Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Леуметтік сала 4 страница




Геномдық мутация-клеткадағы хромосомалар санының өзгеруі. Оның бірнеше түрі бар 1) полиплаидия-хромосома жиынтығының бірнеше еселеніп өсуі: 2) анеуплоидия-хромосома жиынтығының еселенбей өсуі. 3) гаплоидия-диплоидты 2 еселенген хроосома жиынтығының кемуі.

Хромосомалық мутация-микроскоп арқылы көрінетін хромосома құрылымдағы өзгеріс. Бұл өзгеріс хромосоманың кей бөлімінің үзіліп қалуына(делеция), қосарланып кетуіне (дупликация) немесе оның басқа бір бөліміне ауысуына байланысты.

Гендік немесе нүктелік мутация деп ДНҚ моекуласының белгілі бір бөлігінде нуклеотидтердің қатар тізбегінің өзгеруін айтады. О молекулалық деңгейде өтеді, микроскоп арқылы көрінбейді. Мутация нәтижесінде биохимиялық, физиологиялық өзгерістерг ұшырайды. Организмдегі бұл өзгерістер бірден немесе бірақ уақыттан кейін біртіндеп байқала бастайды.

Полиплоидты мутанттардың клеткалары мен органдарының көлемі ұлғайып, хромосома жиынтығы жұп болса, оның ұрпақ беру қабілеті сақталады, ал тақ болса бұл қабілеті үлкен өзгеріске ұшырайды. Кейде бір генінің бірнеше белгі-қасиеттері өзгереді. Гендік мутация доминантты, жартылай доминантты және рецессивті болады. Хромосомалық және гендік мутациялардың себебі көпке дейін белгісіз болып келеді. Бұл өзгерістер организмге әр түрлі химиялық, физикалық факторлардың-мутагендердің әсер етуінен пайда болады. М: радий сәулелерінің саңырауқұлақта тұқым қуалайтын өзгеріс тудыратындығын 1925 жылы орыс ғалымы Г.С. Филлипов ашты. 1927 жылы АҚШ ғалымы Г.Меллер (1890- 1967) жасанды мутацияның рентген сәулелерінің әсерінен болатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Мутация процессі көбінесе организм үшін зиянды болып келеді. Түрлі тұқым қуалайтын аурулар мен кемістіктерді тудырып, кейде тіпті өлімге душар етеді. Сонымен қатар кейбір мутациялар организмге пайдалы өзгерістер де алып келеді. Мысалы гендік мутация өсімдіктер, жануарлар және микроорганиздерді сұрыптау жолымен жаңа түрін алғанда кейбір қасиеттерін жақсартады.

Дәріс №11

Тақырыбы:Табиғатты қорғау және тұрақты даму.

1. Қоршаған ортаны қорғаудың принціптері мен әдістері.

2.Ерекше қорғалатын табиғи территориялар.

3. Генетикалық алуандықты қорғау. Биосфералық резерваттар.

4.Қызыл кітап және оның биологиялық алуандықты сақтаудағы рөлі.

5.Экологиялық білім экологиялық сауттылықы.

Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік - жер шарының "өкпесі" деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамьшғысы біркелкі таралмаған.

Қазақстанда орман қоры 21,8 млн. га жерді алып жатыр. Яғни, республикамыздың барлық жерінің 3,35 %-ын құрайды. Біздің еліміздегі ормандар жүйесі, негізінен, солтүстік және шығыс аймақтарда шоғырланған. Ормандардың бірнеше типтері бар. Олар - сексеуіл қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бүталар.

Орман қоры жер шары бойынша жылдан-жылға азая түсуде. Құрылықтың 62 млн. км2 жерін өсімдіктер мен орман алып жатыр. Республикамызда ормандар аз және олардың жағдайы мәз емес. Оның негізгі себептері - адам факторы, өрт, ауа райының өзгеруі мен айнала қоршаған ортаның ластануы.

Орманды қорғау біздің міндетіміз. Орманның адам мен жалпы биосфера үшін маңызы зор.

Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын түрактан-дырады. Ылғалды жер өсімдік жамылғысы мен жан-жануарлардың көбейе түсуіне ықпал етеді. Орманды алкаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдерді қоректендіреді. Орман аң мен қүстың мекені, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен жеміс-жидектердің панасы әрі қолайлы тіршілік ортасы болып табылады.

Ормандардың егістік алқаптарын қорғауда да рөлі зор. Орманды жерде топырақ, су және жел эрозиясы болмайды. Ал ормансыз жердің топырағы кеуіп, шөлге айналады. Ағаштарды қар тоқтату үшін де отырғызады.

Орманның ауаны тазартатын да қасиеті бар. Мысалы 1 га орман бір күнде 220-280 кг көмірқышқыл газын сіңіріп, 180-200 кг оттек бөліп шығарады. Яғни, ауаның күрамын толықтырып отырады.

Орман сонымен бірге денсаулық сақтау ортасы. Сондықтан курорт пен сауықтыру кешендері, т.б. демалыс орындарының тек қана орманды жерде салынуы тектен-тек емес.

Қазақстанда орманға қарағанда табиғи жайылымдар басым. Өсімдіктің біздің жерімізде 57000 түрі өседі. Оның 506 түрі қорғауды кажет етіп отыр. Жойылып бара жатқан өсімдіктерді сактап калу мақсатымен 1981 жылы "Қызыл кітап" шығарылды. Оның мақсаты қүрып бара жатқан өсімдіктерді есепке алып, оларды сақтап қалу. Ол үшін көптеген мемлекетгік шаралар жүргізіледі. Солардың бірі - сиреп бара жатқан өсімдіктер өскен жерлерді адам қамқорлығына алып қорықтар ұйымдастыру.

Қорық ұйымдастыру ісіне біздің республикамызда соңғы жылдары көп көңіл бөліне бастады. Қазірдің өзінде 9 мемлекеттік қорык, 5 ұлттық парк, 17 ботаникалық, 40 зоологиялық, 2 ботаникалық-геологиялық қорыққорлар құрылған. Алматы, Шымкент, Қарағанды, т.б. ірі қалаларда ботаникалық бақтар жүмыс істейді. Осының бәрі сиреп бара жаткан өсімдіктерді қалпына келтіру жүмыстарымен айналысады. Орман мен өсімдіктерді корғау ересектермен қатар мектеп оқушыла-рының да міндеті. Көптеген аймақтарда жастардың белсенділігін арттыру мақсатымен "Жас орманшылар", "Жасыл патрулыпілер", "Жас экологтер", "Жас натуралистер" атты үйірмелер үйымдастырылған. Олар - еліміздегі орман шаруашылығыны? белді көмекшілері.

Сирек және дәрілік өсімдіктерді де қорғау баршаның ісі. Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге өте бай. Олар көбінесе Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Алтай таулары мен Қаратау тау жоталарында көп шоғырланған Әсіресе алтын тамыр, марал оты, дәрмене, жусан, қылша, шайқурай, жалбыз, бәйшешек, тартар жапырақ, түймедақ, мың-жапырақ, тау жуасы, сарымсақ, тасжарған, алтай рауғашы, қызылжидек, сасыр, т.б. өсімдіктер медицинада кеңінен қолданылады. Мәселен, Шымкент қаласында осындай дәрілік өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын формоцевтік зауыт жүмыс істейді.

Қазақстанда дәрілік өсімдіктермен қатар сирек кездесетін, сәндік үшін өсірілетін өсімдік түрлері де бар. Олардың саны азайып барады. Мысалы, Қаратау аймағында өсімдіктердің 1500 түрі өседі. Сондықтан болар Қаратау өсімдіктердің "Меккесі" деп аталады. Табиғаптың.әсем көріністері табиғи ортаның ластануынан, жайылымдардың тозу * салдарынан сирек кездесетін өсімдіктердің азаюынан бүлінуде. Қазір кең-байтақ даламыздан кызғалдақтардың көптеген түрлері, қызыл адыраспан, сөгеті сасыры, іле бөріқарақаты, іле үшқаты, жатаған шырша, алтай қасқыр жидегі, кәдімгі пісте, жіңішке көкнәр, алмүрт- -шөп, сарытүңғиық, шықшөп, меруертгүл, жабайы жүзім, т.б. бірте-бірте жойылып барады. Оларды қорғау біздің міндетіміз.

Республикамыздың шөл-шөлейтті белдемдерінде орналасқан Мойын-Қүм, Тауқүм, Сарыесікатырау, Жалпаккүм, Қызылқүм сияқты ерекше қүм жоталары бар. Олардың бәрі біріншіден, түнып түрған өсімдіктер ортасы болса, екішіден, жайылым қоры болып саналады. Бірақ елімізде полигондар мен жел эрозиясына үшыраған жердің көлемі 25 млн. гектарға жетіп отыр. Осыған орай, біз шүрайлы жайылымдар қорын сақтап қалу үшін осы жерлерді ерекше қорғалатын аумақтарға жатқызып, қамқорлыққа алуымыз керек.

Сирек өсімдіктердің қатарына ағаштар да жатады. Оларды кесіп отын, құрьшыс материалы үшін пайдалануды азайту керск. Қазірдің өзінде Іле шыршасы, самырсын, шетен, ырғай, тораңғыл, долана, шырғанақ, емен, т.б. ағаштары қорғауды қажет етіп отыр. Әсіресе орман ағаштарьш кесу етек алуда. Орманды қорғаудың ең маңызды бағыты -жасанды жолмен орман қорын көбейту. Жыл сайын орхман шаруа-шылығы мыңдаған тұп ағаштар отырғызады. Осылайша ормандарды қалпына келтурі жүзеге асады. Орманды корғау мен қалпына келтіру шараларына оқушылардың араласуы қажет.

Орманды жерге саяхат жасағандағы ең қауіпті нәрсе - өрт. Өрт көбінесе адамдардың жіберген ағаттыныған болады. Олар негізінен отқа деген жауапсыздықтан туады. Яғни, сіріңкені, темекі қалдығын өшірмей тастаудан болатын орман өрті өте қауіпті. Әсіресе қылқан жапырақты ормандар өртін сөнідру қиынға соғады. Кейде орман өртін басуға ұзақ уақыт қажет болады. Жыл сайын адамдардың ағаттығынан мыңдаған гектар ормандар, тоғайлар өрт құшағына оранды. Дүние жүзінде болып жататын өрттердің 97 %-ы адамдардың табиғатқа селқос қарауынан болады. Кейбір тропикалык ормандардағы өрттер 2-3 айға созылып, үлкен қауіп-қатер туғызады. Сондықтан орман ережелерін сақтау баршаның міндеті.

Орманның өрттен басқа да жаулары бар. Олар - орман зиянкестері -кемірушілер, үсақ жәндіктер, өсімдік аурулары, паразиттер, саңырау-қүлақтар мен вирустар. Зиянкестердің кесірінен қүрылыс материалдары үшін дайындалатын ағаштардың 45 %-ы сапасыз болып шығады. Кейбір жылдары жүздеген гектар ормандардағы зиянкес-термен үзбей күресуге тура келеді. Олар химиялық және биологиялық күрес жолдарымен жүзеге асады. Химиялық күресте химиялық заттарды қолдану тәртібін қатаң сақтау қоршаған орта мен барлық тірі организмдер үшін үқыптылықты қажет етеді.

Қазақстандағы ормандардың экологиялық ахуалы

Қазакстан бойынша орман қоры аумағының алып жатқан жер көлемі 25,6 миллион гектар болып, республика жерінің 9,7 пайызын құрайды. 1989-2000 жылдардағы цифрларға жүгінсек, бүл аралықта жылына орта есеппен кем дегенде 647 орман өрті болып, әрбір өрттің зардап шектірген жерінің ауқымы 18,9 га болып келеді. 1997-2000 жылдар ішінде болған орман өрттерінен кем дегенде 300 мың га орман алқаптары бүлінді.

Бүгінгі күнге Қазақстан бойынша сексеуіл орман қорының көлемі 5,4 млн. га болып отыр. Кейінгі 10 жылда сексеуіл екпе ағаштарының жалпы ауданы 591,2 мың гектарға көбейді. Бүл негізінен сексеуіл ормандары аумағында ағашы кесілген жерлерде сексеуілдің табиғи ұрықтануына көмектесу шаралары мен табиғи өздігінен жетілу барысына түрақты тексеру, бақылау жүмыстарын жолға қойғандыктан болса, ормандану дәрежесінің төмендеуіне жол бермеу мақсатында орман қоры жерлерінде сексеуіл түқымдарын себу арқылы оның көлемін артгыру іске асады. Сексеуіл ормандарының молаюына Қазақстан Үкіметініц 1999 жылғы 29 сәуірдегі "Сексеуіл ормандарын сақтау туралы" қаулысы да әсер етуде, қаулы бойынша 1999-2000 жылдары сексеуіл ормандарын кесуге тыйым салынған. Және осы қаулыға сәйкес Оңтүстік Қазакстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарында орман орна-ластыру жүмыстары жүргізілуде.

1997-1999 жылдардағы Семей өңірі мен Павлодар облысындағы болған орман өрттері салдарынан Ертіс жағасындағы қарағайлы ормав-дардың 230 мыңнан астам гектары күрып кетті.

Ғарыштық және жер беті зерттеулерінің нәтижелеріне жүгінсек, бүл ормандардың 40-50 пайызы өрттен, орман зиянкестері мен аурулары және заңсыз ағаш кесу салдарынан зиян шекті.

Оның үстіне кейінгі жылдары орманның санитарлық жағдайларын жақсарту және өртенген жерлерді тазалау мақсатында бүл аймақтарда өз бетінше ағаш дайындаушылар жүмылдырылған еді. Осының сал-дарынан заңсыз ағаш кесу көбейіп кетті. Ағаш дайындаушылар алаңсыз ағаш кесу үшін өртенген аймақ болып есептелсін деп әдейі өрт жіберу жағдайлары да кездесті. Ағашқа сүраныстың күрт көбеюіне тағы бір негізгі себеп Қытай мемлекетінде 20 жылға ағаш кесу жүмыстарының доғарылғаны да болып отыр.

Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін орман, балык және аңшылық шаруашылығы комитеті бүл аймақтарда ағаш кесудің барлық түрлеріне тыйым салды. Енді осы аймақтағы ағаштарды ерекше бағалы ормандар қатарына жаткызуға Үкімет қаулысы дайындалып жатыр, ол жағдайда орманды күзету ерекше режим бойынша жүргізіледі.

Оған қоса 2001-2005 жылдары Семей өңірі мен Павлодар облысында толық түрде орналастыру жүмыстары жүргізіледі.

Жоғарыда атап өтілгендей, орман өрттерінің көбеюіне байланысты ағашты рүқсатсыз кесу де белен алуда.

Әсіресе жаңа жыл қарсаңызда жаппай рүқсатсыз ағаш кесушілер саны көбейіп, соның салдарынан шырша, самырсын, қарағай түр-лерінің жас ағаштары қүрып барады. Қаражаттың тапшылығынанқосымша ағаш отырғызуға мүмкіндік жоқ кезде бұл ерекше кері әсерін тигізуде.

Қазакстан аз орманды елдер қатарына жататындықтан, әр ағаштың бағалы екендігі белгілі. Осы жағдайларды ескере отырып, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі тәжірибе ретінде бір жылға жаңа жыл шыршаларын дайындауға тыйым салды. Облыс әкімдерінің тапсырыстары бойынша жаппай жаңа жылдық шаралар өткізу ұшін шыршалар министрліктің рұқсатымен ғана бөлінеді.

Орман шаураушылығы және еліміздің жалпы экологиялық ахуалын жақсартуға арналған шаралар мен жоспарлар көп жағдайларда барша халыққа жария етіле бермегендіктен, осы және алдағы жоспарланған кейбір жұмыстарды көпшілік біле бермейді.

Соңғы он жыл бойы өтпелі кезеннің өзінде аталмыш комитет орман шаруашылығы салаларын ерекше биік сатыға көтере алмаса да колдан келгенді аямай, барды сақтауға толық күшін салды.

Қазір ел экономикасының дамуы айтарлықтай дәрежеге көтерілуіне байланысты бұл жұмыстар болашақта өз кемеліне келіп, дүрыс жолға қойьшуына күмән келтіруге болмайды. Оған орман шаруашылығының мамандары, қызметкерлері бар білімін, ынта-жігеріқ мүмкіншіліктерін жүмсайтын болады.

Жануарлар экологиясы

Жануарлар - табиғат туындысы. Өсімдіктер тәрізді жануарлар дүниесінің де маңызы зор. Жануарлардың ерекшелігі - олар жер шарында қозғалып, кең таралады. Жануарлар мен құстардың ішінде алыптары да кездеседі. Дүние жүзінде жан-жануарлардың 1,5 млн. түрі бар деп есептелген. Бірақ жьш сайын ғылымға жаңа түрлер белгілі болып отыр.

Жануарлардың тіршілік үшін қызметі сан алуаи. Оларды адам баласы қолға үйретіп, өзінің материалдық игілігі үшін пайдаланып келеді. Жануарлардың жүні, терісі, еті, сүті өте бағалы. Адам баласы ерте кезден бастап-ак жабайы аң мен қүстарды қолға үйреткен. Қолға үйретілген жануарлар мен қүстар бүгінге дейін оларға қызмет етіп келеді. Сондықтан адамдар жануарлар экологиясын оқып-үйрене отырып, оларды қорғай да білуі тиіс. Саналы адам бүгінгі күнге дейін жануарларды пайдаланумен бірге олардың кейбір түрлерінің жойы-луына себепші болып отыр. Мысалы, Д. Фишердің мәліметі бойынша 1600-ші жылдан бері қарай сүтқоректілердің 36, қүстардың 94 түрінін жер бетінен біржола жойылып кетуіне адамдар тікелей әсер еткен.

Олардың қатарына - дроит, кезеген кептер, канатсыз гагарка, лабрадор гагасы, каролин тотысы, көзілдірікті суқүзғын, стеллер сусиыры, жүндес керік, тур, тарпан, көгілдір жылқыкиік, жүндес мүйізтұмсық, т.б. жатады (5.5-кесте).

5.5-кесте

Аты Салмағы, кг Биіктігі, м. Тіршілік аймағы Жойылуы, жыл
Африка пілі   3,2 Африка  
Керік 5,86 Кения  
Жолбарыс     Трансвал  
Канна антилопасы   1,78 Бат.Африка  
Ергежейлі антилопа 3,6   Бат.Африка -
Африка түйеқұсы   2,74 Африка -

Қазакстан жерінде де өткен ғасырларда жабайы бір өркешті түйелер, кұлан, қабылан, тарпан, жабайы тур, арыстан, жолбарыс, керік, т.б. аңдардың тіршілік еткені белгілі. Тіптен, Іле тоғайынан жолбарыстың соңғысын 1947 қазақ аңшысы атып алған. Бүдан шығатын қорытынды адамның іс-әрекетінің жануарлар үшін қаншалықты кдуіпті екендігі белгілі. Шын мәнінде, қазак жерінің кең даласында аң мен қүстардың тіршілік етуіне қолайлы аймақтар көп-ақ. Сондықтан да болар біздің республикамызда сүтқоректілердің - 155, қүстардың -481, бауырымен жорғалаушылардын - 48, қосмекенділердің - 33, балықтардың - 140 түрі тіршілік етеді. Бүлар біздің байлығымыз. Барлығының да табиғат үшіқ адам өмірі үшін маңызы зор.

Десек те, соңғы 100 жыл ішінде Қазақстанда жануарлар дүниесі саны мен сапасы жағынан көп өзгерістерге үшырады. Оған тікелей әсер етіп отырған - антропогендік факторлар.

Кең-байтак жерімізде жүйткіп жүрген түз тағыларын бейберекет аулау олардың табиғаттағы санын күрт азайтып жіберді. Кейбір жануарлар саны біртіндеп қүрып бара жатыр. Айталық, қазақтың кең даласында каптап жүрген қүландар казір жоқтың қасы. Оның басты себебі есепсіз аулау.

Қазақстанда біраз аң мен қүстар біржола қүрып кетудің аз алдында түр. Олардың қатарына - қар барысы, қүдыр, қызыл касқыр, арқар, үстірт қойы, тауешкі, қабылан, дала мысығы, сілеусін, қаракүйрық, камшат, көк суыр, қоңыр аю, күзен, сусар, кұндыз, қаракел, сабаншы, т.б. жатады. Ал қүстардан үлар, дуадақ, безгелдек, саңырау күр, бүл-Дырық, аққу, дегелек, қоқиқаз, реликті шағала сарыала қаз, шалшықшы т-б. атауға болады.

Қазакстанның інжу-маржаны атанған Балкаш, Алакөл, Зайсан, Марқакөл, т.б. көлдері соңғы жылдары адамның іс-әрекетінен тартылып, көп өзгерістерге ұшырап отыр. Әсіресе кәсіптік балық аулау төмендеп кетті. Ал Каспий мен Арал теңізінің экологиялык жағдайы өте нашар. Арал теңізінің деңгейі 17 м төмендеп отыр. Теңіздің тұз-дылығы көтеріліп, көптеген кәсіптік балықтар тіршілігін жойды.

Каспий теңізінің экологиялық жағдайы да ауыр. Әсіресе Каспий мұнайын игеру өскен сайын теңіздің бальщтары мен құстар әлемі, итбалық сияқты сүтқоректілер зардап шегуде.

Республикамыздын үлкенді-кішілі өзендерінің экологиялық жайы сын көтермейді. Әсіресе Ертіс, Іле, Жайык, Шу, Талас, Тобыл, Нұра, Есіл, Ақсу т.б. өзендер шаруашылық пен өндірістің карқындап дамуына байланысты ластанып немесе сулары тартыла бастады. Кейінгі жыл-дары өзен бойындағы тоғайлар мен жайылымдардың тозуы, өртке шалдығуы жиі байқалып, ол фауна мен флораға кері әсерін тигізіп отыр.

Адамньгң іс-әрекетінің жануарлар дүниесіне тікелей және жанама әсері. Жануарлар дүниесінің кейбір түрлерінің жер бетінен қүрып кетуі бір қарағанда табиғат заңдылығы. Өйткені эволюциялық даму барысында бір түр жоғалып, екінші түр пайда болып отырады. Бүл қүбылыстар көбінесе климаттың өзгеруіне және басқа да табиғи факторларға байланысты.

Адам баласы жануарлар дүниесін өзінің материалдық игілігін жақсарту үшін міндетті түрде пайдаланған. Сондықтан аң мен қүстарды аулап, нәтижесінде, олар жойылып отырған. Ал ауыл шаруашылы-ғының зиянкестерімен күресу жолында улы химиялық заттарды пайдаланып, кейбір организмдердің тіршілігін жойған.

Сол сияқты тірі организмдерді тікелей жоюдың ауыр түрі -мемлекетаралық соғыстар. Дүниежүзілік соғыстарда бүкіл тіршілік атаулыны жойып жіберетін қарулар қолданылды. Олар - атом бомбалары, соғыс ракеталары, жарылғыш заттар, т.б.

Бейбіт жағдайда адам баласы ірі күрылыстар, каналдар, суқоймаларын, өндіріс пен өнеркәсіп, автокөліктер, т.б. шаруашылық салаларын дамыта отырып, тірі организмдерге тікелей әсер еткен.

Адам баласының жануарлар дүниесіне жанама әсері - орманды қырқуда, тың игеруде, батпақтарды қүртуда, суқоймасын салуда, жол қүрылыстарын жөндеуде және жайылымдарды пайдалануда байкалады. Нәтижесінде, адамның іс-әрекетінен табиғи экожүйелер өзгеріп, антро погендік ландшафтарға айналады. Олардьщ негізгі сипаты фауна мен флораның біртіндеп жойылып, қүрып кетуі. Мүндай ландшафтар Қазақстан жерінде баршылық. Олар атом полигондары болған жерлер

(Семей, Нарын, Азғыр, Тайсойған, т.б.) немесе Байқоңыр ғарыш айлағы, Арал өңірі, Сарышаған ракета полигоны және ашық кен орындары.

Тын жерлерді игеру мен жайылымдарды пайдалану көптеген дала күстарының түрақты мекендерін жойып жіберсе, полигондар ірі жануарлардың табиғи түрақтарын жойып, орын ауыстыруға, ақырында түрлі апаттарға алып барады.

Жоғарыда айтылған мәселелер бүкіл дүние жүзіне тән экологиялық жағдайлар. Сондықтан болар жер шары бойынша сүтқоректілердің 120, ал қүстардың 600-ге жуық түрінің біржола жойылып кету қаупі бар.

Осы жағдайларды ескере отырып, барлық адамзат кауымдастығы жер бетіндегі андар мен күстарды және басқа да организмдерді қорғау бағытында халықаралық деңгейде жүмыс жүргізуде. Солардың бірі БҰҰ үйымдастырған (1972) халықаралық "Қызыл кітап".

Біздің республикамызда сирек кездесетін жануарларды қорғау мәселесі жақсы жолға қойылып отыр. Олар - өздеріңе таныс қорықтар үйымдастыру ісі. Бүл бағытта қазақстандық ғалымдардың тәжірибесі мол Мысалы, қазақ жеріндегі 1875-1880 және 1851-1852 жылдардағы жүттар қүландар популяциясын біржола жойғаны тарихтан белгілі. Ал бірлі-жарым қүландар қаскерлердің (бранконьер) қүрбаны болды.

Құлан сияқты түз тағыларын калпына келтіру үшін 1953-1964 жылдар аралығында Түрікменстанның Бадхыз қорығынан 19 бас қүлан әкелініп, Барсакелмес қорығына жерсіндірілді. Адам баласының қамқорлығына алынған түз тағылары айналысы 50 жылдың ішінде көбейіп, өсе бастады. Қазір оның қоры 500-ден асып, байырғы мекен еткен жерлеріне жіберу басталды. Олардың алғашқы жүздеген басы Алматы облысының Кербүлақ ауданына жіберілді. Өздерін еркін сезінген қүландар жыл санап өсе түсуде. Болашақта оларды Үстірт, Бетпақдала, Оңтүстік Балқаш далаларына жіберу жоспарланып отыр.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 926; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.056 сек.