Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 4 страница




Көздің оптикалық күші фокус арақашықтығына кері пропорционал өлшем.Диоптрии­фокус арақашықтығы 1 метрге тең линзаның сындыру күші Дондерс формуласымен анықталады: (Д=1\1м=1,0) Фокус арақашықтығы 2 метрге тең линзаның сындыру күші. Д = 1м/2м = 0,5 Д,.Фокус арақашықтығы 10 см тең линзаның сындыру күші Д= 1м(немесе100 см)/10 см = 10 Д

Керісінше, көздің рефракциясын яғни сындыру күшін біле тұрып, оның фокус арақашықтығын анықтауға болады. Мысалы, 5,0 Д күші бар линзаның фокус арқашықтығы 20 см тең. Неғұрлым фокус арақашықтығы ұзын болса, соғұрлым шынының сындыру күші әлсіз. Керісінше, неғұрлым линзаның сындыру күші үлкен, соғұрлым фокус арақашықтығы қысқа.

Рефракция­сындыру қабілеті дегенді білдіреді.Рефракцияның физикалық және клиникалық түрлерін ажыратады..Бұл қасиетке табиғатта ие орталарға жататындар.­су,мұз,ауа,шыны және т..Көзде ордай орталарға қасаң қабық,көз бұршағы,шыны тәрізді дене,алдыңғы камеранаң ылғалы.

Ересек адамдардың көзінің жарықты сындыру күші­ 60,0Д,жаңа туған нәрестелерде ­80,0Д.Физикалық рефракция сындыру күшімен және фокус арақашықтығымен сипатталады.

Клиникалық рефракция – аккомодацияның тыныштығы жағдайында көздің жарықты сындыру қабілеті. Бұл рефракция статистикалық деп аталады.

Ол физикалық рефракциия сияқты жарықты сындыру күшіне,фокус арақашықтығына ғана байланысты емес,басты фокустың тор қабыққа қатысты орналасуына байланысты.Яғни тор қабыққа заттың анық бейнесінің түсуі оптикалық жұйенің фокус арақашықтығы мен көздің ұзындығы арақатынасына байланысты,олардың өзара сәйкестігіне.

Ендеше,көздің клиникалық рефракциясы туралы түсінікті көзге түсетін параллель сәулелердің тор қабыққа,оның алдына немесе артында орналасуы береді.

Ендеше, көздің диоптерлік аппараты мен көздің осі өзара сәйкес келмесе аномалия пайда (сәйкес емес көздер),яғни жарықты сындыру күші қалыптымен салыстырғанда күшті немесе әлсіз;ендеше фокус арақашықтығы қалыпты көз үзындығымен салыстырғанда үлкен немесе кіші және сол көздің фокус арақашықтынына сәйкес емес;

3.Эмметропия, миопия, гиперметропияның клиникалық мінездемесі. Аметропияның түзету тәсілдері және принциптері. Түзететін шынылар (сфералық, цилиндірлі, жинағыш және шашыранды). Клиникалық рефракцияны анықтау тәсілдері

Көздің рефракциясы мен аккомадациясы туралы ғылымның ірге тасын қалаушы Дондерс клиникалық рефракцияның келесі түрлерін ажыратуды ұсынды:

Эмметропия,миопия немесе жақыннанкөргіштік,гиперметропия немесе алыстан көргіштік.Клиникалық тұрғыдан олар келесі жәйлармен сипатталады:

1.оптикалық жұйенің жарықты сындыру күшіне

2. сол оптикалық жұйенің фокус арақашықтығымен

3.тор қабыққа қатысты басты фокустың орналасуымен

4.аккомадацияның тыныштығы жағдайында көз тіккен алыстан анық көру нүктесінің орналасуымен

5.алыстан және жақыннан анық көрумен

Эмметропиясы бар көзде оптикалық жұйесінің жарықты сындыру күші мен оның фокус арақашықтығы сол көздің ұзындығына сәйкес болады.Соның салдарынан параллель сәулелердің(яғни көзден шексіздікте орналасқан заттардан шыққан сәулелер) басты фокусы (заттардың бейнесі)тор қабықта орналасады..Алыстан анық көру нүктесі (көзден максимальды қашықтықта орналасқан заттар және аккомадацияның тыныштығы жағдайында анық көрінетін)эмметропта шексіздікте орналасады,яғни ондай көз алыстан және жақыннан жақсы көреді.Көз әйнегі қажет емес.

Миопия.Жарықты сындыру күші эмметроппен салыстырғанда күшті,ендеше фокус арақашықтығы кіші,ал көздің үзындығы эмметроптан үлкен.Соның салдарынан параллель сәулелердің басты фокусы тор қабықтың алдына орналасады.Басты фокуста сынғаннан кейін тор қабыққа алыстағы заттардың айқын емес суретін беретін шашыранды сәуелер жетеді.Ендеше, миоптар алыстан нашар көреді.Миоптарда диоптрилік аппарат күшті болғандықтан миоптар тор қабыққа (жақындағы заттардан шығатын сәулелерді)шашыранды сәулелерді сындыра алады.Ендеше,миоптар жақыннан жақсы көреді.Миоптарда алыстан анық көретін нүкте көзге жақын,қысқа қашықтықта орналасады және оның мөлшері оптикалық жұйенің жарықты сындыру күшіне байланысты.Сондықтан аталған екі шаманың біреуі белгілі болса,екіншісін Дондерс формуласымен анықтауға болады.Мысалы,алыстан анық көру нүктесі көзден 25см қашықтықты орналасса,жарықты сындыру күші 100:25=4,0Д Керсіше,жарықты сындыру күшін біле отырып,фокус арақашықтығын. анықтауға болады.Мысалы, 5,0Д миопта алыстан анық көру нүктесі (100:5=20 см),яғни бұл миоп заттарды көзге жақын ғана қашықтықта көреді,шексіздікте емес.

Миопия шашыранды сфералық шынылармен түзетіледі-concav(-).Сфералық шынылардың цилиндрлі (астигматизмді түзететің) шынылардан айырмашылығы­. бұл шынылар кез­келген меридианда бірдей күшпен және не шашыранды немесе жинағыш шыны ретінде сындырады.

Цилиндрлі шыныларда 2 өзара перпендикуляр басты меридиандарды ажыратады.Оның біреуі ­ оптикалық тұрғыдан қызымет көрсетпейді,яғни жәй шыны сияқты.,ал екінші меридиан оң немесе теріс белгімен шыныда көрсетілген күшпен сындырады.Яғни цилиндр шыны тек бір ғана меридианды түзетеді.

Миопияда алыстан көз әйнегін тағайындағанда ең жоғары көру өткірлігін көрсететін шынының дәрежесі тағайындалады.Миопияны түзетудің басқа да амалдары бар­жанаспалы линза,интраокулярлы линза,яғни жасанды көз бұршағы.

Миопияның 3дәрежесін ажыратады:әлсіз ­ 3,0Д,орташа­ 3,0Д дан 6,0Д дейі,,жоғары 6,0Д дан жоғары.Әлсіз дәрежесінде көз әйнегі тек алысқса ғана тағайындалады,жақыннан көз әйнегі қажет емес.Орташа және жоғары дәрежелерінде ­ 2 жұп көз әйнегі тағайындалады.Алысқа тағайындалғаннан жақынға көз әйнегі 2,5-3,0Д

к.ем тағайындалады.

Гиперметропия немесе алыстан көргіштік,Бұл әлсіз рефракция,эмметроппен салыстырғанда жарықты сындыру күші аз,ал фокус арақашықтығы ұзын,.көздің ұзындығы эмметроптан кіші.Соның салдарынан басты фокус тор қабықтың артына шоғырланған.Тор қабыққа басты фокуста сынғаннан кейін жинағыш сәулелер түсер еді,бірақ табиғатта ондай сәулелер жоқ.Алыстағы заттардың анық бейнесі тор қабықта орналаспағандықтан,оның артында орналасқандықтан гиперметроп алыстан нашар көреді.Жеткілікті сындыру күші болмағандықтан алыстан сәлелерді сындыру үшін,көз тор қабыққа шашыранды сәлелерді (жақын заттардан шығатын) сындыра алмайды.Ендеше гиперметроп жақыннан да нашар көреді.Гипрметорпта алыстан анық көру нұктесі көз алдында жоқ,теориялық тұрғыдан ол көздің артында,теріс кеңестіктеАл одан шығатын шашыранды сәулелер тор қабыққа жинағыш бағытта келіп түседі.Миоптағыдай алыстан анық көру нүктесінің орны оптикалық жұйенің сындыру күшіне байланысты және Дондерс формуласымен есептеледі.

Аккомадацияға күш түсіріп,оптикалық жүйенің сындыру күшін күшейту арқылы гиперметроп басты фокусты тор қабыққа көшірсе, алыстағы заттарды көреді,ал одан артық күш түсірсе,жақындағы заттарды көре алады.

Гиперметропия сфералық жинағыш шынылармен түзетіледі.Ең жоғары көру өткірлігін беретін шыны таңдалады,сол шыны гиперметропияның дәрежесін көрсетеді.Фокусты тор қабыққа көшіретіндіктен ол эмметропқа айналады да,алыстан жақсы көре бастайды.Толық түзету тек ересектерге көрсетілген.

Егер,гиперметропияның дәрежесі 2,0Д артпаса,жасы баланын 3-5 жас аралығында болса,көру өткірлігі =1,0тең болса,көздері талмаса гиперметропияны түзетпеуге болады. Егер көздерінің талғанына шағымданса,немесе қылилық болса, толық түзету қажет.

Балада жылына гиперметропияның дәрежесі 0,5- 1,0Д төмендейтіндіктен,көз әйнегін жылда өзгертіп отыру керек.Сфералық шыныдан басқа гиперметропияны түзету үшін жанаспалы линзалар және хирургиялық амалдарда қолданылады-рефракциялық кератопластика,яғни қасаң қабықтың иінін өзгерту.

Гиперметропияның 3 дәрежесін ажыратады;әлсіз­2,-3,0Д дейн,орташа-3,0Д дан 6,0Д,ал 6,0Д жоғары.Әлсіз гиперметропияда балаларға көз әйнегі тағайындалмайды.Балада қылилық болса,шағымдары болса, үнемі киюге көз әйнегі тағайындалады.;орташа және жоғары дәрежелерінде 1 жұп, шағымдары болса­ 2жұп көз әйнегі беріледі. (алыстан­скиаскопия тәтижелерінен 1,0 Д аз,ал жақыннан одан 2,5-3,0Д –ге артық).Ересектерге ­шағымдары болса,2 жұп көз әйнегі.

Гиперметропта алысқа және жақынға қарағанда аккомадацияның күшеюіне байланысты конвергенцияда күшейеді,ал ол ұйлесімді кылилыққа әкеледі(эмметропта алықа қарағанда конвергенция тыныштықта).

Жоғары дәрежелі гиперметропиясы бар адамдарда клиникалық тұрғыдан қарашық тарылған,алдыңғы камера таяз,көз кішірейген,қасаң қабықтың мөлшері кіші.

Гиперметропияның кез-келген дәрежесінде көзде блефариттер,жоғары дәрежесінде- жалған неврит,(көру нервісінің дискісінің қызаруы және шекарасының анық болмауы) болады.Егер наукаста гиперметропия анықталса,оң шынымен көруі жақсарса,көру аймағының көру шекарасы қалыпты болса,жалған невритті анықтан ажыратады.

Клиникалық рефракцияны анықтау тәсілдері.:субъективті және объективті

Субъективті тәсіл оң және теріс шыныларды көз алдына кою арқылы көру өткірлігінің жоғарлауын сезінуге негізделген.Бұл тәсіл тек ересектерде ғана қолданылады.Себебі балаларда көру процессіне көп жағдайда аккомадация қатысады.

Объективті тәсіл-скиаскопия, Кюньен көлеңкелі сынамасы.Сынаманың басты шарты - аккомадацияның салдылығы жағдайында өткізу: 0,1%-1% атропин сульфаты; 0,5-1% мидриацил, тропикамид; 1% гомотропин гидробромид тамызу.

Үдемелі миопияны анықтау тәсілдері

Миопияның дамуында 3 жағдайға ерекше орын беріледі:

1.Жақыннан жұмыс істеу (аккомадацияның әлсіреуі жағдайында)

2.тұқымқуалаушылық

3.склераның әлсіреуі-склераның трофикасының бұзылуы(КІҚ салдарынанкөздің артқы полюсының созылуы)

Көптеген авторлардың мәліметі боынша миопияның дамуында елеулі орын алатын факторлар:генетикалық,соиальды,гигиеналық,географиялық,гемодинамикалық,жалпысоматикалық және т.б.

Үдемелі миопия,оның сипаттамасы-көздің ұзаруына байланысты алыстан көруінің нашарлауы(көз әйнегінің өзгеруін талап етеді), көз түбіндегі морфологиялық өзгерістері (миопиялық конус,артқы стафилома,тор қабықтың тесілуі, сырылуы,ондағы дистрофиялық өзгерістер,тор қабыққа,шыны тәрізді денеге және т.б.қан құйылу,).Үдемелі процесс кез­келген жаста болуы мүмкін,бірақ соңғы кездерде көбінесе мектеп жасындағы балаларда болады және ұйде,мектепте көзге түсірілетін шамадан тыс күшке,аз қозғалысқа,нашар тамақтануға,жиі аурулардың салдарынан организмнің әлсіреуіне байланысты.Миопияның үдеуін қадағалау мақсатымен жылына бір рет визометрия,скиаскопия,офтальмоскопия,эхография жүргізіледі.

Үдемелі миопияның белгілері:

Визометриялық көру өткірлігінің түзетумен 0,5­ке дейін және одан да төмендеуі,скиаскопиялық рефракция жылына 1,0Д артса,эхобиометриялық көздің сагитальды мөлшерінің жасына сәйкес шамадан 2 мм ұзаруы,офтальмоскопиялық­көз тұбінде миопиялық өзгерістердің үдеуі.

Бақылау сұрақтары

1.Физикалық және клиникалық рефракцияның айырмашылығы неде?

2.Клиникалық рефракцияның түрлері?

3.клиникалық рефракцияны анықтау тәсілдері?

4.Клиникалық рефракцияның әрбір түріне сипаттама беріңіз?

5.Аметропияның түрлері?

6.Рефракцияның аномалияларын түзету амалдары және оларды түзету дің мүмкін шешімдері?

7.Аметропияны түзету принциптері?

8.Миоияның үдеуінің алдын алу?

9.Астигматизм туралы түсінік,оладың түрлері,асқынулары,емдеу амалдары?

 

 

ДӘРІС

АККОМАДАЦИЯ,ОНЫҢ ЖАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ АУРУЛАРЫ

Оқу мақсаты:аккомадация туралы түсінік беру қалыпты жағдайда оның сипаттамасы,патологиялық өзгерістері және жасына байланысты ереекшеліктері,

Аккомодация – көздің рефракциясын өзгерту қабілеті, яғни көзден түрлі қашықтықта орналасқан заттарды анық көру қабілеті. Бұл рефракция динамикалық рефракция. Статикалық рефракцияда аккомодацияның тыныштығы жағдайында тор қабыққа заттардың бейнесі бейнеленеді. Аккомодация актісінде 2 негізгі факторлар қатысады. Бұл – кірпікті бұлшық етінің жиырылуы және көз бұршағының сындыру күшінің өзгеруі. Кірпікті бұлшық ет жиырылғанда кірпікті дененің байламдары босайды. Көз бұлшығының капсуласының керілуі азаяды, көз бұршағы оның арқасында дөңестігін ұлғайтады.

Аккомодацияда көзде келесі өзгерістер болады:

1. Қарашықтың таралуы

2. көз бұршағының дөңестігінің ұлғаюы, әсіресе алдыңғы бетінің

3. көз бұршағының алдыңғы бетінің камераға қарай ығысуы, сондықтан алдыңғы камераның ортасында тереңдігі кішірейеді.

4. алдыңғы камера шет жағында кішірейеді, себебі шатыраш қабытың шеткі бөлігі ығысады.

5. көз бұршағы 0,25 –0,3 мм төмен түседі.

6. көз қозғалтқанда көз бұршағының әлсіз дірілдеуі байқалады.

Аккомадация процессіне конвергенция байланысты,яғни көз тігу нүктесінде екі көздің көру осьтерінің қиылысуы.Ол өмірдің алғашқы жұмаларында балаларда жақында орналасқан заттарды бинокулярлы анық көруге арналған шартты фузионды рефлекстың(бірігу) қалыптасуымен,аккомадациялық бұлшық етпен бірге нервтенетін ішкі тура бұлшық еттердің (көз қимылдататын нерв- Ш жұп) қызыметімен қамтамасыз етіледі.Алысқа қарағанда екі көздердің көру остері паралелль орналасады,ал аккомадация мен конвергенция тыныштықта,ал жақынға қарағандаконвергенцияға ішкі бұлшық еттерге күш түсіріледі,яғни олар зорығады, аккомадацияға цилиарлы бұлшық еттер күшейеді.Конвергенцияның бірлігі 1 метрбұрыш.Ол көзден 1 метр қашықтықта орналасқан көз тігу нүктесіне көздердің көру остерін біріктіргенде пайда болады.Метрбұрыш көз тігу нүктесіне дейігі қашықтыққа кері пропорциональды.Конвергенцияның күші аккомадацияның күшіне тура пропорциональды.Аккомадацияның бұзылуы конвергенцияның бұзылуына әкеледі,яғни бинокулярлы көрудің бұзылуына,қылилыққа әкеледі: миопияда оптикалық жұйенің жарықты сындыру күші күшті,ол жәй жақыннан аккомадацияның күшнюінсіз жақсы көруге мүмкіндік береді.Бұл жәй миопта аккомадациялық бұлшық еттің әлсіздігін қамтамасыз етеді.Миопта аккомадацияның әлсіздігі конвергенцияның әлсіздігің қамтамасыз етеді,яғни ішкі тура бұлшық еттердің әлсіреуі,ал сыртқы тура бұлшық еттердің күшеюін тудырады.Ендеше,миоптарда шашыранды қылилық болады.Сол себептерге байланысты гиперметропта жиі ұйлесімді қылилық болады(оптикалық жұйенің жарықты сындыру күші әлсіз болуы аккомадациялық бұлшық еттің күштілігін қамтамасыз етеді,аккомадацияға қабілеті улкен,ендеше,конвергенция да күшейеді,ішкі тура бұлшық еттердің күші басым),яғни ұйлесімді қылилық.

Адамның жасы ұлғайғанда аккомадацияға көздің қабілеті азаяды.Ол көз бұршағының биохимиялық құрамының өзгеруіне байланысты 40 жасқа қарай адам организмінде айқын гормональды өзгерістер орын алады.Көз бұршағының ядросында склерозданған тығыздық пайда болады.Соның салдарынан көз бұршағы эластикалық қасиетінен айырылады.Сол себепті цилиарлы бұлшық ет максимальды жиырылғанда және цилиарлы байламдар жазылғанда көз бұршағы өз формасын жеңіл өзгерте алмайды.Ендеше,жақын заттарға қарағанда көзде жарықты сындыру қабілеті азаяды.Осылай пресбиопия,немесе кәрілік көру дамиды..Бұл физиологиялық жасына байланысты аккомадацияның жағдайы және клиникалық көзден жақыннан анық көретін нүктенің алыстауымен сипатталады,көздің жақыннан көруі төмендейді.алыстан көруі өзгермейді..Бұрын алыстан және жақыннан жақсы көретін эмметопта жақыннан жұмыс істегенде қиындықтар пайда болады.Алдындағы мәтінді көзден алыстатып оқуға мәжбір.

Гиперметропияда аккомадацияның әлсіреуіне байланысты бұрын жасырын болған бөлімі айқын болады да алыстан және жақыннан нашар көреді.Гиперметропта пресбиопия эмметроптан ерте басталады.Жастарда гиперметропия дәрежесі әлсіз болса(2,0Д дейін),субъективті шағымдары болмауы мүмкін,алысқа көру өткірлігі қалыпты,яғни 1,0 тең болады.Оның себебі- аккомадацияның көлемі үлкен,яғни аккомадациялық бұлшық ет күшті,ол,оптикалық жұйенің әлсіздігін жабады.Бұндай гиперметропияны факультативті дейді.

Миопта пресбиопия эмметорппен салыстырғанда кеш дамиды,гиперметроптан тіпті кеш.Оларда сындыру күші күшті болғандықтан жақыннан аккомадацияның күшеюінсіз көреді.

Миопияда алысқа көз әйнегі өзгермейді,ал жақыннан жоғарыдағы кестеге сай, жасына байланысты шыны тағайындалады.Миопта жақыннан көз әйнегі сол жастағы эмметроптАан төмен,ал гиперметропта эмметроптан улкен болады.

Мысалы,40 жастағы 2,0Д миопиясы бар наукасқа жұмысқа:­2,0Д(+)+1,0Д =-1,0Д;

-2,0Д гиперметропка 40 жаста - +2,0Д(+)+1,0Д=+3,0Д; 40 жастагы эмметропка +1,0Д қажет

Аккомадацияның аурулары ­тұйілуі,(жалған миопия,салдылығы,астенопия,­этиопатогенегі,анықтау тәсілдері, белгілері,емі,алдын алу.

Аккомадация актісіне көз бұшағы мен цилиарлы бұлшық ет қатысатындықтан аккомадацияның бұзылуы осы құрамдарға байланысты.

Мектеп жасындағы балаларда,жас адамдарда аккомадацияның күшеюі,тіпті эмметропта кейде көруге қолайсыз жағдайлар тудырып-аккомадацияның тұйілуін туғызады. Гиперметроптар алыстан және жақынан нашар көретіндіктен үнемі аккомадацияны қолданады,яғни аккомадацияның күшеюін тудырады.Табиғатынан аккомадациялық бұлшық ет гиперметропта эмметроппен салыстырғанда күшті.Осылай аккомадацияның күшеюі үйреншікті болса,оның босаңсуы болмайды да аккомадацияның тұйілуі дамиды.Бұндай жадайда наукаста гиперметропия емес,эмметропия,тіпті жалған миопия анықталады.Гиперметропия аккомадацияның салдылығы жағдайында ғана анықталады(10 күн бойы 1% атаропин ерітіндісін тамызғанда)Наукастың өзі алыстан және жақыннан нашар көреді,бірақ скиаскопия нәтижесіне сай тағайындалған көз әйнегі максималды көру өткірлігін береді.

Шамадан тыс көз ағзасына түсірілген күш эмметропта аккомадацияның зорықтыруына әкеледі.Оларда да тұйілу байқалады.Алыстан көруі төмендеп, жалған миопия анықталады.Оны анықтау көзге атропин тамызғаннан соң көру өткірлігі 1,0 тең болады,көз әйнегін тағайындау қажет емес.

Аккомадацияның тұйілуі бар миоптар алыстан нашар көретініне шағымданады,атропин тамызғаннан кейін көруі жоғарлайды,ал тағайындаған көз әйнегінің дәрежесі атропин тамызғанға дейінгіден төмен болады.

Аккомадацияның тұйілуін миотиктер (пилокарпин,фосфакол және т.б.) тамызу арқылы тудыруға болады.Емі-миотиктердің антогонистерін тамызу-атропин тобындағы холинолитиктерді тамызу.

Өмір бойы жалпы аурулар салдарынан (жалпы шаршау,ауралар салдарынан организмнің зорығуы,тұйық жарақаттары,нерв жұйесінің аурулары,орталық және шеткі нервтенуінің бұзылуы,инфекциялар,уланулар,созылмалы аурулар)аккомадацияның көлемі азаяды.Ол рефракцияның аномалияларын түзетпегенде(көз әйнегін кимегенде),немесе миопияны асыра түзеткенде,жиі орташа дәрежелі гиперметропияда(3,0-5,0 Д),жақыннан жұмыс істегенде аккомадацияның тұйілуінде,әсіресе жиі миоптарда.Бұл жәй­ аккомадативті астенопия немесе көрудің шаршауы.Наукастар жақыннан қарағанда заттардың,әріптедің анық көрмейтіндігіне,көзде,самайда,қастың арасында ауырсынға,көз алдының тұмндануына,көздің ашуына шағымданады.

Абсолютты аккомадацияның көлемі скиаскопиялық сызғышпен анықталады,келесіде жасына сәйкес өлшемдермен салыстырылады.

Астенопия мен тұйілудің емі- құрастырмалы ем.

1.алыстан және жақыннан рефракциясына сай көз әйнегін тағайындау

2.жалпы себептерді жою

3.көздегі себептерді емдеу - әлсіз аккомадациялық бұлшық етті шашыранды линзалармен,призмалармен және т.б. жаттықтыру,рефлексотерапия,қажетті гигиеналық жағайлар туғызу- арықтандыру және т.б.

Аккомадацияның салдылығы - холинолитиктер (атропин және оның аналогтары)қолданылғаннан соң,көз ұясындағы цилиарлы тұйіннің және көз қимылдатқын нервтің діңгегінің тұрлі прцесстерінде(ісік,қабыну,қан құйылыстар),мидың қабаттары және бас сүйегінің негізі зақымдалса,Ш бас ми нервісінің ядросы зақымдалса(ісіктерде,энцефалитте,гидроцефалияда,ОНЖ мерезбен зақымдалса),түрлі улануларда (ботузизм,метил спиртімен,антифризбен,плазмоцитпен),дифтерида байқалады

Клиникалық аккомадацияның әлсіреуіне байланысты, немесе аккомадацияны қолдану мүмкін болмағандықтан,эмметроп жақыннан оқып,жұмыс істей алмайды,ал гиперметроп-алыстан және жақыннан нашар көретініне шағымданады.Миопта(әсіресе жоғары дәрежесінде) көруі өзгермейді.Аккомадацияның салдылығы мен қарашықтың сфинктерініңсалдылығы (мидриаз,жарыққа реакцияның болмауы) ішкі офтальмоплегия деп аталады

Емі себебіне байланысты.Көз әйнегін прцесстің тұрақтылығына байланысты тағайындайды.

Алдын алу-көзге байланыссыз себептерін жою,аккомадацияның тұйілуін, астенопатияны,салдылықты дер кезінде анықтап,емдеу;атропин тамызғаннан соң оған сай көз әйнегін беру,диспарсенлік байқауға алу,организмді сауықтандыру шараларын жүргізу,балалар арасында,ата-аналар арасында,теледидардан санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 2224; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.068 сек.