Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Климакстық кератодермиялар, немесе Хакстхаузен синдромы.




Алақан мен табанда гиперкератоздар, қабыршақтану және ауыратын жарылулар байқалады.

Емі. Аевит, эссенциале, продектин, міндетті түрде антидепрессантар мен транквилизаторлар тағайындалады. Гиперкератоз ошағының сіңірілуі үшін 5–10% ихтиол, нафталан, 2–5% мочевинасынан тұратын майларды береді.

Қарттардағы гиперкератоздың ерекше түріне гипстік кератоз құрайды. Тобықтың сырт жағында, тізе мен шынтақ буындарының иілгіш беткейінде гиперкератоз ошағын түзетін тығыз папулалар байқалады, оны ажыратқан кезде жеңіл алынатын ақ түсті қабыршақтар түседі. Ошақ гипсті еске түсіреді.

Емі. Криодеструкция, құрамында А дәрумені бар жақпа майлар.

2.1.4 Шектелген обыр алды гиперкератоздар – нағыз қатерліісіктің алғашқы белгісі болып табылады. Төменгі еріннің қызыл сызығында орналасады және диаметрі 1см-ге дейінгі ақ-сұр түсті тығыз жабысқан қабыршақтардың айқын шектелген ошақ ретінде болады.

Емі – зақымдалу ошағын міндетті түрде гистологиялық зерттеу жүргізе отырып алып тастаумен қорытындыланады.

Еріннің обыр алды сүйелі де қатерлі ісіктің алғашқы белгісі болып табылады. Төменгі еріннің қызыл каймасында орналасады және оның түрі диаметрі 1 см-ге дейінгі тығыздау шар тәрізді шектелген, қоршап тұрған қызыл каймадан шығып тұратын түзіліс ретінде байқалады. Ошақтың түсі сұрғылт-қызыл, беткейінде кішірек сүйелді өсінділер көрінеді.

Емі - хирургиялық.

Кәрілік кератома (син: кәрілік кератоз, кәрілік кератопапиллома).

Терінің ашық беткейлерінде орналасатын, сұр түсті тығыз орналасқан қабықпен қапталған, диаметрі 1,5 см-ге дейін, домалақ пішінді, беткейі кедір-бұдырлы қатерлі емес түзіліс. Көптеген зақымдалу кезінде мардымсыз қышыма болуы мүмкін.

Емі. Электро – және криодеструкция.

Себореялық кератоз (син: кәрілік сүйелі, себореялы кератома). Ісік өте баяу өседі. Бастапқыда шектелген сарғыш немесе қоңыр түсті дақ, кейін оның көлемі өсе келе диаметрі 4-6 см-ге дейін жетеді. Біртіндеп ісік беті сарғыш қабықпен қапталады, жарылады, түсі қою -қоңыр түске дейін өзгереді. Орналасу орны әртүрлі болуы мүмкін, жиі терінің жабық беткейлерінде орналасады, бірақ бетте, мойында, бастың шашты бөлігінде де орналасуы мүмкін.

Емі. Кесіп алу, электро-криодеструкция, неодим лазерінің сәулелері, солкодерм, 10% салицил және сүт қышқылынан тұратын коллодий, А дәрумені бар жақпа майлар.

2.2 Көрудің өзгеруі (қарттық қатаракта, глаукома, тор қабықтың дегенерациялануы, пресбиопия)

Қарттық жаста көру мүшелерінің үдемелі өзгерістері қартаюдың жалпы биологиялық үдерістеріне байланысты болады. Олардың қарқындылығына жеке анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері, циркуляторлық және тіндік гипоксия айқындылығы, бейімделушілік мүмкіндіктерінің төмендеуі, қанайналымның аутореттеу жүйелері (торлы қабық, көру жүйкесі) мен антиоксиданттық үдерістердің әлсіреуі әсер

етеді. Жасушалардың функционалдық белсенділігі төмендеп, апоптозис үдерісі күшейеді.

2.2.1 Көз қосалқыларының өзгеруі. Көз қосалқыларына қабақтар, конъюнктива және жас бөлу мүшелері жатады. Терінің қартаюы салдарынан қабақтар жұқарады, серпімділігін жоғалтады, әжімдер байқалады, жоғарғы қабақтың терісі салбырап түседі, холестериннен тұратын (ксантелазмалар) сарғыш дақтар да байқалуы мүмкін. Көз саңылауы бұлшықеттің төмендеуі және леватордың әлсіреуінен жоғарғы қабақтың  аздап түсуіне байланысты тарылады. Тері мен бұлшықеттің былжырауынан төменгі қабақ көз алмасуына толық жабыса алмайды да, конъюнктивальды қапшықтан шығатын көз жасының бөлінуін бұзады, нәтижесінде жас ағудың себебі болып табылады. Көз алмасы мен қабақ конъюнктивасы жұқарып, онда әктену мен гиалинді қалдықтар байқалуы мүмкін. Конъюнктиваның гиалинді түзілісі мөлдір қабығының ішкі қырындағы ісік тәріздес түзіліспен (пингвекула) бірге жүреді. Негізгі және қосымша көз жасы бездеріндегі атрофиялық үдерістер, соныме н бірге конъюнктивадағы бокал тәрізді жасушалардағы жас өндірілуінің төмендеуі нәтижесінде оның құрамы өзгереді және тұрақты прекорнеалды қабат түзу қабілеті төмендейді. Егер бұл үдерістер айқын болса, онда көз бұлдырауы, көзді ашып-жұмғаннан кейін басылатын көздің құрғауы мен бөгде заттың тұруы, көзбен жұмыс істеген кезде көздің тез талуы, конъюнктивалардың

гиперемиясы, прекорнеалды қабаттың толық емес және тез бұзылуымен сипатталатын «құрғақ  көз» синдромы туындайды. Бұл белгілерді жою үшін «жасанды көз жасын» тағайындайды, ол прекорнеалды көз жасы қабатының буланып жойылуының алдын алатын, негізгі компоненті полимерден (жиі поливинилді спирт) тұрады.

2.2.2 Көздің өзгеруі. Инволюциялық-жастық өзгерістер мөлдірқабықты, көзбұршағын және шыны тәрізді дене мен торқабықты да қамтиды.

Мөлдірқабықтың өзгеруі. Мөлдірқабық қартайғанда өзінің құрылымы мен мөлдірлігін сақтайды, бірақ оның анықтығы төмендейді, эпителийлік жасушаның ісінуі нәтижесінде ол күңгірттенеді. Мөлдірқабықтың жасқа сай өзгерістерінің ең айқын көрінісі оның шеткері беткейінде қалыңдығы 1 мм-ге дейінгі сары сақина (arcus senilis) болып табылады. Қарттық доғаның түзілуі мөлдірқабық тініндегі липоидты жасушалардың жинақталуымен байланысты болады.

Көзбұршақтың өзгеруі. Адамның бүкіл өмір бойында жаңа көзбұршақтық талшықтардың түзілуі нәтижесінде көзбұршақ өсіп отырады. Жас келе, көзбұршақтың қалыңдығы үлкейсе, сонымен бірге –орталық бөлігінде тығыз ядро түзіледі. Қартайған сайын көзбұршақ капсуласының цинн байламдарының шыны тәрізді денемен байланысы әлсірейді. Көзбұршақтың қалындығының ұлғаюы алдыңғы камера тереңдігінің төмендеуіне, оның бұрыштарының тарылуына және нұрқабықтың көзбұршақ капсуласына тығыз жанасуына алып келеді. Бұл

өзгерістер біріншілік жабықбұрышты глаукоманың туындауына себепші

болуы мүмкін.

Шыны тәрізді дененің инволютивті-жастық өзгерістеріне оның

гистерезисі, бұлыңғырлануы және ажырауы жатады. Гистерезис өлшемдері

біртіндеп ұлғаятын және бір-бірімен бірігетін, сұйықтыққа толы тұтқыр

гель тәрізді қуыстардың түзілуімен жүреді. Шыны тәрізді дененің бұлыңғырлануы талшықты құрылымның іріленуіне, олардың қозғалғыштығының жоғарылауына немесе жіп тәрізді деструкцияға байланысты болуы және де ол көз алдындағы «шыбындар», «жіптер», «дақтар» болып көрінуі мүмкін.

Нұрқабықтың өзгеруі. Нұрқабықтағы кәрілік өзгерістері әсіресе оның шеткері беткейінде айқын байқалады. Олар нұрқабықтың бұлыңғырлануы, оның диспигментациясы, майда кисталардың түзілуі ретінде айқындалады. Сирек жағдайда кеңістігі тұтқыр гиалурон қышқылымен толатын, нұрқабықтың төменгі және жоғарғы самай бөлігінің екі жапырақшаға ыдырауымен жүретін, кәрілік ретиношизис

туындайды. Қантамырлардың асқынбаған жағдайларындағы өзгерістеріне оның қабығының жуандауы, артериолалар мен венулалар саңылауының тарылуы және олардың тіктелуі жатады.

Көру қызметінің өзгеруі. Көру жүйкесі дискісінің жастық өзгерістеріне оның қалыңдауы, аздап деколорациясы және диск шетінде хориоидеялық субатрофия аймағын жатқызады. Бұл офтальмологиялық өзгерістер жүйке талшықтары санының, астроглиялар тығыздығының төмендеуі және тамырлы жүйенің бөліктік редукциясы нәтижесінде туындайды.

Егде және қарттық жаста көру қызметі біртіндеп төмендейді: көру өткірлігі, жарықтық, контрастілік және түстік сезімталдық төмендейді.

Асқынбаған жағдайда бұл өзгерістер өмір сүру және еңбек ету сапасына айтарлықтай әсер етпейді. Кең ауқымды жастық өзгерістер аккомодацияның бұзылуына тән болып келеді. Аккомодацияның әлсіреуі көзбұршақтағы эластикалық қасиеттің және цилиарлы бұлшықеттегі инволюциялық – жастық үдерістерге тәуелді болады. Рефракциясы жоғары адамдар 40-45 жасқа келгенде көру жұмысын орындау (пресбиопия) үшін көзілдірік киюіне тура келеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-11-19; Просмотров: 65; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.