Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

І. Гериатриялық науқастарға жалпы көмек көрсету мен күтім жасауды ұйымдастыру




1.3 Гериатриядағы мейірбике ісінің қазіргі замандағы аспектілері«Мейірбике ісі» денсаулық сақтау саласындағы негізгі бөлімді құрайды, егде және қарт жастағы науқастардың денсаулығын жақсартуда аурудың алдын-алу шараларын, психикалық және  физикалық ауруларында, еңбекке қабілетсіз жандарға психоәлеуметтік көмек пен күтім жасаудағы ролі жоғары». (Халықаралық мейірбике кеңесі, 1987 ж.,

Жаңа Зенландия).

Науқастарға күтім жасау мейірбикенің әдістемелік ұйымдастыру үдерісі болып табылады.

Ол негізгі 5 кезеңнен тұрады:

1 – науқас туралы объективті және субъективті ақпарат жинау

2 – мейірбикелік диагностика

3 – мейірбикелік іс-әрекетті жоспарлау

4 – жоспарды іске асыру

5 – жасалған жұмысты тиімді бағалау.

Мейірбикенің негізгі мақсаты егде және қарт жастағы науқастардың жасына байланысты ауруларға күтім жасау.

Бірінші кезеңде мейірбике мына жағдайларға баға беруі керек:

• ағзадағы негізгі жүйелердің жағдайы;

• психологиялық статусы;

• науқастың өз-өзіне күтім жасай алуы;

• қоршаған ортадағы құбылыстардың науқасқа оң және те ріс әсер етуі;

• әлеуметтік статус.

Гериатриялық науқастармен жұмыс жүргізу барысында кездесетін қиыншылықтар: есту және сөйлеуі қиын, есте сақтау қабілеті төмен науқастар. Сол себепті жұмыс барысында мына ережелерді қатаң сақтау керек: 

• әңгімелесу барысы науқасқа да өзіне де ыңғайлы орын табу;

• әңгіме соңы науқастың жағдайын жақсарта түсуі керек;

• әңгімеге зейін қою, оның мәселесіне қызығу;

• науқасты аты-жөнімен атау, науқаспен тұрып сөйлеспеу, сабырлықпен тыңдау, артық іс-қимыл қолданбау;

• құлағы ауыр науқастармен асығыс сөйлеспеу, сіздің «ерніңізден оқуға»

мүмкіндік беру;

• науқас алдында өзінің сенімсіздігін білдірмеу, оның орнына үндемей қалу, артық сөйлемеу;

• сөйлесу барысында әңгімені дұрыс бағытқа бұру;

• науқасты қобалжытатын тақырыпта сөз қозғамау.

Анамнез жинау барысында көп ақпаратты жинауда науқастың туысқандары, оның үйдегі күтушісі, ұзақ жыл бойы қатынаста болған медицина қызметкерлерінің рөлі жоғары.

Екінші кезеңде мейірбикелік үдеріс, науқастармен жұмыс істеу барысында көп білімді қажет етеді. Психикалық, әлеуметтік қиыншылық жағдай туғанда дұрыс шешім қабылдау керек. Мысалы, қыс уақытында ауылды жерде тұратын қарт кісілер үй шаруашылығымен өздігімен айналыса алмайды, сол кезде уақытша пансионатта және арнайы медико -әлеуметтік көмек көрсету орталықтарына орналастыру керек.

Үшінші кезеңде мейірбикелік күтім жасауда алдын-алу шаралары мақсатында жоспар құру қажет. Алға қойған мақсатты жүзеге асыру үшін науқастың жағдайын жақсарту керек. 60 жастан асқан қарт кісілерге көрсетілетін мейірбикелік көмектің негізгі ерекшеліктері:

1) Күтім жасау мақсатының нәтижесіне жету үшін ұзақ мерзім кетеді.

2) Денсаулығына байланысты қиыншылықтарды шешу кезінде науқастың белсенділігінің төмен болуы.

3) Күтім жасау барысында мүшелер мен жүйелердің қаншалықты қартайғандығын ескеру керек.

Төртінші кезеңде мейірбикенің күтім жасау жоспары 3 типті

араласуымен болады: тәуелді, тәуелсіз, өзара тәуелділік.

Тәуелді араласу – дәрігердің бақылауымен, оның нұсқаларын мейірбике бұлжытпай орындайды (наркотикалық заттарды енгізгенде, науқасқа, қатаң тәртіп пен емдәм тағайындағанда), және де әрдайым мейірбике дәрігермен кеңесіп тұруы қажет.

Тәуелсіз араласу – дәрігердің талабынсыз мейірбике өзі әрекет жасай береді. Мысалы, науқастың өзіне күтім жасау барысында көмек көрсету, науқастың өз ауруына реакциясы мен бейімделуін қадағалау, науқастың ауру дәрежесіне сай өзіне күтім жасауы мен тазалықты қалай сақтау керектігін үйрету және т.б., науқастың денсаулығына байланысты кеңес беру.

Өзара тәуелділікпен араласу – мейірбикенің физиотерапевт, диетолог, ЕДШ дәрігерлерімен тығыз байланыста жұмыс істеуі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-11-19; Просмотров: 101; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.