *үшіншілік сектор* қызмет салалары жатады: көлік, байланыс, коммуналды шаруашылық, құрылы, сауда, қаржы, білім, денсаулық, мемлекет аппарат, қорғаныс және т.б.

Маңызды макроэкономикалық көрсеткіштер арқылы есептелінеді:

Ұлттық шоттар жүйесі /ҰШЖ/ - бір жағында ресусратрдың көзі, екігші жағында олардың пайдаланылуы көрініс алған арнайы таблицалар мен баланстар. Бұл есеп жүйесі нарықтық экономикасы бар елдерге тән есеп жүйесі, анық мақсаты- ұлттық өнімнің өндірісі, бөлінуі жіне тұтынулуы туралы сандық ақпарат беру.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

2. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

4. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

5. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.

6. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.

 

СДЖ арналған бақылау жұмысы

1. Ұлттық экономика жүйе ретінде.

2. Ұлттық есеп жүйесі.

 

13 тақырып. Экономикалық тепе-теңдік және экономикалық өсу.

1. Макроэкономика тепе- теңдікдіктің ролі мен мәні.

2. Экономикалық өсу, оның типтері, қарқыны және модельдері.

3. Экономикалық өсу факторлары.

1) Макроэкономикалық тепе-теңдік- қоғамдық ұдайы өндірістің негізгі мәселесі, экономикалық процестердің теңділігін сипаттайттын категория. Тепе-теңдік - қоғамның жағдайы, бұл жағдай оның барлық мүшелерін қанағаттандырады.

Тепе-теңдік жағдайы тек жетілген бәсекенің идеалды жағдайларында ғана мүмкін.

Тепе-теңдік жартылай және жалпы болады:

Жартылай тепе-теңдік- жеке нарықта қалыптасады, ол тауар, қызмет, өндіріс факторлері нарығындағы тепе-теңдік.

Жалпы тепе-теңдік- барлық нарықтарды бір уақытта жиынтық сұраныс сұраныс пен жиынтық ұсыныс тепе-теңдікгі орнаған ұлттық экономика жағдайы.

Жиынтық ұсыныс (АS) - бағаның әр түрлі деңнейлерінде ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің жалры көлемі, оған келесі бағалық емес факторлер әсер етеді: табиғи және еңбек ресурстарының саны және сапасы, негізгі капитал қоры, технология деңгейі.

Жиынтық сұраныс ( AD) - тұтынушылар, кәсіпорындар мен мемелекет бағаның әр түрлі деңгейлерінде сатып алуға дайын ұлттық өндірістің шынайы көлемі, оған келесі бағалық емес факторлер әсер етеді: еңбек ақы, мемлекеттің фискалды саясаты –салық және несие саясаты, тұрғындардың жинақтауға бейімділігі.

Тұтас экономикалық жүйедегі тепе-теңдік- макроэкономикалық тепе-теңдік деп аталынады, ол келесі пропорциялар түрінде көрініс алады:

1. өнімді өндірумен тұтыну арасында;

2. айналымға салынған капиталмен оның пайдаланылуы арасынды;

3. тауар ұсынысымен сұранысы арасында;

4. материалды және қаржылық ағымдар арасындағы.

Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесі жалпы экономикалық тепе-теңдік жағдайы. Жоғары баға жиынтық ұсыныстың өсуін ынталандырады (өндіріс кеңейеді) және сол уақытта жиынтық сұраныстың көлемін азайтады.

2) Жүйенің жалпы экономикалық тепе-теңдігі – қоғамдық өндіріспен (жиынтық ұсыныс) қоғамдық тұтыну (жиынтық сұраныс) балансталған экономика жағдайы. Осы теңдікке жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстан бөлек жиынтық тұтыну және инвестиция да әсер етеді.

Тұтыну – жиынтық шығындарлың басты құраушысы, оның қайнар көзі қолдағы табыс болып табылады. Табыстың қалған бөлігі жинаққа жіберіледі.

Жинақ- тұтынуға жұмсалмайтын табыс бөлігі.

Табыс= жинақ+тұтыну.

Инвестиция- табыс табу мақсатымен ел ішінде және оның сыртында мемлекеттік немесе жеке капиталдың ұзақ мерзімді салымдары.

Экономикалық өсу- барлық елдер алдында тұрған орталық экономикалық мәселе. Экономикалық өсу динамикасы бойынша ұлттық экономиканың даму деңгейін, тұрғындардың өмір сүру жағдайын сипаттайды.

Экономикалық әдебиеттерде экономикалық өсудің ортақ анықтамасы жоқ. Кейбір экономикстер ЭӨ-ді екі әдіспен есептеуге болады дейді:

ü ЖҰӨ есептеу арқылы.

ü ЖҰӨ-ң жан басына шаққандағы өсімін есептеу арқылы.

Экономикалық өсу екі түрлі болады:

Интенсивті өсу- ұлттық өнімді техника мен технологияны жэетілдіру арқылы ұлғайту.

Экстенсивті өсу- қосымша өндіріс факторлерін пайдаланғаннан ұлттық өнімнің артуы.

Аралас өсу (нақты)- өндіріс факторлерін азайту және жаңа техникамен технологияны еңгізу арқылы өндірістік қуаттылықты арттыру.

Экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен %- пен есептелінеді.

Экономикалық өсудің мақсаты тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту болы табылады. Экономикалық өсудің жағамсыз салдады да бар:

ü қоршаған ортаның ластатуына әкеледі;

ü кейбір тұрғындарда болашаққа деген сенімсіздікті тудырады;

Экономикалық өсу көптеген факторлермен анықталады: ұсыныс факторлері, сұраныс факторлері және бөлу факторлері.

Ұсыныс факторлері: жиынтық ұснысқа әсер ететін факторлер.

Сұраныс факторлері: жиынтық сұранысқа әсер ететін факторлер.

Бөлу факторлері: ресурстар өнім артуын қамтамасыз ететіндей бөлінуі тиіс.

Өсу факторлеріне экономикалық өсудің екі моделі қарастырылады:

Көп факторлы модель: аталған факторлерінін барлығының әсерінен болған экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл модельді өндірістік мүмкіндіктер қисығы сипаттайды.

Екі факторлы модель: еңбек және капитал арқылы болған экономикалық өсуді сипаттайды.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

2. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

4. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

5. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.

6. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.

7. Под ред. А.Я. Аубакирова Казахстанская модель рыночных преобразований: социально-экономические и правовые аспекты Алматы: Казак. Университетi, 2003

8. Под ред. М.Б. Кенжегузина Рыночная экономика Казахстана: проблемы становления и развития. – В двух томах А., 2001

9. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана: теория, опыт, проблемы А.,: Экономика,1998

 

СДЖ арналған бақылау жұмысы

1. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. Кейнстік үлгі.

2. Макроэкономикалық тепе-теңдік.Мультипликатор теориясы.

14 тақырып. Экономикалық циклдар. Инфляция мен жұмыссызыдық.

1.Дамудың циклділігі, экономикалық циклдің фазалары

2. Инфляцияның себептері, көрсеткіштері және түрлері.

3. Жұмыссыздық: мәні, себептері, нысандары.

 

1) Барлық елдердің экономикалық дамуы циклділікпен сипатталады, циклділік – прогрессивті даму нысаны.

Циклділік- экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуы.

Экономикалық циклдер ұлттық экономиканың барлық салаларын қамтиды да, келесі белгілер бойынша жіктеледі:

ұзақтығына қарай: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.

әсер ету саласына қарай: өнеркәсіптік, аграрлы.

қамтуына қарай: құрылымдық, салалық.

көріну ерекшелігіне қарай: мұнайлы, азық-түліктік, энергетикалық, шикізаттық, валюталық.

аумағына қарай: ұлттық, ұлтаралық.

Экономикалық цикл -белгілі бір уақытта іскерлік белсенділіктің артуы мен төмендеуімен сипатталады, ал ол сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігінен болады.

Экономикалық цикл- ЖІӨ ретіндегі іскерлік белсенділіктің ауытқуы.

Циклдің көрінісі- экономикалық белсенділіктің әр түрлі көрсеткіштерінің ауытқуларын көрсетеді: ЖҰӨ өсу қарқынын, жалпы сату көлемін, жалпы баға деңгейін, жұмыссыздық деңгейін.

К.Маркс өнеркәсіптік циклді қарастырады.

Өнеркәсіптік цикл- барлық фазалардан тұратын бір шыңнан екінші шыңға дейіңгі кезең. Циклда бірінен соң бірі қайталанып тұратын төрт фаза бар: дағдарыс (кризис), депрессия, жандану және өрлеу.

1 фаза- дағдарысқа келесілер тән:

ü қорлар жойылып, өнеркәсіптік инвестициялар азаяды:

ü еңбекке сұраныс азаяды:

ü тауарлар бағасы төмендейді:

ü пайда азаяды, несиеге сұраныс азайып процент ставкасы төмендейді.

Ең төмеңгі дағдарыс деңгейі- депрессия.

Депресия- жоғары деңгейдегі жұмыссыздыққа әкелетін ұлттық өндіріс көлемінің төмендеуі, ол бірнеше жылға созылады.

2 фаза -депрессияға келесілер тән:

ü өндіріс көлемі азаймайды, өспейді де;

ü тауар артықшылығы азаяды, бірақ сауда жүрмейді;

ü процент ставкасы минимумда.

Біртіндеп жандану бастала бастайды.

3 фаза-жандануға келесілер тән:

ü нарықтың жаңа жағдайларына бейімділген кәсіпорындар тауар өндірісін арттыра бастайды;

ü жұмыссыздық қысқара бастайды;

ü инвестициялық процестер жанданады;

ü баға және процент ставкасы артады.

4 фаза-өрлеу келесілер тән:

ü ЖҰӨ өсуінің жоғары қарқыны;

ü жұмысыздық толығымен жойылады:

ü баға және процент өсуде.

 

2) Тұрғындардың жұмысбастылығы-макроэкономиканың басты сипаты.

Жұмысы бар- жұмыс басты болып жұмыспен толығымен қамтылған немесе толығымен қамтылмаған адамдар.

Жұмыссыз - статистикалық зерттеу кезінде жұмыссыз болған, бірақ оны іздеп, жұмысқа кірісуге дайын болған адамдар.

Жұмыссызбен жұмысбастылар жиынтығы жұмыс күшін құрайды.

Жұмыссыздық дәрежесі - жұмыссыздар санының жұмыс күшінің санына қатынасы ретінде анықталады.

Жұмыссыздықтың негізгі типтері:

Фрикционды жұмыссыздық жұмысты іздеумен оны күтумен байланысты. Бұл жұмыссыздықтың қысқа мерзімді және ерікті түрі, осы категориядағы жұмыссыздардың еңбек нарығында сатуға келетін жұмыс дағдысы бар.

Құрылымдық жұмыссыздық - жұмыс күшінің құрылымының жұмыс орындарының құрылымына сәйкес келмеуінен туындайды.

Жұмыссыздықтың бұл түрі еріксіз және ұзақ мерзімді сипатта болады.

Циклдік жұмыссыздық - экономикалық құлдыраумен байланысты пайда болады, жандану кезінде ол болмайды.

Толық жұмысбастылық - экономикада фрикционды және құрылымдық жұмыссыздықжағдайындағы жұмысбастылық.

Оукен заңы жұмыссыздық деңгейін ЖІӨ ауытқуымен байланыстырады: жұмыссызыдық деңгейінің 1 процентке әр өсімінде (алдыңғы жыл көрсеткішімен салыстырғанда) шынайы ЖІӨ өсу қарқыны 2,5% азаяды.

Жұмысыздық деңгейі= жұмыссыздар саны/ жұмыс күшінің санына *100%

3) Инфляция - орташа баға деңгейінің өсуі салдарынан ақшаның құнсыздануы.

Дефляция - орташа баға деңгейінің төмендеуі.

Инфляция деңгейі (баға өсімінің қарқыны) бағаның орташа деңгейінің салыстырмалы өзгерісі Дезинфляция - инфляция деңгейін төмендету (бағалардың өсу қарқыны).

Инфляция түрлері:

Ашық және жабық – біріншісі баға өсуімен, екіншісі тауардың жоғалуымен сипатталады.

Қалыпты (ж орғалап жүруші ) -баға жай өзгереді, көбіне жылына 10% дейін.

Шоқырақтаушы – баға өсімі жылына 10 -200% дейін.

Гиперинфляция- баға өсімі жылына 1000% (айына 50 %) болады да, ақша айналымы толығымен бұзылады.

Балансты және баланысталмаған: әр түрлі тауарлар бағасы салыстырмалы түрде өзгеріссіз және керісінше өзгермелі.

Күтілген және күтпеген.

Сұраныс инфляциясы- толық жұмысбастылыққа жақын жағдайда, жиынтық шығынның (жиынтық сұраныстың) артықшылығынан пайда болады.

Шығындар инфляциясы - өндіріс шығындардың артуынан бағаның артуы.

Инфляцияның бұл түрі стагфляцияға әкеледі - өндіріс құлдырауы жағдайында инфляциямен жұмыссыздықтың бір уақытта өсуі.

Инфляция табыстардың қайта бөлінуіне әр түрлі әсер етеді, ол немесе болатындығына байланысты.

Жұмыссыздық және инфляция деңгейлері арасында байланыс кері, бұл байланыс Филипс қисығы (АD). Жұмыссыздық деңгейін төмендету баға өсімімен еңбек ақының артуына әкеледі.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

2. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

4. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

5. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.

6. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.

7. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана: теория, опыт, проблемы А.,: Экономика,1998

 

СДЖ арналған бақылау жұмысы

1. Жұмыссыздық және оның түрлері.

2. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы.

 

V бөлім. Макроэкономикалық реттеу.

15 тақырып. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты.

1. Экономиканы мемлекеттік реттеу: мәні, қажеттілігі, функциялары, инструменттері.

2. Ақша- несиелік саясат.

3. Қаржылық жүйе, мемлекеттік бюджет.

1) Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР)- мемлекеттің экономикалық процестерге араласуының экономикалық, саяси, құқықтық шаралардың жүйесі, оларды жүргізудің мақсаты - тұрақты өсуге жету және экономикалық жүйені үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға бейімдеу болып табылады.

Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі себептердің екі тобымен байланысты:

1-шісі ұжымдық және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты;

2-шісі қоғамдық ұдайы өндірісті ұлғайтумен байланысты.

Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары: экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы өзгеріп тұратын жағдайларға бейімдеу.

Мемлекеттің негізгі функциялары:

ü нарықтың құқықытық және әлеуметтік ортасын қалыптастыру:

ü бәсекені қорғау, шағын бизнесті демеу;

ü табыспен ұлттық байлықтың қайта бөлінуі;

ü инфляциямен жұмыссыздықты бақылау;

ü экономикалық өсуді ынталандыру, экономиканы тұрақтандыру;

ü тиімді сыртқы экономикалық қызметті жүргізу.

Мемлекеттік реттеу инструменттері:

1. Әкімшілік: лицензиялау, квоталау, бағаны, табысты, валюта курсын, есеп процентін бақылау.

2. Құқықтық: бәсекені қорғау, стандарттау, норма және ережелерді орнату жүйесі арқылы заң шығарушылық негізде жүзеге асырылады.

3. Экономикалық, олар екіге бөлінеді: тікелей және жанама.

3.1 тікелей: салаларды дотация, субсидии, жәрдем ақы және т.б. түрде қайтарымсыз негізде қаржыландыру;

3.2 жанама: несие-ақшалық, салықтық, валюталық, кедендік, амортизациялық саясаттың рычагтары арқылы реттеу.

2) Ақша-несиелік саясат - мемлекет қызметі, оның тағайымдылығы елдегі несие-ақшалық процестерді реттейтін шаралар жүйесін өңдеу.

Ақша саясаты - процент ставкасының, ақша массасының және несиенің деңгейлерін басқару саясаты.

Ақша массасы - шаруашылықтағы барлық ақшалай қаражаттардың жиынтығы, олар айналым, төлем және жинақ құралы қызметтерін атқарады.

Айналымдағы ақшы массасын анықтау үшін ақша агрегаттары пайдаланылады:

М1 = қолма- қол ақша + ағымдық шоттағы ақша (талап еткенге дейіңгі шоттар):

М2 = М1 + тез арадағы шоттар және чексіз шоттары;

М3 = М2+ ірі депозиттер;

Чек - иесіне несиелік мекемеден чектегі.

Несиелік жүйе - айналымдағы ақша көлемін өзгерту арқылы экономиканы реттеуге арналған қаржылық мекемелер кешені мен несиелеу әдістері.

Қазіргі ақша-несиелік жүйе үш деңгейден тұрады:

1. Ұлттық Банк: ақша шығару, ақша-алтын резервін сақтау, экономиканы ақша-несиелік реттеу, қаржылық институттар қызметін реттеу.

2. коммерциялық банктер: заңды және жеке тұлғалармен жұмыс істеуі.

3. маманданған несие-қаржылық институттар: зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және ипотекалық банктер.

Банк- уақытша бос ақшаны ақылы негізде несиеге беруменн айналысатын экономикалық институт. Банктердің мақсаты- банктік пайданы табы, ол процент ставкасы мен ссуда, салымдар арасындағы айырмашылық (маржа). Банктер 100 түрлі операциялар жүзеге асырады, оларды 4 топқа жіктеуге болады:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 59; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.